Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару

148
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Мемлекеттік заңдардың атқарылуына қадағалауды, оның ішінде еңбек заңнамасының жүзеге асырады ҚР Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган жəне өзге де уəкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сəйкес жүзеге асырады (ҚР ЕК 307-бабы).

Еңбек жағдайлары

XXI ғасырда Қазақстан Республикасында кəсіпкерліктің өрлеуі болмай қоймайды, оның үстіне кəсіпкерліктің экономикалық, сондай-ақ əлеуметтік-саяси тұрғыдағы шешуші бөлігі шағын жəне орта бизнес болады.
Шағын кəсіпкерлік орнығуының сипатты ерекшелігі оның өз дамуындағы бастапқы кезеңде еңбектің ауыр жағдайларымен, арзан жұмыс күшін, физикалық жəне моральдық жағынан тозығы жеткен жабдықтарды пайдалануымен ерекшеленетіндігінде. Дамудың мұндай сатысынан барлық елдердегі
шағын кəсіпорындар өтеді. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған қоғам дамуының басымдыққа ие бағыттарында орталық орынды ашық нарықтық экономикаға жəне шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтаулардың жоғары деңгейі бар нақты бəсекеге негізделген экономикалық өсу иеленеді. Бұл сектордың əлеуметтік-
экономикалық рөлі орныққан нарықтық экономикасы бар елдерде, сондай-ақ бұл жолмен жуырда ғана аттанған елдерде де зор. Бір жағынан, əлеуметтік тұрғыда ұсақ меншік иелерінің қабаты болып табылатын шағын бизнес өзінің бұқаралылығына орай, елдің əлеуметтік жəне экономикалық тұрақтылығын анықтайды. Екінші жағынан, ол еңбек заңнамасын негізгі «бұзушы» болып табылады. Тұтастай алғанда республикада шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдауда көпдеңгейлі сипат
бар екендігін атап өтуге болады: салықтық ауыртпалықты төмендету саласында шаралар жүзеге асырылуда, меншік пен активтерді заңдастыру жүргізіледі, кредиттік ресурстарға қолжетімділікті жеңілдету жөнінде іс-шаралар кешені іске асырылуда, əкімшілік рəсімдер мен рұқсат етулер жеңілдетілуде, қалаларда, сондай-ақ ауылда да шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсетудің өңірлік орталықтары ұйымдастырылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда шағын жəне орта бизнес субъектілеріне тексерулер жүргізуге бірнеше рет мораторий енгізілді, бизнес мүдделерін заңнамамен қорғау қажеттігі туындады, жəне де 2006 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Жеке кəсіпкерлік туралы» (29.09.2014 ж. берілген толықтырулар мен өзгерістермен) № 124-ІІІ Заңы қабылданды. Бақылаушы-қадағалаушы мемлекеттік органдар саны мен өкілеттіліктерінің артуына байланысты бизнестің мүдделері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» (29.12.2014 ж. берілген толықтырулар мен өзгерістермен) № 377-IV Заңымен қосымша қорғалды, бақылаушы жəне қадағалаушы қызметті жүзеге асыру кезіндегі бірыңғай қағидаттар мен талаптар белгіленді.

Тексеру жүргізуге мораторий

Мемлекет басшысының жарлығымен 2014 жылдың 1 сəуірінен бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды, бұл оның қалыптасуы мен дамуында шағын жəне орта бизнеске орасан зор қолдау көрсетті. Əртекті əкімшілік кедергілер жойылады, салықтық жеңілдіктер беріледі, өйткені болашақта ел экономикасы өсуінің негізгі пайызын
нақ осы шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері береді деп күтілуде.
Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерулерінің нəтижесінде алынған мəліметтер əдетте шағын жəне орта кəсіпорындарда еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің қолданыстағы нормалар мен ережелерге жауап бермейтіндігін дəлелдейді. Оларда өндірістік жарақаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде жоғары. Санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің үлесі мол. Ауыр дене еңбегімен қамтылған
қызметкерлердің меншікті үлесі ірі кəсіпорындар деңгейінен асып түседі.

Бақылау және қадағалау

Еңбекті қорғау нормаларының сақталуына қандай да бір дəрежедегі қадағалауды көптеген мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жасау бойынша негізгі функцияларды мемлекеттік еңбек инспекциясы жүзеге асырады. Онымен бірге еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды: азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, энергетикалық қадағалау органдары жүзеге асырады.
Заңдардың, оның ішінде еңбек заңнамасы мен еңбек құқықтары нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəл жəне бірыңғай орындалуына мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен заңнамаға сəйкес оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы еңбек жəне еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, өздігінен, сондайақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың басқа да органдарының мамандарын олардың құзіреттері шектерінде тартумен тексерулер өткізуге қатысады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль