Қызметтік туындыға авторлық құқық

70
Қызметтік туындыға авторлық құқық
Кулинкова Виктория Викторовна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Караганда
Кейбір ұйымдар күн сайын авторлық құқықтардың объектілерін жасайды. Жұмыс берушілер туындылар жасайтын жұмыскермен қатынастарды ресімдеу тәртібі туралы ойланбайды

Қызметтік туындыға авторлық құқық

Осы мақалада біз:

  • қызметтік туынды ұғымы және оның мәртебесі;
  • оны пайдалану құқығының қатыстылығы;
  • қызметтік туынды авторының құқықтары;
  • жұмыскермен – қызметтік туындының авторымен қатынастырды дұрыс ресімдеу мәселелері туралы әңгімелейміз.

Кейбір ұйымдар күн сайын авторлық құқықтардың объектілерін жасайды (конструкторлық бюро, баспалар, музыкалық студиялар және т.с.с.).

Көп жағдайда жұмыс берушілер өзінің еңбек қызметінің барысында авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылар жасайтын жұмыскермен қатынастарды ресімдеу тәртібі туралы ойланбайды, олар жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қатынастары арқылы туынды қызметтік мәртебеге ие болады деп есептейді. Шын мәнінде мүлдем олай емес.

Келешекте мұндай білімсіздік жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін. Жұмыскерлер өзінің зияткерлік еңбегімен жасаған туындыларын қимайды. Сондықтан, өзінің ұйымынан кеткенде, қызметкерлер өзінің креативті қызметінің нәтижесін «қыстырып алып кетуге» және оны жаңа жұмыс берушінің игілігіне пайдалануға тырысады. Соған байланысты жұмыскер жасаған туындыны қызметтік деп санауға мүмкіндік беретін барлық құжаттарды ресімдеу туралы алдын ала ойланған жөн.

Қызметтік туындының ұғымы және оның құқықтық мәртебесі

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» № 6-I Заңында реттеледі (2016.01.01 жағдай бойынша берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Авторлық құқық туралы заң). Сәулет туындыларына авторлық құқық мәселелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» № 242 Заңында реттеледі (2016.15.05 жағдай бойынша берілген өзгерістермен және толықтырулармен), ал, компьютерлік бағдарламаларды құқықтық қорғау және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды реттеу ерекшеліктері ішінара Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» № 217 Заңында реттеледі. (2015.31.10 жағдай бойынша берілген өзгерістермен және толықтырулармен)

СЛОВАРИК Қызметтiк туынды – қызмет бабында мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң қызметтiк тапсырмасын орындау тәртiбi бойынша жасалған туынды (авторлық құқық туралы заңның 14-бабы).

Қызметтік туынды деп оны жасауға құжатпен қызметтік тапсырма ресімделгенде саналады.

ПРИМЕР

  • Жұмыскермен жасасқан еңбек шартына жұмыскер осындай тапсырмаларды орындауға тиіс ережелер енгізіледі
  • Аталған тапсырмалар жұмыскердің қызметтік міндеттеріне кіреді және лауазымдық нұсқаулықта баяндалған.

Жұмыскерге қызметтік туындыны жасауға тапсырма берген кезде жұмыс беруші оны орындау шарттарын нақты тұжырымдайды (жұмыскердің нәтижені қандай түрде ұсынуы тиіс).

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-І Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (2016.26.07 жағдай бойынша берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 972-бабының 1-тармағына сәйкес, авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарийлiк туындылар;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар;

6) аудио-бейне туындылар;

7) кескiндеме, мүсiн, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерiнiң туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдiстермен алынған туындылар;

11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендiрмелер мен үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар болып табылады.

ВНИМАНИЕ ЭЕМ үшін бағдарламаларды қорғау алғашқы мәтінді және объектінің кодын қосып алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілетін ЭЕМ арналған бағдарламалардың барлық түріне қолданылады (оның ішінде операциялық жүйелерге).

Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:

      1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);

      2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.

ВНИМАНИЕ Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

* Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2016 жылғы № 10 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль