Талаптар, салу және пайдалану кезінде өндіріс

63
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Талаптары бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жобалау, салу және пайдалану өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын реттелген 320-құжат ҚР ЕК

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін өндірістік
ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға жəне қайта құруға, технологияларды əзірлеуге жəне пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтарды құрастыруға жəне əзірлеуге жол берілмейді.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін

Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу, технологияларды
ə зірлеу жəне пайдалану, машиналарды, механизмдерді, жабдықтар мен басқа да
бұйымдарды құрылымдау мен дайындау СНжЕ, мемлекеттік стандарттар, СЕжН
талаптарына қатаң сəйкестікте жүргізіледі.
Жаңа немесе реконструкцияланған өндірістік объектілер, өндірістік
құралдар немесе өнімнің басқа да түрлері егер олар еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау талаптарына сəйкес келмейтін болса, онда қабылданбауы
жəне пайдалануға берілмеуі мүмкін. Бұл қабылдап алу комиссиясын
қызметкерлер зиянды өндірістік факторлардың əсерінен қорғау қамтамасыз
етілмеген жағдайда жəне өндірістік үй-жайлар мен жұмыс орындарын
санитарлық-гигиеналық нормаларға сай ұстау бұзылған кезде өндірістік
объектіні, технологиялық процесті қабылдамауға жəне пайдалануға бермеуге
міндеттейді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Респуб-
ликасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» № 242-ІІ
Заңы жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 1328
қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында салынған объектілерді
пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау жəне жұмысшы комиссияларының
өкілеттіліктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу Ережесінде»
аяқталған құрылысты немесе реконструкцияланған объектілерді пайдалануға
қабылдап алудың тəртібі мен шарттары белгіленген.

Пайдалануға қабылдау

Өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдауды мемлекет-
тік еңбек инспекторының міндетті түрде қатысуымен қабылдап алу
комиссиясы жүргізеді.
Өндірістік мақсаттағы құрылысқа тапсырыс беруші еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органға қабылдау комиссиясы жұмысының басталатын күнін көрсетіп
жəне қажетті құжаттарды ұсынумен хат жібере отырып, қабылдау комиссиясының
құрамына міндетті түрде мемлекеттік еңбек инспекторын кіргізеді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Респуб-
ликасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы
» № 242-ІІ
Заңының (бұдан əрі – Заң)17-бабына сəйкес сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс
қызметi туралы заңдар-да белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттар-
ды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа əкеп соғады.

Нормалар мен талаптарды бұзуы

Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:
1) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы лицензияланатын
қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;
2) аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекiтiлген жұмыс iстеу
мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режим-
нен ауытқу;
3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен
берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамта-
масыз етуге байланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тəртiбiнен
ауытқу;
4) қала құрылысы, сəулет-құрылыс жəне өзге де жобалау (жобалау-смета)
құжаттамасын əзiрлеудiң, келiсудiң, сараптамадан өткiзудiң жəне бекiтудiң
белгiленген тəртiбiнен ауытқу, нақ сол сияқты заңдарда белгiленген тəртiппен
бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған
өзгерiстер енгiзу;
5) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы (2015.13.01. берілген өзгерістер мен
толықтырулармен);
6) осы заңда мiндеттiлiгi көзделген жағдайда, құрылысты сəулет-құрылыс
бақылауын мен қадағалауын, техникалық жəне авторлық қадағалауларды қатар
жүргiзбей жүзеге асыру;
7) өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-
жайлардың жəне (немесе) үй бөліктерiнiң сəулеттiк келбетiн өзгерту, қайта
жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);
8) елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары
аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ
сары сызықтардан ауытқу;
9) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi
салу жəне кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт жəне жарылыс
қауiпсiздiгi, санитариялық жəне экологиялық қауiпсiздiк, мүгедектер мен
халықтың қауқары аз топтары үшiн əлеуметтiк, көлiктiк жəне рекреациялық
инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi
мемлекеттiк нормативтердi сақтамау;
10) құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң,
сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген
тəртiбiн бұзу;
11) лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн)
жоспарлауға жəне салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң
əзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ
мекендейтiн жəне тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық жəне
жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерiстер туралы
ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;
12) мекендеу жəне тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, аза-
маттар, соның iшiнде мүгедектер мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына
жəне заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заң
актілерінде көзделген жауаптылыққа əкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге
зиян келтiруге себеп болатын өзге де əрекеттер.
Тапсырыс берушілерді (инвесторларды, құрылыс салушыларды), техникалық
жəне авторлық қадағалуды жүзеге асыратын тұлғаларды, iздену, жобалау, құрылыс-
монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктiң жауапты орындаушыларын, құрылыс ма-
териалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын жəне жабдықтарын дайындаушы-
лар мен берушiлерді қоса алғанда, салынған объектiлердi пайдалануға тапсыруға
жəне қабылдауға қатысушылар, сондай-ақ құрылыстың жəне жабдықтарды
монтаждаудың барысын жедел қадағалау қызметтері жəне басқа да қатысушылар
жiберiлген бұзушылықтар не мiндеттi нормативтiк талаптардан (шарттардан,
шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өмiрiне немесе
денсаулығына қауiп төнгені үшін, сондай-ақ мемлекеттiк, қоғамдық немесе жеке
мүдделерге залал (зиян) келтiрiлгені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жауаптылықта болады.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль