text
Справочник кадровика

Қабылдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау

  • 18 ноября 2015
  • 1010
Қабылдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау

Әзірлеу және нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға ҚР қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы негізгі бағыттарының бірі болып табылады мемлекеттік саясат

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу мен қабылдау еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ҚР 2015.23.11 № 414-V Еңбек Кодексі (2018.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 15-бабымен регламенттеледі.

ОҚЫҢЫЗ:

Нормативно-правовые акты 2017 года по охране труда

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер
мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1) өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты қызметкерллердің өмірі мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сəйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рəсімдер мен өлшемдерді қамту;
4) еңбекті қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында қызметкерлер, лауазымды тұлғалар жəне ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;
6) еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің жəне қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық жəне басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес болуы.
Еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер қызметкерлердiң еңбек қызметі үдерісінде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық жəне өзге де нормаларды, ережелерді, рəсiмдер мен өлшемдерді белгiлейдi.

Мазмұны нормативтік актілерді

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыстың соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына жəне жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау жəне тасымалдау тəсілдеріне
қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету жəне демалу режимін;
14) қызметкерлерді кəсіптік іріктеуге жəне олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен жəне басқа да жеке жəне (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ИНСТРУКЦИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА ДЛЯ СТРОПАЛЬЩИКОВ ПРИ ПОГРУЗОЧНО-РАЗГРУЗОЧНЫХ РАБОТАХ

ОҚЫҢЫЗ:

ТИЕУ-ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ МАТАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеуді тиісті уəкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзіретіне сəйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актіні əзірлейтін тиісті уəкілеттік мемлекеттік орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өз бөлімшелерінің біріне тапсырады.
Жұмыс тобының құрамына өздерінің тағайындауына қарай мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдері енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкін.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

О ЗАЩИТЕ ПРАВ РАБОТНИКОВ В ОБЛАСТИ БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЫ ТРУДА (Обзор за 2017 год)

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ (2017 жылғы шолу)

Жұмыс топтарының құрамы

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді тиісті уəкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органмен жəне өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекітеді.
Нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213-І Заңының талаптары ескеріле отырып əзірленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады жəне ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес келуі жəне оларға қарама-қайшы келмеуі тиіс. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасын сақтау мақсатымен қабылдайтын үлгі құжаттары сұлбада бейнеленген.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ПОЛОЖЕНИЕ ПО ОРГАНИЗАЦИИ ВНУТРЕННЕГО КОНТРОЛЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА

ОҚЫҢЫЗ:

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ІШКІ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
бойынша нұсқаулықтар жасау жөніндегі ұсынымдар

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы – жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың өндірістік үйжайларда, кəсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында,көлік құралдарында жұмыстарды орындау кезінде жəне ұйымның бұл жұмыстар жүргізілетін немесе қызметтік міндеттер атқарылатын өзгеде жерлерінде қолданылуын егжей тегжейлендіретін актісі.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық қызметкерлердің өздеріне тапсырылған жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құжат болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты (бұдан əрі – Нұсқаулық) жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы жəне тұтастай алғанда ұйымдағы əрбір кəсіп үшін де, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман жұмыс берушінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жəне қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жасаған тізбесіне сəйкес жұмыстардың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар) үшін де əзірлеуді жүзеге асырады.
Нұсқаулықты əзірлеуді сондай-ақ жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары да жүзеге асыруы мүмкін. Тізбе жұмыс берушінің жұмыстардың, жұмысшылар кəсіптерінің Бірыңғай тарифтікбіліктілік анықтамалығы мен қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығы есепке алына отырып бекітілген штаттық кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге де өкілетті тұлға бекітеді жəне барлық құрылымдық
бөлімшелерге жіберіледі.
Нұсқаулықтарды бөлімшелердің басшылары жабдықтардың зауыт-дайындаушылардың пайдалану жəне жөндеу құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жасайды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

РАБОТАЕМ БЕЗ НЕСЧАСТНЫХ СЛУЧАЕВ С ПЕРСОНАЛОМ И ПОДРЯДЧИКАМИ

ОҚЫҢЫЗ:

ПЕРСОНАЛМЕН ЖӘНЕ МЕРДІГЕРЛЕРМЕН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІЗ

Нұсқаулықтарды əзірлеу кезінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулықтар, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі салааралық немесе салалық ережелер негіз қызметін атқаруы мүмкін.
Нұсқаулықты əзірлеу үшін қажетті дайындық жұмысы мыналарды қамтиды:
1) технологиялық үдерісті зерделеу, ол қалыпты өткен кезде жəне оңтайлы режімнен
ауытқулары кезінде туындайтын мүмкін болатын қауіпті жəне зиянды өндірістік факторларды анықтау, сондай-ақ көрсетілген факторлардан қорғану құралдарын жəне шараларын анықтау;
2) қолданылатын жабдықтардың, айлабұйымдардың жəне аспаптың қауіпсіздік талаптарына сəйкестігін анықтау;
3) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша нұсқаулықты дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды іріктеу;
4) тиісті жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін қорғаныс құралдарының тиімділігі мен құрылымдық ерекшеліктерін зерделеу;
5) өндірістегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың нəтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органның ақпараттық хаттарын, өкімдері мен бұйрықтарын зерделеу;
6) белгілі бір кəсіп (жұмыстар түрі) үшін өндірістік жарақаттанушылықтың, авариялық жағдаяттардың жəне кəсіптік аурулардың себептеріне талдау жасауды жүргізу;
7) жұмыстардың қауіпсіз тəсілдері мен əдістерін, олардың кезектілігін, сондай-ақ нұсқаулыққа енгізілуге жататын техникалық жəне ұйымдастыру шараларын анықтау;
8) бекітілген нормалардың негізінде еңбек пен демалыс режімдерін белгілеу.
Қолданысқа енгізілетін жаңа өндірістер, технологиялар немесе жабдықтар үшін объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алғанға дейінгі мерзімге уақытша нұсқаулықтар дайындауға жəне қолдануға жол беріледі.
Уақытша нұсқаулықтар технологиялық үдерістерді (жұмыстарды) қауіпсіз енгізуді жəне жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Дайындалған нұсқаулықтарды жұмыс беруші бекітеді жəне ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бір данасы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінде сақталады. Əрбір өндірістік бөлімшеде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша қолданылатын нұсқаулықтардың өз Тізбесі жасалады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

ТИПОВОЕ ПОЛОЖЕНИЕ О ПРОИЗВОДСТВЕННОМ СОВЕТЕ ПО БЕЗОПАСНОСТИ И ОХРАНЕ ТРУДА В ОРГАНИЗАЦИЯХ

ОҚЫҢЫЗ:

ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕ

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды əзірлеу жəне бекіту Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 157-ө бұйрығымен бекітілген жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты əзірлеу жəне бекіту Ережелеріне сəйкес жүзеге асырылады.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша салааралық жəне салалық үлгі нұсқаулықтарды дайындау:
- қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің;
- ол үшін нұсқаулық əзірленетін жұмыстардың түрін зерделеудің;
- тиісті лауазым, кəсіп (жұмыстардың түрі) үшін сипатты еңбек жағдайларын зерделеудің;
- тиісті лауазым, кəсіп қызметкерлері орындайтын жұмыстар үшін сипатты қауіпті жəне зиянды факторларды анықтаудың;
- өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардың неғұрлым сипатты, ықтимал себептеріне талдау жасаудың;
- жұмыстарды орындаудың неғұрлым қауіпсіз əдістері мен тəсілдерін анықтаудың негізінде жүзеге асырылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық мынадай тараулардан тұрады:
1. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жалпы талаптары.
2. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
4. Авариялық жағдаяттардағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі салааралық жəне салалық үлгі нұсқаулықтарда негізінде олар əзірленген ережелерге сілтемелерден бөлек қандай да бір нормативтік құқықтық актілерге де сілтемелер болуы тиіс. Нұсқамаларда жекелеген талаптардың ерекше мəнін атап көрсететін сөздер (мысалы, «үзілді-кесілді», «əсіресе», «міндетті түрде», «қатаң», «сөзсіз» жəне т. б.) қолданылмауы тиіс, өйткені нұсқаманың барлық талаптарын қызметкелер бірдей дəрежеде орындаулары тиіс.
Нұсқаулық мəтініндегі сөздерді əріптік қысқартулармен (аббревиатурамен) ауыстыруға оның алдында толық аталуы келтірілген жағдайда жол беріледі. Егер жұмысты орындаудың қауіпсіздігіне белгілі бір нормалар (саңылаудың, арақашықтықтың шамасы жəне т.б.) жағдай жасаса, онда олар нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. Қызметкерге арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық оның лауазымына, кəсібіне немесе орындайтын жұмыс түріне қарай əзірленеді.
Қызметкерге арналған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты əзірлеу ережелері есепке алына отырып, жүзеге асырылады.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:

СРАВНИТЕЛЬНЫЙ АНАЛИЗ СРЕДСТВ ПЕРВИЧНОГО ПОЖАРОТУШЕНИЯ

ОҚЫҢЫЗ:

БАСТАПҚЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Əрбір нұсқаулыққа тиісті аталу берілуі тиіс. Аталуында оның қандай кəсіпке жəне жұмыстардың түріне арналғанын қысқаша көрсету қажет.
Нұсқаулықтың талаптарын бұл жұмыс орындалатын жағдайлар есепке алына отырып, технологиялық үдерістің кезектілігіне сəйкес баяндау керек. Жұмыс беруші қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды қызметкерлердің өкілдік органының келісімімен əзірлеуді жəне бекітуді қамтамасыз етеді.
Қауіптілігі жоғары кəсіптер немесе жұмыстардың түрлері бойынша нұсқаулықты қайта қарау 3 жылда бір реттен кем емес өткізілуі тиіс.
Нұсқаулықтар мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады:
1) Қазақстан Республикасының заң актілері, мемлекеттік стандарттары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгерген кезде;
2) жаңа техника жəне технология енгізілген кезде;
3) өндірістегі жазатайым оқиғаларды, авариялар мен апаттарды тергеп-тексерудің нəтижелері бойынша.
Қайта қараудың нəтижелері бойынша нұсқаулықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.
Егер қызметкерге арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың қолданылу мерзімі ішінде оның еңбек жағдайлары өзгермесе, онда оның қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, ол жөнінде нұсқаулықтың бірінші бетінде жазба жасалады («Қайта қаралды» мөртаңбасы, күні, нұсқаулықты қайта қарауға жауапты тұлғаның қолы қойылады).
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтар, сондай-ақ бұл нұсқаулықтардың тізбесі осы бөлімшенің басшысында сақталады.
Қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтайтын жерді ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысына қолжетімділігі мен олармен танысудың қолайлылығын есепке ала отырып, белгілеуі ұсынылады.
Қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар бастапқы нұсқама өткізу кезінде зерделеу үшін қолға берілуі немесе жұмыс орындарына ілінуі, не қызметкерлерге қолжетімді басқа жерде сақталуы мүмкін.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 

Вопросы по теме
Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль