Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі құқықтарына кепілдіктер

81
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық, тәртіптік, әкімшілік, материалдық, ал кейбір жағдайларда – қылмыстық, кінәлі адамдар жауап береді

Еңбектің қауіпсіз жəне салауатты жағдайларын жасау орнықты əлеуметтік-
экономикалық дамудың, əлеуметтік-еңбек қатынастары тұрақтануының ажырамас құрамдасы болып табылады. Конституция мен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қызметкерлердің еңбектің қауіпсіз жағдайларына құқықтарының сақталуына кепілдік береді.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәсілдері

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың тəсілдері мұнымен бір мезгілде
еңбек пен еңбек құқықтық тəртібі саласындағы кепілдіктер де болып табылады.
Жұмыс беруші, оның өкілдерінің қызметкерлерге өз еңбек құқықтарын өздігінен
қорғаудың барлық заңды формаларын жүзеге асыруына кедергі келтіруіне құқығы
жоқ. Ал қызметкерлерді олардың өз еңбек құқықтары мен кепілдіктерін өздігінен
қорғаудың заңнамамен жол берілетін тəсілдерін пайдаланғаны үшін қудалауға жол
берілмейді. Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға нұсқан
келтіретін бұзушылықтар үшін жұмыс беруші мен лауазымды тұлғалар Еңбек
кодексімен
, əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексімен белгіленген жауапкершілікте болады.
Еңбек заңнамасының бұзылуына кінəлі əкімшіліктің лауазымды тұлғалары,
жұмыс беруші тəртіптік, сондай-ақ əкімшілік (ескерту, айыппұл), материалдық, тиісті
жағдайларда – қылмыстық жауапкершілікте болады. Бұған кінəлі өндіріс, оның
бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары жұмыстан босатылуға
дейін жазалануы мүмкін. Қызметкерлер еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды
бұзғаны үшін тəртіптік, кейбір жағдайларда – материалдық жəне қылмыстық
жауапкершілікке тартылады.
Кепілдіктер - қызметкерлерге əлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген
құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тəсілдер
мен жағдайлар (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 54) тармақшасы).

Кепілдік құқықтарын қорғауға, еңбек

ҚР ЕК 310-бабымен еңбек шартын жасасу кезінде еңбекті қорғау мен еңбек
қауіпсіздігіне құқықтар кепілдіктері регламенттелген.
Еңбек шартында зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қосқанда еңбек жағдайларының нақты сипаттамасы, мұндай жағдайлардағы жұмыс үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен жəне ұжымдық шартпен көзделген кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылық төлемдер көрсетілуі тиіс.
Ауыр жұмыстармен, зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті еңбек
жағдайларымен, сондай-ақ жерастылық жұмыстармен қамтылған қызметкерлермен
еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткеннен
жəне денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның нормативтік
құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сəйкес денсаулығының жай-күйі бой-
ынша қарама-қарсы көрсетілімдердің жоқтығы анықталғаннан кейін жүзеге асыры-
луы тиіс.
Қызметкер жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы,
еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы, өмірі
мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды)
жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсерінен қорғау жөніндегі шаралар
туралы дəйекті ақпарат алуға құқылы (ҚР ЕК 314-бабының 7) тармақшасы).
Еңбек шартында егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса жəне (немесе)
зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса,
еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер қамтылуы тиіс
(ҚР ЕК 28-бабы, 1-тармағының 8) тармақшасы).
Еңбектің зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жағдайлары бар ауыр
жұмыстармен қамтылған қызметкерлер еңбегін реттеудің ерекшеліктері ҚР ЕК-нің
202-205 баптарынан көрініс тапқан.
ҚР ЕК нормаларымен еңбектің зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті жағдайлары бар ауыр жұмыстармен қамтылған қызметкерлерге:
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы (202-бап); жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы (203-бап); қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған мөлшерде ақы төлеуге (204-бап); еңбектің салауатты жəне қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге (205-бап) кепілдік беріледі.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль