Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

176
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Талаптары бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларымен белгіленеді, қаланған Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын қамтитын нормативтік құқықтық актілер жүйесі қолданылады, ол еңбекті қорғау жөніндегі салааралық жəне салалық ережелер мен үлгі нұсқаулықтардан, құрылыс жəне санитарлық нормалар мен ережелерден, қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардан, құру жəне қауіпсіз пайдалану ережелерінен, жобалау мен құрылыс бойынша ережелер жинағынан, гигиеналық нормативтер мен еңбек қауіпсіздігінің мемлекеттік стандарттарынан құралады.

Талаптары бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Конституцияда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормативтік құқықтық актілерде, мемлекеттік уəкілетті органдар шығарған бұйрықтарда, салалық нормативтік актілерде негізделген нормалармен белгіленеді. Еңбек, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлеу мен іске асырылуын қамтамасыз ету, тиісті уəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тəртібін белгілеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретіне кіреді.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар ҚР ЕК-нің 308-бабымен регламенттеледі.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді жəне қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рəсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар меншік формасына, шаруашылық қызметінің саласы мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдарға қолданылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптар орындау үшін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да міндетті. Олар объектілерді жобалауды, салуды (қайта құрылымдауды) жəне пайдалануды, машиналарды, тетіктер мен өзге де жабдықтарды құрылымдауды, технологиялық процестерді əзірлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды қосқанда, қызметтің кез келген түрін жүзеге асыру үшін заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да міндетті.

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (29.12.2014 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) № 213-І Заңының талаптарына сəйкес жүргізіледі. Еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына сəйкес тиісті уəкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі əкілетті органның жəне өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың келісуімен бекітеді.
ҚР ЕК 15-бабының 13) тармақшасына сəйкес тиісті уəкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдау Ережесі бекітілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысы ( 18.10.2013 ж. берілген өзгерістерімен)).
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 258 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы теле-радио хабарларын тарату ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 93 бұйрығымен «Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1007 бұйрығымен «Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы талаптар» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрі м. а-ның 2008 жылғы 6 ақпандағы № 30 бұйрығымен азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде борттық тамақтандыруды тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушыға, əуе кемелерін жуушыларға, азаматтық авиация жолаушылары мен борт серіктестерін қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілерге арналған, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулықтар да бар) бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 қаулысымен «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының Қағидалары» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1509 қаулысымен «Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының Қағидалары» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1356 қаулысымен «Электр станциялары мен жылу желілерінің жылумеханикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының Қағидалары» бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 796 қаулысымен «Қазақстан Республикасы энергетикалық ұйымдарындағы персоналмен жұмыс істеу Қағидалары» бекітілді. Ел экономикасының жекелеген салаларындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын реттейтін басқа да бірқатар нормативтік құқықтық актілер беітілді жəне қолданылуда.
Кəсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша талаптар жұмыс берушінің актілерімен, заңнамаға сəйкес еңбек, ұжымдық шартпен, келісімдермен белгіленеді. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы міндеттері ҚР ЕК-нің 317-бабымен бекітілген.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль