Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары

1810
Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Жұмыс жабдығы қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, қамтамасыз етілуі қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен үшін қауіпсіздік қызметкерлерінің

ҚР ЕК-нің 321-бабына сəйкес жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары белгіленген. Оларда жұмыс орындары орналасатын ғимараттар (құрылыстар) өз құрылымы бойынша олардың функциялық мақсаты мен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сəйкес келуі тиіс.

Қойылатын талаптар жұмыс орындары мен жабдықтар

Жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 47) тармақшасы). ХЕҰ-ның № 155 Конвенциясына сəйкес «жұмыс орны» «еңбекшілер өздерінің жұмысына байланысты болуы немесе баруы қажет, жəне кəсіпкердің тікелей немесе жанама бақылауында болатын жерлердің бəрін» білдіреді.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға, олардың үй-жайларына, оларда жабдықтарды орналастыруға қойылатын нақты талаптар ғимараттың функциялық мақсатына байланысты салалық қауіпсіздік ережелерінде бейнеленген.
Жұмыс жабдығы жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сəйкес келуі, тиісті техникалық төлқұжаттары (сертификаттары), сақтандыру белгілері болуы жəне қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаныстық құрылғылармен
қамтамасыз етілуі тиіс. МемСТ ИСО/ТО 12100-1-2001 «Жабдықтардың қауіпсіздігі.
Негізгі түсініктер, құрылымдаудың жалпы қағидаттары. 1 бөлім. Негізгі терминдер, əдістеме» мемлекетаралық стандартымен жəне еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың салалық ережелерімен оны құрылымдаған, дайындаған, пайдаланған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленген.
Өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар жəне жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 64) тармақшасы).

Қауіпсіздік нормалары

Қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық жəне өзге де нормаларды, ережелерді, рəсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік жəне еңбек процесін сипаттайтын сапалық жəне сандық көрсеткіштер
(ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 55) тармақшасы).
Қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жерлері мен авариялық жолдары бос болуы жəне ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа шығаруы тиіс. Барлық кəсіпорындар мен ұйымдарға, оның ішінде қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жерлері мен авариялық жолдарына арналған жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекітілген «Өрт
қауіпсіздігі ережелерінде»
баяндалған.
Қауіпті аймақтар айқын белгіленген болуы тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыс сипатына қарай қызметкер үшін тəуекел немесе құлайтын заттар бар қауіпті аймақтарда орналасса, онда мұндай жерлер бұл аймақтарға бөгде адамдардың өтуіне тосқауыл болатын құрылғылармен жарақталулары тиіс. Ұйымдардың аумағында жаяу жүргіншілер мен көліктік құралдар қауіпсіз жағдайларда жүріп-
тұрулары тиіс.
Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсері болмайтындай не олардың əсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 38) тармақшасы).

Қауіпті аймақтар

ҚР СТ МемСТ Р 12.4.026-2002 «Сигналдық түстер, қауіпсіздік белгілері жəне сигналдық белгілеу. Жалпы техникалық талаптар жəне қолданылу тəртібі» стандартының талаптарына сəйкес қауіпті аймақтар айқын белгіленуі тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыс сипатына байланысты қызметкер үшін тəуекел немесе құлайтын заттардан жарақаттану мүмкіндігі бар қауіпті айиақтарда орналасса, онда
мұндай орындар бұл аймақтарға жұмыс істеушілердің, сондай-ақ бөгда адамдардың кіруіне тосқауыл болатын құрылғылармен жарақталуы тиіс. Бұл талаптар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың салалық ережелерінде, ҚР СНжЕ 1.03-05-2001 «Құрылыстағы еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техникасында» баяндалған.
Қызметкерлерде қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, жерастылық жағдайларда, ашық камераларда, теңіз қайраңдарында жəне ішкі суайдындарда жұмыс жүргізу үшін жеке қорғану құралдары болуы тиіс.

Жеке қорғану құралдары

Жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім (ҚР ЕК 1-бабы, 1-тармағының 42) тармақшасы).
Жұмыс беруші жеке қорғану құралдарына қажеттілікті анықтай отырып, еңбек жағдайларының жай-күйін, өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларының орын алуы мен мөлшерлерін ескере отырып, жеке қорғану құралдарының түрін (шу, дірілдің əсерінен, шаң, биіктіктегі жұмыс, температуралық режімдердің артуы жəне басқалар) белгілейді. Ол жеке қорғану құралдарын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1458 қаулысымен бекітілген «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт-емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім жəне басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен жəне құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормаларын; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын» басшылыққа ала отырып, беруге міндетті.
Жұмыс уақыты кезінде жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, табиғи жəне жасанды жарықтандыру, желдету еңбектің қауіпсіз жағдайларына сəйкес келуі тиіс. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына қойылатын талаптар зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлар көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерінде баяндалған: «Өндірістік үй-жайлар микроклиматының санитарлық
нормалары» № 1.02.006-94; ҚР СНжЕ 2.04-05-2002 «Табиғи жəне жасанды жарықтандыру. Құрылыс нормалары мен ережелері»; МемСТ 12.1.005-88 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар».
Қызметкерлер еңбектің зиянды жағдайлары (шаңданғандық, газданғандық жəне басқа факторлар) бар жұмысқа жұмыс беруші еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейін жіберіледі. ҚР ЕК 317-бабы, 1-тармағының 14) тармақшасымен жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті екендігі көзделген, бұл кезде қызметкерге зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерге əсер етуі болмайды немесе олардың əсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайды.
Ұйым жұмыс орындарындағы тəуекелдерді басқару жəне барынша азайту жөніндегі шараларды əзірлеуі жəне орындауы тиіс. Қолданылатын машиналар, тетіктер мен басқа өндірістік жабдықтар, көліктік құралдар, технологиялық процестер, материалдар мен химиялық заттар, қызметкерлерді жеке жəне ұжымдық қорғау құралдары, оның ішінде шетелдік өндірістің құралдары еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті  қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптарына сəйкес келулері тиіс.

Қауіпсіздік стандарттары

Ұйымдар өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мемлекетаралық стандарттарды басшылыққа алады: МемСТ 12.2.003-91 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік жабдық. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», МемСТ БН 1070-2003 «Жабдықтардың қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар», МемСТ БН 1837-2002 «Машиналардың қауіпсіздігі. Машиналарға
орнатылған жарықтандыру», МемСТ 2.601-95 «Құрылымдық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдалану құжаттары», ҚР СТ 1.34-2003 «Техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарға міндетті нормалар мен талаптарды белгілеу мен енгізу тəртібі» – оны дайындау, тасымалдау, құрастыру (бөлшектеу), пайдалану, уақытша тоқтату мен кəдеге жарату кезінде өндірістік жабдықтың қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленген.
Технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін МемСТ 12.3.002-75 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Өндірістік процестер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары», жоғары талаптар қойылатын жұмыстарды қауіпсіз жүргізу Ережелері (тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі, газ шаруашылығында, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату жəне қауіпсіз пайдалану, жүк көтергіш крандарды орнату мен қауіпсіз пайдалану, қауіпті жүктерді тасымалдау ТПЕ мен ҚТЕ, автоға жанармай құю стансаларының ТПЕ жəне т. б.) талаптары сақталады, сондай-ақ СНжЕ, СанЕжН-мен өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар белгіленген.

Қызметкерлеріне қойылатын талаптар

Ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындаушы қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың салааралық жəне салалық ережелерін, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленген міндеттерді сақтаулары тиіс. Өндірістік
қызметпен қамтылған қызметкерлер үшін міндеттер тізбесі еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтармен белгіленген, олар Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 157-ө бұйрығымен бекітілген жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты əзірлеу жəне бекіту
ережесінің талаптарына сəйкес əзірленеді. Басшы қызметкерлер, мамандар мен басқа санаттағылар еңбектің зиянды жəне (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмысты жүзеге асырған жағдайда да еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарда баяндалған талаптарды орындауға міндетті.
Басшыдан бастап кез келген қызметкерге дейінгі барлық қызметкерлер еңбектің қауіпсіз жəне қолайлы жағдайларын жасауға өз үлесін қоса отырып, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы өз міндеттерін орындауға міндетті.
Қызметкер еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын өзінің жəне өзімен қатар жүрген адамдардың мүдделері үшін сақтауға міндетті, өйткені бұл онымен жəне қатар жұмыс істейтіндермен өндірістегі жазатайым оқиға болмайтындығының негізгі кепілдіктерінің бірі болып табылады.
Қызметкерге өзінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөніндегі негізгі талаптар еңбек шартында көрсетіледі.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль