Жаңа әдістерін енгізу саласында еңбекті қорғау — уақыт талабы

32
Жаңа әдістерін енгізу саласында еңбекті қорғау — уақыт талабы
Оспанов С. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный технический руководитель по охране труда и охране окружающей среды ТОО «РУ-6» Кызылординской области
РУ-6» ЖШС өз жұмысында еңбекті, қоршаған ортаны қорғауды, радиациялық қауіпсіздікті қаматамасыз етуді басты басымдық деп есептейді

Өткен жылдың нәтижелері бойынша «РУ-6» ЖШС «Казатомпром» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының арасында "Еңбекті қорғау", қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында жеңімпаз болып шықты. Астана қаласында «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы» басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиев «РУ-6» ЖШС-нің бас директоры Таир Назаровқа 1-орын үшін құрмет дипломы мен көшпелі кубокті табыс етті.

Жоспарлы сипаты

«РУ-6» ЖШС-ндегі еңбекті қорғау жүйесінде еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару Жүйесін (бұдан әрі - ЕҚжӨҚБЖ) қатаң сақтауға негізделген жүйелі және жоспарлы сипат бар. Жүйе кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерін, технологиялық процестерін қамтиды және ол бойынша еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысы жүргізілетін бірден-бір басшылық ету құжаты болып табылады. Онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың міндеттері, функциялары мен мазмұны, еңбекті қорғауды басқару бойынша қызметтер мен бөлімшелердің арасындағы өзара байланыс белгіленген.

 «РУ-6» ЖШС-ндегі еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі өзіне кәсіпорынның менеджменттің кіріктірілген жүйесі саласында белгіленген саясатын іске асыруға арналған негізгі ережелерді, мақсаттарға қол жеткізудің, жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тәсілдері мен әдістерін қамтиды.

Жұмыстарды орындау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек жағдайларын қорғау мен қамтамасыз ету, қызметкерлердің хабардарлығы мен шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасау, жалпыға ортақ оқыту — бұл мұқият жоспарлау мен үздіксіз жұмыс жүйесі. Ол еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін белгілейтін ережелер мен іс-шаралар кешенін (нұсқаулықтар, бұйрықтар, рұқсаттар мен басқа да нормативтік құжаттар) қамтиды және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару Жүйесін құрайды. ЕҚжӨҚБЖ еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауға бағытталған және ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ететін, ұйымды басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болып табылады. ЕҚжӨҚБЖ:

— ұйымдық құрылымды;

— жоспарлау жөніндегі қызметті;

— жауапкершілікті бөлісуді;

— мақсаттарды әзірлеу, енгізу, қол жеткізуге, ұйымдағы қауіпсіздік пен еңбек гигиенасы бойынша саясат пен іс-шаралардың нәтижелілігіне талдау жасауға арналған процестер мен ресурстарды қамтиды.

Кестеде «РУ-6» ЖШС-ндегі бақылау құрылымы жалпы түрде ұсынылған.

№ р/с

Бағыттардың аталуы

Өткізу мерзімділігі

Жауапты орындаушылар

Нәтижелерді ресімдеу

Өндірістік (ішкі) бақылау

1

Өндірістік бақылаудың

 I деңгейі

Ауысымда

1 реттен кем емес

Жұмыстарға тікелей басшылық жасауды жүзеге асыратын және өз қарамағында басқа ИТҚ жоқ мастер, механик, ауысым, учаске бастығы және т.б.

Өндірістік объектідегі еңбекті қорғау жай-күйінің журналы

2

Өндірістік бақылаудың

II деңгейі

7 күнде

 1 реттен кем емес

Жұмысшыларға тікелей басшылықты жүзеге асыратын, өз қарамағында басқа ИТҚ бар, шұғыл басқару құқығы бар бастық, бастықтың орынбасары, аға мастер, электрмеханик, учаске энергетигі.

Өндірістік объектідегі еңбекті қорғау жай-күйінің журналы

3

Өндірістік бақылаудың

 III деңгейі

Кеніштің әрбір өндірістік объектісінде айына 1 рет

Өз құрамында неғұрлым ұсақ бөлімшелер бар цех бастығы, цехтың бас инженері, бас механик, бас энергетик, бөлімшегһнің (кеніш, цехтың) ЕҚ және ҚТ жөніндегі инженері.

Акт-ұйғарым.

Ескерту: Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша шұғылдық мақсатында, айқындалған бұзушылықтар еңбекті қорғау жай-күйінің журналына енгізіледі

4

Өндірістік бақылаудың

 IV деңгейі

Әрбір өндірістік құрылымдық бөлімшеде тоқсанына

 1 рет.

ЕҚ және ҚОҚ қызметінің ұсынуы бойынша ұйымның бас инженері, ЕҚ және ҚОҚ жөніндегі бас техникалық жетекші, бас мамандар, өндірістік қызметтердің (бөлімдердің) басшылары.

Жедел тексеру жүргізу кезінде — еңбекті қорғау жай-күйінің журналы.

Мақсатты және кешенді тексеру жүргізу кезінде — акт-ұйғарым.

Толығырақ оқыңыздар: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  , №10, 2016 ж.



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль