Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар оларды қаржыландыру

410
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүзеге асырылады жұмыс берушінің есебінен және басқа да көздерден, ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған

Кəсіпорындар жыл сайын ұжымдық шарттар немесе келісімдер, сондай-ақ
жұмыс берушінің актілері бойынша еңбекті қорғауға қажетті қаржы бөледі. Олар тек қана қызметкерлерді сауықтыру жəне олардың еңбек жағдайларын жақсартуға жұмсалуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар жəне оларды қаржыландыру

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
жұмыс берушінің қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тый-
ым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл
мақсаттарға шығынданбайды. Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс
берушінің актісімен айқындалады (ҚР ЕК-нің 318-бабы).
Бұл қаражат ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде) айқындалуы, жұмыс
берушінің өз қызметін қаржылық жоспарлау құжаттарына (бизнес-жоспар жəне
басқалар) енгізілуі тиіс, жəне жұмыс беруші персонал еңбегін қорғау жəне еңбек
жағдайларын жақсарту бағдарламалары мен жоспарларын бұл жағдайларды
қауіпсіз жағдайларға əкелу үшін жеткілікті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз
етеді. Ұжымдық шарттың немесе келісімнің талаптары заңнамамен көзделген та-
лаптардан нашар болмауы тиіс.
Еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жоспарлау – бұл
берілген уақыт кезеңінде кəсіпорындарда еңбекті қорғау проблемаларын шешу
жөніндегі мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, бөлімшелер мен лауазымды
тұлғаларға негізделген тапсырмалар белгілеу.

Жоспарлау бағдарламалары мынадай шараларды:

- ұйымдастырушылық (еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдас-
тыру мен үйлестіру бойынша);
- техникалық (еңбек қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз ету бойынша);
- тиісті санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жəне емдік-
профилактикалық жұмысты;
- əлеуметтік-экономикалық (тегін тамақтандыруды ұйымдастыру, жара-
қатсыз жəне қауіпсіздік техникасын бұзбастан жұмыс істеуге ынталан-
дыру);
- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шараларды қамтуы тиіс.
Ұйымдастырушылық іс-шаралар:
● лауазымдық нұсқаулықтарда барлық қызметкерлердің еңбекті қорғау сала-
сындағы құқықтары мен міндеттерін белгілеуді;
● еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды;
● еңбекті қорғау қызметі туралы ережені бекітуді;
● оқыту мен нұсқамаларды ұйымдастыруды;
● еңбекті қорғау жөніндегі кабинет пен бұрыштарды ұйымдастыруды;
● қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен жəне дəрі-дəрмектік қобдишалар-
мен қамтамасыз етуді;
● зиянды жəне қауіпті факторларды ұйымдастыруды жəне т.б. көздейді.
Техникалық шаралардың ішінде:
- жабдықтарды жаңғырту;
- зиянды жəне қауіпті факторлардың əсерінен қорғау жəне сигналдандыру
жүйелерін енгізу;
- технологиялық процестерді автоматты, жартылай автоматты жəне қашықтық-
тан басқару жүйелерін, технологиялық режімдерді автоматты басқару жүйеле-
рін енгізу;
- жұмыстардың технологиясын ішінара өзгерту;
- қауіпті жəне зиянды факторлардың деңгейлерін төмендету жөніндегі шаралар;
- өндірістік жабдықтарды орналастыруды қайта жоспарлау;
- жаңа есік ойықтарын, арақабырғаларды, тамбурларды жəне т.б. орнату;
- шикізатты, өнімді жəне т.б. жинастыруды, тасымалдауды механикаландыру
белгіленуі мүмкін.
Кəсіпорын дамуының техникалық-экономикалық бағыты цехтарды, учаске-
лерді қайта құруды, жабдықтарды жаңғыртуды, еңбек жағдайлары мен еңбекті
қауіпсіздігін жақсарту мақсатымен жаңа техника мен технологияларды пайдала-
нуды көздеуі тиіс.

Іс-шаралар бойынша тиісті жағдайларды қамтамасыз ету

Тиісті санитарлық-тұрмыстық жағдайлар мен емдік-профилактика-
лық жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
- қолданыстағы үй-жайларды, гардеробтарды, жуынатын жерлерді, əйелдердің
жеке гигиенасына арналған үй-жайларды, демалыс бөлмелерін, демалыс
бұрыштарын, қызметкерлер жылынуға арналған үй-жайларды, стационарлық
немесе жылжымалы асханаларды, тамақ ішетін бөлмелерді, ЖҚҚ-н тазарту
жəне жөндеу бөлмелерін, кептіргіштерді, жылулық өтпелерді, тамбурларды,
моншаларды жəне т.б. кеңейту немесе жаңаларын пайдалануға беруді;
- медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруды;
- еңбек пен демалыстың оңтайлы режімдерін енгізуді;
- қолданыстағы фельдшерлік немесе дəрігерлік денсаулық пункттерінің үй-
жайларын, психологиялық босаңсу бөлмелерінің, ингаляторийлер, фотарий-
лер, емдəмдік залдар жəне т.б. үй-жайларын қайта құрылымдау немесе
жаңаларының құрылысын;
- түнгі ауысымдарда жұмыс істеушілер үшін ыстық тамақты ұйымдастыруды;
- əр түрлі медициналық процедуралық жабдықтарды, спорт залдары мен
алаңдарына жабдықтар орнатуды;
- өндірістік гимнастиканы енгізуді;
- ауызсумен жабдықтауды ұйымдастыруды;
- ұйым жанындағы демалыс үйлері мен базаларын, емханаларды жабдықтауды
қамтиды.
Мынадай əлеуметтік-экономикалық шаралар көзделуі мүмкін:
- тегін түскі астарды ұйымдастыру;
- жарақаттарсыз жəне қауіпсіздік техникасын бұзбастан жұмыс істеуге
ынталандыру;
- қызметкерлерді аурудың салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздіктен,
сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардан міндет-
ті сақтандыру жəне т.б.
Жоспарлаудың əлеуметтік тарауларында сондай-ақ тұрғын үй, балалар
бақшалары, бөбекжайлар, профилакторийлер жəне т.б. құрылысы немесе
үлестік қатысу көзделуі мүмкін.

Алу үшін тәуелсіз объективті бағалау

Еңбекті қорғау жағдайларының жай-күйіне тəуелсіз объективті баға, ұсынымдар
мен шешімдердің əзірлемелерін алу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, зертхана-
ларды жəне т.б. тартқан жөн.
Зерттеулердің тақырыптамасы:
- еңбек жағдайларын зерделеуді;
- жұмыс орындарын аттестаттауды өткізуді;
- еңбек жағдайларына сараптаманы;
- жарақаттануды талдауды;
- еңбекті қорғау жөнінде əр түрлі ұсынымдарды, нұсқаулықтарды жəне басқа
құжаттарды əзірлеуді;
- нақты міндеттерді шешуді;
- қауіпсіздік параметрлерін негіздеуді;
- баламалы нұсқаларды талдауды жəне т.б. қамтуы мүмкін.
Бұл шаралар шарттық негізде жүргізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың мүмкін нəтижелері:

- еңбек жағдайлары жақсартылатын тұлғалар саны анықталды;
- авариялар мен жазатайым оқиғалар санының қысқаруы;
- емдік-профилактикалық шаралардың сауықтыру əсері;
- жазатайым оқиғалар мен ауруға шалдығушылықтан болатын экономикалық
залалды болғызбаудың шамасы.
Жоспарланған шараларды ендірудің барысы туралы барлық ақпарат оның
орындалуына ұдайы бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлғаға келіп түсуі тиіс.
Жоспарлаудың мақсаты өндірістік жарақаттануды қысқарту, кəсіптік ауруға
шалдығушылықты төмендету, қызметкерлерге еңбектің салауатты жəне қауіпсіз
жағдайларын жасау, еңбектің зиянды жəне қауіпті жағдайларында жұмыс
істейтіндердің санын барынша азайту жəне т.б. болып табылады. Жоспарланған
шаралар нақты жəне көлемдерімен жəне қаржыландыру көздерімен байланысты
болуы тиіс.
Жаңадан туындаған міндеттерді шешу, мысалы, мемлекеттік бақылау органы
инспекторының ұйғарымын орындау, аварияларды немесе жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексерудің нəтижелері бойынша əзірленген шараларды іске асыру үшін
қаржыландырудың қажетті мөлшерін бөлумен шұғыл жоспарлау жүзеге асырылуы
мүмкін.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлаудың міндеттері:

- қызметкерлердің еңбек жағдайларын нашарлатуға əкелетін немесе əкелуі
мүмкін себептер мен факторларды айқындау;
- қысқа мерзімде, ең аз шығындармен қауіпсіз жағдайларын барынша жақсар-
ту мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басымдыққа ие бағыт-
тарды таңдау;
- тиісті ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-
профилактикалық, əлеуметтік-экономикалық шараларды əзірлеу жəне іске
асыру болып табылады.
Бағдарламаны əзірлеу үшін ақпараттық база қызметін еңбек қауіпсіздігі жəне
еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілер атқарады.
Шараларды əзірлеген кезде өндірістегі жазатайым оқиға туралы актілерді,
өндірістік жарақаттану бойынша есептіліктің статистикалық формаларын, өндіріс
объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың мəліметтерін, еңбек
жағдайларының сараптамасын, тексерулердің нəтижелерін, қадағалау жəне
бақылау органдарының, жоғары тұрған басқару органдарының еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына бақылау жасауының
ұйғарымдарын, жұмыс берушінің актілерін, еңбекті қорғау жөніндегі комитет (ко-
миссия) жұмысының материалдарын, кəсіподақтық жəне қоғамдық ұйымдар мен
қызметкерлердің, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың
ұсыныстарын қамтитын, ұйымдағы істердің жағдайы туралы нақты ақпаратқа
сүйену қажет. Қолда бар ақпаратты пайдалана отырып, жарақаттану мен ауруларға
əкелетін еңбек жағдайларының жай-күйіне талдау жасауды жүргізу жəне еңбек
қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша жұмыс деңгейін бағалау қажет.
Жарақаттануға талдау жасауға ерекше назар аударылуы тиіс.
Шараларды таңдау кезінде өліммен немесе ауыр жарақат алумен
аяқталатын қауіптіліктерді жоюға бағытталған шаралар басымдыққа ие ша-
ралар болып табылады.

Жобасын дайындау

Ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту мен салауаттандыру жөніндегі жоспар-
дың жобасы өндірістік объектілерді аттестаттаудың нəтижелері бойынша дайын-
далады, ол ескірген техника мен жабдықтарды алмастыруды, өндірістік процесс
технологиясын жетілдіруді, еңбектің тиісті жағдайларына жеке жəне ұжымдық
қорғану құралдарын қолдануды, сауықтыру шаралары мен еңбек қауіпсіздігі
жəне еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі шараларды, сондай-ақ барлық
жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптарына сəйкестікке
келтіруді көздеуі тиіс.
Ұйымдағы əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжат ұжымдық шарт
болып табылады, онда еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасы бұзылуларының алдын
алу шаралары бейнеленуі мүмкін.
Осыған байланысты ұжымдық шарттың жобасы мен оған қосымшалар дайындау
кезінде құжаттармен жəне ұсыныстармен мұқият танысу, талқылауларға қатысу, өз
ұсыныстарын беру қажет.
Ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту жəне сауықтыру жөніндегі шараларды
жоспарлау кезінде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
нəтижелері маңызды рөл атқарады.
Аттестаттаумен өндірістік мақсаттағы барлық жұмыс орындарының
қамтылғандығына жəне аттестаттау кезінде барлық зиянды жəне қауіпті өндірістік
факторлардың есепке алынғандығына көз жеткізген жөн.
Ұйымда еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша шараларды
қаржыландыру туралы ақпарат қызметкерлер үшін қолжетімді болып табылады.
Шараларды жоспарлау кезінде сондай-ақ, жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексерулердің нəтижелері де маңызға ие болады. Тергеп-тексеру мақсаттарының
бірі – сақтанудың қабылданған шаралары қолданыстағы заңнамалық ережелерге
сəйкес келетіндігін айқындау, егер олай болмаса, оларды қалай өзгертуге немесе
толықтыруға болатындығы белгіленуі тиіс. Тергеп-тексеруді жүргізуші тұлға жаза-
тайым оқиғаға əкелген барлық фактілер мен мəн-жайларды объективті талдаудың
маңыздылығын ұғынуы жəне оқиғаны эмоциялық қабылдауға берілмеуі қажет. Жа-
затайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын зерттеу оқиғалардың бұдан
кейінгі ағымын көре білуге мүмкіндік беретін жалпы заңдылықтарды айқындау,
өндірістік жарақаттанудан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдау мүмкіндігін
береді. Сондықтан өндірістегі барлық жазатайым оқиғаларды заңнамамен қатаң
сəйкестікте тергеп-тексеру өте маңызды.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz
 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль