text
Справочник кадровика

ҚР қауіпсіздік қызметі. Кәсіпорынның ЕҚ қызметінің функциялары мен міндеттері

  • 20 сентября 2018
  • 378
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
ҚР қауіпсіздік қызметі. Кәсіпорынның ЕҚ қызметінің функциялары мен міндеттері

Күшімен қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің ұйымдастырылуы тиіс оқыту, білімін тексеру мәселелері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ұйымның персоналын

Ішкі бақылау институтын енгізу қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысымен ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже бекітілді. Бұл құжат жұмыс берушілердің жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша белгіленген талаптарды орындауы жəне айқындалған бұзушылықтарды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы мақсатында əзірленген. Үлгі ереженің негізінде жұмыс беруші өндіріс ерекшелігін, қызметкерлер санын, еңбек жағдайларын, өндірістің зияндылығы мен басқа да факторларды есепке ала отырып, тиісті ұйымның еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы Ережені əзірлейді жəне бекітеді, оның құрылымын, санын, негізгі міндеттерін, мамандарының функциялары мен құқықтарын қолданыстағы заңнамаға сəйкес белгілейді.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 202-бабына сәйкес, қызметкерлерінің саны 50 асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құру қажет. Біздің ұйымда, Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларындағы филиалдарды есептегенде, қызметкерлердің саны 1 000 адамнан асады. Осындай қызметті бас кәсіпорында құрып (саны 400 адам), ал филиалдарда (қызметкерлердің саны – 25 адамнан 200-ге дейін жетеді, аймаққа қарай) осы қызметті қоса атқаратын жауапты адамдарды тағайындаса бола ма?

Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің негізгі міндеттері:

1) өндірісте қауіпсіз жəне салауатты еңбек жағдайларын жасау жəне қамтамасыз ету бойынша құқық тық, əлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу-алдын алу жəне өндірістік жарақаттану жəне кəсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін əзірлеу жəне жүзеге асыру;
2) өндірістік учаскелердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды əзірлеу ді ұйымдастыру;
3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жəне үйлестіру, еңбек қауіпсі здігі жəне еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі немесе маманы:

1) өндірістік, тұрмыстық жəне басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге жəне тексеріп қарауға;
2) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде қауіпсіз жəне салауатты еңбек жағдайларын жасау, өндірі стік жарақаттану жəне кəсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың əзірленуін жəне орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы орындалуы үшін міндетті нұсқаулар беруге құқылы.


Ең бек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі немесе маманы:


1) ай сайын ұйымда өндірістік жарақаттану мен кəсіптік аурулардың жайкүйі мен себептеріне талдау жүргізуге жəне олардың алдын алу іс-шараларын əзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, о л ардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тəртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Ішкі бақылау

Еңбек қауіпсізд ігі жəне еңбекті қорғау қызметі:

  • мемлекеттік еңбек инспекциясының жəне өзге де мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының еңбек қауіпсіздіг і мен еңбекті қорғау бөлігіндегі шешімдерінің орындалуын;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің, нормалардың, стандарттардың енгізілуін;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері жөніндегі ұйымның бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттері жұмысының ұйымдастырылуын жəне де жұмыстың озық тəжірибесінің енгізілуін;
  • арнайы киім, арнайы аяқ киім жəне басқа жеке қорғану құралдарын сатып алудың, сақтаудың, жуудың, химиялық тазалаудың, кептірудің, шаңнан арылтудың, зиянсыздандыру мен жөндеудің ұйымдастырылуын;
  • тиісті қызметтердің құрал-жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді қажетті сынақтардан жəне техникалық куəландырулардан уақытында өткізуін, қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестесінің сақталуын;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың, өндіріс процесінде еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, сондай-ақ қайта құрылған өндірістік объектілер жобаларының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асырады.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Құрылыс компаниясында 1000 адам бар. Еңбекті қорғау қызметі 20 адамнан құралады. Білімді тексеру бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (ТЖІК) құрылған. ТЖІК мүшелері Атырау қаласы Еңбекті қорғау департаментінің жанында білімдерін тексеруден өткізілді. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлердің еңбекті қорғау бойынша білімдері Еңбек департаментінде тексерілуден өткізілуге міндетті ме немесе олардың білімдерін тексеру компания ішінде өткізілгені жеткілікті ме?


Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінің күшімен ұйым персоналын еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту, білімдерін тексеруді, ұйымды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық əдебиетпен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық əдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау жөнінде шаралар ұйымдастыруы тиіс.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі мамандар ұжымдық шарттарды жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысуға жəне басқа қызметтермен бірге жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге құқылы.

★Мәртебе★

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесі

С. Ғ. Бисақаев

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Астана қ.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты