Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманның жеке жұмысы

91
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбекті ұйымдастыру қызметкерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің көздейді қатаң регламенттеуді, олардың лауазымдық міндеттерін және бекіту, әрбір бөлімшелерінің

Ұйымның еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманы ұйым басшысына тікелей немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының біреуіне бағынуы тиіс.

Жұмыс орны, қызметі маманының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің еңбегін
ұйымдастыру олардың лауазымдық міндеттерін қатаң регламенттеуді жəне олардың
əрқайсысына белгілі бір құрылымдық бөлімшелерді немесе жұмыс бағыттарын
бекітіп беруді көздейді.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі маманының жұмыс орнын
үстелмен, орындықпен, құжаттарды сақтауға арналған кітап шкафымен жабдықтау;
жеке компьютермен, телефон байланысымен жəне қажетті кеңселік керек-
жарақтармен, сондай-ақ нормативтік-анықтамалық əдебиетпен, жұмыстардың
ерекшелігін есепке ала отырып, өндірістің осы түрі үшін қажетті қауіпті жəне зиян-
ды өндірістік факторларға оперативті бақылау жасау аспаптарымен қамтамасыз
ету ұсынылады.
Меншіктің жаңа формалары мен ұйым жұмысының ерекшелігін есепке ала
отырып, ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі туралы Үлгілік
ереженің негізінде ұйым басшысының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
жөніндегі маманның құқықтары мен міндеттерін жəне оның жеке жұмыс жоспарын
келісуі жəне бекітуі мақсатқа лайық болады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманның жеке жұмыс
жоспары мыналарды қамтиды:
- кіріспе нұсқама өткізу;
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша
білімдерін тексеру графигін жасау;
- құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жай--
күйін тексеру графигін əзірлеу;
- еңбек жағдайларын жақсарту мен санитарлық-сауықтыру шараларының
кешенді жоспары бойынша құрылымдық бөлімшелерден түскен ұсыныс-
тарды жинау жəне өңдеу;
- кəсіподақ комиссиясымен, мемлекеттік еңбек инспекциясымен жəне басқа
бақылау-қадағалау органдарымен өзара əрекеттестік;
- жұмыс орындарын аттестаттау мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан
сақтандыруды ұйымдастыру;
- құрылымдық бөлімшелерге құжаттаманы жүргізуде, нұсқаулықтар жасауда
əдістемелік көмек көрсету;
- цехтарды, жабдықтарды жаңғырту жобаларының еңбекті жəне қоршаған
ортаны қорғау нормаларының талаптарына сəйкестігіне сараптама
жүргізу.

Еңбекті қорғау бойынша жұмысты жоспарлау

Еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жоспарлау – бұл еңбекті қорғау мен еңбек
жағдайларын жақсартуға бөлінетін қаржыларды тиімді пайдалану негізінде
қызметкерлер еңбегінің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мақсатымен жүзеге
асырылатын ұйымдастыру – басқарушылық процесс.
Еңбекті қорғау жөніндегі жоспарлар жасау іс-шараларды іске асыру үшін
қажет орындаушылар мен құралдарды көрсетумен белгілі бір мерзімге нақты іс-
шараларды əзірлеу болып табылады.
Еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің экономикалық тетігі өзіне еңбекті қорғау
жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыруды қамтиды. Кəсіпорындар
ұжымдық шарттармен немесе келісімдермен белгіленген көлемдегі қажетті
қаражатты үнемі бөліп тұрулары тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар тиісті жобалау-құрылымдаушылық жəне
технологиялық құжаттамамен қамтамасыз етіледі, ұжымдық шарт пен еңбекті
қорғау жөніндегі келісімде өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік аурулардың
себептерін талдау негізінде, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі жүргіз-
ген тексерулердің, өндірістік жабдықтардың техникалық жай-күйіне сараптаманың
нəтижелері бойынша, сондай-ақ өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойын-
ша аттестаттауды есепке алумен жеке тарау етіп ресімделеді.
Еңбекті қорғау жөніндегі келісім – орындалу мерзімдері мен жауапты
тұлғаларды көрсетумен еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау
мен өткізудің құқықтық формасы. Келісім оған тараптар (жұмыс берушілер
мен өкілдік органдардың уəкілетті қызметкерлері) қол қойған сəттен бастап не-
месе келісімде белгіленген күннен бастап күшіне енеді. Келісімге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тараптардың өзара келісімі бойынша жүргізіледі. Келісімнің
орындалуына бақылауды тікелей тараптардың өздері немесе олардың уəкілетті
өкілдері жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру кезінде тараптар барлық қажетті
ақпаратты ұсынуға міндетті. Тараптар міндеттемелерді тиісінше орындамағандығы
үшін келісіммен белгіленген жауапкершілікте болады.
Ұжымдық шарт – ұйымдағы əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызмет-
керлердің уəкілеттік берілген өкілдері арқылы олардың ұжымы мен жұмыс беру-
шінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт. Ұжымдық шартпен
көзделген міндеттемелерді орындамағандығы үшін тараптар ұжымдық шартқа
жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапкершілікте болады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль