Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізу

74
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі инженер (маман): ұйым бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманның (инженердің)
лауазымдық нұсқаулығын жасаған кезде мұндай қызметкердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды жəне лауазымдық міндеттерін белгілеген, Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығын басшылыққа алу керек.

Инженері лауазымына тағайындалады

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі инженер (маман) ла-
уазымына біліктіліктің мынадай талаптарына жауап беретін тұлғалар
тағайындалады:
1. Еңбекті қорғау жөніндегі І санатты инженер: тиісті мамандық бойынша
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім жəне еңбекті қорғау жөніндегі ІІ санатты
инженер лауазымындағы екі жылдан кем емес жұмыс стажы.
2. Еңбекті қорғау жөніндегі ІІ санатты инженер: тиісті мамандық бойынша
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім жəне еңбекті қорғау жөніндегі санатсыз
инженер лауазымындағы үш жылдан кем емес жұмыс стажы.
3. Еңбекті қорғау жөніндегі инженер: жұмыс стажына талаптар қойылусыз тиісті
мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті маман-
дық (біліктілік) бойынша орта техникалық жəне кəсіптік (орта арнаулы, орта кəсіптік)
білім жəне І санатты техник лауазымындағы үш жылдан кем емес жұмыс стажы.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі инженер (маман):

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарын, нормативтік құқықтық актілерін;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша əдістемелік мате-
риалдарды;
- өнім ұйымы өндірісінің негізгі технологиялық үдерістерін;
- жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу əдістерін;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды;
- еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін;
- жұмыстардың ауырлық санатына қарай қызметкерлерге қойылатын психо-
физиологиялық талаптарды;
- жеңіл жұмысқа ауыстырылған əйелдер, жасөспірімдер, жұмысшылар еңбегін
қолданудағы шектеулерді;
- ұйымда қолданылатын жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктерін;
- жабдықтардың техникалық жай-күйінің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талапта-
рына сəйкестігін бақылаудың ережелері мен құралдарын;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша алдыңғы қатарлы отандық жə-
не шетелдік тəжірибені;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ақпарат пен насихаттың əдістері
мен формаларын;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша шаралардың орындалуы туралы
есептілік жасаудың тəртібі мен мерзімдерін;
- экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды білуі
тиіс.

Міндеттері

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі инженер (маман):
● Ұйым бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық жəне өзге де
нормативтік құқықтық актілердің, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша
белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге
асырады;
● жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттейді, қоршау техникасының,
сақтандырушы жəне бұғаттаушы құрылғылардың, қауіпті жəне зиянды өндірістік
факторлардың əсерінен қорғайтын басқа да құралдардың неғұрлым жетілдірілген
құрылымдарын əзірлеу жəне енгізу туралы ұсыныстар дайындайды жəне енгізеді;
● ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен тетіктердің
техникалық жай-күйін, желдету жүйелері жұмысының тиімділігін, санитарлық-
техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, қызмет-
керлердің жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарының жай-күйін тексерулерді,
зерттеулерді өткізуге, олардың еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық
актілердің талаптарына сəйкестігін анықтауға жəне цехтарда, учаскелерде, жұмыс
орындарында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін неме-
се аварияларға əкелуі мүмкін машиналарды, жабдықтарды пайдалануға жəне
жұмыстарды жүргізуге тыйым салу жөнінде шаралар қабылдайды;
● ұйымның басқа бөлімшелерімен бірге жұмыс орындары мен өндірістік
жабдықтардың еңбекті қорғау талаптарына сəйкестігін сертификаттау мен аттестат-
тау жөнінде жұмыс жүргізеді;
● ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» тарауын жасауға, еңбек жағдайларын
жақсарту жөніндегі шараларлы əзірлеуге жəне оларды еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерде көзделген талаптарға дейін жеткізуге қатысады,
сондай-ақ əзірленген шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық көмек
көрсетеді;
● тиісті қызметтердің жабдықтар, машиналар мен тетіктердің жай-күйіне қажетті
сынақтар мен техникалық куəландыруларды өз уақытында өткізуін, қауіпті жəне
зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу графиктерінің сақталуын,
мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органдарының еңбекті қорғау жөніндегі
қолданыстағы нормаларды, ережелер мен нұсқаулықтардың сақталуы үшін берген
ұйғарымдарының, өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа жəне реконструкцияланған
өндірістік объектілердің жобаларында қауіпсіздік стандарттарының орындалуын
бақылайды, оларды пайдалануға қабылдап алуға қатысады;
● ұйым бөлімшелеріне қызметкерлер міндетті медициналық қарап-тексеруден өтуі
тиіс кəсіптер мен лауазымдар, сондай-ақ оларға сəйкес қолданыстағы заңнаманың
негізінде қызметкерлерге еңбектің ауыр, зиянды жəне қауіпті жағдайлары үшін
өтемақылар мен жеңілдіктер берілетін кəсіптер мен лауазымдар тізімдерін жасау-
да; еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, ұйымның еңбек қауіпсіздігі стандарт-
тары жүйесінің стандарттарын əзірлеу мен қайта қарауда; қызметкерлерді еңбекті
қорғау бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді, нұсқаулар беруді ұйымдастыруда
əдістемелік көмек көрсетеді;
● жұмысқа жаңадан қабылданғандарға, іссапарларда жүргендерге, өндірістік
оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттердің бəріне еңбекті қорғау
жөнінде кіріспе нұсқамалар өткізеді;
● арнайы киім, арнайы аяқ киім жəне басқа да жеке қорғану құралдарын сақтауды,
беруді, жууды, химиялық тазартуды, кептіруді, шаңсыздандыруды, майсызданды-
руды жəне жөндеуді ұйымдастыруға, сақтандырушы айлабұйымдар мен қорғаныс
құрылғыларының жай-күйіне, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінде еңбекті қорғау бой-
ынша іс-шараларды орындауға бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуына бақылау
жасауды жүзеге асырады;
● еңбекті қорғау жөнінде белгіленген формалар мен тиісті мерзімдер бойынша
есептілік жасайды.
Көрсетілген функциялармен қатар еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
жөніндегі инженер (маман) өндірістік жарақаттану, кəсіптік аурулар оқиғаларын
тергеп-тексеруге тікелей қатысады, олардың себептерін зерделейді; өндірістегі
жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі іс-шараларға
қатысады; олардан сақтандыру бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігіне
талдау жасайды;қызметкерге еңбек міндеттерін орындауымен байланысты
келтірілген зиянның, мертігудің, кəсіптік аурудың немесе денсаулығының басқа
да зақымдануының орнын толтыру туралы мəселені қарастыруға қатысады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль