Саласындағы мемлекеттік саясаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

105
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Әлеуметтік-экономикалық қайта құру, Қазақстанда жүргізіліп высветили мәселелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жарақаттану және кәсіби аурулар

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін əзірлеуге жəне қабылдауға;
2) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіз дігі мен қорғалуын əзірлеу жəне жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды əзірлеу жəне енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға жəне іске асыруға;
3) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзе ге асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеу лер жүргізуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тəрті бін белгілеуге;
6) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақ талуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
7) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы на қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тəртібін нормативті түрде бекітуге;
8) өндірістегі жазатайым оқиғалардан жəне кəсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің за ңды мүдделерін қорғауға;
9) ауыр жұмыс жəне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдай лары бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;
10) еңбек жағдайларын жақсарту жəне еңбекті қорғау жөніндегі отандық жəне шетелдік озық жұмыс тəжірибесін таратуға;
11) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде гі мамандарды даярлауға жəне олардың біліктілігін арттыруға;
12) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында біртұтас ақпарат тық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
13) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтаст ыққа бағытталған (ҚР ЕК 306-бабы).

Негізгі бағыттарын іске асыру мемлекеттік саясат

Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру мемлекетті к билік органдарының, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, кəсіптік одақтардың, олардың бірлестіктері мен еңбекті қорғау мəселелері жөніндегі өкілдік органдардың уəкілетті қызметкерлерінің барлық деңгейлердегі келісілген іс-əрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат аса маңызды жалпымемлекеттік проблемаларды: республика халқының денсаулығын жақсартуды, оның өмір деңгейі мен сапасын арттыруды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіруді шешуге – жəне Конституцияның əрбір азаматтың қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына құқығын белгілеген 24-бабын іске асыруға бағытталған.
Дүниежүзілік тəжірибе ауруларға жол бермеу бойынша мемлекет тарапынан қабылданатын шаралар ел халқының денсаулығына əсер ететін аса маңызды фактор болып табылатындығын көрсетеді. «Қазақстан–2030» даму Стратегиясына сəйкес ұзақ мерзімдік басымдықтардың бірі Қазақстан
азаматтарының денсаулығы болып табылады.
Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан əрі – ХЕҰ) мəліметтері бойынша, жыл сайын дүние жүзіндегі барлық елдерде өндірісте 270 миллиондай жазатайым оқиғалар мен өндірістегі 160 миллиондай кəсіптік аурулар тіркеледі, оның ішінде өндірісте екі миллионнан астам адам қаза табады.
Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулар орасан материалдық зиян келтіреді жəне адамдардың өмірін алып кетеді. Еңбектің қанағаттанғысыз жағдайлары, өндірістегі кəсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалар көптеген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне аса ауыртпалық түсіреді. Осы себеппен дүниежүзілік экономиканың жалпы ішкі өнімінің 4 % -дайы жоғалтылады.
Дамушы елдер мен ауыспалы экономикасы бар елдерде бұл проблеманы шешу бойынша қызмет білім мен ақпараттың жеткіліксіздігімен қиындатылған.
Инвестициялық шешімдер көбінде қауіпсіздік пен еңбек гигиенасы немесе қоршаған ортаны қорғау мəселелері есепке алынбастан, қабылданады.

Өндірістегі жазатайым оқиғалар

Өндірістегі жазатайым оқиғалар туындауының жəне олардың халықтың денсаулығы мен ел экономикасына əсер етуінің жалпы дүниежүзілік заңдылықтарынан Қазақстан да шет қалмай отыр. Бір миллионнан астам адам зиянды жəне қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін біздің елде өндірісте жыл сайын 3000-нан астам жазатайым оқиға болып өтеді, олардың 300-ден астамы – өліммен аяқталады. Кəсіптік ауру (алғаш айқындалған) бойынша зардап шегушілердің саны жылына орташа алғанда 300-ден астам адамды құрайды. Мұндай жағдаят себептерінің арасында – жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелеріне салғырт көзқарасы мен өндіріс орындаушыларының тарапынан қауіпсіздік пен еңбек гигиенасы ережелеріне немқұрайдылық бар.
Бүгінгі күні, экономиканы реформалау жəне өндірісті көтеру жағдайларында республика ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйі елеулі алаңдаушылық туғызады, бұл жерде тікелей ұйымдардың өзінде қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары өткір көрініс табуда.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, еңбек жағдайларының көптеген проблемаларын, өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік ауруға шалдығушылықтың жоғары көрсеткіштерін жарыққа шығарды.
Еңбектің қауіпсіз жəне салауатты жағдайлары елеулі дəрежеде техникалық прогресспен, өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдірумен қамтамасыз етіледі. Алайда, еңбек инспекциясы жүргізген тексерулер көптеген кəсіпорындарда машиналардың, жабдықтардың, тетіктер мен еңбек құралдарының стандарттар, оларды пайдалану ережелері мен нормаларының талаптарына сəйкес келмейтіндігін көрсетеді. Негізгі өндірістік қорлардың əбден тозуы, сондай-ақ шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер жағдайларында техногенді факторлардың қоршаған орта мен халыққа жағымсыз əсер етуі өсуде.
Əртүрлі салалардағы жарақаттанушылық себептерінің өз ерекшеліктері бар, бірақ барлығы үшін ортақтары: жұмыстар жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыру, еңбек жəне өндірістік тəртіпті бұзушылық, жұмыстардың қауіпсіз əдістері мен тəсілдеріне жеткіліксіз оқыту, қауіпсіздік техникасы та-
лаптарын бұзушылық болып табылады.

Жарақат алу себептері

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы істердің қолайсыз жағдайының басты себептерінің бірі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердің жеткіліксіздігі болып табылады. Министрліктердің, сондай-ақ жұмыс берушілердің тарапынан еңбекті қорғау бойынша қабылданатын экономикалық, құқықтық жəне ұйымдастыру-техникалық шаралар əрқашан да ғылыми негізбен бекітіле бермейді. Республикада 10 жылдан астам уақыт бойы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК жұмыс істеуде, ол еңбекті қорғау жəне экономикасы, еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең кешенін орындайтын ғылымизерттеу мекемесі болып табылады.
Республиканың көптеген ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметтері жоқ, ал бұл қызметтер құрылған жерде олар нашар немесе біліктілігі төмен кадрлармен қамтамасыз етілген. Нəтижесінде жұмыс орындарында қызметкерлерді жұмыстардың қауіпсіз тəсілдеріне оқыту мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама беру сапасыз жүргізіледі.
Күрделі өндірістік үдерістерді басқаруға жеткілікті жұмыс тəжірибесі жоқ жəне өндіріс технологиясын меңгермеген адамдар жіберілетін жағдайлар да кездеседі.

Материалдық-техникалық база

Білдектерді, тетіктерді, машиналарды, жабдықтарды, өндірістік объектілер мен құрылыстардың жоспарлы-сақтандырушы жəне күрделі жөндеулер кешіктіріліп жəне сапасыз жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға ұйымдардың экономикалық жағдайы, өндірістің материалдық базасының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша шараларды, жеке қорғану құралдарын сатып алуды қаржыландырудың жоқтығы немесе қаржыны қалдықтық қағидат бойынша бөлу, пайдаланылатын технологиялардың деңгейі, жұмыс істеушілерді қорғау бойынша ғылыми-техникалық жəне экономикалық-құқықтық институттардың дамығандығы анықтаушы əсер етеді.
Өндірістерді, оның ішінде өнеркəсіптің базалық салаларының объектілерін техникалық жағынан қайта жарақтандыру өте баяу қарқындармен жүзеге асырылады.
Негізгі өндірістік қорлардың қабылдауға болмайтын əбден тозуы, сондайақ ұйымдарды қайта құрылымдау, техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық шектеулі мүмкіндіктер жағдайларында республикада өндірістік қалдықтардың қоршаған орта мен халық үшін қауіптілік деңгейі артуының жағымсыз үрдісі туындады.
Сондықтан өнеркəсіптік тəуекелдерді бақылау мен төмендетуді қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді іздестіру барынша өзекті болып табылады. Бұл проблеманы шешудің неғұрлым перспективалық жəне экономикалық негізделген тəсілдерінің бірі жетілдіру, мəні бойынша – еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін шектеулі материалдық жəне қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалануды, сондайақ қауіпсіз технологияларды əзірлеу мен ендіруді экономикалық ынталандыруды
қамтамасыз ететін еңбекті қорғауды басқару жүйесін жасау болып табылады.
Мемлекеттің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мəселелеріндегі саясатын іске асыру шеңберінде республиканың өндірістік ұйымдарында ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001/ILO-OSH 2001 еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша Басшылыққа сəйкес ХЕҰ ұсынған еңбекті қорғауды басқару жүйесін кезеңдер бойынша енгізу жүзеге асырылады. Басқа бір маңызды бағыт кəсіпорындарда шетелдік елдерде кең қолданылатын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқарудың OHSAS 18001:2008 Халықаралық стандартын енгізу.
Республиканың кейбір кəсіпорындары қазірдің өзінде еңбек қауіпсіздігінің халықаралық сертификаттарын алды, басқалары оларды алу үшін аудит өткізуде.
Іс-тəжірибе еңбекті қорғауды басқару мен еңбек гигиенасы жүйелері бар жəне қолданатын компаниялардың өндірістік жарақаттанушылықты төмендеуде неғұрлым жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндігін көрсетті.

Анықтау үшін жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылық дəрежесін, орындалатын жұмыстардың ауырлығы мен қауырттылығын анықтау үшін өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды міндетті түрде өткізу жөніндегі норма заңнамамен бекітілген, аттестаттау нəтижелері жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау, өндірістік объектілерді сертификаттау мен төлқұжаттау, кəсіптік тəуекел сыныптарын белгілеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру тарифін белгілеу, сондай-ақ ұйымдастырушылық жəне санитарлықтехникалық шаралардың тұтастай кешенін өткізу үшін пайдаланылады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау үдерісінің қаншалықты нəтижелі болуы еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға теңдей дəрежеде құқылары бар мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың жалпы күш-жігер жұмсауына байланысты болады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек заңнамасының негізгі бұзушылықтарының себептеріне мониторинг пен талдау жасауды тұрақты жүргізеді, олардың мəліметтері əр түрлі семинарларда, кеңестерде, дөңгелек үстелдерде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс берушілердің, еңбек ұжымдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен кəсіподақтардың қаперіне жеткізіледі. Бұзушылықтардың себептері əр түрлі, дербес болады жəне кəсіпкерлік қызметтің түріне, қызметкерлердің санына, маусымдылыққа, кадрлық қызмет
пен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің, кəсіподақ пен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың болуына, əкімшілік-басқарушы персонал мен ұжымның құқықтық сауаттылығына, кəсіпорынның материалдық-қаржылық əлауқатына жəне т.б. байланысты болуы мүмкін.
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін тексерулердің нəтижелерін зерделеу жұмыс берушілердің жалдамалы жұмысшылардың еңбек құқықтарын негізінен заңдарды білмейтіндігінен жəне тек жекелеген жағдайларда ғана – оларды жоққа шығарумен бұзатындығы туралы айтуға негіз береді.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы сақтаудың жайкүйіне талдау жасау кəсіпорындарда жол берілетін бұзушылықтардың негізгі себептері мыналар болып табылатындығын көрсетеді:
- еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жоқтығы немесе əрекетсіздігі;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша қызметтің жоқтығы немесе еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі міндеттердің басқа маманға жүктелмегендігі;
- жұмыстарды жүргізу кезінде кəсіпорындардың жауапты қызметтері мен лауазымды тұлғаларының тарапынан тиісті бақылаудың болмауы;
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізбеу;
- еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жəне жеке қорғану құралдарын сатып алуды қаржыландырудың жоқтығы немесе қаражатты қалдықтық қағидат бойынша бөлу;
- қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуға, нұсқаулар беру мен білімдерін тексеру мəселелеріне немқұрайдылық;
- жұмыс берушілер тарапынан еңбектің салауатты жəне қауіпсіз жағдайларын жасауға жағымсыз көзқарас жəне қызметкерлердің қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін жоққа шығаруы.
Еңбек заңнамасының қолданыстағы нормаларын сақтау көп қаржы-материалдық шығындарды, техникалық қайта жарақтандыруды, қосымша адам ресурстарын талап етпейді, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелеріне жеткілікті назар аударуы үшін қажет.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль