Кадрлық əлеует жəне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəдениеті

253
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Кәсіби және біліктілік құрамы, кәсіпорынның тәуелді ерекшеліктерін және күрделі өндірістік процесс

Жұмыс орындарында қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəдениеті жоғары деңгейде болуы тиіс.

Кəспорын персоналын 

Өндірістік үдеріске қатысуы с:
- өнеркəсіптік-өндірістік (тікелей өндірістік үдерісті орындаумен жəне оған
қызмет көрсетумен байланысты қызметкерлер);
- өндірістік емес (өндірістік үдеріспен тікелей байланысты емес, бірақ
өнеркəсіптік-өндірістік персоналдың жұмысы үшін қалыпты жағдайлар жа-
сайтын қызметкерлер) болып бөлінеді
Кəспорын персоналын сандық жəне сапалық көрсеткіштердің көмегімен
сипаттауға болады. Сапалық көрсеткіштерге мамандардың кəсібі, мамандығы мен
біліктілігі жатады. Кəсіп ретінде маманның теориялық білімі мен іс-тəжірибелік
дағдыларын талап ететін қызметтің ерекше түрін жүзеге асыру қабілеті түсініледі.
Мамандық – кəсіп шеңберінде өзіндік ерекшеліктері бар жəне қосымша білім мен
дағдыларды талап ететін қызмет түрі. Мысалы, «токарь» кəсібі «токарь-карусельші»,
«токарь-жонушы» жəне басқаларына, ал «экономист» кəсібі – «жоспарлаушы»,
«қаржыгер», «маркетолог» мамандықтарына жəне т.б. бөлінеді.

Біліктілік деңгейлері

Біліктілік – маманның белгілі бір күрделіліктегі жұмысты орындау қабілеті, ол
іс-тəжірибелік қызметте ие болған білім мен тəжірибе деңгейіне байланысты
теориялық дайындықпен анықталады. Əрбір кəсіп теориялық дайындық пен
тəжірибенің өзіндік үйлесімін талап етеді:
- біліктілігі жоқ – арнаулы біліктілігі жəне дайындығы жоқ жұмысшылар;
- біліктілігі төмен – қысқа уақыт ішінде дайындықтан өткен жұмысшылар;
- білікті – əдетте өндірістен қол үзе отырып, екі-үш жыл дайындықтан өткен
жұмысшылар;
- біліктілігі жоғары – ұзақ уақыт дайындықтан өткен жəне жұмыстың көп тəжірибесін
меңгерген жұмысшылар.
Мамандар үшін біліктіліктің мынадай деңгейлерін бөліп көрсетуге болады:
- арнаулы білімі жоқ, бірақ іс-тəжірибелік жұмыстың жеткілікті мол тəжірибесі
бар қызметкерлер;
- орта арнаулы білімі бар мамандар;
- жоғары білімі бар, біліктілігі жоғары мамандар;
- ғылыми дəрежесі (ғылым кандидаты немесе докторы) немесе ғылыми атағы (до-
цент, аға ғылыми қызметкер, профессор) бар біліктілігі жоғары мамандар.
Кəсіпорынның кəсіптік жəне біліктілік құрамы өндірістік үдерістің
ерекшеліктері мен күрделілігіне байланысты болады. Оны анықтайтын негізгі
факторлар:
- өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;
- өндіріс типі (жаппай, сериялық, жекелік);
- кəсіпорын мөлшерлері;
- кəсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы;
- өнімнің күрделілігі мен ғылымсыйымдылығы;
- салалық қатыстылығы жəне басқалар болып табылады.
Сандық көрсеткіштерге персонал саны мен тұрақтамаушылық жатады. Персо-
нал саны мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
● қатысушылық саны – жұмысқа келетін барлық қызметкерлер;
● тізімдік саны – нақты бір күні кəсіпорын штатына енгізілген қызметкерлер саны.
Тізімдік жəне қатысушылық санының арасындағы айырма уақытты тұтас тəуліктік
жоғалтулармен сипатталады.
Персоналдың орташа тізімдік саны персоналдың күнтізбелік кезең ішіндегі орта-
ша саны ретінде анықталады. Ол кəсіпорынның еңбек əлеуетін сипаттайды.
Персонал ауысымдылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш кадрлардың
тұрақтамаушылығы (КТ) болып табылады, ол мына формула бойынша анықта-
лады:
КТ = (Қ+ Ш) / А,
мұндағы:
Қ – жоспарлық кезең ішінде жұмысқа қабылданған мамандар саны, адам;
Ш – жоспарлық кезең ішінде жұмыстан шығарылған мамандар саны, адам;
А – жоспарлық кезең ішіндегі персоналдың тізімдік орташа саны, адам.
Персоналдың тұрақтамаушылығы оңтайлы болуы тиіс: кəсіпорындардың
көпшілігі үшін 10–15 %. Неғұрлым жоғары тұрақтамаушылық жұмыс уақытын көп
жоғалтуға, ал өте төменгісі – персоналдың жаңаруын баяулатуға əкеп соғады.
Персоналдың құрылымы мен саны кəсіпорынның штаттық кестесінде көрсетіледі.

Еңбек мотивациясы

Персонал саны өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тура пропоционал, еңбек
өнімділігінің өзгеруіне кері пропорционал өзгереді. Басқаша сөздермен
айтқанда, өндіріс көлемін арттыру персонал санын арттыруға, ал еңбек
өнімділігін арттыру – төмендеуге əкеп соғады.
Нақты еңбектің сипатын қызметкерлер еңбегінің сапасы бейнелейді, ол жалақыны
қызметкердің біліктілік деңгейі (еңбектің күрделілігі), еңбек жағдайлары, ауырлығы
мен қарқындылығына, сондай-ақ ел экономикасының дамуы үшін жекелеген сала-
лар немесе өндірістердің, аудандар мен кəсіпорындардың маңыздылығына қарай
жіктеуге мүмкіндік беретін тарифтік жүйе арқылы өлшенеді.
Адамдарды басқарудың аса маңызды функцияларының бірі уəждеу болып
табылады. Уəждер – бұл ішкі қоздырғыштар, ал адамды еңбекке жұмылдыратын
сыртқы құралдар ынталандырғыштар деп аталады. Ынталандырғыштар жүйесін
қолдану мен осыған сəйкес адамды жеке немесе топтық (ұжымдық) мақсаттар мен
белгілі бір міндеттерді шешуге қол жеткізуге жұмылдыратын уəждердің туындау
үдерісі ынталандыру болып табылады.
Ғылыми зерттеулерде жəне іс-тəжірибелік қызметте жеке уəждерді ғана емес,
сондай-ақ жалпыланған (орташаландырылған) уəждерді де айқындау əдістемесі
пайдаланылады. Басшы ұжымның барлық мүшелерін ұйым мақсаттарына қол
жеткізу үшін жұмыс істеуге түрткі болады, алайда əрбір қызметкер өз қызметінің –
өз мақсаттарына қол жеткізудің, өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың үздік тəсілі
екендігіне сенімді болуы тиіс.
Еңбек құлшынысының жоқтығы көбінесе жұмысқа деген жеке мүдделілік
жетіспейтін жерде байқалады. Зерттеулердің мəліметтері бойынша, адамдар
əдетте толық күшімен жұмыс істемейді, өз күш-жігерінің 20 %-ға жуығын үнем-
дейді, ал іске тұтасымен (100 %) олардың қосымша күш-жігері тиісті дəрежеде
бағаланатындығына (моральдық немесе материалдық) сенімді болған жағдайда
ғана кіріседі. Адам ағзасының қарқынды немесе ұзақ ширығуы кезінде берілген
уақыт ішінде жұмыстың барынша көп мөлшерін орындау қабілеттілігімен сипатта-
латын функциялық мүмкіндіктерінің шамасы жұмысқа қабілеттілікпен анықталады.
Шаршап-шалдығудың алдын алу үшін еңбек пен демалыстың ғылыми негізделген
режімдерін енгізу қажет, олар жұмысқа тұрақты қабілеттіліктің жұмыс ауысымының
барынша көп уақытын қамтуына, ал төмендеуін барынша азайтуға бағытталуы
тиіс.
Еңбек пен демалыстың физиологиялық жағынан ауысымішілік ұтым-
ды режімі жұмысқа қабілеттілік деңгейінің тұрақтануына, бүкіл жұмыс ауы-
сымы кезінде еңбек өнімділігінің артуы мен қызметкерлердің денсаулы-
ғын сақтауға жағдай жасайды.
Барлық оқиғалардың көпшілігі – қызметкерлердің (білікті жəне үйретілген
кадрлардың) қате іс-əрекеттерінің нəтижесі екендігін ескеру маңызды. Соңғы жыл-
дары техниканы пайдаланумен байланысты ауыр салдарлы оқиғалардың саны
айтарлықтай артты. Авариялылық пен оқиғаларға өндірістік технологиялық жəне
көліктік жабдықтар мен машиналардың техникалық жай-күйі, оларға қызмет көрсету
мен жөндеулердің деңгейі үлкен ықпал етеді. Алайда авариялар мен жазатайым
оқиғалардың басым көпшілігі операторлардың кінəсінен болады.

Критерийлері қателер

Адамның əрбір қателігі – бұл оның əрекеті немесе əрекетсіздігінің, психикалық
жай-күйінің нəтижесі.
Қателіктерді бес өлшемге негіздей отырып, жіктеуге болады:
- қателіктің эргатикалық жүйе (элементтерінің бірі адам немесе адам-
дар тобы болып табылатын басқару жүйесі) құрылымындағы орны. Мұндай
жүйелердің негізгі ерекшеліктері: əлеуметтік-психологиялық аспектілер, «адам
факторы» болып табылады. Кемшіліктерімен қатар эргатикалық жүйелер
фазилогика (fuzzy logic – айқын емес логика), эволюцияландыру, əдеттен тыс
жағдаяттарда шешімдер қабылдау сияқты бірқатар артықшылықтарға да ие.
Бүгінгі күні эргатикалық жүйелер кеңінен таралды. Мұндай жүйелердің мысалы:
станция блогын басқару жүйесі, ұшақты басқару жүйесі, əуежайдың, вокзалдың
диспетчерлік қызметі болып табылады. Эргатикалық жүйелер белгілі бір
объектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз етудің қажетті шарты болып та-
былатын объект жұмысына оператордың араласуы болатын объектілерде
қолданыла бастады:
- қателіктің сырттай көрінуі;
- қателіктің салдарлары;
- оператор санасында қателіктің бейнелену сипаты;
- қателіктің себебі.
Қателіктің себептері:
- жұмыс орнымен;
- еңбек пен демалыс режімімен;
- кəсіптік дайындықпен;
- функциялық жай-күймен;
- жұмыстағы уəждемемен;
- ұжымдағы қатынастармен байланысты болуы мүмкін.
Алдын алу бағытындағы ұйымдастырушылық шаралардың арасында еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарын қамтитын
нормативтік құқықтық актілерге (еңбекті қорғау жөніндегі салааралық жəне салалық
ережелер, еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің МемСТ, құрылыс норма-
лары мен ережелері, санитарлық нормалар мен ережелер), олардың негізінде
дайындалған жұмыстардың түрлері мен кəсіптер бойынша нұсқаулықтарға елеулі
орын беріледі.

Қауіпсіздігі үшін жұмыстарды

Халықаралық іс-тəжірибеде мыналарға талаптар белгілейтін халықаралық
жəне еуропалық стандарттар кең қолданылады: қауіптіліктің дыбыстық жəне көзге
көрінетін сигналдары мен ақпараттық сигналдарға (ИСО 11429, ЕН 981), қауіптіліктің
көзге көрінерлік (ИСО 11428, ЕН 842) жəне дыбыстық (ИСО 7731) сигналдарына;
ақпаратты бейнелеу құралдарына (ИСО 9355-2, ЕН 894-2); қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің түстері мен белгілеріне (ИСО 3864); ақпаратты құпияттауға (МЭК 73).
Қазақстан Республикасында дыбыстық, жарықтық жəне өзге де ақпараттық сиг-
налдарды регламенттеу, оларды көрнекті жəне əр түрлі етіп бейнелеу мəселелеріне
көбірек көңіл бөліне бастады. Олардың жүйелік əрекеті адам-оператордың кез кел-
ген өндірістік қызметінің мазмұны сигналдарды қабылдау, оларды меңгеру жəне
басқарушылық əсер етушілігін жүзеге асыру болып табылатындығында.
Алдағы уақытта дыбыстық жəне жарықтық ақпараттық сигналдар жүйесі
өндірістік жабдықта, технологиялық үдерісте, сондай-ақ бағдарлама тапсырған
басқару параметрлерін бақылауда қолданылуы тиіс. Мұндай жүйе нақты жүйе,
сондай-ақ адам-оператордың өмірлік жəне кəсіптік тəжірибесінің шеңберінде
ақпараттық өзіндік құнды қамтамасыз ете отырып, жұмыстарды қауіпсіз орын-
дау мен технологиялық үдерістерді жүргізу бойынша өз уақытында шешімдер
қабылдауға, жұмыстың тапсырылған режімдерінен қауіпті ауытқулар туралы алдын
ала сақтандыруға мүмкіндік береді.
Заманауи техникалық жəне бағдарламалық құралдар іс жүзінде күрделілігі кез
келген дəрежедегі ақпараттық сигналдарды іске асырудың кең мүмкіндіктері ие
болып отыр. Алайда іс-тəжірибеде мұндай құралдарды эргономикалық шектеуші
факторларды есепке алмай пайдалану ақпараттық қамтамасыз етуді шамадан
тыс күрделендіруге əкеп соғады. Бірақ оларды есепке алу кезінде ол өндірістік
жабдықтардың заманауи жəне болашағы бар операторларының авариясыз
қызметін қамтамасыз етудің негізгі құралына айналады.
Дыбыстық, жарықтық жəне басқа сигналдарды қолдануға қойылатын талап-
тар еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі көптеген салааралық ереже-
лерден, МемСТ, СНжҚ мен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі басқа
да нормативтік құқықтық актілерден көрініс тапқан (ҚР СТ МемСТ Р 12.4.026-
2002 «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеу. Жалпы
техникалық шарттар жəне қолданылу тəртібі», МемСТ ИСО/ТО 12100-2-2002
«Жабдықтардың қауіпсіздігі. 2 бөлім. Техникалық ережелер мен техникалық талап-
тар», МемСТ 12.2.003-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік
жабдық. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары»).
Бірден көп жұмыс істеушілерді бірыңғай технологиялық үдеріске біріктіретін
машиналар жұмысшыларды іске қосу туралы сақтандыратын сигнал жүйелерімен
жарақталуы тиіс. Қашықтықтан іске қосу сақтандырушы дыбыстық немесе жарықтық
сигнал берілгеннен жəне жабдыққа қызмет көрсету орындарынан іске қосылу
мүмкіндігі туралы жауап сигнал алынғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
Сигналдық элементтер (қоңыраулар, дабылдатқыштар, шамдар) механикалық
бүлінулерден қорғалуы жəне қызмет көрсету персоналының аймағында сенімді
көріну мен естілу қамтамасыз етілетіндей болып орналастырылуы тиіс.

Қате іс-әрекеттері

Жаңсақ еңбек əрекеттері көбінесе:
- жекелеген операциялар мен тəсілдерді жіберіп алу;
- қозғалыстар мен тəсілдерді қауіпті орындау;
- дұрыс іс-əрекетті жағдайға сай келмейтін басқасымен алмастыру;
- еңбек іс-əрекеттерінің белгіленген жалғастылығын бұзушылық;
- басталуының немесе аяқталуының уақытынан ерте болуы немесе кешігуі;
- ақпаратты қабылдаудағы, оны өңдеудегі қателіктер;
- іс-əрекетті өте баяу немесе, керісінше, аса жылдам орындау;
- тыйым салынған тəсілді қасақана орындау жəне т.б. түрінде көрінеді.
Ережелерді бұза отырып, қызметкер аварияға немесе жарақаттануға ұрынбауға
үміттенеді не олардың болуын мүмкін емес деп есептейді. Авария қауіп-қатері
көбінесе қандай да бір артықшылық мүмкіндігімен (мысалы, жұмысты тез аяқтау)
немесе қандай да бір қажетсінушілікпен (мысалы, жоғары жалақыны) төнеді. Кейде
бұзушылықтың себебі қызметкерге байланысты емес жағдайларда болады.
Бұзушылықтардың кең тараған уəжі – күшті үнемдеуге, жұмысты дене жəне ақыл-
ой қуатын барынша аз шығындармен орындауға ұмтылушылық. Бұл ұмтылыс – жүйе
үшін (оның ішінде адам үшін де) барынша аз іс-əрекеттің ортақ ұстанымындағы,
жүйенің сыртқы орта əсеріне жауабы оңтайлылығының ортақ үрдісіндегі жекеле-
ген жағдай. Сондықтан адам іс-əрекеттердің ең жеңіл (оның көзқарасы бойынша)
нұсқасын таңдап алуға (кейде тіпті пайымдамастан) ұмтылады.
Білім мен дағдылардың жеткіліксіздігі сенімсіздік сезімін туындатады. Бұл
сезімді басу үшін жəне өзін, өз əріптестерін ештеңеден қорықпайтынына жəне бəрі
қолынан келетініне сендіруге əрекеттене отырып, ондай адам қауіпсіздік талапта-
рын қасақана бұзады, өзі үйренбеген жұмыстарды орындауды қолға алады.
Барлық жағдайларда абайсыздық жарақаттанудың растығы артқа ығыстырылған,
бұзушылықтан қандай да бір пайда алу растығы жақындау жəне алдаусыратын
кезде пайда болады. Бұл көбінесе қауіптіліктер туралы еске салу мен сақтандыру
құралдарына тиісті назар аударылмайтын, болып өткен авариялардың мəн-
жайлары мен себептері жасырылатын кəсіпорындарда орын алады.
Абайсыздықты туындататын факторлардың бірі – қызметкерлердің жұмысқа на-
ряд беретін лауазымды тұлғаларға деген сенімі. Қызметкер егер оны жұмыс ор-
нына жұмыс істеуге жіберіп тұрса, онда осыған орай ол жерде бəрі де ойдағыдай,
абайлаудың, тіпті қорқудың қажеті жоқ деп есептейді. Ол еңбек қауіпсіздігін лауа-
зымды лауазымды тұлғалардың қамтамасыз етуге міндетті екендігін біледі, жəне
де бұл оның жеке сақтығын əлсіретеді: ол жұмыс орнын құлықсыз қарап шығады.
Түсініксіз өкімдер, нұсқаулар мен сигналдар қате, келісілмеген іс-əрекеттерге
əкеп соғады. Сондай-ақ ақпараттың кемістігі оны ұсыну формасының адамның
психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктеріне сəйкес келмеуінде, бұл шама-
дан тыс қатты немесе баяу сигналдардан, аспаптардың нашар ажыратылатын
межеліктерінен жəне т.б. көрініс табады.
Баяу немесе асығыс іс-қимылдар түріндегі қателіктерді көбінесе эмоциялық
тұрақтылығы төмен адамдар қатты ширығу кезінде жасайды. Адам еңбекке неғұрлым
жақсы дайындалса, ол соғұрлым жаттыққан жəне шыныққан, қатты күйзелушілік
нəтижесінде ұйымдастырушылықтың берекесін кетіретін қозғалыстардың пайда
болу ықтималдығы да төмен болады.

Жазатайым жағдайларды талдау

Талып құлау, есінен тану қалыптары ширыққан қолайсыз кейіпте, қозғалыссыз
ұзақ уақыт түрегеп тұрған кезде, жүрек-қан тамырларының кенеттен ауруының
нəтижесі ретінде немесе жалпы шаршап-шалдығу мен ақыл-ойлық қалжыраудың
салдары ретінде тууы мүмкін. Талып құлаулардың туындауына адамның жеке
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері жағдай жасайды: жоғары эмоциялық
қозушылық, ұзақ уақыт күту жағдайларындағы шыдамау (күте білмеу) реакция-
сы, вестибулярлық аппараттың əлсіздігі, жоғары температура мен ылғалдылыққа
төзушіліктің нашарлығы, жалпы ағзаның, əсіресе жүйке жүйесінің əлсіреушілігі.
Жүйкелік үлкен шиеленістің салдарынан қысқа мерзімдік тоқыраулар адам
уақыт тапшылығы жағдайларында бір міндеттен көп міндетті шешу тиіс болған,
«қызметтің қосарлануы» кезінде туындауы мүмкін. Мұндай тоқыраулар санада
кенеттен пайда болған қысқа мерзімдік бұзушылықтарда, басқа «қызу» келгенде,
сыртқы сигналдарды айқын қабылдамауда, көрудің нашарлығы мен естудің нашар-
лануынан көрініс табады.
Бұзылулардың себебі кенеттен қысқа мерзімдік, тіпті бірнеше секундқа қалғып
кету болады. Бұл көбінесе шаршап-шалдығудың, сондай-ақ бірсарындылықтың сал-
дары болып табылады. Сондықтан да оларды болғызбау жөніндегі шаралар бүкіл
жұмыс кезеңін қамтуы тиіс, бірақ олар көрсетілген фазаларда ерекше қарқынды
жүзеге асырылуы тиіс.
Адам-машиналық жүйелерді жасау кезінде оларға адам үшін талап етілетіндерді,
сондай-ақ техниканың тұрақты жұмысына жағдай жасайтындарды да салуға тура
келеді. Басқарушылық əсер етулерді таңдап алудағы саналуандық, кең еркіндік
көп ақпаратты жүйеге енгізу мен оны үздік басқару үшін адам мүмкіндіктерін
кеңейтсе де, онымен бір мезгілде оның жұмыс жағдайларын күрделендіреді, осы-
лайша қосымша қателіктер жіберуге жағдай жасайды. Осылайшы, «адам-маши-
на» жүйесіне құрылымдаушы басынан қате іс-əрекеттер туындататын тағы да бір
қайнар көз салады.
Адам неғұрлым жетілдірілген тезниканы, жаңа технологияларды,
жетілдірілген еңбек құралдарын жасай, энергияның жаңа түрлерін игере оты-
рып, физикалық қауіптіліктерді туындататын жаңа жағдайлар жасайды.
Бірқатар ұйымдардағы жазатайым оқиғаларға талдау жасау зардап шегушілердің
62%-дан астамында жалпы еңбек өтілі 20 жылдан көп болғанын көрсетті. Бұл
тəжірибелі жəне біліктілігі жоғары қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауы
мен жұмысына бақылау жасау талаптарының əлсірегеніне, еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау мəселелері бойынша нұсқама өткізу мен білімдерін тексерудің
үстіртін, кейде жай ғана формальды өткізілетініне дəлел болады. Бұл ретте зар-
дап шегушілердің 33%-ының ұйымдарда бір жылдан аз, олардың 75%-ының жарты
жылдан аз, 22% -ының бір айдан аз уақыт жұмыс істегенін атап өткен жөн
«Адам-машина» жүйесінің сенімді жəне қауіпсіз жұмысы оператор қателіктері
болмаған (немесе саны азайтылған) кезде ғана мүмкін болады. Алайда
авариялылық пен оқиғалар деңгейін төмендету, тезхниканың сенімді жəне қауіпсіз
жұмысын қамтамасыз етуге оператор қателіктерін азайту, яғни қолданыстағы
жүйелерге түзетімдер жасау есебінен ғана емес, сондай-ақ жетілдірілген техни-
каны бастапқыда жобалау, жасау жəне дайындау, бұл техниканы басқару жəне
қызмет көрсетумен қамтылған жақсы үйретілген персонал дайындау, сондай-
ақ қызмет көрсетуші персоналға арналған басшылықтарды, тəлімдемелер мен
нұсқаулықтарды сауатты жəне шебер жасау есебінен қол жеткізуге болады.
Бұл көбінде қауіпсіз, авариясыз жұмыс үшін, яғни оператордың қате іс-
əрекеттерін болғызбау үшін жеткіліксіз болып шығады.
Бұзушылықтар мен қауіпті жағдаяттардың жасалуына сондай-ақ МемСТ-қа
жəне техникалық шарттарға сəйкес келмейтін материалдарды жəне төтенше
жағдайлардағы жұмыс үшін арналмаған жабдықтарды пайцдалану да əкеледі.
Алдын ала тексерулері мен жабдықтар мен аспаптарды жөндеудің өз уақытында
өткізілмеуі мен графиктерінің бұзылуы жағдаятты күрделендіре түседі. Əсіресе
қорғаныс пен бұғаттаудың ақаулы құралдарымен жұмыс істеу қауіпті.
Еңбектің қауіпсіз, авариясыз жағдайларын жасауда жүйелі жəне кешенді тəсіл
қажет. Аварияларды, жазатайым оқиғалар мен оқиғаларды болғызбау жөніндегі
шаралар барлық жобаларға, сметаларға, жұмыс жоспарлары мен оперативтік
шешімдерге енгізілуі жəне олардың себептерін, сондай-ақ туындау жағдайларын
жоюға бағытталуы тиіс.
Жабдықтарды жобалау жəне жұмыстарды ұйымдастыру мен құрылымдау
кезінде жағдаяттық талдау жасау əдісін қолдану, неғұрлым қауіпсіз машиналар мен
технологиялық үрдістердің нұсқаларын пайдалану, эргономиканың, əлеуметтік пси-
хология мен техникалық эстетиканың ұсынымдарын есепке алу қажет. Бұл ретте
олар айқын болып, қызметкер (оператор) олардың əсер етуіне ұшырауы мүмкін
əлеуетті қауіптіліктер мен жағдайларды айқындауды қамтитын жағдаяттық талдау
жасауға шешуші маңыз берілуі тиіс.
Жаңа техника немесе жаңа технология жасау кезінде кезегімен жұмыс режимі,
қарап тексеру, жөндеу, құрастыру мен бөлшектеу қарастырлады, жарақаттанудың
əлеуетті көздері жəне олар қауіпті болып, авариялық жағдаят жасайтын жағдайлар
қарастырылады. Одан кейін талдау жасау қажет: адамдардың қандай іс-əрекеттері
қауіп тудырушының əсер етуіне жеткізуі мүмкін, сондай-ақ мүмкін болатын авария-
ның ықтималдығы, сипаты мен ауырлығы. Алынған материалдардың негізінде
қауіпті жағдаяттар мен орындаушылардың дұрыс емес еңбек іс-əрекеттерін жою
жөнінде шаралар əзірленеді.

Еңбек жағдайларын жақсарту

Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту проблемасын шешу, қате іс-
əрекеттерді жəне осы негізде тəуекелдік жағдаяттарды болғызбау ең аз болғанда
екі бағыттан құралуы тиіс:
- қолданыстағы машиналар мен технологиялар жүйелерін, арнаулы киім мен
басқа да ЖҚҚ-н жетілдіру;
- ұстанымдық жағынан жаңа техника мен технологиялық үрдістерді, мүмкін бо-
латын авариялардың, оқиғалар мен апаттардың алғышарттары ретінде қолай-
сыз өндірістік факторлардың адам ағзасына тигізетін əсерін болғызбайтын не-
месе барынша азайтуға қабілетті ЖҚҚ-н жасау.
ҚР-ның 9.11.2004 ж. «Техникалық реттеу туралы» (29.12.2014 ж. берілген
өзгерістер мен толықтырулармен) № 603-II Заңына негізделген техникалық
регламенттер техниканың, приборлар мен құрылғылардың саналуан түрлерін
əзірлеу, пайдалану жəне қолдану сатысында, сондай-ақ оларды пайдалану
үрдісінде қауіпсіздіктің барлық түрлерін қамтамасыз етуде қатаң тəртіп енгізуге
мүмкіндік береді деп ұйғарылып отыр.
Бұл тек өндіріс саласына ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа, мұндай техникалық
құралдарды пайдалануға қатысты тұлғалардың кең қауымына əр текті қызметтер
көрсетуге де қатысты.
Бүкіл дүниежүзілік көлемде өндірістегі жазатайым оқиғалар мен денсаулық
жағдайының нашарлау жағдайынан болатын адамдық, сондай-ақ экономикалық
шығындар орасан. Алайда экономикалық шығындар өте мол болғанымен де
мұндай бақытсыздықтардан болатын адам шығындары өлшеусіз болмақ.
Орын алған проблемаға жауап ретінде 2003 жылы маусымдағы еңбек жөніндегі
Халықаралық конференция өндірістегі еңбекті қорғау мəселелері бойынша
жаһандық стратегияны ұсынды, ол еңбекті қорғау мəселелерін халықаралық жəне
ұлттық саяси бағдарламаларда ең жоғары деңгейге дейін көтеруді өз мақсаты етіп
қойды. Стратегия «еңбекті қорғау жөніндегі сақтандыру шараларының мəдениетін»
дүнижүзілік көлемде неғұрлым кеңінен насихаттауға, сондай-ақ тəуекелдерді тиімді
басқару қажеттігіне негізделген. ХЕҰ бюросы бұл мəдениетті əртекті шаралардың
көмегі арқылы алға жылжыту жөнінде аманат алды, ол шаралардың бірі еңбекті
қорғаудың халықаралық күні немесе халықаралық аптасы сияқты жыл сайынғы
халықаралық шара болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 28 сəуірде өткізілетін
Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күні конференцияның осы тапсырмасын іске асы-
рады.
Қазақстанда да еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəдениеті туралы айта бас-
тады. Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау мəдениеті түсінігі заңнамалық
жағынан анықтала қойған жоқ. Ұйымдарда еңбекті қорғау мəдениетін сақтау
қажеттігі туралы Қазақстандағы жұмыс берушілердің көпшілігі бірінші рет 2003-2005
жылдарда бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдардан кейін білді.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəдениеті түсінігінің өзі басқарушылық
жүйелер мен практиканы, еңбекшілердің қатысуы мен олардың жұмыс орнындағы
мінез-құлқын, онда адамдар сапалы жұмыс істей алатын қауіпсіз жəне салауат-
ты өндірістік қоршаған ортаны жасауға септігін тигізетін барлық қағидаттарды,
қатынастар мен ережелерді қамтиды. ХЕҰ-ның өндірістік ортадағы қауіпсіздік пен
еңбек гигиенасы туралы 1981 жылғы (№ 155) Конвенциясы қауіпсіздік пен еңбек
гигиенасы мəдениетін жасау үшін қажетті негіз қызметін атқарады. Жұмыс беруші
қауіпсіздік жəне еңбек гигиенасы мəдениетін жасауға жəне қолдауға міндетті.
Алдын алу қағидатына негізделген еңбекті қорғау мен денсаулықтың ұлттық
мəдениеті қауіпсіз жəне салауатты өндірістік ортаға құқығы барлық деңгейлерде
құрметтелетін, үкімет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер айқын белгіленген
құқықтар, жауаптылық пен міндеттер жүйесінің арқасында жəне жарақаттанудың
алдын алу қағидатына жетекші орын тиесілі болатын жерде салауатты өндірістік
ортаны қамтамасыз ету ісіне белсене қатысатын негіздерге жатады.
Ұзақ мерзімдік мақсат жарақаттанудың алдын алу мəдениетін жасау болып
табылады, ол қатаң егжей-тегжейлі бақылаудың, кінəлаулар мен жазалаулардың
ескірген мəдениетін ауыстыруы, қауіпті еңбек жағдайлары үшін төлемдер жасау
жүйесімен толықтырылуы тиіс. Қалыптағыдан тыс жағдайлардағы жұмыс үшін
(зияндылық үшін төлем) «өтемақылар» төлеуге жұмсалғани қаражат қауіпсіздікке,
өнімділік пен сапаға салынған инвестициялар ретінде пайдаланылуы тиіс.
Еңбекті қорғау мəдениеті еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығын сақтау жүйесін дамытудың жоғары деңгейі ретінде түсіндіріледі.
Еңбекті қорғау мəдениетін арттыру проблемасы көпфункциялы жəне шешімнің
кешенді тəсілін талап етеді. Еңбекті қорғау мəдениеті түсінігі басқарушылық
жүйелер мен оларға қызметкерлердің қатысу практикасын, жұмыс орнындағы
тəртіпті, жұмыс өнімді жəне сапалы ұйымдастырылған кезде қауіпсіз жəне сала-
уатты өндірістік қоршаған ортаны жасауға септігін тигізетін барлық қағидаттарды,
қатынастар мен ережелерді қамтиды.
Ресми статистика да, мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі есептілік те
еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы зақымдануының аса маңызды көрсеткішін
– жасырын кəсіптік тəуекелді: өндіріс жағдай жасайтын аурушаңдықты, қолайсыз
өндірістік факторлардың əсерінен қызметкерлер ағзасының жылдам қартаюы
мен иммунитеттің төмендеуін (өмір сүру ұзақтығының қысқаруы), сондай-ақ
қызметкерлердің өз денсаулығын зақымдаудың жоғары ықтималдылығын ұғынудан
психологиялық торығуларын есепке алмайды.

Деңгейі көрсеткіштерінің жасырын кәсіптік тәуекел

Бірқатар зерттеулердің мəліметтері бойынша, жасырын кəсіптік тəуекел
көрсеткіштерінің деңгейі қолайсыз өндірістік факторлардың əсер етуімен
қызметкерлер денсаулығы зақымдануы (айырылуы) оқиғаларының басталуындағы
барлық тəуекелдердің 70 %-дан астамын құрайды.
Ең сипатты жазатайым оқиғалар зардап шегушінің биіктіктен құлауы;
қозғалыстағы, ұшқан, айналатын заттар мен бөлшектердің əсер етулері;
өнімдер мен материалдардың құлауы; қирауы мен опырылып түсуі; көліктік
оқиғалар болып табылады.
Бұл ретте жарақаттанулардың негізгі себептері жұмыстарды жүргізудің
қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы, жол қозғалысы ережелерін бұзушылық,
технологиялық процестің бұзылуы, персоналды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау бойынша дайындаудағы кемшіліктер, ақаулы машиналар мен тетіктерді
пайдалану болып қалып отыр.
Қауіптіліктерді сəйкестендіру – қауіптілікті алдын ала айқындау процесі, оның бо-
луы мүмкін себептерін, кеңістігін, уақыттық координаталарын, ықтималдық өлшемін
жəне қауіптің салдарын анықтау.
Қауіптің келесі топтарын ерекшелейді:
- табиғи;
- жасанды;
- экологиялық;
- биологиялық;
- əлеуметтік.
Қауіптердің негізінде жеке факторлар ғана емес, ал олардың жиынтығы
жатыр. Мысалы, біріккен бірнеше адамның жəне табиғат құбылыстарының
қасақана əрекеті (биікте жүргізілетін жұмыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік
ережелерінің сақтамау барысында, адам жұмысшы орнында желдің қарқынды
екпінінен құлайды жəне т.б.).
Негізінен, өндірістегі төтенше оқиғалардың талдануы еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбек қорғау облысындағы басты бағыттармен бірге қарастырылады.
Қауіптің ықтималдығы мүмкін болатын жағдайларына баса назар аударыла-
ды, қауіпті болдырмау үшін заманауи жабдықтар сатып алынады, кейде тіпті
өте қымбатқа түседі. Бірақ,материалдық шығын ақырында өз құнын ақтайды,
өйткені ықтималдығы мүмкін болатын қауіптің зардаптарын жою шығындарынан
салыстырмалы түрде аз болар еді.

Мемлекеттік саясатты іске асыру

Қауіпті жағдайлардың басқа да құраушыларына – төтенше жағдайдың ішінде
болған жұмыскерлердің стресстік күйге түсу жағдайлары жатады. Осы сияқты бо-
луы мүмкін əлеуметтік зардаптардың алдын алу еңбекті қорғау қызметінің негізгі
міндеттерінің бірі болып келеді.
Еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын
іске асыру ҚР орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, со-
нымен қатар кəсіподақтардың, олардың бірлестіктерінің əрі еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау бойынша басқа да уəкіл етілетін өкілдік органдарының үйлесімді
əрекеттесуімен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс берушіге жұмыскерлердің өкілдік органымен кеңесу, мүмкіндігінше
олардың пікірін ескеру, ақырғы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдыру міндеттері
жүктеледі.
Жұмыскерлер кəсіподағының жəне қоғамдық бірлестіктерінің жеке жəне ұжымдық
еңбек дауларын қарастыру бойынша жұмыс берушінің басқару шешімдеріне қарай
органдарға шағымдану құқықтары сақталады.
Еңбек қатынастарының бір жағы ретінде жұмыскер еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау талаптарымен сəйкес жабдықталған жұмыс орны құқығына ие болады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль