Өндірістік практика: ұйымдастыру, ресімдеу және төлеу

133
Өндірістік практика: ұйымдастыру, ресімдеу және төлеу
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
ҚР өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуді реттейтін арнайы нормативтік актілер көзделмеген – демек, бұл мәселе жергілікті деңгейде шешілуге тиіс

Өндірістік практика: ұйымдастыру, ресімдеу және төлеу мәселелері

Көптеген компаниялар оқу мекемелерімен студенттер үшін өндірістік практика өткізу туралы шарттар жасасады. Көп жағдайларда ерекше көзге көрінген практиканттарды жұмысқа шақырады, ал, бір-екі жылдан кейін олар кәсіпорынға дипломы бар маман болып оралады. Практиканы басқаруды ұйымның тәжірибелі қызметкерлеріне жүктейді. Оларға сол үшін төлеу керек пе? Төлеу керек болса, ол қалай жүзеге асырылады? Қазақстан Республикасында өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізуді реттейтін арнайы нормативтік актілер көзделмеген, демек, бұл мәселе студенттерді өндірістік практикаға жіберетін және қабылдайтын ұйыммен жергілікті деңгейде шешілуге тиіс.

Өндірістік практика білікті мамандарды дайындау процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттерге арналған өндірістік практиканы ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі «Білім туралы» № 319-ІІІ Заңына (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Білім туралы Заң), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексіне (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

НА ЗАМЕТКУ

Білім туралы заңда, мысалы, ұғымдарға анықтама беріледі:

•   кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;

•   дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.

Практикалық оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2004 жылғы 5 сәуірдегі «Әдістемелік ұсынымдарды бекіту» № 287 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады, онда кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Практиканы өткізу деңгейін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық іс-шараларға:

1) практиканы жоспарлау;

2) әртүрлі мамандардың студенттеріне білім бағдарламаларын әзірлеу;

3) практика базасын таңдау және олармен шарттар жасасу;

4) қажетті құжаттаманы дайындау;

5) кафедралардың:

·      практика орындары бойынша студенттерді бөлу;

·      басшыларды іріктеу;

·      жеке тапсырмалардың тақырыбын жасау және т.с.с. бойынша жұмысы.

Орта және жоғары оқу орындарының студенттері кәсіпорындарда тиісті мамандық бойынша өндірістік практикадан өтеді.

Білім туралы заңға сәйкес кәсіптік практика теориялық білімдерін, шеберлігін бекітуге, болашақ кәсіби қызметіне байланысты жұмыстың белгілі бір түрлерін орындау процесінде тәжірибелік дағдыларын және құзыретін меңгеруге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі болып табылады.

Өндірістік практиканың мақсаты оқу кезінде алынған білімдерді бекіту, тереңдету және жүйелеу, таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және өндірістік оқу процесінде алған жұмыс дағдыларын бекіту, сондай-ақ практиканттарды болашақ еңбек қызметіне баулу.

ВНИМАНИЕ

Білім алушыларды практикаға жіберу жоғары (орта) оқу орындары басшыларының бұйрығымен практикадан өту мерзімдерін, практиканың базасын және практиканың жетекшісін көрсете отырып, ресімдейді.

Өндірістік практикадан өтудің оқу жұмыс бағдарламаларын және күнтізбелік кестелерін оқу мекемесі жұмыс берушімен келіседі және оларды директор бекітеді. Өндірістік практика өндірістік оқудың жалғасы болып табылады және практика мен теориялық оқытудың мазмұны байланысты болса күндер немесе апталар бойынша теориялық сабақтармен алмасу арқылы үздіксіз кезең ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Практиканы жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу:

•   негізгі еңбек функцияларын орындау бойынша мамандарды дайындаудың толықтығы мен бүтіндігін;

•   өндірістік практиканың теориялық оқытумен байланысын және оның барлық түрінің бірізділігін;

•   білім алушылардың шеберлігін, дағдыларын жүйелі қалыптастыру және практиканың бір түрінен екіншісіне ауысқанда оларды күрделенуін;

•   қоршаған ортаның жағдайын зерттеу, бағалау және қорғау бойынша зияткерлік және тәжірибелік шеберлік жүйесінің дамуын;

•   өндірісті ұйымдастырудың жаңа экологиялық қауіпсіз технологиясымен танысуын қамтиды.

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы», № 10, 2016 ж.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль