Қызметкерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру

227
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті жүргізу мерзімді қызметкерлерін медициналық тексеріп-қарау, заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР

ҚР ЕК 31-бабына сəйкес еңбек шартын жасасу үшін басқа құжаттармен қатар алдын ала медициналық куəландырудан өткені туралы құжат (ҚР ЕК жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осындай куəландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет. Қызметкерлерді міндетті медициналық қарап-тексеруді регламенттейтін талаптар ҚР ЕК 312-бабында көрініс тапқан.

Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды өткізу

Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) жəне (немесе) қауіпті
еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан Республика-
сы заңнамасында белгіленген тəртіппен мерзімдік медициналық тексеруден жəне
тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен жəне тетіктермен байла-
нысты жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық
куəландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өту та-
лап етілетін кəсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті мемлекеттік
орган айқындайды.
Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдай-
ларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты басқа жұмысқа
ауыстыру кезінде не кəсіптік аурудың белгілері пайда болғанда өз қаражаты есебі-
нен қызметкерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық
тексерулерден жəне ауысым алдындағы медициналық куəландырудан өткізуге
міндетті (ҚР ЕК 317-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасы).
Өз кезегінде қызметкер өндірістік қажеттілік бойынша басқа жұмысқа
ауыстыру кезінде не кəсіптік аурудың белгілері пайда болғанда міндетті,
мерзімдік медициналық тексерулерден жəне ауысым алдындағы меди-
циналық куəландырудан өтуге міндетті.

Алдын ала медициналық тексеру

ҚР ЕК 310-бабының 2-тармағына сəйкес ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зи-
янды) жəне (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерас-
ты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын
ала медициналық тексеруден өткеннен кейін жəне денсаулық сақтау саласындағы
уəкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген
талаптарға сəйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендігі
айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.
ҚР ЕК 180-бабына сəйкес он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарт-
тары алдын ала міндетті медициналық тексеруден кейін ғана жасалады. Одан əрі
қызметкерлер он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тек-
серуден өтуге тиіс.
Өндірістік қажеттілік бойынша басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кəсіптік
аурудың белгілері пайда болғанда медициналық тексерулерден жəне ауысым
алдындағы медициналық куəландырудан өту қызметкердің міндеті болып та-
былады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес
міндетті болып табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы
медициналық куəландырудан өтпеген қызметкерді жұмыс беруші жұмыстан шетте-
туге міндетті (ҚР ЕК 50-бабының 2-тармағы). Белгіленген мерзімдерде медициналық
қарап-тексеруден өтпеген қызметкер жұмысқа жіберілмейді.
ҚР ЕК 150-бабына сəйкес ҚР ЕК-не не ұжымдық шартқа сəйкес кезеңдік
медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен
уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен
орташа жалақысы сақталады.

Медициналық тексеру нәтижесі

Медициналық қарап-тексерудің нəтижелері қызметкердің бұдан кейінгі еңбек
қызметі үшін маңызға ие болады. Мысалы, қызметкерде денсаулығының жай-күйі
бойынша медициналық қорытындымен расталған қарама-қарсы көрсетілімдер
болған кезде, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.
Керісінше, қызметкер денсаулығының жай-күйі бойынша медициналық
қорытындыда көрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысты-
рылуы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша бұрынғы жұмысындағы жалақысы
сақталуы мүмкін.
Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жарақатқа, кəсіптік ауру немесе
денсаулықтың өзге де зақымдануына байланысты жұмыс беруші еңбек қабілеттілігі
қалпына келгенге немесе мүгедектік не кəсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу
белгіленгенге дейін қызметкерді неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не-
месе оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек,
ұжымдық шарттардың талаптарына сəйкес залалдың орнын толтыру төлемімен
жұмыстан босатуға міндетті.
Алайда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат
алған, кəсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты
емес өзге де зақым келген кезде қызметкер уақытша басқа жұмысқа ауысу-
дан жазбаша бас тартқан жағдайда қызметкермен жасалған еңбек шарты
ҚР ЕК 59-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасымен көзделген негіз бойынша
тоқтатылады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль