Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық база

485
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Бұл қағида Конституция нормалары- нан келіп шығады

Еңбек қатынастары мəселелерін реттейтін құқықтық нормалар толып жатқан нормативтік құқықтық актілерден өз көрінісін табады, олар жинақтала келе еңбек заңнамасын құрайды. Бұл нормативтік құқықтық актілер иерархиясында құқықтың басты қайнар көзі ретінде Конституция жоғары заң күшіне ие болады жəне барлық заңдар мен заңға тəуелді актілердің алдында басымдығы бар.

Адамның құқығы еңбек

Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, барлығының заң мен соттың алдындағы теңдігі бекітілген. Мысалы, тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiм ешқандай кемсiтуге ұшыратылмайды. Еңбек қатынастары мəселелерін реттейтін құқықтық нормалар толып жатқан нормативтік құқықтық актілерден өз көрінісін табады, олар жинақтала келе еңбек заңнамасын құрайды.
Бұл нормативтік құқықтық актілер иерархиясында құқықтың басты қайнар көзі ретінде Конституция жоғары заң күшіне ие болады жəне барлық заңдар мен заңға тəуелді актілердің алдында басымдығы бар. Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, барлығының заң мен соттың алдындағы теңдігі бекітілген. Мысалы, тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiм ешқандай кемсiтуге ұшыратылмайды. Еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсiп түрiн еркiн таңдау; қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына; еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алу; ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тəсiлдердi қолдана отырып, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын шешу; тынығу құқығы конституциялық жолмен бекітілген. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс жəне мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi (Конституцияның 24-бабы, 4-тармағы). Негізгі заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қолжетімділігінің теңдей құқығын (Конституцияның 33-бабы, 4-тармағы), бірлесу, оның ішнде кəсіптік одақтар құру бостандығы құқықтарын (Конституцияның
23-бабы, 1-тармағы), кəсіптік оқыту құқығын (Конституцияның 30-бабы) жəне
басқаларды бекіткен.

Негізгі құқықтары мен бостандықтары

Қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Бұл қағида Конституция нормаларынан келіп шығады. Мысалы, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (29-баптың 1-тармағы). Əркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан əлеуметтiк қорғалуға құқығы бар (24-баптың 2-тармағы).
Құқық өз-өзінен табиғатта өмір сүреді жəне адам дүниеге келгенінен бастап табиғи құқық деп аталатын қандай да бір құқықты иеленеді. Одан адамның негізгі құқықтары келіп шығады, олардың ішіндегі ең маңыздылары өмір сүру мен денсаулық, бостандық, меншік жəне т.б. құқықтары болып табылады.
Мысалы, Конституцияға сəйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылады. Құқықтар мен бостандықтарды мойындау, сақтау жəне қорғау – мемлекет пен мемлекеттік органдардың міндеті. Адам құқықтары мен бостандықтары əркiмге тумысынан жазылған, олардан ешкiм айыра алмайды. Адамның жəне азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
Адамның өмір сүру мен денсаулық құқығы адамның негізгі құқықтарына жатады жəне Конституциямен қорғалады. Бұл құқықтарды іске асыру – мемлекеттік міндет.
Заң актілерінің ішінде ҚР ЕК – еңбек қатынастарын реттейтін бірден-б ір заң актісі ерекше орынды иеленеді. ҚР ЕК құрылымдық жағынан өзіне Жалпы жəне Ерекше бөлімдерді қамтиды. Еңбек заңнамасының негізгі түсініктерін, міндеттері мен принциптерін, еңбек қатынастарының субъектілерін, еңбек қатынастары туындауының негіздемелерін, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы құзіретін, еңбек заңнамасын бұзғандық үшін жауапкершілік пен басқа да жалпы қағидаларды қамтитын нормалар ҚР ЕК-нің Жалпы бөлімінен көрініс тапқан, ал еңбек шартын, еңбек тəртібін, жұмыс уақытын, тынығу уақытын, еңбекті нормалауды, еңбекке ақы төлеуді, қызметкерлерді кəсіптік дайындау, қайта дайындау мен біліктілігін арттыруды, жұмысқа орналастыру, тараптардың материалдық жауапкершілігін, жеке жəне ұжымдық еңбек дауларын қарастыруды, қызметкерлердің
жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктерін, еңбек саласындағы əлеуметтік əріптестік пен ұжымдық қатынастарды, еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасауды жəне басқа да əлеуметтік мəселелерді реттейтін құқықтық нормалар ҚР ЕК-нің Ерекше бөлімін құрайды. Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің жалпы жүйесіне еңбек туралы заңнамалық нормативтік құқықтық жəне заңға тəуелді құқықтық актілер де кіреді.

Заңнама бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі заңнама тұрақты жетілдіріліп келеді. ҚР ЕК енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген бірқатар заңдары қабылданды, олардың көпшілігі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелерін қозғаған. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің (2014 жылдың тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау жəне əлеуметтік даму министрі) жəне Қазақстан Республикасының басқа да салалық министрліктерінің бұйрықтары қабылданды. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау мен еңбекті қорғау мəселелерін тікелей қозғаған 10-нан аса ратификацияланған конвенциялар қабылданды.
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы заңнамасы сондай-ақ өндірістің əртүрлі салаларындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды қамтыған заңдардан да құралады, олардың қатарында мысалы, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-ІV кодексі,
Қазақстан Республикасының: 2014 жылғы 11 сəуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V Заңы; 1998 жылғы 23 сəуірдегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» (29.09.2014 ж. берілген өзгерістері мен толықтыруларымен) № 219-І Заңы; 1996 жылғы 26 маусымдағы «Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы «Еңбекшілерді жұмыс орындарындағы ауаның ластануынан, шу мен дірілден туындайтын кəсіптік тəуекелден қорғау туралы» № 148 Конвенциясын ратификациялау туралы» № 10-І Заңы; 1996 жылғы 13 маусымдағы «Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1981 жылғы № 155 «Өндірістік ортадағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбек гигиенасы туралы» № 155 Конвенциясын ратификациялау туралы» № 7-1 Заңы; 2010 жылдың 3 ақпанындағы «Ядролық авария немесе радиациялық авариялық ситуация жағдайында көмек көрсету туралы» Конвенцияны ратифи-
кациялау туралы» № 244-IV Заңы; 2011 жылдың 17 қаңтарындағы «Асбестті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы Конвенцияны(162 Конвенция) ратификациялау туралы» № 388-IV Заңы бар.
Қазақстан Республикасының аумағында бұрынғы КСРО–ның атқарушы органдары қабылдаған, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін жекелеген нормативтік актілер: КСРО Министрлер кабинетінің, КСРО Министрлер Кеңесі мен КОБОС, КСРО Мемеңбеккомы мен КОБОС қаулылары, сондай-ақ əр түрлі министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары, хаттары,
мемлекеттік нормативтері, əдістемелік нұсқаулары да қолданылып жүр.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін бұрынғы КСРО министрліктері мен ведомстволары бекіткен, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қарастырылды, олардың көпшілігі өздерінің құқықтық мəнін жоғалтты, заманауи талаптарға сəйкес келмейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттардың талаптарына сəйкес əзірлеу жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізу шаралары жоспарланды. Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында əзірленген стандарттарды Достастық елдері өнеркəсіптік қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау сапасы жүйелерінің стандарттарымен үйлестіру бөлігінде жүйелеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сапа мен экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттарының талаптарына бейімделген, технологиялық
үдерістер мен өндірістік жабдықтарды ұйымдастыру бойынша санитарлық нормалар мен ережелерді əзірлеу жалғастырылуда.

Қр еңбек заңнамасының принциптері

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол
бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) кемсітушілікке, мəжбүрлі еңбекке жəне балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне
тыйым салу;
4) қауіпсіздік жəне гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына
құқықты қамтамасыз ету;
5) өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен
денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, əділетті сыйақы-
ға құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделе-
рін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) əлеуметтік əріптестік;
11) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелерін мемлекеттік реттеу;
12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады (ҚР ЕК 4-бабы).
Еңбекті қорғау - құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту жəне өзге де іс- шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 35) тармақшасы). Еңбекті қорғау анықтамасының өзі бізге оның
нормативтік-құқықтық негіздерінің қаншалықты кең екендігі туралы түсінік береді.
Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекет нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу, жетілдіру жəне халықаралық нормаларға сəйкестікке келтіру жөніндегі жұмысты тұрақты жүргізіп келеді, басқару мен реттеудің тиісті органдары құрылды, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады, бұл жерде жол берілген бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілік көзделеді.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша жұмыс еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелерінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтар нормаларының жиынтығы болып табылатын нормативтік құқықтық негіздерге құрылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ҚР ЕК-нің 319-бабымен регламенттеледі, оған сəйкес еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық, физикалық жəне өзге де нормаларды, қағидаларды, рəсiмдер мен
нормативтерді белгiлейдi.

Құқықтық актілер

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың нормативтік құқықтық негізін құратын құқықтық актілер кестеде келтірілген.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық база

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық база

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық база

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль