Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, жалпы қағидалар

174
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі

Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан əрі – Конституция) 24-бабына сəйкес əркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Əркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайлары

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне
əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабы). Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды (Конституцияның 17-бабы, 1-тармақ).
Бұл қағидат Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан əрі – ҚР ЕК) де бекітілген. Мысалы, жұмыс беруші бірінші кезекте қызметкердің экономикалық қызметтің қандай түрімен қамтылғандығына, ұйымның ұйымдық-құқықтық формасы мен меншік формасына қарамастан, қызметкерлерге еңбектің салауатты жəне қауіпсіз жағдайларын жасауға міндетті.
Бұл қағидат еңбекті қорғауды басқарудың сындарлы мемлекеттік жүйесінің болуы мен қызмет етуін ұйғарады. Соңғы жылдары бұл салада мемлекеттік саясатты белсенді қалыптастыру мен нығайту жүріп жатыр. Қолданыстағы еңбек заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша талаптар жетілдірілуде.

Негізгі белгілері еңбек құқығы

Еңбек қатынастарының аса маңызды саласы – еңбекті қорғауды құқықтық реттеуде жаңа үрдістер көрініс берді. Еңбек құқығының заманауи əдісі төрт негізгі белгісімен сипатталады:
- еңбек қатынастарын орталықтандырылған жəне жергілікті реттеуді
үйлестіру еңбекті мемлекеттік-құқықтық басқарудың мəнін бейнелейді.
Орталықтандырылған реттеу нормативтік құқықтық актілер қабылдау
арқылы жүзеге асырылады, оларда еңбек қатынастарына қатысушыларға
кепілдіктер минимумы белгіленеді. Жергілікті реттеу жұмыс берушінің
актілерін қабылдау, еңбек жəне ұжымдық шарттарды жасасу жолымен жүзеге асырылады;
- реттеудің шарттық, ұсынымдық жəне императивтік тəсілдерін үйлестіру.
Шарттық реттеу еңбек қатынастары өтетін талаптардың көпшілігін оларға
қатысушылардың дербес, шарттар жасасу (мысалы, жұмыс аптасының
ұзақтығы, жалақының мөлшері жəне т.б. туралы мəселені шешу) жо-
лымен белгіленетіндігінен көрінеді. Ұсынымдық тəсіл нормалардың –
ұсынымдардың болуымен білдіріледі, оларды сақтау заң шығарушының
қалауына байланысты болып табылады, бірақ тараптар оларды қандай да
бір санкциялардың қолданылуынан қорықпастан, сақтамауына болады.
Мұндай нормаларға екі демалыс күнін қатарынан беру туралы ереже жəне т.б. жатады. Реттеудің императивті тəсілі сақталу үшін міндетті нормалардың болуынан көрінеді. Бүкіл еңбекті қорғау институты іс жүзінде императивтік нормалардан құралады. Сондай-ақ заң шығарушы жалақының мөлшеріне, еңбек демалысының ұзақтығына, жұмысқа қабылдауға жол берілетін жасқа жəне т.б. қойылатын ең төменгі талаптарды қатаң түрде белгілейді;
- еңбек қатынастарын реттеуге кəсіподақ органдарының қатысуы.
Кəсіподақтар екі негізгі – өкілдік жəне қорғау функциясын жүзеге асырады,
ұжымдық шартқа қол қою, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде қызметкерлердің мүдделерін білдіреді;
- қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəсілдерінің өзіндік ерекшелігі.

Функциялары кәсіподақтар

Ол еңбек құқықтары – бұл, бəрінен бұрын кəсіподақ органдары қызметінің нысаны екендігінен көрінеді. Еңбек дауларын қарастырудың арнаулы органдары мен тəсілдері бар. Ондай орган -келістіруші комиссия, жəне ондай тəсілереуіл.
Еңбекті қорғау ретінде құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалтушылық жəне өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі түсініледі. Бұл шаралар еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын əртүрлі құралдармен сақтау талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларын жасау мақсатын көздейді. Соңғыларына байланысты еңбекті қорғауды сөздің кең жəне тар мағынасында ажыратады.

Ұғым "еңбек қорғау"

Кең түсініктегі еңбекті қорғау – бұл құқықтық, əлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту жəне өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Тар мағынасындағы еңбекті қорғау: құқықтық, экономикалық, ұйымдастырутехникалық, емдік-профилактикалық жəне т.б. бағыттар бойынша іс-шаралар кешенін білдіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында еңбекті қорғаудың тар түсінігіне сəйкес келетін бағыты зерделенеді. Жоғары заң оқу орындарында – еңбекті қорғаудың құқықтық институтын ҚР ЕК-нде, басқа да нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шарттар мен келісімдерде бекітілген еңбектің салауатты
жəне қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар жүйесі ретінде зерделенеді.
Алайда кең түсініктегі еңбекті қорғау ғана еңбектің салауатты жəне қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге қабілетті. Егерде оның қандай да бір құрамдасы (яғни тар түсініктегі еңбекті қорғау) тиісті дəрежеде қамтамасыз етілмесе, онда бүкіл еңбекті қорғау нашар қамтамасыз етіледі. Мысалы, егер білдектер, жабдықтар, аспап, машиналар (техникалық құрамдас) қауіпсіздік талаптарына сəйкес келмесе, оларда жұмыс істейтіндердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті етіп жасал-
са, онда жазатайым оқиғалар, өндірістік жарақаттанушылық болмай қоймайды, ол соңғы жылдар ішінде көбінесе – еңбекті қорғаудың ұйымдастыру-техникалық құрамдасынан азаймай отыр.
ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 26) жəне 27) тармақшаларына сəйкес еңбек
қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі. Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль