Кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі жаңа міндеттері

725
Жумагельдиева Г. А.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан, г. Астана
ҚР Кәсіподақтарының федерациясы 2 млн 200 мың адамды біріктіреді, 18 953 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Олардың ортақ міндеті – өнімді жұмыспен қамту және лайықты еңбек

Дүниежүзілік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, Қазақстан Республикасы айқын белгіленген басымдықтардың арқасында елеулі табыстарға қол жеткізе білді.

Республикада 2013 жылы ішкі жалпы өнімнің көлемі өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнінде 6%-ға өсті; ең төменгі және орташа айлық жалақы, ең төменгі күнкөріс шегі, зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар жыл сайын артуда. Экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халық саны артып келеді, ең төменгі күнкөріс шегінен төмен табысы бар халық саны қысқаруда, жұмыссыздық деңгейі төмендеді және басқалар.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында ел Президенті Н. Ә.  Назарбаев Қазақстан халқына: «Қазақстандық жол – 2050: Бірыңғай мақсат, бірыңғай мүдделер, бірыңғай болашақ» Жолдауымен сөз сөйледі.

  

Мақсаттық индикаторлар

2012

2013

1.                    

ІЖӨ,  АҚШ долл.

199,1 млрд.

216,1 млрд.

2.                    

Жан басына шаққандағы ІЖӨ,  АҚШ долл.

12 мың

12,5 мың

3.                    

Кезеңнің соңындағы құнсыздану, %

6%

4,8%

4.                    

Экономикалық белсенді халықтың саны, млн адам

8,9

9,0

5.                    

Жұмыспен қамтылғандар саны, млн. адам

8,4

8,5

6.                    

Олардың ішіндегі жалдамалы қызметкерлер, млн. адам

5,8

6,0

7.                    

Өздігінен  жұмыспен қамтылған халық, мың адам

2652,7

2596,1

8.                    

Жұмыссыздар саны, мың адам

474

466

9.                    

Жұмыссыздық деңгейі,  экономикалық белсенді халыққа қарағандағы %-ы

5,3

5,2

10.                

Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге

17 439 ($111)

19 966 ($128)

11.                

Айлық орташа номинал жалақы, теңге

101 079 ($652)

108 640 ($700)

12.                

Ең төменгі күнкөріс шамасы

18 660 ($120)

19 966 ($128)

13.                

Табысы ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен халықтың үлесі

5,3%

2,3%

Бүкіл қазақстандықтар секілді, кәсіподақтар үшін де бұл жоғары мақсатқа – Қазақстанның дүние жүзіндегі неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуіне қол жеткізуге бағытталған аса маңызды бағдарламалық құжат, бұл жуырдағы жылдары қазіргі қолданыстағы ең төменгі әлеуметтік стандарттардың мөлшерлерін көшбасшы елдер деңгейіне дейін арттырумен және қайта қараумен тікелей байланысты.

Жол артық кедергілерді

Жолдауда индустриялық-инновациялық саясатты іске асыруға, агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұрылымдық триада – агломерациялар, көлік, энергетиканың; шағын және орта бизнестің дамуына, ғылымсыйымды экономиканы құруға ерекше назар аударылған.  Бұл кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін қысқарту, ел азаматтары, оның ішінде мүгедектер мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жаңа сапалы жұмыс орындарын жасау жөніндегі жұмыстағы басты бағдарлар.

 Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сапасын арттыруды көздейтін «Кедергілерсіз болашақ» жобасы іске қосылды. Бұл маңызды істен кәсіподақтар да шет қалған жоқ. Бірінші кезекте кәсіподақ ұйымдарының жұмыс берушілердің жұмыс орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауына бақылау жасаумен байланысты тікелей функциясын орындау белсендіріледі, бұл өндірісте жарақат алу оқиғаларын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатпен алдын алудың тиімді шаралары қолданылатын болады.

Екіншіден, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық шарттарға мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғауға қатысты ережелерді енгізу ұсынылды.

Үшіншіден, еңбекшілерді сауықтыру мен кәсіптік аурулардың алдын алу маңызды бағыттар болып қалып отыр. Бұл турасында санаторийлерінің өз базасына ие бола отырып, кәсіподақтар барынша көмек жасай алады.

Лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілік түсінігінің негізіне кез келген заманауи қоғамның аса маңызды әлеуметтік және экономикалық категориясы – жалақы алынған, ол халықтың тұрмыс дәрежесін анықтайды және қоғамның әлеуметтік орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеру және стипендиялар

Кәсіподақтар бірнеше жыл бойы бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әсіресе азаматтық қызметшілердің жалақысын арттыру қажеттігі туралы мәселе көтерді. Бұл басымдыққа ие міндеттердің бірі және ол Президенттің Жолдауында шешілген. Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап азаматтық қызметшілердің жалақысы мен шәкіртақыларды 10%-ға, зейнетақыны  – 14%-ға дейін,  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды – 12%-ға дейін арттыру көзделді. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделі енгізілетін болады, ол денсаулық сақтау қызметкерлері негізгі персоналының жалақысын 28%-ға, білім беру қызметкерлерінің жалақысын – 29%-ға, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысын – 40%-ға дейін өсіруді қамтамасыз етеді. Еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін әзірлеуде Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдар белсене қатысты.

Шәкіртақылар мен мүгедектігі және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерлерін 25%-ға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысын 30%-ға арттыру көзделді.

Қазақстан орнықты экономикалық әлеуетке ие, бұл Кәсіподақтар федерациясына ең төменгі әлеуметтік стандарттардың (ең төменгі күнкөріс шегі, ең төменгі жалақы және басқалар) мөлшерлерін арттыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізуге мүмкіндік береді.

Кәсіподақтар федерациясының күш-жігер жұмсауының арқасында ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымының аса маңызды құжаттарын: «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы» № 26 Конвенциясы мен  «Жалақыны қорғау туралы» № 95 Конвенциясын ратификациялады.

Жаңа нысандары, әлеуметтік-еңбек қатынастары

Бүгінгі күні уақыт талаптарымен әлеуметтік-еңбек қатынастарының жаңа формалары қалыптасуда. Мұндай жағдайларда мемлекеттің, бизнес пен кәсіподақтардың өзара тығыз әрекеттестігі ерекше маңызға ие болады. Өнімді ынтымақтастық үшін әлеуметтік серіктестік жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік үшжақты комиссияларының сұхбаттық алаңдары пайдаланылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 21 ақпанында әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысында Кәсіподақтар федерациясының талап етуімен жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасуды белсендіруі жөнінде қосымша ұсыныстар енгізілді. Мұндай бастама 2014 жылдың 1 маусымында республикадағы жұмыс істейтін 168 261 кәсіпорынның 35,7%-ы (60 050 кәсіпорын) ұжымдық шарттармен қамтылғанына, қалған 64,3%-ы (108 211) ұжымдық шарттарсыз жұмыс істейтіндігіне орай пайда болды, және де ұжымдық шарттарсыз жұмыс істеушілер негізінен шағын және орта кәсіпорындар болып табылады.

 Қазақстан Республикасы кәсіпкерлері Ұлттық палатасына (бұдан әрі – КҰП) жұмыс берушілермен бірге еңбек ұжымдарының мүшелерін ұжымдық шарттар мен келісімдердің орындалуы туралы хабардар етудің міндетті іс-тәжірибесін енгізуі қажет.

Бұрынырақта Кәсіподақтар федерациясы кәсіпорындарда бас директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын қарастыру ұсынысын енгізген болатын, ол қызметкерлер арасындағы және ұжымдағы еңбек қатынастарының ретке келтірілуі үшін жауап беруі тиіс болатын. Нәтижесінде КҰП Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) бірге тиісті халықаралық тәжірибе мен оны Қазақстанда енгізу мүмкіндігін зерделеуде.

ЕХӘҚМ хаттамалық тапсырма шеңберінде Кәсіподақтар федерациясы мен КҰП-мен бірге экономикалық қызмет салаларындағы ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған қызметкерлер үшін еңбегіне ақы төлеудің ең төменгі стандартын белгілеудің бірыңғай әдістемесінің жобасын қарастырды және талқылады. Бүгінгі күні әлеуметтік серіктестер оның мөлшерін өз түсініктері мен әрбір тараптың мүдделеріне орай өздігінен белгілеуге мәжбүр болуда, осыдан келіп әлеуметтік серіктестердің өзара қатынастарында келіспеушіліктер мен шиеленіс туындауда. Ендігі жерде тараптар бірыңғай әдістемені бекіту және оны одан кейін заңнамалық деңгейде орнықтыру жөнінде бір ауыздан шешім қабылдаулары қажет.

Кәсіподақтар кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Ерекше назар қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері

2013 жылы республикада өндірісте 2 мыңға жуық адам зардап шекті, олардың 301-і қайтыс болды. Қазақстанда еңбек жөніндегі 258 мемлекеттік инспектор бар. Мұндай санмен 167 мың кәсіпорындағы жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес.

Ал кәсіподақтарда 18 мыңнан аса қоғамдық инспекторлар бар, олар 2013 жылы 186 200 бұзушылықты тіркеді. Алайда қоғамдық инспекторлар орындалу үшін міндетті акт-ұйғарым жасауға, әкімшілік жазалаулар (айыппұлдар) қолдануға, еңбек заңнамасының өрескел бұзылулары айқындалған жағдайда жекелеген өндірістерді уақытша тоқтата тұруға және басқаларға құқылы емес. Осыған байланысты, сондай-ақ кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанушылықты қысқарту, өндірісте мүгедектікке душар болуды төмендету мақсатымен тиісті мемлекеттік органдар Кәсіподақтар федерациясымен бірге болашақта оларға тиісті өкілеттіліктер беру жолымен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың рөлін күшейту мүмкіндігін зерделейтін болады.

Лайықты еңбек пен әлеуметтік әділеттілікті күшті кәсіподақтар қамтамасыз етуі мүмкін. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы»  Заңы (бұдан әрі – Заң) әзірленді және 2014 жылдың 11 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді, ол кәсіподақтардың алдына қызметкерлер құқықтарын тиімді қорғау бойынша жаңа міндеттер қояды.

Кәсіподақтардың рөлін күшейтуге

Заңның негізгі мақсаттары – кәсіподақтардың заманауи кезеңдегі рөлін күшейту; кәсіподақ қозғалысында орын алған проблемаларды әлеуметтік серіктестіктегі сұхбаттың жаңа формаларын құру арқылы шешу; жалдамалы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау; еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылық пен салауаттылыққа қол жеткізу. Әлеуметтік-еңбек жанжалдарынан сақтандыру, кәсіподақтар мен олардың бірлестіктері қызметінің кепілдіктерін кеңейту үшін әлеуметтік серіктестіктің барлық тараптарының жауапкершілігі мен жаңа функциялары негізделе отырып, жасалды.

Заңға сәйкес әлеуметтік серіктестіктің қағидаттары жаңаша құрылатын болады. Кәсіподақтар федерациясы республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметімен және КҰП-мен өзара әрекеттестікте болады. Қазіргі уақытта нормативті-құқықтық актілер қабылдануда, олардың көпшілігі өңірлердің, салалар мен тұтастай алғанда елдің әлеуметтік  даму мәселелерін қамтиды. Енді кәсіподақтардың нормативтік актілерді талқылау мен қабылдауға қатысуы заңнамалық деңгейде бекітілді. Бұған қоса, кәсіподақтар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге де қатыса алады.

Салалық деңгейде министрліктер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар саланың стратегиялық құжаттарын қарастырады, еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттарын белгілейді, біліктіліктің салалық шеңберін бекітеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі кеңес құрады.

Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өңірдің бағдарламалық құжаттарын қалыптастыратын, жұмыссыздық деңгейін қысқарту мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайтын, және бастысы – еңбек дауларын және жанжалдарын реттеуге жәрдемдесетін болады.

Кәсіпорындар деңгейінде кәсіподақ пен басшылық арасында ұжымдық шарт жасалады, онда еңбекті нормалау мен ақы төлеу шарттары, қызметкерлерді еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту бойынша шаралар, және де маңыздысы – ұжымдық шарттың орындалуына бақылау жасау тәртібі белгіленеді.

Жаңа Заңның қабылдануымен кәсіподақтардың алдында оны табысты іске асыруға байланысты міндеттер тұр.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль