Справочник кадровика

Еңбекті қорғау іс-шаралары

  • 22 ноября 2018
  • 1780
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Мероприятия по ОТ
Мероприятия по ОТ1

Еңбекті қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту іс-шараларын жоспарлау – берілген уақыт аралығындағы кәсіпорында еңбекті қорғау мәселелерін шешу бойынша мақсаттар мен міндеттерді айқындау, бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларға жүйелі тапсырмалар белгілеу

Еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жоспарлау – бұл берілген уақыт кезеңінде кəсіпорындарда еңбекті қорғау проблемаларын шешу жөніндегі мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларға негізделген тапсырмалар белгілеу. 

  Еңбекті қорғау іс-шараларына қойылатын талаптар

 Жоспарлау бағдарламалары мынадай шараларды:

- ұйымдастырушылық (еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша);

- техникалық (еңбек қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз ету бойынша);

- тиісті санитарлық-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету жəне емдік-профилактикалық жұмысты;

- əлеуметтік-экономикалық (тегін тамақтандыруды ұйымдастыру, жара-қатсыз жəне қауіпсіздік техникасын бұзбастан жұмыс істеуге ынталандыру);

- еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шараларды қамтуы тиіс.

★ ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ ★

Сауда желісінде (супермаркеттер, магазиндер, жеке тұрған офистер) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу керек пе?
Еңбекті қорғау іс-шаралары

Геннадий Радионов

эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», ведущий бизнес-тренер по безопасности и охране труда в Республике Казахстан, г. Алматы

Еңбекті қорғау бойынша ұйымдастыру іс-шаралары

Ұйымдастырушылық іс-шаралар:

● лауазымдық нұсқаулықтарда барлық қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін белгілеуді;

еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды;

еңбекті қорғау қызметі туралы ережені бекітуді;

оқыту мен нұсқамаларды ұйымдастыруды;

● еңбекті қорғау жөніндегі кабинет пен бұрыштарды ұйымдастыруды;

қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен жəне дəрі-дəрмектік қобдишалармен қамтамасыз етуді;

зиянды жəне қауіпті факторларды ұйымдастыруды жəне т. б. көздейді.

★Мәртебе★

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ БЕТАЛЫСЫ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесі

С. Ғ. Бисақаев

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК бас директоры, техника ғылымдарының докторы, Астана қ.

Еңбекті қорғау бойынша техникалық іс-шаралар

Техникалық шаралардың ішінде:

- жабдықтарды жаңғырту;

- зиянды жəне қауіпті факторлардың  əсерінен  қорғау жəне сигналдандыру жүйелерін енгізу;

- технологиялық процестерді автоматты, жартылай автоматты жəне қашықтықтан басқару жүйелерін, технологиялық режімдерді автоматты басқару жүйелерін енгізу;

- жұмыстардың технологиясын ішінара өзгерту;

- қауіпті жəне зиянды факторлардың деңгейлерін төмендету жөніндегі шаралар;

- өндірістік жабдықтарды орналастыруды қайта жоспарлау;

- жаңа есік ойықтарын, арақабырғаларды, тамбурларды жəне т. б. орнату;

- шикізатты, өнімді жəне т.б. жинастыруды, тасымалдауды механикаландыру белгіленуі мүмкін.

Кəсіпорын дамуының техникалық-экономикалық бағыты цехтарды, учаскелерді қайта құруды, жабдықтарды жаңғыртуды, еңбек жағдайлары мен еңбекті қауіпсіздігін жақсарту мақсатымен жаңа техника мен технологияларды пайдалануды көздеуі тиіс.



Еңбекті қорғау бойынша емдік-профилактикалық жұмыстар, медициналық қарап-тексеру

Тиісті санитарлық-тұрмыстық жағдайлар мен емдік-профилактикалық жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

- қолданыстағы үй-жайларды, гардеробтарды, жуынатын жерлерді, əйелдердің жеке гигиенасына арналған үй-жайларды, демалыс бөлмелерін, демалыс бұрыштарын, қызметкерлер жылынуға арналған үй-жайларды, стационарлық немесе жылжымалы асханаларды, тамақ ішетін бөлмелерді, ЖҚҚ-н тазарту жəне жөндеу бөлмелерін, кептіргіштерді, жылулық өтпелерді, тамбурларды, моншаларды жəне т. б. кеңейту немесе жаңаларын пайдалануға беруді;

- медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруды;

- еңбек пен демалыстың оңтайлы режімдерін енгізуді;

- қолданыстағы фельдшерлік немесе дəрігерлік денсаулық пункттерінің үйжайларын, психологиялық босаңсу бөлмелерінің, ингаляторийлер, фотарийлер, емдəмдік залдар жəне т. б. үй-жайларын қайта құрылымдау немесе жаңаларының құрылысын;

- түнгі ауысымдарда жұмыс істеушілер үшін ыстық тамақты ұйымдастыруды;

- əр түрлі медициналық процедуралық жабдықтарды, спорт залдары мен алаңдарына жабдықтар орнатуды;

- өндірістік гимнастиканы енгізуді;

- ауызсумен жабдықтауды ұйымдастыруды;

- ұйым жанындағы демалыс үйлері мен базаларын, емханаларды жабдықтауды қамтиды.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Еңбекті қорғау бойынша әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар

Мынадай əлеуметтік-экономикалық шаралар көзделуі мүмкін:

- тегін түскі астарды ұйымдастыру;

- жарақаттарсыз жəне қауіпсіздік техникасын бұзбастан жұмыс істеуге ынталандыру;

- қызметкерлерді аурудың салдарынан еңбекке уақытша қабілетсіздіктен,

сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардан міндетті сақтандыру жəне т. б.

Жоспарлаудың əлеуметтік тарауларында сондай-ақ тұрғын үй, балалар бақшалары, бөбекжайлар, профилакторийлер жəне т. б. құрылысы немесе үлестік қатысу көзделуі мүмкін.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Біз жиhаз шығаратын, жұмыскерлер саны 50-ге дейін жететін кәсіпорын болып табыламыз. Жұмыс орындары, білдектер, жиhаз жинастыруға арналған столдар, компьютерлер, қойма – бұлардың барлығы да аттестаттауға жатады ма? Аттестаттауды бірнеше кезеңмен өткізуге болады ма, өйткені бірден өткізу өте қымбатқа түсуі мүмкін?

Еңбекті қорғау іс-шараларын іске асыру нәтижелері

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың мүмкін нəтижелері:

- авариялар мен жазатайым оқиғалар санының қысқаруы;
- емдік-профилактикалық шаралардың сауықтыру əсері;
- жазатайым оқиғалар мен ауруға шалдығушылықтан болатын экономикалық залалды болғызбаудың шамасы.

Жоспарланған шараларды ендірудің барысы туралы барлық ақпарат оның орындалуына ұдайы бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлғаға келіп түсуі тиіс.

Жоспарлаудың мақсаты өндірістік жарақаттануды қысқарту, кəсіптік ауруға шалдығушылықты төмендету, қызметкерлерге еңбектің салауатты жəне қауіпсіз жағдайларын жасау, еңбектің зиянды жəне қауіпті жағдайларында жұмыс істейтіндердің санын барынша азайту жəне т. б. болып табылады. Жоспарланған шаралар нақты жəне көлемдерімен жəне қаржыландыру көздерімен байланысты болуы тиіс.

Жаңадан туындаған міндеттерді шешу, мысалы, мемлекеттік бақылау органы инспекторының ұйғарымын орындау, аварияларды немесе жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің нəтижелері бойынша əзірленген шараларды іске асыру үшін қаржыландырудың қажетті мөлшерін бөлумен шұғыл жоспарлау жүзеге асырылуы мүмкін.

 Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі шараларды жоспарлаудың міндеттері:

- қызметкерлердің еңбек жағдайларын нашарлатуға əкелетін немесе əкелуі мүмкін себептер мен факторларды айқындау;

- қысқа мерзімде, ең аз шығындармен қауіпсіз жағдайларын барынша жақсарту мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін басымдыққа ие бағыттарды таңдау;

- тиісті ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, əлеуметтік-экономикалық шараларды əзірлеу жəне іске асыру болып табылады.

Бағдарламаны əзірлеу үшін ақпараттық база қызметін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілер атқарады.

Шараларды əзірлеген кезде өндірістегі жазатайым оқиға туралы актілерді, өндірістік жарақаттану бойынша есептіліктің статистикалық формаларын, өндіріс объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың мəліметтерін, еңбек жағдайларының сараптамасын, тексерулердің нəтижелерін, қадағалау жəне бақылау органдарының, жоғары тұрған басқару органдарының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына бақылау жасауының ұйғарымдарын, жұмыс берушінің актілерін, еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмысының материалдарын, кəсіподақтық жəне қоғамдық ұйымдар мен қызметкерлердің, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың ұсыныстарын қамтитын, ұйымдағы істердің жағдайы туралы нақты ақпаратқа сүйену қажет. Қолда бар ақпаратты пайдалана отырып, жарақаттану мен ауруларға əкелетін еңбек жағдайларының жай-күйіне талдау жасауды жүргізу жəне еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша жұмыс деңгейін бағалау қажет.

Жарақаттануға талдау жасауға ерекше назар аударылуы тиіс.

Шараларды таңдау кезінде өліммен немесе ауыр жарақат алумен аяқталатын қауіптіліктерді жоюға бағытталған шаралар басымдыққа ие шаралар болып табылады.

★ ЖАҒДАЙ ★

Жеке жұмыс режимін қалай белгілеу керек
Еңбекті қорғау іс-шаралары

Надежда Маликова

«ACTUALIS: Кадрлық іс» ЭЖ сарапшысы, «ХҚЭДО-Қазақстан» сандық баспасының бірқатар басылымдарындағы мақалалар авторы, «FactorOfTime» ЖШС заң департаментінің директоры, Алматы қ.
Еңбек қызметі процесінде кейде жұмыс берушілер жұмысқа қабылданып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген жұмыскер қандай да бір себептермен жұмыс уақытының кестесін өзгерту туралы өтінішпен жүгінетін жағдайларға тап болады.

Еңбекті қорғау іс-шараларын қаржыландыру

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды. Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

Бұл қаражат ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде) айқындалуы, жұмыс берушінің өз қызметін қаржылық жоспарлау құжаттарына (бизнес-жоспар жəне басқалар) енгізілуі тиіс, жəне жұмыс беруші персонал еңбегін қорғау жəне еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламалары мен жоспарларын бұл жағдайларды қауіпсіз жағдайларға əкелу үшін жеткілікті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Ұжымдық шарттың немесе келісімнің талаптары заңнамамен көзделген талаптардан нашар болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Еңбекті қорғау іс-шаралары
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбекті қорғау іс-шаралары

 Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться