Кəсіпорында еңбекті қорғауды басқару нысаны мен мазмұны

385
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Еңбекті қорғауды басқарудың міндеті – еңбектің барынша өнімділігі кезінде бір мезгілде жайлылықты қамтамасыз етумен жұмыс істеушінің зақымдану немесе ауыру ықтималдылығын барынша азайту

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттары өндірісте еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуді, өндірістік жарақаттанудан сақтандыру мен алдын алуды, құқықтық, ұйымдықтехникалық жəне əлеуметтік-экономикалық шараларды дайындау жəне іске асыру есебінен еңбек үдерісінде адам өмірі мен денсаулығын сақтауды көздейді.

Міндеті-еңбекті қорғауды басқару

Республиканы ДСҰ-на кіргізуге дайындыққа байланысты республикада
қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді халықаралық талаптарға сəйкестікке
келтіру, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелеріндегі стандарттау
саласындағы заңнама жүйесін қалыптастыру қажет.
Нарықтық экономикасы бар елдердің көпшілігінде неғұрлым тиімділікті:
- ұйымдарда өнеркəсіптік қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау саласында менджмент
жүйесін – OHSAS 18001 халықаралық стандарты мен ХЕҰ «Еңбекті қорғауды
басқару жүйелері бойынша басшылық» ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 ILO-OSH 2001-ге сəйкес
ұсынған еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу;
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу
қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғауды басқару, ұжымдық жəне жеке қорғанудың тиімділігі жоғары
құралдарын əзірлеу мен өндіруді қосқанда еңбекті қорғаудың техникалық құралдары
өндірісі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау қажет.
Басқару жүйесін жетілдіру іс-тəжірибелік нəтижелер алуға мүмкіндік беретін
ұйымдастыру, ғылыми, технологиялық жəне тəжірибелік-құрылымдаушылық
əзірлемелердің орындалуын көздейді, бұл үшін өндірістік ұйымдарда еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметін құру жəне республикадағы өндірістік
ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін халықаралық стандарттар талапта-
рына сəйкес ендіруге септігін тигізетін салаішілік шаралар өткізу қажет.
Еңбекті қорғауды басқарудың міндеті – еңбектің барынша өнімділігі кезінде
бір мезгілде жайлылықты қамтамасыз етумен жұмыс істеушінің зақымдану
немесе ауыру ықтималдылығын барынша азайту.
Нақты өндірістік жағдайлар қауіпті жəне зиянды факторлармен сипатталады.
Қауіпті өндірістік факторлар – əсер етуі жұмыс істеушіге белгілі бір жағдайларда
жарақаттану немесе басқа кəсіптік аурулар əкелетін факторлар. Əсер етуі жұмыс
істеушіні белгілі бір жағдайларда ауруға немесе жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне
əкелетін фактор зиянды өндірістік фактор деп аталады. Қауіпті факторлар –
тетіктердің қозғалатын бөлшектері, қатты ысыған денелер. Зиянды факторлар –
ауа, ондағы қоспалар, жылу, жарықтандырылудың жеткіліксіздігі, шу, діріл, иондау-
шы лазерлік жəне электрмагниттік сəулеленулер.

Басқару жүйесі

Басқару жүйесі – саясат пен мақсаттарды əзірлеуге жəне бұл мақсаттарға қол

жеткізуге арналған жүйе (ұйымды басқару жүйесі сапаны басқару жүйесі немесе
қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі сияқты басқарудың əртүрлі жүйелерін
қамтуы мүмкін).
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі – ұйымды басқарудың (менеджменті)
жалпы жүйесінің бір бөлігі, ұйым қызметіне байланысты денсаулық сақтау
мен еңбек қауіпсіздігі саласындағы тəуекелдерді басқаруды қамтамасыз
етеді. Жүйе:
● ұйымдық құрылымды;
● жоспарлау жөніндегі қызметті;
● жауапкершілікті бөлісуді;
● мақсаттарды əзірлеуге, енгізуге, қол жеткізуге арналған рəсімдерді, үдерістер
мен ресурстарды, ұйымдағы еңбекті қорғау жөніндегі саясат пен шаралардың
нəтижелілігін талдауды (МемСТ 12.0.230-2007 «Еңбек қауіпсіздігі стандарт-
тарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар») қам-
тиды.
Еңбекті қорғауды басқару ұйымның өндірістік қызметін ILO-OSH-2001 кəсіптік
қауіпсіздік пен денсаулық жүйелерін басқару бойынша ХЕҰ Басшылығына
негізделген, хат жазысу бойынша стандарттау, метрология жəне сертификаттау
жөніндегі Еуразиялық кеңес қабылдаған МемСТ 12.0.230-2007 «Еңбек қауіпсіздігі
стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. ILO-OSH2001 жалпы
талаптары» халықаралық стандарты негізінде басқару жүйесінің бір бөлігі ретінде
қарастырылады.
2010 жылы Қазақстан Республикасында еңбекті қорғауды басқару жүйесі бой-
ынша мынадай стандарттар (бұдан əрі – ҚР СТ) қабылданды: ҚР СТ 12.0.002-
2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды
басқару жүйесі. Тəуекелдерді бағалау жəне басқару жөніндегі басшылық», ҚР
СТ 12.0.003-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ұйымда еңбекті
қорғауды басқару жүйесі. Əзірлеу, қолдану, бағалау жəне жетілдіру бойынша жал-
пы талаптар», ҚР СТ 12.0.004-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі.
Шағын кəсіпорындардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі та-
лаптар мен ұсынымдар», ҚР СТ 12.0.005-2010 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының
жүйесі. Ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Тексеруді (аудитті)
ұйымдастыру».
2007 жылы наурызда ТМД-ның 11 мемлекеті еңбек қауіпсіздігі стандарттарының
МемСТ 12.0.230-2007 «Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар. ILOOSH
2001. (IDT)» жаңа мемлекетаралық стандарт қабылдады.
Қазақстан Республикасында бұл МемСТ Қазақстан Республикасы Индустрия
жəне сауда министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология жөніндегі комитетінің
2008 жылғы 21 мамырдағы № 249-од бұйрығымен 2008 жылғы 1 шілдеден бастап
қолданысқа енгізілді.

Жаңа МемСТ

Жаңа МемСТ ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 еңбекті қорғауды басқару жүйелері жөніндегі
Басшылықта баяндалған Халықаралық еңбек ұйымының қағидаттарына ұқсайды
жəне толықтай сəйкес келеді.
Қазақстан Республикасы үшін жаңа МемСТ-тың маңыздылығы мынаумен
анықталады:
Біріншіден, бұл МемСТ еңбекті қорғауды басқару жүйесін регламенттейтін дүние
жүзіндегі бірден-бір ресми халықаралық құжат – ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 Басшылығына
ұқсас. Осылайша Қазақстан еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша бірыңғай
құқықтық кеңістікке енеді, бұл оның дүниежүзілік бірыңғай экономикалық кеңістікке
енуін жеңілдетеді.
Екіншіден, кəсіпорындар мен ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін
құру еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіруге септігін тигізеді, өндірістік
жарақаттанушылық пен кəсіптік ауруға шалдығушылықтың қысқаруына əкеледі.
Халықаралық іс-тəжірибеде сыналған еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу
республика ұйымдарында еңбекті қорғауды басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Үшіншіден, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің бірыңғай моделінің болуы
жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі іс-əрекеттерін еңбекті қорғау мен өндіріс
қауіпсіздігінің нормативтік талаптарына сəйкестендіруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік стандарт ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйелеріне
қойылатын талаптарды қамтиды, бірқатар елдердің (Ұлыбритания, Жапония, ОАР,
Ирландия) стандарттау жөніндегі ұлттық органдарының, фирмалары мен зерттеу
ұйымдарының қатысуымен əзірленген OHSAS 18001 стандартымен жəне ILO-OSH
2001 басшылығымен үйлестірілген. Жүйені жасау міндетті болып табылмайды,
ұйымның еңбекті қорғау саласындағы өз қызметін жетілдіру ниетімен анықталады.

Міндеттері еңбекті қорғау

Стандарт талаптарына сəйкес келетін еңбекті қорғауды басқару жүйесі ұйымның
еңбекті қорғау саласындағы өз саясаты мен міндеттерін іске асыруға жəне оның бұл
саладағы қызметін бөгде ұйымдардың бағалауына арналған.
Стандарт еңбекті қорғауды басқару жүйесінің элементтеріне қойылатын талап-
тарды белгілейтін жалпы техникалық стандарт болып табылады. Стандарт талап-
тарын экономиканың нақты секторына (өнеркəсіп салалары) қарамастан барлық
үлгілердегі жəне мөлшерлердегі ұйымдарға қолдануға болады. Еңбекті қорғауды
басқару жүйесін əзірлеу мен ендіруге ұйым қызметінің саласы, оның нақты
міндеттері, шығаратын өнімі мен көрсететін қызметтері, сондай-ақ пайдаланатын
технологиялық үдерістері, жабдықтары, қызметкерлердің жеке жəне ұжымдық
қорғану құралдары мен еңбекті қорғау саласындағы қызметінің іс-тəжірибесі белгілі
бір ықпал етеді.
Еңбекті қорғауды басқарудың ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001 жүйесін енгізу – бірсəттік үдеріс
емес. Оны жер-жерде енгізу бойынша байыпты жұмыс істеу қажет.
Көптеген ұйымдар қызметкерлердің (персоналдың) еңбекті қорғауды басқару
(денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау) мүмкіндіктерін көрсетуі мен тиімділігіне
мүдделілік білдіреді. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы өндірісті
дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің
бəсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркəсіптен қайта өңдеуші өнеркəсіпке
өтуді жүзеге асыру; халықтың өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру;
тұтынатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жасау.
Осыған байланысты аталған міндеттерді шешудің жаңа тəсілін пайдалану
қажеттілігі туындады. Отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін, оның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, шетелдік нарықтарға экспортты кеңейту проблемаларын шешу
өнім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуге, менеджменттің заманауи жүйелерін
енгізуге сүйенеді.

Енгізу және қолдау, қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін

Индустриялық дамыған елдердегі өндірістегі қарқынды бəсеке мен технология-
лық күрделендіру менеджменттің заманауи жүйелерін енгізу мен қолдауды
бұрыннан-ақ аса қажеттілікке айналдырды.
Бұл үшін бастапқы алғышарттар:
1) қазақстандық кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі;
2) қазақстандық экономиканы дүниежүзілік экономикаға кіріктіру үшін
жағдайлар жасау;
3) ұтқыр нарық жағдайларында мемлекеттік органдар, өндірушілер, қоғамдық
ұйымдар мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету болып табы-
лады.
Заманауи менеджмент проблемаларын түсінуде жаңа ұрпақ менеджменті
жүйелерінің стандарттары үлкен рөл атқарады.
Бүгінгі күні кəсіпорындарда халықаралық стандарттар белсенді енгізіліп,
қолданылуда: ISO 9001:2000 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар», ISO
14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Қолдану бойынша талаптар жəне
басшылық», OHSAS 18001 «Кəсіптік қауіпсіздік жəне денсаулық саласындағы
менеджмент жүйелері. Талаптар», ISO 22000:2005 «Тағам өнімі қауіпсіздігі
менеджментінің жүйелері. Азық-түлік буынының кез келген ұйымдарына қойыла-
тын талаптар», SА 8000:2001 «Əлеуметтік жауапкершілік», ISO 17025:1999 «Сынақ
жəне мөлшерлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»,
ISO/ТS 16949:2002 «Сапа менеджментінің жүйелері. Автомобиль өнеркəсібі
мен тиісті қосалқы бөлшектер шығаратын ұйымдарда ISO 9001:2000-ді қолдану
жөніндегі ерекше талаптар», ISO/TS 29001:2003 «Сапа менеджментінің жүйелері.
Өнеркəсіптің мұнай, мұнай-химиялық жəне газ салалары».
Дүние жүзінде 9000 сериясындағы ISO талаптарына сəйкес келетін
сапа менеджментінің жүйесі неғұрлым танымал болып, мойындалды. Бұл
стандарттардың бірінші нұсқасы 1987 жылы қабылданды, жəне де олар осы
уақыттан бастап дүние жүзінде ең көп ендірілетін стандарттарға айналды.

Идеология сапа менеджменті

Сапа менеджментінің идеологиясы компанияның өнім (көрсетілетін қызметтер)
өндірісінің барлық үдерістерін тұрақты басқару болып табылады, оның негізгі мақсаты
компанияның барлық қызметкерлерінің қатысуымен тұтынушылардың нақты жəне
күтілетін қажеттіліктерін жəне компания басшылығының сапа менеджментіндегі
көшбасшылық рөлін қанағаттандыру болып табылады.
Бірқатар бағыттар бойынша басқару (менеджмент) жүйелерін жасау жəне
қызмет ету əдіснамасы көпшілік мойындаған 9000 сериясындағы ИСО (сапаны
басқару) жəне 14000 сериясындағы ИСО (қоршаған ортаны қорғауды басқару)
халықаралық стандарттарымен анықталады. Бұл халықаралық стандарттармен
анықталатын басқару жүйелерін жасау мен қызмет ету əдіснамасының негізіне
қызметтің қарастырылатын бағытындағы саясат шеңберінде іске асырылатын
белгілі қағидаттар: «Жоспарла – орында – бақыла – жетілдір» алынған.
Британдық BS 8800-96 «Персонал қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды басқару
жүйелері бойынша басшылық» (Guide Occupational health and safety management
systems) стандарты мен оның негізінде əзірленген OHSAS 18001 (Occupational
Health and Safety Assessment Series) «Персонал қауіпсіздігі мен денсаулығын
қорғауды басқару жүйелері. Талаптар» жəне Халықаралық еңбек ұйымының
ILO-OSH 2001 басшылығы ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруға
бағдарланған, ол қосымша жүйе ретінде ұйымды басқарудың бірыңғай кіріктірілген
жүйесі шеңберіндегі менеджмент жүйесінің басқа қосымша жүйелерімен біріктірілуі
мүмкін.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесі қызмет етуінің табысы басқарудың барлық
деңгейлерінде, ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің, əсіресе
басшылығының (жұмыс берушінің) өзіне алған міндеттемелеріне байланысты бо-
лады.

Басты әдістері жүйесін іске асыру және қауіпсіздік стандарттарын

Мұндай жүйе ұйымға еңбекті қорғау саласында өз саясатын əзірлеу, еңбекті
қорғаудың мақсаттарын белгілеу жəне саясат шеңберінде алынған міндеттемелерді
орындауға бағытталған үдерістерді қолдану, еңбекті қорғауды қамтамасыз
етудің нəтижелілігін арттыруға арналған қажетті шаралар қабылдау, əлеуметтік
бағдарланған өндіріс құру мен өз жүйесінің ҚР СТ 12.0.003-2010 «Еңбек қауіпсіздігі
стандарттарының жүйесі. Ұйымдағы еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Əзірлеу,
қолдану, бағалау жəне жетілдіру бойынша жалпы талаптар» талаптарына сəйкестігін
көрсету (декларациялау) мүмкіндігін береді.
ЕҚБЖ басты мақсатын іске асырудың негізгі əдісі əрбір жұмыс орнында
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне тəуекелді жол берілетін ең төменгі шекке дейін
төмендету болып табылады.
Тəуекел – белгілі бір қауіпті оқиғаның пайда болу ықтималдылығы мен
салдарларының үйлесуі.
Еңбекті қорғауды басқару жүйесін пысықтау мен күрделілік дəрежесі, құжаттама
көлемі мен жүйеге бөлінетін ресурстар: жүйенің қолданылу саласы, кəсіпорынның
көлемі мен оның қызметінің, шығаратын өнімінің (көрсететін қызметінің) түрі сияқты
бірқатар факторларға байланысты.
Ұйымда ЕҚБЖ қызмет етуінің мəселелері бойынша əзірленетін нормативтік-
əдістемелік, ұйымдастырушылық құжаттар мынадай талаптардың орында-
луын қамтамасыз етуі тиіс:
- өз бөлімшелеріндегі еңбекті қорғаудың жай-күйін тұрақты бағалау;
- еңбекті қорғау саласындағы мақсаттар мен саясатты тұжырымдау;
- оларға қол жеткізудің тəсілдерін əзірлеу жəне іске асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген
бақылау функцияларын жүзеге асыру;
- ұйым басшылары мен мамандары, оның бөлімшелерінің еңбек жағдай-
лары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмысын бағалау, олар-
дың бұл бағыттағы қызметін көтермелеу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына
сəйкес ұйымда ЕҚБЖ шешетін мынадай негізгі міндеттер белгіленген:
- ұйымның еңбекті қорғау саласындағы мақсаттары мен саяматын нақтылау;
- ұйымның еңбекті қорғау саласындағы стратегиялық мақсаттары мен сая-
сатына орай бағдарламалар, жоспарлар, өзге де ұйымдық-өкімдік құжаттар-
ды əзірлеу жəне іске асыру;
- ұйым персоналын еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша
дайындау жəне аттестаттау;
- негізгі тəуекелдерді бағалау, есепке алу жəне бақылау;
- авариялар, өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік аурулардың
себептеріне талдау жасау;
- авариялардан сақтандыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіру;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, олармен келтірілген
шығындарға өтемақылар беруді жүзеге асыру.

Функциялары еңбекті қорғауды басқару жүйесін

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі мынадай негізгі функцияларды жүзеге
асырады:
● жұмысты ұйымдастыру, басқаруға қатысушылардың лауазымдық міндеттерін
белгілеу;
● еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау;
● еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылау;
● еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жай-күйін есепке алу, талдау жəне
бағалау;
● еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандыру.
Қолданыстағы еңбек заңнамасы кəсіпорындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру
үшін жұмыс беруші мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілікте болатындыған
белгілейді. Бөлімшелерде мұндай жауапкершілік бөлімшелердің басшылары-
на жүктеледі. Еңбекті қорғауға тікелей басшылықты ұйымның еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау қызметі жүзеге асырады. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінде
басқару объектісі барлық бөлімшелердегі жұмыс орындарындағы еңбектің қауіпсіз
жəне салауатты жағдайларын қамтамасыз ету бойынша кəсіпорынның құрылымдық
бөлімшелері мен функциялық дирекцияларының қызметі болып табылады, яғни
еңбекті қорғауды басқару жөніндегі жұмысқа оларға еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау саласында жүктелген функциялық міндеттеріне сəйкес барлық құрылымдық
бөлімшелер тартылады.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс

Еңбекті қорғауды басқару бойынша ұйымдастыру-əдістемелік жұмысты,
шешімдер дайындау мен олардың іске асырылуына бақылауды еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау қызметі жүзеге асырады. Еңбекті қорғау саласындағы
жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру басқаруға қатысатын тұлғалардың
міндеттерін бөлу жəне өзара əрекеттестік тəртібін, сондай-ақ шешімдер
(бұйрық, өкімдер,нұсқаулар жəне басқалар) қабылдауды қарастырады. Функция-
ларды неғұрлым толық баяндау ұйымдардың жұмысын жақсырақ ұйымдастыру
ғана емес, сондай-ақ бақылаудың тиімділігін арттыруға да мүмкіндік береді.
Жұмыс орындарындағы еңбекті қорғаудың жай-күйіне тұрақты профилактика-
лық бақылау өндірістік жарақаттану мен кəсіптік аурулардан сақтандыру
құралдарының бірі бола тұрып, еңбекті қорғау талаптарынан ауытқуларды
жылдам айқындау мен оларды жою бойынша қажетті шараларды қабылдау жо-
лымен жүзеге асырылады.
Бұған қоса, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі кəсіпорынның
құрылымдық бөлімшелерінің еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу мен қолдану
мəселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді; еңбекті қорғау жөніндегі ережелер
мен нормалардың сақталуына, ғимараттар, құрылыстар, өндірістік жабдықтар,
желдету, ауа алмастыру жүйелері, санитарлық-техникалық құрылғылар мен
санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар жай-күйінің белгіленген нормалар мен ереже-
лерге сəйкестігін тексерулер жүргізеді; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайла-
рын, өндірістік жарақаттану мен ауруға шалдығушылықтың жай-күйін талдайды;
тиісті қызметтермен бірге айқындалған бұзушылықтар жою, жарақаттану менг
ауруға шалдығушылықтан сақтандыру жөніндегі шаралар əзірлейді, көрсетілген
шаралардың енгізілуін ұйымдастырады; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
қызметінің мамандары құрылымдық бөлімшелерге ЕҚБЖ енгізуді ұйымдастыруға
іс-тəжірибелік көмек көрсетеді жəне кеңес береді, ЕҚБЖ қолдану бойынша
шешімдердің жобаларын əзірлейді жəне тиісті ақпараттық-есепке алу құжаттамасын
жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаманы жəне
білімін тексеруді белгіленген тəртіппен жүргізеді жəне т. б.

Функциялары кәсіпорын әкімшілігінің

ЕҚБЖ-н енгізу жəне еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды
сақтау мақсатында кəсіпорын əкімшілігіне мынадай функциялар жүктеледі:
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі
бойынша оқыту мен нұсқамалар беруді өткізу;
- қызметкерлерді кəсіптік іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- кəсіпорын қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі
барлық талаптар мен нұсқаулықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру.
Басшы жəне əкімшілік еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мен жағдайларын
жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге
асырады, еңбек ұжымының жұмыстың қауіпсіз əдістерін қамтамасыз ету мен
қызметкерлерге еңбектің зиянды жағдайларының əсерлерін төмендету бөлігіндегі
əлеуметтік даму перспективаларын белгілейді, осы мақсаттарға қаржы бөледі,
кəсіпорынның басшы құрамының өндірістік кеңестерінде еңбекті қорғаудың жай-
күйі туралы мəселенің тұрақты қарастырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау
жөніндегі жұмыс нəтижелері бойынша кəсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің
басшыларына көтермелеу немесе жаза қолдану жөнінде шаралар қабылдайды,
еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының орындалуына
бақылауды жүзеге асырады жəне т.б.

Функциялары құрылымдық бөлімшелері басшыларының

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары:
- құрылымдық бөлімшелердегі бағыныштылардың еңбектің қауіпсіз жəне зиян-
сыз жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі басқа
да талаптардың сақталу жұмысын ұйымдастырады;
- жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мен тетіктердің жабдықтарын, айлабұйымдарды,
аспаптарды қауіпсіз пайдалануды, еңбектің қалыпты санитарлық-гигиена-
лық жағдайларын ұстап тұруды қамтамасыз етеді, өтпелер мен өтпе жолдар-
ға заттардың үйілуі мен ыбырсуына жол бермейді,
- құрылымдық бөлімшелердің бағыттары бойынша жабдықтардың техникалық
қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі шараларды əзірлеу мен енгізуді, қауіпті
жəне зиянды процесстерді болғызбау мақсатында өндіріс технологиясын
жетілдіруді қамтамасыз етеді;
- өндірістік жарақаттанушылықтың себептеріне талдау жасайды, өндірістегі
жазатайым оқиғаларды болғызбауға, еңбек жағдайларын жақсартуға
бағытталған шараларды əзірлеу мен орындауды қамтамасыз етеді, еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды, жұмыс орындарында-
ғы нұсқамалар бағдарламаларын əзірлейді, белгіленген тəртіппен нұсқамалар
мен білімді тексеруді өткізеді жəне т.б.
Ұйымның барлық бөлімшелерінің еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы тұрақты
ақпараты, жиналыстарда, кеңестерде еңбекті қорғауды бұзушылықтар, авариялар
мен жазатайым оқиғалар нəтижелерін талқылау барлық бөлімшелердің барлық
қызметкерлеріне еңбекті қорғауды басқару жүйесінде елеулі рөл берілетінін
көрсетеді. Барлық бөлімшелердің қызметкерлері ЕҚБЖ міндеттерін шешу мен
еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға тартылады.
Əрбір қызметкер жоғары тұрған басшыны еңбекті қорғау талаптарын
бұзушылықтар мен айқындалған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы
хабардар етуге, бөгде тұлғалардың өндірістік учаскелерде болуына жол бермеуге,
еңбек тəртібінің сақталуын қадағалауға міндетті.

Кәсіподақ комитетінің рөлі

Ұйымның кəсіподақ комитеті еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспек-
торлар арқылы ЕҚБЖ міндеттерін шешуге тұрақты қатысады:
- ұсыныстар əзірлейді;
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы заңнаманың жəне еңбекті
қорғау туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына,
еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
- еңбек жөніндегі қоғамдық инспекторлар мен еңбекті қорғау жөніндегі
бірлескен комитеттердің мүшелерін оқытуды ұйымдастырады жəне
өткізеді;
- қызметкерлерге еңбекті қорғау, денсаулық сақтау мəселелері бойынша
қажетті сабағаттық көмек көрсетеді;
- қызметкерлерді болып өткен жазатайым оқиғалар мен авариялар, олар-
дан сақтандыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді.
ЕҚБЖ шеңберіндегі шараларды жоспарлау ұйымдағы еңбекті қорғаудың нақты
жай-күйі негізінде жүргізіледі. Жоспарларды əзірлеу кезінде: жарақаттанушылық,
ауруға шалдығушылық (жалпы жəне кəсіптік), орын алған авариялар, оқыс оқиғалар
мен олардың туындау қатері; жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша ат-
тестаттау нəтижелері; жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық
жай-күйі; еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайлары; қадағалаудың мемлекеттік
органдарының ұйғарымдары, заңдар, қаулылар жəне басқа нормативтік құжаттар
есепке алынады. Еңбекті қорғауды болжамдау, еңбекті қорғау қорғау жөніндегі
жұмыстарды перспективалық жəне ағымдық жоспарлау жүзеге асырылады.

Мақсаты болжау және жоспарлау

Болжамдаудың мақсаты өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік ауруға
шалдығушылық серпінін төмендетуді ықтималдық бағалай болып табылады. Бол-
жамдау өндірістік қатерлерді зерттеу мен еңбекті қорғауды қауіпсіздік қамтамасыз
етілетін деңгейде ұстап тұруға негізделеді.
Перспективалық жоспарлардың мақсаты еңбек жағдайлары мен қорғауды 3-5
жылдық бағдарламалар негізінде жəне ұйымның қаржы-экономикалық қызметі
нəтижелерін есепке ала отырып, түбірлі жақсарту болып табылады.
Еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі жоспарлар мен шаралар
қаржылық, материалдық-техникалық, жобалық-құрылымдуашылық жəне кадрлық
жағынан қамтамасыз етілуі тиіс. Ұйымдастыру-өкімдік құжаттарда (бұйрықтар,
қаулылар, хаттамалар жəне басқалар) мерзімдер мен жауапты орындаушылар
көрсетіледі.

Рөлі басшыларының орта деңгейдегі

Еңбекті қорғау бойынша шараларды ағымдық жоспарлау (жыл, тоқсан, ай)
еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жоспарларын əзірлеуді қамтиды. Жылдық жос-
парлар ұйым, оның құрылымдық бөлімшелері деңгейінде, ал ағымдағы (тоқсандық,
айлық) – бөлімшелер, цехтар мен қызметтер деңгейінде əзірленеді. Мұндай жо-
спарларда мынадай шаралар көзделеді:
- кадрлардың біліктілігін арттыру, инженерлік-техникалық қызметкерлердің,
жұмысшылардың, қызметшілердің еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру;
- бұрын аттестатталмаған немесе жаңадан ұйымдастырылған объектілердегі
жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;
- жұмыс орындарын аттестаттау нəтижелерін есепке алғанда еңбектің санитар-
лық-гигиеналық жағдайларын қалыпқа келтіру;
- қызметкерлерге емдік-профилактикалық жəне санитарлық-тұрмыстық қызмет
көрсету;
- ауыр жəне көп еңбектенуді талап ететін жұмыстарды механикаландыру, авто-
маттандыру;
- ұйым бөлімшелеріндегі еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді жəне мақсатты
тексерулер.
Əрбір тармақта мерзімдері, көлемдері, қаржылық қамтамасыз ету жəне жауап-
ты орындаушы көрсетілуі тиіс. Ұйымның ұжымдық шартына оларды іске асыру
үшін қажетті материалдық жəне қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген
(тиісті жоспарлық-экономикалық құжаттарда расталған) неғұрлым маңызды
шаралар қамтылады. Еңбекті қорғау жөніндегі келісім жылдық жоспар, ұйым
бөлімшелеріндегі еңбекті қорғаудың жай-күйі есепке алына отырып жасалады жəне
мынадай мəселелерді қамтиды: еңбекті еңбекті қорғаудың жай-күйі, еңбек пен де-
малыс режимі, кадрларды оқыту жəне дайындау, денсаулыққа келтірілген зиян үшін
жəрдемақы, өтемақы беру, сондай-ақ еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылау жа-
сау талаптары. Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың өзара
келісімімен жүргізіледі. Келісімнің орындалуына бақылау жасауды тікелей тарап-
тар немесе уəкілетті өкілдер, еңбекті қорғау жөніндегі жоспардың орындалуына
бақылау жасауды – ұйымның, оның бөлімшелерінің тиісті басшылары мен маман-
дары, сондай-ақ кəсіподақ комитеттері мен еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер
(комиссиялар) жүзеге асырады. Шаралардың орындалу барысы еңбекті қорғау
мəселелері жөніндегі кеңестер мен жиналыстарда мезгіл-мезгіл қарастырылады.
Əрбір деңгейдегі (бөлім, учаске, цех, қызмет) басшы еңбекті қорғау жөніндегі
жоспарлармен немесе келісімімен көзделген шаралардың орындалуына қол
жеткізуге міндетті. Мерзімдерді ауыстыру жоспарға қол қойған тұлғалармен
келісіледі жəне бекітіледі.
Ұйымның жоғары басшылығы еңбекті қорғау саласындағы саясат үшін жауап
береді, еңбекті қорғау проблемаларын шешуде көшбасшылық пен өз саясатын іске
асыруда мүдделілік көрсетеді, бұл үшін ЕҚБЖ құрады, ол ұйымды басқару жүйесінің
бөлігіне айналады, нақты мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Қорытындысында
басшылық еңбекті қорғау саласында тұжырымдама (философия) жасап шығарады,
яғни өз ұйымының еңбекті қорғау мəдениетін қалыптастырады.

Талдау және бағалау

ЕҚБЖ мəселелері жөніндегі құжаттармен (жоғары деңгейдегі басшылар қол
қойған) ұйымның барлық қызметкерлері таныстырылуы тиіс. Олар жұмыс орында-
рына ілінеді, қызметкерлер əр түрлі кеңестерде, семинарларда, қорытынды шара-
ларда үнемі талқылайды.
Орта деңгейдегі басшылардың рөлі – жұмыстардың қауіпсіздігін,
құрылымдық бөлімшенің барлық қызметкерлерінің еңбекті қорғау
саласындағы міндеттерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
мəселелері жөніндегі талаптарды орындауына бақылау жасауды қамтамасыз
ету, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық рəсімдерді
орындауға ынталандыру. Жазалау (тапсырмаларды орындамағаны, талаптарды
сақтамағаны үшін жəне т.б.) нақты бағытталған болуы тиіс. Орта деңгейдегі басшы-
лар еңбекті қорғау мəселелерін шешуде бөлімшенің əр түрлі өндірістік топтарының
(технологтар, механиктер, электршілер жəне т.б.) арасындағы байланысты
қамтамасыз етеді, оларды жəне ұйымның жоғары басшылығын еңбекті қорғаудың
шешілетін проблемалары туралы хабардар етеді.
ЕҚБЖ-ндегі жұмысшылардың, мастерлердің, учаске бастықтарының рөлін
бағалай отырып, көтермелеудің əр түрлі формаларын көздеген жəне оларға тікелей
қатысы жоқ тұлғаларды жазатайым оқиғалар, авариялар, басқа да оқиғалар үшін
жазалау шараларына жол бермеген жөн. Бұл ұйымда сенім, əлеуметтік əріптестік,
əлеуметтік қанағаттану, бұған əсіресе мастерлер мен жұмысшылар ерекше мұқтаж
болатын қамқорлық сезімін сезіну ахуалын жасауға мүмкіндік береді, бұған көбінде
жұмыс орындарында қауіпсіздікті, тəртіп пен реттілікті сақтауды қамтамасыз ету
байланысты болады.

Нұсқаулық бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғау

ЕҚБЖ əзірлеу үшін ұйымдағы еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау жəне егжей-
тегжейлі талдау жасау талап етіледі. Талдау жасау бөлімшелер мен жұмыс
орындарындағы мəн-жайларды зерттеуден, сондай-ақ еңбекті қорғаудың барлық
бағыттары бойынша құжаттаманы зерделеуден басталады:
- қауіпті факторларды сəйкестендіру, қатерлерді айқындау мен бағалау
қорытындыларын зерделейді;
- жарақаттанушылық, кəсіптік ауруға шалдығушылық, авариялылықтың жай--
күйі туралы, олардың себептері мен оларды болашақта болдырмау
мақсатымен қабылданған шаралар туралы құжатты рəсімделген есептерді
зерделейді;
- авариялар мен жазатайым оқиғалар туындаған кезде персоналдың іс-
əрекеттерін регламенттейтін құжаттардың бар екендігін айқындайды;
- жазатайым оқиғаларды, кəсіптік ауруларды, аварияларды тергеп-тексеру
мен есепке алудың жағдайы қандай екендігін айқындайды;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі мен басқа да – өрт қадағалауы,
экологиялық қауіпсіздік, өндірістік бақылау жəне т.б. бөлімшелерінің
құрылымын (сондай-ақ санын, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін)
анықтайды;
- жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нəтижелері-
нің мəліметтерін, авариялылық, жарақаттанушылық жəне ауруға шал-
дығушылық туралы мəліметтерді талдайды;
- ұйымда қолданылатын өнім сапасын басқару мен ортаны қорғау жүйелерін
ұйымдастыруды зерделейді;
- еңбекті қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен ең-
бекті қорғау мəселелері бойынша оқыту мен білімдерін тексеру (басшы-
лар мен қарамағындағылар) жүйесінің, еңбекті қорғау жағдайларын жақсар-
ту жəне қызметкерлердің барлық санаттарын материалдық көтермелеу
жөніндегі жұмыс нəтижелерін бағалау жүйесінің қаншалықты тиімді екендігін
айқындайды;
- басқарудың əр түрлі деңгейлерінің персоналы мен басшыларына сауалдама
жүргізеді.

Көрсеткіштері еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды

Жиналған ақпаратты құжаттандыру маңызды. Сондықтан:
ЕҚБЖ бойынша басшылық – жүйенің қысқаша сипаттамасы мен ұйым
басшыларының (бөлімдерінің), лауазымды тұлғаларының арасындағы өзара бай-
ланысын қамтитын жүйе бойынша өзінше бір жол бастаушы.
Стандарттар – ұйым үшін жауапты рəсімдерді (мысалы, қатерлерді бағалау
əдістемесі, ЕҚБЖ ішкі аудитін өткізу регламенті) жəне ұйым үшін мəнді болып табы-
латын нақты операцияларды (мысалы, жүк көтеруші машиналарды пайдаланудың
қауіпсіздігі, газ шаруашылығының қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі жəне т.б.) басқару
рəсімдерін жүзеге асыру кезінде өзара байланыстарды неғұрлым егжей-тегжейлі
сипаттау.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық – нақты жұмыс
орындарындағы (жабдықтағы) жəне жекелеген кəсіптер бойынша жұмыстарды
қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды.
Есептер беру (еңбекті қорғау саласындағы қызмет туралы) мен есептіліктің
формалары (белгіленген үлгідегі құжаттар).

Кұжаттаманың қосымша деңгейі ретінде (ірі кəсіпорындарда) мысалы,

агрегаттық журналдар, технологиялық карталар, наряд-рұқсаттар жəне т.б. енгізеді.
Дүниежүзілік іс-тəжірибеде ЕҚБЖ тиімділігін бағалау кезінде қауіпті факторлар
немесе мүмкін болатын қатерлер туралы мəліметтерді пайдаланады. Авариялылық
пен жарақаттанушылық көрсеткіштері (реактивті көрсеткіштер) бойынша бағалау
əрқашанда дұрыс бола бермейді. Белсенді көрсеткіштерді есепке алу, яғни
басшылардың еңбегін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы қол
жеткізген нəтижелері бойынша бағалау мақсатқа лайық. Белсенді көрсеткіштермен
қызметкерлерді көтермелеу де байланысты болуы тиіс. Басшылар мен бөлімшелер
мамандарының жұмысын бағалау ай сайын жүзеге асырылуы тиіс. Бөлімше бас-
шысы (кəсіподақ ұйымымен бірге) еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ын-
таландыру туралы Ережені əзірлейді жəне бекітеді, бұл саладағы белсенді
көрсеткіштерді (факторларды) есепке алады. Реактивті көрсеткіштер (самар-
қау факторлар) қандай да бір оқиғаға (жазатайым оқиғаға жəне басқаларына)
тікелей қатысы бар тұлғалардың ғана жұмысын бағалауға əсер етуі мүмкін.
Белсенді факторларға: еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарын
орындауды қамтамасыз ету;жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының
санитарлық-гигиеналық нормативтерге сəйкестігі; еңбек жағдайлары сыныпта-
рын бағалаудағы, еңбекті қорғау жөніндегі жоспарлардың, міндеттердің орын-
далу сапасы; басшылар мен мамандардың білімін, нормативтік-техникалық
жəне басқа құжаттаманың жай-күйін тексеру; персоналды оқытудың сапасы мен
өз уақытында болуы; аралап шығулар, тексерулер, кеңестердің жəне т.б. саны;
өнертапқыштық жұмысын ұйымдастыру;шағымдарды қарау жөніндегі жұмыстың
тиімділігі; ЕҚБЖ-н кадрлық қамтамасыз ету, еңбекті қорғау бойынша шаралар-
ды қаржыландыру; аудит ұйымдастыру жəне техникалық жағынан қамтамасыз
ету жатады.
Самарқау факторларға жарақаттанушылық, кəсіптік акурулар, жазатайым
оқиғалардан, авариялар мен өрттерден, қоршаған ортаны ластаудан жəне еңбекті
қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалар мен ережелерді бұзушылыққа байла-
нысты экономикалық залал туралы мəліметтер жатады. Бұл факторлар тобын:
● ЕҚБЖ жұмысындағы толықтай жəне ішінара кемшіліктермен;
● тек салалық жəне салааралық нормативтік құжаттаманың кемшіліктерімен;
● зардап шегушінің өзі белгіленген ережелер мен нормаларды сақтамауымен бай-
ланысты факторларға бөледі.
Əрбір бөлімшеде жылына бір реттен кем емес, еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау қызметі басқа бөлімшелердің мамандарын немесе сыртқы
аудитті тартумен ұйымдастыратын ЕҚБЖ қызметін кешенді тексеру
өткізілуі тиіс.
Бөлімшелерді, жекелеген қызметкерлерді, мамандар мен басшылар-
ды экономикалық көтермелеу ұйымның еңбекті қорғау саласындағы саяса-
тын іске асыруға қосқан үлесі бойынша анықталуы тиіс. Еңбекті қорғау бой-
ынша қанағаттанғысыз жұмысы кезінде басшылар мен мамандар тəртіптік
жəне материалдық жауапкершілікке, Қазақстан Республикасы заңнамасымен
белгіленген жағдайларда - əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сыйлықақылардан айыру мен ықпал етудің басқа шаралары жарақаттанушылық,
ауруға шалдығушылық, авариялылық көрсеткіштерінің нашарлауы кезінде ғана
емес, сондай-ақ персонал өмірі мен денсаулығына қатер төндіруге қабілетті
бұзушылықтарды айқындау кезінде қолданылуы тиіс.

Ынталандыру формалары

Жеке материалдық көтермелеу формаларына:

- белсенді көрсеткіштер негізінде еңбекті қорғаудың жай-күйіне рейтингтік
бағаларды ескере отырып, басшыларды жіктеушілік сыйлықақылау;
- қызметкерлерді ұзақ уақыт бойы авариясыз жұмыс істегені үшін
сыйлықақылау;
- еңбекті қорғауды жақсартуға бағытталған өнертапқыштық ұсыныстары
(арнаулы əдебиетті, баспасөздегі хабарлардың, отандық жəне шетелдік
кəсіпорындар тəжірибесін зерделеу негізінде бірегей жəне тұжырымдалған)
үшін төлемдер;
- еңбекті қорғау құрылымын, нормативтік-техникалық құжаттаманы
жетілдіру жөніндегі ұсыныстары мен əзірлемелері үшін төлемдер;
- қосымша міндеттерді, мысалы, ақпараттық қамтамасыз етумен,
компьютерлік бағдарламалар əзірлеумен, персоналды оқытумен, еңбекті
қорғауды насихаттаумен, шетелдік əдебиетті аударумен байланысты
міндеттерді орындағаны үшін төлемдер;
- еңбекті қорғау жөніндегі біліктілігін арттырғаны, білімін жақсартқаны үшін
жалақыға коэффициенттер енгізу жатады.
Егер бөлімшеде (учаскеде, ауысымда, қызметте) мыналар болып өтсе,
қанағаттанғысыз баға қойылады:
- жұмыстарды жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастырудың, еңбекті қорғау
ережелері мен нормалары талаптарын орындамағандықтың салдарынан бола-
тын жазатайым оқиғалар;
- қанағаттанғысыз профилактика, орындалған жұмыстардың толық емес көлемі-
нің салдарынан жабдықтың (электрлік, механикалық, энергетикалық) авария-
лық тоқтаулары;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтың салдарынан болатын өрттер;
- технологиялық жəне экологиялық қауіпсіздік талаптарын бұзудың салдарынан
болатын басқа да төтенше оқиғалар.

Іс-шараларды өткізу тәртібі

Кəсіпорында енгізілген тұтастай алғанда еңбекті қорғауды басқару жүйесі мен
оның элементтеріне бұл жүйені тұрақты кешенді талдау жəне оларды өз уақытында
орындау негізінде жетілдіру жөніндегі шараларды белгілеумен қол жеткізіледі.
Стандарттарды əзірлеу мен енгізу жөніндегі шараларды өткізу тəртібі:
● менеджменттің қолданыстағы жүйесіне алдын ала талдау жасау (сапа
менеджменті жүйесін əзірлеу, енгізу мен сертификаттауға дайындық
бойыншаұсынымдары бар кəсіпорындағы менеджмент жүйесінің жай-күйі тура-
лы нəтиже-есеп);
● сапа менджменті жүйесі құжаттамасының құрамы, əзірлеу мен енгізу бойын-
ша консультациялық-əдістемелік қызметтер көрсету (сапа саласындағы сая-
сат, сапа бойынша басшылық, құжатталған рəсімдер, бөлімшелер туралы Ере-
желер, лауазымдық нұсқаулықтар жəне т.б.);
● басшылар мен мамандар үшін тапсырыс беруші тапсырыс беруші ұйымының
сапасы туралы тренингтер өткізу;
● ішкі аудиттер жүйесін қою, менеджмент жүйесіне өткізілген ішкі аудиттердің
нəтижелері бойынша түзетімдеу жəне сақтандыру іс-əрекеттерін əзірлеу кезінде
кеңестер беру, тапсырыс беруші мамандарын ішкі аудиторларға аудитор куəлігін
берумен оқыту;
● оны сертификаттаудың сапалық жүйелерінде сертификаттау үшін салалық
стандарттар талаптарына менеджменттің қолданыстағы жүйесінің құжаттама-
сын бейімдеу əдістемесі бойынша ккеңестер беру;
● менеджменттің енгізілген жүйесіне сертификаттау алдындағы (бақылау) аудиті;
● ұйымды сертификаттау бойынша таңдап алынған органда сертификаттау
аудитін өткізуге дайындау кезінде консультациялық көмек көрсету.

Бақылау аудитін табысты аяқтағаннан кейін тапсырыс берушінің компаниясы сертификаттау бойынша таңдап алынған органда (отандық, сондай-ақ шетелдік органда) сертификаттаудан өтуі мүмкін. Тəжірибе сертификаттауға дайындықтың 4-тен 12 айға дейінгі мерзімді құрайтындығын көрсетеді.

Нәтиже жүйесін іске асыру

Отандық жəне шетелдік ұйымдар нарығындағы қатаң бəсекелестік күрес

жағдайларында басты бəсекелестік басымдықты – менеджменттің жоғары са-
пасын иеленген компаниялар ғана жұмыс істей алады. Дүниежүзілік іс-тəжірибе
бұл стандарттарды қолдану бүгінгі күні басқарудың тиімді жүйесін құру, бəсекеге
қабілеттілікті арттыру мен инвестициялардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау-
да сенімді аспап болып табылатындығын көрсетті.
Жүйені іске асыру нəтижесінде өндірістегі зиянды жəне қауіпті өндірістік
факторлардың əсер етуінің елеулі төмендеуін күтуге болады. Еңбектің қауіпсіз
жағдайларын жасау өндірісті техникалық қайта жарақтандыру жəне жаңғырту,
жұмыс берушілердің мүдделілігі мен жауапкершілігін арттыру жəне қазақстандық
ұйымдардың халықаралық стандарттарға жеделдете өтуіне жəрдемдесу есебінен
жүзеге асырылуы мүмкін.
Нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарын есепке
алумен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында ұстанымдық жағынан
жаңа заңнамалық, нормативтік жəне құқықтық базасын жасауға; еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау саласында ғылыми зерттеулер көлемін кеңейтуді жəне
олардың жетістіктерін өндіріске енгізуге; жұмыс істеушілерді арнаулы киіммен,
арнаулы аяқ киіммен жəне басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз
етуді жақсартуға, қызметкерлерге арналған жұмыс істеп тұрған санитарлық-
тұрмыстық үй-жайларды кеңейту мен жаңаларының құрылысын ұйымдастыруға,
ұйымдарды халықаралық стандарттарға сəйкес жаңа техникалық құралдармен,
қауіпсіздікпен бақылаудың аспаптарымен жарақтандыруды жеделдетуге;
мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылау-қадағалау функцияларын
жетілдіруге, мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелерінің
материалдық-техникалық базасын нығайтуға; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау туралы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейтуге; республиканың
өндірістік ұйымдарында еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуге, осылай-
ша өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік аурулар деңгейін төмендетуге
жəне санитарлық-гигиеналық нормативтер талаптарына жауап бермейтін
жағдайларда жұмыс істеушілер санын азайтуға, сондай-ақ жұмыс уақытының
өндірістік жоғалтуларын қызқартуға, өндірісте зардап шеккендерді емдеуге,
оңалту мен зиянды өтеуге кететін шығындарды азайтуға болады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль