Міндеттері жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

202
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Алдын алу мақсатында тәуекелдерді жұмыс орындарында және технологиялық процестерде жұмыс істеуін қамтамасыз ету ведомстволық сақталуын бақылау еңбекті қорғау

ҚР ЕК-нің 317-бабы, 1-тармағына сəйкес жұмыс беруші міндетті:
1) профилактикалық шаралар жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді олардың неғұрлым қауіпсіз түрлерімен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында жəне технологиялық процестерде кез келген тəуекелдерді болғызбау жөніндегі шараларды қабылдауға;

Алдын алу мақсатында тәуекелдерді

Жұмыс орындары мен технологиялық үдерістерде тəуекелдерді болдырмау мақсатында жұмыс беруші кəсіпорында еңбекті қорғауды басқару Жүйесін (бұдан əрі – ЕҚБЖ) құру жолымен еңбекті қорғаудың сақталуына ведомстволық бақылауды əзірлейді, енгізеді жəне қамтамасыз етеді.
ЕҚБЖ əзірлеу үшін «Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша басшылық ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001/ILO-OSH 2001», « OHSAS 18001:2008 халықаралық стандарты. Кəсіптік қауіпсіздікті жəне денсаулықты басқару жүйелері» немесе басқа жүйе негіз болуы мүмкін.
Ұйым жұмыс орындарындағы тəуекелдерді басқару жəне барынша азайту жөнінде бағдарламалар мен жоспарлар əзірлеуі жəне орындауы тиіс.
МемСТ 12.2.003-91 «ЕҚСЖ. Өндірістік жабдықтар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», МемСТ БН 1070-2003 «Жабдықтардың қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар», МемСТ БН 1837-2002 «Машиналардың қауіпсіздігі.
Машиналарға орнатылатын жарықтандыру», МемСТ 2.601-95* «ЕСКД. Пайдалану құжаттары», ҚР СТ 1.34-2003 «Міндетті нормалар мен талаптарды анықтау жəне техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарға енгізу тəртібі» мемлекетаралық стандарттарымен жəне басқа стандарттармен өндірістік жабдықтарды дайындау, тасымалдау, құрастыру (бөлшектеу, пайдалану, уақытша тоқтату жəне кəдеге жарату кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленген.
МемСТ 12.3.002-75 «ЕҚСЖ. Өндірістік процестер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарымен», жоғары талаптар қойылатын жұмыстар жүргізу қауіпсіздігінің Ережелерімен (тұтынушылардың, газ шаруашылығындағы электр қондырғыларын пайдалану, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды
құру жəне қауіпсіз пайдалану, жүк көтеруші крандарды құру мен қауіпсіз пайдалану, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі ТҚЕ мен ҚТЕ, автомобильге жанармай құю стансаларындағы ТҚЕ жəне т.б.), Құрылыс нормалары жəне ережелерімен (бұдан əрі – ҚНжЕ), Санитарлық ережелер жəне норматив-
термен (бұдан əрі – СанЕжН) өндірістік үдерістер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленген.
2) қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткізуге;
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша оқыту жəне даярлау ҚР ЕК 313-бабының талаптарына сəйкес өткізіледі, ал қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру беру жəне олардың білімін тексеру Қағидалары мен мерзімдерінің» талаптарымен белгіленеді.

Оқыту мен дайындау қызметкерлерінің

Тұтастай алғанда ұйым бойынша еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау үшін жауапты тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру беру жəне олардың білімін тексеру Қағидалары мен мерзімдерінің» талаптарына сəйкес еңбек қауіпсіздігі бойынша білімдері мерзімдік тексеруден өткізіледі.
Жұмыс берушінің актісімен сондай-ақ, цех, учаске, өндірістік бөлімше шектерінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау үшін жауапты тұлғалар белгіленеді.
3) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастырутехникалық іс-шараларын жүргізуге;
Кəсіпорында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жəне үйлестіру үшін өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-ша ралардың жыл сайынғы жоспары жасалуы тиіс. Жоспардың іске асырылуына қарай
ұйымдастырушылық іс-шаралар жасалуы мүмкін.

Іс-шаралар жоспары

4) нұсқаулар беруге, өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
5) білімін тексеруден өтуге жəне басшылар мен мамандардың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
Қызметкерлерді оқытуды жəне білімдерін тексеруді ұйымдастыр у тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру беру жəне олардың білімін тексеру Қағидалары мен мерзімдерінің» талаптарына сəйкес белгіленеді.
6) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердің арнаулы киімі мен аяқ киімін беруді жəне жөндеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормаларға сəйкес қызметкерлерді профилактикалық өңдеу, жуу жəне зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдары мен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
7) өндірістік объектілерді ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органға жəне оның аумақтық бөлімшелеріне, қызметкерлердің өкілдеріне олардың жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беруге;
Еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органға жəне еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға қызметкерлердің өкілдеріне олардың жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы қажетті ақпарат беру осы органдардың жəне əлеуметтік əріптестік қағидалары мен актілерінде көрсетілген тұлғалардың өкілеттіліктері шеңберінде жүзеге асырылады.
Бұл баптың талаптары мемлекеттік органдардың жазбаша сұратуды дайындау жəне жұмыс беруші қойған сұрақтарға міндетті түрде жауап беру қажеттігі туралы еске салады.
8) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
Жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін берген нұсқамаларын көрсетілген мерзімдерде жəне толық көлемдерінде орындау жөнінде іс-шаралар қабылдауға міндетті.

Еңбек шаралар қабылдасын

ҚР ЕК 330-бабының 3) тармақшасымен мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмыс берушіге орындалуы міндетті нұсқамалар, қорытындылар беретіндігі көзделген.
Қазақстан Республикасының 2014 ж. 5 шілдедегі № 235-V «Əкімшілік құқық бұзушылық тура лы» № 155-II Кодексімен (14.01.2015 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік бақылаудың лауазымды тұлғаларының ұйғарымдары мен басқа да заңды талаптарын орындамаған тұлғалар үшін
əкімшілік жауапкершілік көзделген.
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік ауруларды тіркеуді, олардың есебін жүргізуді жəне талдауды жүзеге асыруға;
Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік ауруларды тіркеу, олардың есебін жүргізу жəне талдау зардап шегушілер мен олардың асырауындағы адамдарды əлеуметтік қорғау, жазатайым оқиғалардан сақтандыру шараларын əзірлеу мен іске асыру, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіптіліктерді сəйкестендіру, тəуекелдерді анықтау жəне бағалау мақсатында жүргізіледі.
Тіркеу жəне есепке алу Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметті к қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» № 74-ө бұйрығына сəйкес «Жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығына еңбек қызметімен байланысты келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналында» жүргізіледі.
10) қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаға сəйкес еңбек жағдайлары бойынша бес жылда кемінде бір рет мерзімдік аттестаттауды
жүргізуге;
Жұмыс беруші Конституцияның 24-бабы, ХЕҰ-ның 1981 жылғы «Өндірістік ортадағы еңбек қауіпсіздігі жəне гигиенасы туралы» № 155 Конвенциясының нормаларын орындау мақсатында қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен бес жылда кемінде бір рет өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауды өткізуге міндетті.

Өндірістік нысандарды аттестаттау

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерді (өндіріст ік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жайкүйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау жəне өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау нормативтеріне сəйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1457 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау Қағидаларының» негізінде жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу тəртібі бұзылған жағдайда мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органының талабы
бойынша өткізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттаудың нəтижелері мұның алдындағы өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
10-1) бір ай мерзімде қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нəтижелерін еңбек инспекциясы жөніндегі тиісті жергілікті органға ұсынуға;
Өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің сапасы мен өз уақтылығына бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нəтижелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде еңбек инспекциясы жөніндегі тиісті жергілікті органға ұсынады.

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді қамтамасыз етуге;
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру ҚР ЕК 37 тарауымен белгіленген тəртіппен жүргізіледі.
12) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
Қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» № 30-ІІІ Заңымен реттеледі.

Міндетті сақтандыру

Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (бұдан əрі – қызметкерді жазатайым оқиғ алардан міндетті сақтандыру) объектісі зардап шеккен қызметкердің кінəсі болған немесе жоқ болған кезде оған кəсіптік еңбекке қабілеттілігінен
айырылу дəрежесін не оның өлімін белгілеуге əкелген жазатайым оқиға нəтижесінде өмірі мен денсаулығы на залал келтірілген қызметкердің мүліктік мүддесі болып табылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың мақсаты олар еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекке ақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен анықталады (Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақ-пандағы «Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» № 30-ІІІ Заңы 17-бабының 1, 2-тармақтары). Алынған сомалар қосындылауға жатады.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы қоры өзгеретін болса, онда тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартына негізгі шарт қолданылатын кезеңге қосымша келісім жасасу жолымен өзгерістер (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
бөлігінде) енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы қорының өзгеру сомасы мен негізгі шарттың аяқталуына дейін қалған мерзімге орай есептеледі. Сақтандыру тарифі ол бойынша сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифпен сақтандырудың қалған кезеңіне пропорционал
есептеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысымен «Экономикалық қызмет түрлерін кəсіптік тəуекел сынып тарына жатқызу Ережесі» бекітілді жəне кəсіптік тəуекелдің 22 сыныбы белгіленді.
13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлауға;
Жұмыс беруші оның ауырлығына қарамастан (қызметкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына дейінгі) жіті уланудың əрбір оқиғасы туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уəкілетті мемлекеттік органының тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлайды;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның өкілі ҚР ЕК 324-бабының 4-тармағына сəйкес бұл жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады жəне мұндай жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды əзірлейді.
14) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсері болмайтындай не олардың əсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары, атап ай тқанда еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық жəне өзге де нормаларды , ережелерді, рəсімдер мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарағанда, өндіріс жағдайларын, өндірістік жəне еңбек үдерісін сипаттайтын сапалық
жəне сандық көрсеткіштер.
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кəсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден жəне ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өткізуге;
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кəсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебінен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық тексерулерден жəне ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өткізеді, ҚР ЕК 180-бабына сəйкес он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады.

Медициналық тексеру

Медициналық тексеру денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілердің талаптары есепке алынумен жүргізіледі.
16) авариялық жағдайдың өршуін жəне жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға əсер етуін болғы збау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
Ұйымдар авариялардың салдарларын оқшаулау мен жою бойынша іс-əрекеттерге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында: авариялардың салдарларын оғаштау мен жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау жəне жүзеге асыруға, авариялардың салдарларын оғаштау мен жою үшін материалдық
жəне қаржылық ресурстардың резервтерін иеленуге, қызметкерлерді авария жағдайындағы іс-əрекеттерге жəне қорғану əдістеріне оқытуға, бақылау, хабардар ету, байланыс жүйесін жасауға жəне олардың орнықты қызмет етуін қаматамасыз етуге міндетті.
Еңбек немесе ұжымдық шартпен қызмет пен жұмыстар түрлерінің ерекшелігі, жоғары қауіптілік көздерінің бар екендігі есепке алына отырып, жұмыс берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль