Еңбек қауіпсіздігі-еңбек қызметі

55
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі

ҚР ЕК 311-бабымен қызметкерлердің еңбек қызметі процесіндегі еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау құқықтарына кепілдіктер белгіленген.
Əрбір азамат қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек
жағдайларына, демалуға құқылы; еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс
күнінің заңмен белгіленген ұзақтығы, демалыс жəне мерекелік күндерге, ақылы
еңбек демалысына кепілдік беріледі (Конституцияның 24-бабының 2, 4-тармағы).

Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары

Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кез-
де еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі
(ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 27) тармақшасы).
Қазақстан Республикасы ратификациялаған ХЕҰ-ның 1981 жылғы «Еңбек
қауіпсіздігі мен гигиенасы жəне өндірістік орта туралы» № 155 Конвенциясы
4-бабының 1,2-тармақтарына сəйкес ХЕҰ-ның əрбір мүшесі еңбек қауіпсіздігі, еңбек
гигиенасы жəне өндірістік орта саласында келісілген ұлттық саясат əзірлейді, жүзеге
асырады жəне мерзім-мерзім қайта қарастырады. Мұндай саясаттың мақсаты –
жұмыс нəтижесінде, оның барысында немесе онымен байланысты туындайтын жа-
затайым оқиғалар мен денсаулықтың зақымдануынан сақтандыру, өндірістік ортаға
тəн қауіптіліктердің себептерін мүмкіндігінше барынша азайту.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауға құқықтары сондай-
ақ ҚР ЕК 314-бабының 1), 2) тармақшаларымен де белгіленген, оларға сəйкес
еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс
орнына; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек
шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сəйкес санитарлық-
тұрмыстық үй-жайлармен, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарымен,
арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге құқылы.
Қызметкер сондай-ақ еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органға
жəне оның аумақтық бөлімшелеріне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары
мен еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге; өзі немесе
өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды
жақсартуға байланысты мəселелерді тексеруге жəне қарауға қатысуға
құқылы (ҚР ЕК 314-бабының. 3), 4) тармақшалары).
Қызметкерлер еңбектің зиянды жағдайлары (шаңданғандық, газданғандық
жəне басқа факторлар) бар жұмысқа жұмыс беруші еңбектің қауіпсіз жағдайларын
қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі (ҚР ЕК 321-бабының 7-тармағы).
Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды
бұзуының салдарынан жұмыстар уақытша тоқтатылған уақытта қызметкердің
жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Қызметкер еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының
сақталуына құқылы (ҚР ЕК 314-бабының 8) тармақшасы).
Жұмыс беруші қызметкерді жеке жəне (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен,
арнайы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда қызметкер еңбек міндеттерін орын-
дауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеппен туындаған тұрып қалу үшін
қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде төлем жасауға міндетті.
Егер ҚР ЕК 133-бабына сəйкес жұмыс берушінің кінəсінен жұмыстардың тұрып
қалу уақытына ақы төлеу тəртібі мен талаптары еңбек, ұжымдық шарттармен жəне
қызметкердің орташа жалақысының елу пайызынан кем емес мөлшерде белгіленсе,
онда көрсетілген екі жағдайда ақы төлеу орташа жалақы мөлшерінде жүргізіледі.
Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау жөніндегі ұлттық стандарттар, ережелердің талаптарына сəйкес
келуі тиіс.

Қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы

Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей
қауіптілік туындаған жағдайда қызметкердің жұмыстарды орындаудан бас тартуы
оны тəртіптік жəне (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға əкелмейді.
Осылайша, өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай
туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін
хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға; еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сəйкес келмеуі себепті ұйымның
жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына
құқылы (ҚР ЕК 22-бабы, 1-тармағының 19, 20) тармақшалары). Алайда мұндай
жағдайда жұмыс беруші жұмысты орындаудан бас тартқан қызметкерге
тəртіптік жəне материалдық сипаттағы шараларды қолдануға құқылы емес.
Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына за-
лал келтірілген жағдайда оған келтірілген зиянның орнын толтыру ҚР ЕК жəне
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен көзделген тəртіппен жəне
талаптарда жүргізіледі.
Жазатайым оқиғамен немесе кəсіптік аурумен келтірілген зиянның орнын
толтыру мəселелері ҚР ЕК 23-бабы, 2-тармағының 14), 21) тармақшаларымен;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409–I Азаматтық
кодексінің – «Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер»
47 тарауымен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» № 30-ІІІ Заңымен жəне Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 25 сəуірдегі «Міндетті əлеуметтік сақтандыру
туралы» № 405-ІІ Заңымен реттеледі.
ҚР ЕК 169-бабына сəйкес еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян)
келтірген тарапы оны осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.
Өндірістік жарақатқа немесе кəсіптік ауруға байланысты еңбекке қабілеттілігінен
айырылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбек қабілеттілігі қалпына кел-
генге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль