Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

181
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Аттестаттау-өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша жұмыс беруші жүргізеді. Өз зертханасы болмаған жағдайда мамандандырылған ұйымдар тартылады

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – орындалатын жұмыстардың қауіпсіздік, зияндылық, ауырлық, қауырттылық жай-күйін, еңбек гигиенасын жəне өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сəйкестігін анықтау мақсаттарында өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын бағалау жөніндегі қызмет.

Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері

Жұмыс орындарын аттестаттаудың нəтижелері жұмыс берушілерге
ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту жəне салауаттандыру, технологияны
жақсарту, жаңа техниканы енгізу, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын
қолдану, еңбекті қорғау, қауіпсіздік пен еңбекті ұйымдастыру, оларды одан
əрі іске асыру бойынша шаралар əзірлеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың
жəне осы негізде өндірістік тəуекелдерді басқарудың маңызы елеулі өсті. Бұл
өндірістің белгілі бір көтерілуі жəне жаңа жұмыс орындарының пайда болуына бай-
ланысты кəсіптік тəуекелдердің болмай қоймайтын өсуімен байланысты.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес барлық өндірістік объектілер
еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттауға жатады.
Аттестаттауды өткізудің мерзімдерін ұйым еңбек жағдайларының өзгеруіне
қарай, өндірістік объектілер соңғы рет аттестаттаудан өткізілген сəттен кейін бес
жылда бір реттен кем емес етіп белгілейді.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жұ-
мыс беруші жүргізеді. Жұмыс берушіде өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу үшін өз зертханасы болмаған
жағдайда зертханалық жəне аспаптық зерттеулер жүргізу үшін маман-
дандырылған ұйымдар тартылады немесе жекелеген зертханалардың
көрсететін қызметтері пайдаланылады.

Мамандандырылған ұйымдар

Өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымдарға жұмыс берушілер зертханалық жəне аспаптық зерттеулер жүргізу үшін
тартатын, білікті кадрлары жəне өз құрамында зертханалары немесе заңнамамен
белгіленген тəртіппен тексеруден өткізілген тиісті өлшеу құралдары бар немесе
қызмет көрсетулердің осындай түрлерін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ
мерзімдік шарттары бар дербес (тəуелсіз) ұйымдар жатады Мамандандырылған
ұйымдар туралы ақпарат (аты, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, білікті
кадрлар туралы мəліметтер, зертхананың немесе қызметтердің осындай түрлерін
жүзеге асыратын зертханалармен шарттың бар екендігі) еңбек жөніндегі мемлекеттік
органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Зертханалар - өндірістік орта факторларын зертханалық жəне аспаптық зерт-
теулермен жəне өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау саласындағы нормативтерге сəйкестігін анықтаумен байланысты қызметті
жүзеге асыратын зертханалар.
Білікті кадрлар – мамандандырылған ұйымдардың өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі жұмыстармен айналысатын,
тиісті білімі бар немесе дайындық курсынан өткен жəне тиісті сертификаты бар
қызметкерлері.

Мерзімдік міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттес-
таттаудан өткізу тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 жел-
тоқсандағы «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзім-
дік аттестаттау Қағидаларын бекіту туралы
» № 1457 қаулысымен белгіленген.
Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау жаңғырту, қайта құру, жаңа
техника немесе технология орнатылған жағдайларда өткізіледі. Кезектен тыс
аттестаттаудың нəтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттаудың нəтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша
мұның алдында өткізілген аттестаттаудың материалдарына қосымшалар түрінде
ресімделеді.
Еңбекті қорғау мəселелерінде өндірістік факторлардың əсер етуі бөлігінде шу,
газданғандық, үй-жайдың ылғалдық деңгейі, температуралық режім аса маңыздыла-
ры болып табылады. Яғни іс жүзінде: өндіріспен, қызметтер көрсетумен немесе
коммерциялық қызметпен айналысатынына қарамастан кез келген ұйым еңбекті
қорғаудан айналып өте алмайды. Тіпті кеңсе қызметкерінің тыныш болып көрінетін
еңбегінде де қауіптілік пен зияндылықтың белгілі бір тəуекелдері қатар жүреді.
Барлық санаттағы қызметкерлер үшін еңбек қауіпсіздігі жəне гигиена талаптары-
на жауап беретін еңбекке конституциялық құқықты қамтамасыз ету жұмыс беруші-
нің тікелей міндеті болып табылады. Бұл құқықты іске асыру үшін жəне табысты,
үйлесімді даму, сапалы өнім шығару үшін жағдайлар жасау мақсатында жұмыс
беруші ұйымдар мен кəсіпорындар сапа менеджменті жүйелерін əзірлеу жəне енгізу
кезінде өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік ауруға шалдығушылықтың алдын
алу жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдайды, олардың бұл бағыттағы
шараларының бірі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
болып табылады.

Өндірістік объектілерді аттестаттау:

1) ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
саласындағы қолданыстағы нормативтерге сəйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сəйкестігін кешенді бағалауды:
- еңбек зияндылығы мен қауіптілік дəрежесін бағалауды;
- жарақат қауіпсіздігінің дəрежесін жəне ұжымдық қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілуін бағалауды;
- қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау-
ды қамтиды.
Өндірістік объектілерді аттестаттаудың нəтижелері:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің та-
лаптарына сəйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту
жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты
жай-күйін бағалау;
3) қызметкерлердің қажетті жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына жəне оларға қойылатын
стандарт талаптарына сəйкестігін айқындау;
4) кəсіптік ауруға күдік туғанда жəне кəсіптік аурудың диагнозын айқындаған
кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тəртібімен шешкен
кезде аурудың кəсіппен жəне орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін
зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата
тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілік жасау;
7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен
денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған
кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) тарифін белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды жəне қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкер-
лерге еңбекақы төлеуді жəне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында
көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;
9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар жəне олардың əсерінен қорғану
шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсаттарында пайдаланылады.

Мәні аттестаттау

Жұмыс орындарын аттестаттау – заң тұрғысынан алғандағы шара ғана емес, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкер үшін қажетті, өзара тиімді шара.
Қызметкер үшін аттестаттаудың қажеттігі оның нəтижелері бойынша қызметкер
жұмыс орнындағы зиянды жəне қауіпті факторлар туралы шынайы ақпаратқа қол
жеткізетінімен тиімді. Осыған орай, оған жұмысқа орналасу кезінде таңдау жа-
сау оңайырақ болады, сондай-ақ ол еңбек заңнамасына сəйкес еңбектің ерекше
жағдайлары үшін өзіне тиісті мүмкін болатын жеңілдіктер мен өтемақылар туралы
ақпаратқа ие болады.
Жұмыс беруші үшін аттестаттауды өткізу тек қажетті ғана емес, сондай-
ақ тиімді де іс болып табылады, өйткені аттестаттау материалдарының
негізінде жұмыс орындарын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің
талаптарына сəйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіз-
дігін жақсарту жөнінде ұйымдастыру-техникалық шаралар кешенін өткізу,
еңбекке ақы төлеудің негізделгендігін анықтау, Қазақстан Республикасы
еңбек заңнамасымен көзделген еңбектің зиянды жəне қауіпті жағдайлары бар
жұмыстармен қамтылған қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақылар беру
мүмкіндігі пайда болады. Жұмыс беруші сондай-ақ егер аттестаттау қауіпті
жəне зиянды өндірістік факторлардың жоқтығын растаса, онда қызметкерді
қысқартылған жұмыс уақыты мен қосымша еңбек демалысын беруге қатысты
жеңілдіктерден айыра алады.
Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі м.а-
ның 2007 жылғы 31 шілдедегі № 182-ө бұйрығымен бекітілген «Жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына жəне
еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер
мен лауазымдар тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше
зиянды) жəне (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығын,жыл сайын ақылы қосымша еңбек демалысынжəне
еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларында» белгіленген қосымша еңбек
демалысы мен жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ұйымдардың өндірістік
объектілерін аттестаттаудың нəтижелері негізінде нақтылануы мүмкін. Жұмыс
беруші ұйымның өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестат-
тауды өткізбеген жағдайда қосымша еңбек демалысы мен жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы жоғарыда көрсетілген тізімде көзделген толық көлемінде
беріледі.
Өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс
беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер мен өндірістік
объектілерді аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге жəне
сақтауға жауапты хатшы болатын аттестаттау комиссиясын құру туралы бұйрық
шығарады. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы немесе оның
орынбасары, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметтерінің жəне өзге де
бөлімшелердің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің
өкілдері кіреді.

Аттестаттау комиссиясының жұмысы

Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бой-
ынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жатататын өндірістік
объектілердің, цехтардың, учаскелердің жəне басқа да жұмыс орындарының толық
тізбесін жасайды;
2) өндірістік ортаның, еңбек жəне технологиялық процестердің сипаттамала-
рына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың
түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық жəне аспаптық зерттеулер мен бағалауға)
жататын қауіпті жəне зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізуге өз мүмкіндіктері
болмаған жағдайда мамандандырылған ұйымды немесе зертхананы белгілейді
жəне жұмыс берушіге онымен тиісті шарт жасасу жөнінде ұсыныс енгізеді;
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды өткізу кестесін жасайды
жəне оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
5) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нəтижелерін ав-
томатты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына
кодтар береді;
6) өндірістік объектілерде аттестаттауды өткізу үшін қажетті нормативтік-
анықтамалық базаны қалыптастырады;
7) өндірістік жарақаттану мен кəсіптік аурулардың себептерін талдайды;
8) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым
жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды,
тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;
9) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, тартылатын
мамандандырылған ұйыммен жəне жұмыс берушімен өндірістік объектілерді ат-
тестаттауды өткізу мерзімін келіседі;
10) ұйымдарда өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу сапасына ішкі
бақылауды жүзеге асырады.

Бағалау жұмыс орны

Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орындарындағы қауіпті жəне зи-
янды өндірістік факторлар (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық),
оның ішінде еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы жатады. Олардың деңгейлері
зертханалық жəне аспаптық өлшеулердің негізінде анықталады, олар ақаусыз
ұжымдық жəне жеке қорғану құралдарымен, жұмыс жəне өндірістік үрдістер
жағдайларында орындалуы тиіс. Жұмысшылар ашық ауада тұрақты болуына бай-
ланысты жұмыс орындарында жəне жерасты көмір шахталарында зертханалық
жəне аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.
Қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, еңбек
процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштерін, өндірістегі еңбек гигиена-
сын анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін санитарлық ережелер-
мен, гигиеналық нормативтермен көзделген тəртіп пен көлемдерде жүзеге асыры-
лады. Зертханалық жəне аспаптық зерттеулердің формалары заңнама белгілеген
тəртіппен бекітілген хаттамалармен рəсімделеді.
Зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде
белгіленген мерзімге сəйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пай-
далану қажет.
Аттестаттау комиссиясы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау қауіп-
ті жəне зиянды өндірістік факторлардың рұқсат етілген мөлшерлер (деңгейлер)
шегіне сəйкестігіне өлшенген параметрлер негізінде жүргізеді.

Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:

1) өндірістік жабдықтар;
2) құрылғылар мен саймандар;
3) ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
4) оқу жəне нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.
Жарақат қауіпсіздігі – жұмыс орындарының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерде белгіленген жағдайларда жұмыс істеушілердің жарақаттануын
болдырмайтындай еңбек қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі. Өндірістік жабдықтың,
құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың, мемлекеттік
стандарттардың, ережелер мен нұсқаулықтардың негізінде өткізіледі жəне олардың
техникалық жай-күйіне, төлқұжаттық параметрлер мен өндірістік процесс техноло-
гиясы талаптарына сəйкестігіне байланысты болады.
Техникалық төлқұжаттар мен сертификаттардың болмауы нақты осы жабдықта
қолданылатын конструкциялық қауіпсіздік элементтері жабдық бірліктерінің əр-
қайсысына жеке көрсетілген, өндірістік жабдықтардың қауіпсіздік-нормативтік та-
лаптарына сəйкестігі (бұдан əрі – сəйкестік актісі) өтелуі мүмкін.
Сəйкестік актісін жұмыс беруші құраған комиссия жасайды. Өндірістік жабдықтың,
құрылғылар мен аспаптардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғану құралдарымен
қамтамасыз етілгендікті, сондай-ақ оқыту мен нұсқама беруді бағалау жарақат
қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен рəсімделеді.
Жабдықтардың жекелеген түрлеріне техникалық төлқұжаттар, сертификат-
тар немесе актілер болмаған кезде олардың техникалық жағдайына қарамастан
жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі жəне оларды пайдалануды тоқтата тұру
туралы мəселе қарастырылады.

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау

Əр кəсіп қызметкерлерінің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі
анықталады. Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты
берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып,
қызметкерлерге арнайы аяқ киім жəне қорғану құралдарын тегін берудің нормала-
рымен салыстыру арқылы анықталады.
Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгендігін бағалау кезінде онымен бір
мезгілде берілген ЖҚҚ-ның еңбектің нақты жай-күйіне сəйкестігі де бағаланады.
ЖҚҚ-ның сапасы сəйкестік сертификаттарымен расталуы тиіс. ЖҚҚ-ның сапасы
мен қызметкерлердің қамтамасыз етілуін бағалау ЖҚҚ сапасы мен қызметкерлердің
қамтамасыз етілгендігін бағалау хаттамасымен рəсімделеді. «Қамтамасыз етілген»
бағасы қызметкерлер ЖҚҚ-мен нормаларға жəне еңбек жағдайларына сəйкес
толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады.
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау:
1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің
ауырлығы мен қауырттылығының дəрежесін;
2) жарақат қауіпсіздігінің жəне ұжымдық қорғану құралдарымен
қамтамасыз əтілу дəрежесін;
3) қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу, олардың сапасы жəне еңбек
жағдайларына сəйкестілігінен тұрады.
Жұмыс орнында қауіпті жəне зиянды өндірістік факторлар болмағанда не-
месе олардың нақты мəндері қауіпсіздік нормаларына сəйкес болғанда, сондай-
ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда жəне қызметкерлер жеке
қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі
жағдайлары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сəйкес келеді деп есептеледі.
Мынадай факторлардың біреуі бар болған кезде жұмыс орындары еңбек
қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сəйкес келмейді деп есептеледі:
1) өндірістік орта факторларының нақты мəндері қалыпты нормадан асып
кетеді;
2) жарақат қауіпсіздігі жөніндегі талаптар сақталмаған;
3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға
сəйкес келмейді.
Еңбек жағдайлары қауіптіге жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс
орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы
ұсыныс енгізеді.
Аттесттау комиссиясы өндірістік объектілерді аттестаттауды өндірістік объектіні
аттестаттау актісімен рəсімдейді, оған қосымша ретінде аттестаттау комиссиясының
төрағасы мен мүшелері қол қойған, ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту мен са-
лауаттандыру жөніндегі жоспардың жобасы мен ескірген техника мен жабдықтарды
алмастыру, еңбектің тиісті жағдайларына жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарын
қолдану, салауаттандыру шаралары мен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бой-
ынша шараларды көздеуі тиіс аттестаттау нəтижелері беріледі.

Құжаттамалық ресімдеу

Аттестаттау нəтижелері мыналарды қамтитын құжат түрінде рəсімделеді:
1) жалпы мəліметтер (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымдық-
құқықтық формасы, жұмыс істейтіндердің жалпы санын, оның ішінде зиянды
жəне қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып жəне
жеке өндірістік бөлімшелер бойынша ұйымның құрылымы, аттестаттау жүргізудің
негізі, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мəліметтер, аттестаттау
комиссиясының құрамы);
2) өндірістің қысқаша сипаттамасы (қызмет сипаты, қолданылған техноло-
гиялар, барлық зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік
жабдықтардың жəне процестердің тізбесі);
3) еңбек жағдайларын аспаптық, зертханалық жəне эргономикалық зерттеу
хаттамасы;
4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасы;
5) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасы.
Ұйымның жүргізілген жұмыс нəтижесінде алған ақпараты еңбектің оңтайлы
жағдайларын жасауға мүмкіндік береді, ол қызметкерлерге өздерін жайлы сезінуге,
денсаулықтарын сақтауға мүмкіндік береді жəне еңбек өнімділігінің өсуіне əкеледі.
Өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізудің өз уақытында болуы мен сапа-
сын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерулер мен мониторинг жо-
лымен жүзеге асырады.
Жұмыс беруші еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық
бөлімшелеріне олардың жазбаша сұратуы бойынша ұйымдардағы өндірістік
объектілерді аттестаттау туралы қажетті ақпарат ұсынуға жəне еңбек жөніндегі
уəкілетті мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесіне бір айлық мерзім ішінде
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нəтижелерін қағаз
жəне электрондық жеткізушілерде ұсынуға міндетті.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль