Еңбекті қорғау қызметі қызметкерлері санының нормативтері

89
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбек нормаларын əзірлеу, енгізу жəне қайта қарау үшін қызметтің тиісті салаларындағы мемлекеттік органдар жауапты болып табылады

Еңбек заңнамасына сəйкес қызметкерлер санының нормативін жұмыс
беруші қызметкерлер өкілдерінің келісімімен, еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен
нормативтерді есепке ала отырып, жұмыстардың көлемдеріне қарай өздігінен
белгілейді (ҚР ЕК 117-бабы).

Еңбек нормалары

Еңбек нормаларын əзірлеу, енгізу жəне қайта қарау үшін қызметтің тиісті
салаларындағы мемлекеттік органдар жауапты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 604-ө-м бұйрығымен ұйымдардағы еңбекті қорғау
қызметі қызметкерлері санының нормативтері бекітілген.
Көрсетілген еңбек нормалары меншіктің барлық формаларындағы ұйымдарда
(кəсіпорындарда) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі инженерлер
орындайтын еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша жұмыстарға кететін
жұмыс уақытының шығындарын анықтау үшін əзірленген. Есептеудің негізіне
еңбекті қорғаудың негізгі функциялары мен міндеттері бойынша жұмысты
орындауға кететін уақыт нормативтері алынған. Уақыт нормативтері негізгі
орындаушыға арналған жұмыстың көрсетілген өлшеуішінде адам-сағатпен
белгіленген.
Ұйым еңбек нормаларын еңбекті қорғау қызметтері қызметкерлерінің жүктемесін,
сандық нормативтерін немесе штаттық нормативтерді есептеу кезінде қолдануы
мүмкін.
Сандық нормативтер сондай-ақ ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
қызметінің ұйымдық құрылымының қалыптасу жағдайларын да қарастырады.

Санының нормативтері

Сандық нормативтер жұмыстардың мынадай түрлерін қамтиды:
- еңбек жағдайларына ішкі бақылау мен мониторингті жүзеге асыру;
- қызметкерлерге кіріспе нұсқаманы жоспарлау мен өткізу;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды əзірлеу-
ге қатысу;
- лауазымдық нұсқаулықтар əзірлеуге қатысу;
- қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойын-
ша оқытуды өткізуді ұйымдастыру;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін
ұйымдастыру;
- қызметкерлерді мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өткізуді
ұйымдастыру;
- ұжымдық шарт жасауға қатысу;
- жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жəне оған қатысу;
- ұйымдағы жарақаттанушылық пен кəсіптік аурулардың өндірістік
себептеріне талдау жасау;
- белгіленген нысандар бойынша есептілік жасау, ұйымдағы еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
- өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру;
- еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойын-
ша хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарастыру.

Уақыт нормалары

Жұмыс бірлігін орындауға кететін уақыт нормалары: оперативтік уақытты,
дайындық-қорытындылау уақытын, жұмыс орнына қызмет көрсетуге, демалыс пен
жеке қажеттіліктерге кететін уақытты қамтиды. Ұйымдағы (кəсіпорындағы) еңбекті
қорғау қызметінің негізгі функциялары мен міндеттері бойынша жұмысты орындауға
кететін уақыт нормативі шамасын есептеу оперативтік уақыт мəніне қарай мына
формула бойынша жүзеге асырылады:
Нвр = Топ × (1+(К/100)),
мұндағы:
Нвр – жұмыстың (функцияның) нақты түрін орындауға кететін уақыт нормасы,
адам-сағат;
Топ – норматив бойынша белгіленген, нормаланатын жұмысты орындауға
кететін уақыт нормативі, адам-сағат;
К – жұмыс орнына ұйымдық-техникалық қызмет көрсетуге, демалысқа (жұмысты
орындау кезіндегі мəжбүрлік кідірістерді, гимнастикалық жаттығуларды қосқанда)
жəне жеке мұқтаждықтарға, сондай-ақ дайындық-қорытындылау жұмыстарына
кететін уақыт шығындарын есепке алатын коэффициент, оперативтік уақытқа
қарағандағы % . Қызметкерлердің жұмыс уақыты (К) хронометраждық бақылауларға
талдау жасаудың нəтижелері бойынша оперативтік уақыт көлемінің 10 %-ы
көлемінде қабылданады.
Нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Тн) орындалатын
жұмыстардың əрбір түрінің көлемі есепке алына отырып, мына формула бойынша
анықталады:
Тн = ΣНврi × Vi,
мұндағы:
Нврi – жинақ бойынша (1-15 кестелер) анықталатын , жұмыстың нақты нормала-
натын түрін орындауға кететін уақыт нормалары, адам-сағат;
Vi – бір жыл, = 1, 2, ... ішінде орындалатын жұмыстың нақты түрінің көлемі, n-
орындалатын жұмыстардың түрлері.
Орындалған жұмыстардың жылдық көлемі (Vi) ұйымның өткен жылдардағы
статистикалық мəліметтеріне сəйкес анықталады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің қажетті саны (Ч)
мына формула бойынша есептеледі:
Ч = Тн / Фп,
мұндағы:
Ч – қызметкерлер саны, адам;
Тн –нормаланатын жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы, адам-сағат;
Фп – бір қызметкердің бір жыл ішіндегі жұмыс уақытының пайдалы қоры, сағат.
Бір қызметкердің бір жыл ішіндегі жұмыс уақытының пайдалы қоры (Фп) бір
жылдағы жұмыс күндерінің саны мен оның орташа ұзақтығының көбейтіндісі ретінде
анықталады.
Сандық нормативтер жұмыс орындарын қажетті техникамен, мүкаммалмен
жəне жабдықтармен қамтамасыз етуді есепке алумен, сондай-ақ заңнаманың
талаптарына сəйкес еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының ережелеріне
сəйкес жұмыстарды орындаудың неғұрлым кең таралған жағдайларына арналып
əзірленген.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің жұмысын еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің бастығы, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау қызметінің инженері орындайды.

Қызметінің жұмысы кіреді

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлері санының
нормативтеріне сəйкес қызмет жұмысы мыналарды қамтиды:
- ішкі бақылау мен еңбек жағдайларының мониторингін жүзеге асыру (ұйымдағы
еңбек жағлайлары; мемлекеттік еңбек инспекциясы мен өзге де мемлекеттік
бақылау жəне қадағалау органдарының еңбекті қорғау мəселелері жөніндегі
шешімдерін, жұмыс берушінің еңбекті қорғау мəселелері жөніндегі бұйрықтары
мен өкімдерін орындау; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ережелер,
нормалар, стандарттардың ендірілуіне бақылау; кəсіпорындағы еңбекті қорғауды
басқару жүйесі қызметінің тиімділігіне мониторинг; аяқталған құрылысты не-
месе өндірістік мақсаттағы реконструкцияланған объектілерді пайдалануға
қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына, сондай-ақ жөндеуден қондырғыларды,
білдектер мен басқа да жабдықтарды қабылдап алу бойынша, еңбекті қорғау
жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы бөлігінде
комиссиялардың жұмысына қатысу; құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерге:
жұмысқа жаңадан қабылданғандарға, іссапарда жүргендерге, сондай-ақ өндірістік
оқуға немесе тəжірибеге келген оқушыларға жəне студенттерге нұсқамалар
өткізуге жауапты тұлғаларға бақылау жасау; олардың еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерге сəйкестігін анықтау үшін ғимараттардың,
құрылыстардың, жабдықтардың техникалық жай-күйіне тексерулер немесе зерт-
теулер ұйымдастыру; желдету жүйелері жұмысының тиімділігін, санитарлық-
техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың жай-күйін
тексеру);
- қызметкерлерге кіріспе нұсқаманы жоспарлау жəне өткізу (кіріспе нұсқаманы
өткізу үшін материалдар дайындау, лауазымдық нұсқаулықтың негізінде кіріспе
нұсқаманың жоспарын жасау, жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерге кіріспе
нұсқама өткізу, қызметкерлерді еңбекті қорғау талаптарымен таныстыру);
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар əзірлеуге
қатысу (нұсқаулықтарды əзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін, еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша материалдар іріктеу; əдебиетпен
қамтамасыз ету жəне консультациялар өткізу; тиісті жұмыстарды орындау
кезінде пайдаланылуы мүмкін қорғану құралдарының құрылымдық ерекшеліктері
мен тиімділігін, тиісті мемлекеттік органның өндірістегі авариялар мен жа-
затайым оқиғалардың, технологиялық үдерістердің нəтижелері бойынша
ақпараттық хаттарын, өкімдері мен бұйрықтарын зерделеу; олардың қалыпты
барысында жəне оңтайлы режімнен ауытқулары кезінде туындайтын мүмкін
болатын қауіпті жəне зиянды өндірістік факторларды айқындау, сондай-ақ
көрсетілген факторлардан қорғану құралдары мен шараларын белгілеу; олардың
кəсібі мен орындайтын жұмыс түріне қарай еңбекті қорғау жөніндегі салааралық
немесе салалық үлгі нұсқаулықтың, жабдықты дайындаушы ұйымдардың пайда-
лану жəне жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ өндірістің нақты жағдайларын
ескерумен ұйымның технологиялық құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік
талаптары негізінде қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау жөніндегі нұсқаулықтар əзірлеуге қатысу; қызметкерлерге арналған
еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды əзірлеу жəне қайта қарау кезінде
ұйым бөлімшелерінің басшыларына əдістемелік көмек көрсету; нұсқаулықтарды
тиісті органдармен келісу; əзірленген нұсқаулықтарды кəсіпорын басшысының
бекітуі);
- лауазымдық нұсқаулықтарды əзірлеуге қатысу (құрылымды анықтауға,
алынған ақпаратты талдауға қатысу; толтыруға жəрдемдесу; жұмысшы
тобының басқа мүшелерімен келісу; лауазымдық нұсқаулықтардың мəтіндеріне
қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу);
- қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойын-
ша оқытуды өткізуді ұйымдастыру (оқытудан өтетін топтарды құру; оқыту
графигін жасау; оқытуды өткізу бағдарламасына түзетулер енгізу жəне келісу;
өндірістік процеске қатысты еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі
білімді тексеру; оқытудың уақтылы жəне сапалы өткізілуін бақылау; ұйымда
білімді тексеруді ұйымдастыру;
- қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру (басшыларды, ма-
мандарды жəне ұйымда (кəсіпорында) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды
қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды біліктілікті арттыру курстарында
оқытуды ұйымдастыру; мəліметтер қорын енгізу жəне басшы қызметкерлер мен
ұйымда еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты
тұлғаларды біліктілікті арттыру курстарында оқытудан өткізудің мерзімділігін
анықтау);
- қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін
ұйымдастыру (жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге арнайы
киім, арнайы аяқ киім мен басқа ЖҚҚ-н берудің белгіленген тəртіппен бекітілген
нормаларына сəйкес ЖҚҚ-н сатып алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; ЖҚҚ
сапасының МемСТ-қа сəйкестігін тексеру жөніндегі жұмыс (сұрыпталым, номен-
клатура, өлшемдік қатар бойынша); ЖҚҚ-н өңдеу мен жуудың дұрыс жүргізілуін
бақылау);
- қызметкерлерді мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өткізуді
ұйымдастыру (мерзімдік медициналық қарап-тексерулер мен зерттеулер-
ге жататын зияндылық жəне қауіптілік факторларын көрсетумен кəсіпорын
тұлғаларының атаулы тізімін жасау; кəсіпорын бөлімшелерімен бірге Қазақстан
Республикасының заңнамасы белгіленген тəртіппен зиянды жəне ауыр еңбек
жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған қызметкерлер тізімін жасау;
қызметкерлерді мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өткізу графигін
санэпидқадағалаумен жəне медициналық қарап-тексеруді өткізетін емдеу
мекемесімен келісу);
- ұжымдық шарт жасауға қатысу («Еңбекті қорғау» тарауы, ұйымдағы еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі келісімдер; міндетті кəсіподақтық
зейнетақылық жарналар, қосымша еңбек демалысын, қосымша ақылар мен
қысқартылған жұмыс күнін, еңбектің зиянды жағдайлары үшін тегін сүт алатын
ұйым (кəсіпорын) қызметкерлерінің тізімдерін жасауға қатысу);
- жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру жəне оған қатысу
(уəкілетті органға жазатайым оқиғалар туралы хабар дайындау; кəсіпорында
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді ұйымдастыру; өндірістегі жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша арнаулы материалдар жинау, дайындау
жəне жасау; жазатайым оқиға туралы акт жасауға қатысу; актіні жазатайым
оқиғалар мен денсаулықтың өзге де зақымдануларын тіркеу журналына тіркеу
жəне еңбекке уақытша қабілетсіздік пен өндірістегі жарақаттанушылық тура-
лы статитикалық есепке енгізу; өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексе-
ру мəселелері бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда материалдарды
қарастыруға қатысу);
- ұйымдағы жарақаттанушылық пен кəсіптік аурулардың өндірістік себептеріне
талдау жасау (өндірістік учаскелердегі еңбек жағдайларына шұғыл талдау жасау-
ды өткізу; ұйымдағы тəекелдерді, өндірістік жарақаттану, кəсіптік аурулардың
жай-кйі мен себептерін монографиялық, топографиялық жəне статистикалық
талдау əдістерімен бағалау; қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі ту-
ралы 16-ВН нысаны бойынша есеп беру; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
нормаларының айқындалған сəйкессіздіктерін жою жөнінде шаралар қабылдау);
- ұйымда белгіленген нысандар бойынша есептілік жасау, еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау бойынша құжаттама жүргізу (ағымдағы кезең үшін белгіленген
нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөнінде есептілік жа-
сау (7-ТПЗ нысаны); мемлекеттік еңбек инспекциясына оның міндеттеріне
сəйкес ақпаратты, белгіленген есептерді немесе өзге құжаттарды қағаз жəне
электрондық тасымалдауыштарда ұсыну; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
бойынша статистикалық есеп тапсыру);
- өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру (жұмыс
орындарын есепке алу жəне жұмыстарды санаттары, кəсіптердің аталуы,
жұмыстардың түрлері, орындаушылар саны, механикаландырылу мен автомат-
тандырылу деңгейі, қызмет көрсетілетін жабдықтың саны бойынша жіктеу; ат-
тестаттауды өткізудің Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тəртібіне
сəйкес, басқа қызметтермен бірге өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары
бойынша бағалауға қатысу; өндірістік объектілерді аттестаттаудың
нəтижелері туралы құжаттарды (жұмыс орындарын аттестаттау хаттама-
сы, аттестаттау карталары, нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жұмыс
орындарының ведомосттері) ресімдеуге қатысу; өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша аттестаттау нəтижелерінің қорытындылары бойынша
ұсыныстар мен іс-шаралар жоспарының жобасын əзірлеу);
- еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (еңбек
қауіпсіздігі жағдайларының жай-күйін бақылау; ұйымда еңбекті қорғауды
басқару жүйесін енгізу жəне тиімді қызмет етуін, əзірлемелерді қамтамасыз
ету; қызметкерлерді жұмыс берушінің атынан жұмыс орнындағы еңбек
жағдайларының жай-күйі, кəсіптік аурулардың себептері мен басталуының
мүмкін болатын мерзімдері, қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардан қорғану
бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттандыру; ұйым (кəсіпорын)
бөлімшелерін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-
техникалық əдебиетпен қамтамасыз етуді, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық
əдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен, теледидармен, бей-
нефильмдермен, кəсіпорынның таралымы аз баспасөзімен жабдықтаумен
қамтамасыз етуді, тиісті ақпараттық стенділерді жабдықтауды əдістемелік
көмек көрсетуді ұйымдастыру; ұйымда өндірістік жарақаттану мен кəсіптік ауру-
ларды болдырмау жөніндегі шаралар əзірлеу; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
бойынша шаралар көлемдерін талқылау мен бекітуге қатысу);
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойын-
ша хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарау (қызметкерлердің еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша хаттарын, өтініштері мен
шағымдарын қарау жəне олар бойынша тергеп-тексеру барысында айқындалған
жəне орын алған кемшіліктер мен олқылықтарды қарау жөнінде жұмыс
берушіге (бөлімшелердің басшыларына) ұсыныстар дайындау, сондай-ақ өтініш
берушілерге жауаптар əзірлеу).

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль