Справочник кадровика

Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік актілер. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар

  • 23 ноября 2018
  • 1339
Қабылдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау

Әзірлеу және нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға ҚР қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы негізгі бағыттарының бірі болып табылады мемлекеттік саясат

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу мен қабылдау еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ҚР 2015.23.11 № 414-V Еңбек Кодексі  15-бабымен регламенттеледі.

«Actualis: Госзакупки»

42


Бүгін «Actualis: Кадровое дело» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік актілерге қойылатын талаптар туралы

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

1) өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты қызметкерллердің өмірі мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сəйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рəсімдер мен өлшемдерді қамту;
4) еңбекті қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында қызметкерлер, лауазымды тұлғалар жəне ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;
6) еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган, жұмыс берушілердің жəне қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
7) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық жəне басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес болуы.
Еңбек қауiпсiздiгi жəне еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер қызметкерлердiң еңбек қызметі үдерісінде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық жəне өзге де нормаларды, ережелерді, рəсiмдер мен өлшемдерді белгiлейдi.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Жоғары қауіптілікпен байланысты жұмыстардың түрлері мен кәсіптер бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды бес жылда бір рет қайта қарастыру және қайта бекіту қажеттігі қандай нормативтік құжаттарда атап көрсетілген?

Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік актілер нені қамтитыны жайлы

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыстың соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына жəне жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау жəне тасымалдау тəсілдеріне
қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету жəне демалу режимін;
14) қызметкерлерді кəсіптік іріктеуге жəне олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мəселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен жəне басқа да жеке жəне (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеуді тиісті уəкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзіретіне сəйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актіні əзірлейтін тиісті уəкілеттік мемлекеттік орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын атқаратын өз бөлімшелерінің біріне тапсырады.



Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптар

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы – жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың өндірістік үйжайларда, кəсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында,көлік құралдарында жұмыстарды орындау кезінде жəне ұйымның бұл жұмыстар жүргізілетін немесе қызметтік міндеттер атқарылатын өзгеде жерлерінде қолданылуын егжей тегжейлендіретін актісі.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық қызметкерлердің өздеріне тапсырылған жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік құжат болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты (бұдан əрі – Нұсқаулық) жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы жəне тұтастай алғанда ұйымдағы əрбір кəсіп үшін де, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман жұмыс берушінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жəне қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жасаған тізбесіне сəйкес жұмыстардың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар) үшін де əзірлеуді жүзеге асырады.
Нұсқаулықты əзірлеуді сондай-ақ жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары да жүзеге асыруы мүмкін. Тізбе жұмыс берушінің жұмыстардың, жұмысшылар кəсіптерінің Бірыңғай тарифтікбіліктілік анықтамалығы мен қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамалығы есепке алына отырып бекітілген штаттық кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге де өкілетті тұлға бекітеді жəне барлық құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Нұсқаулықтарды бөлімшелердің басшылары жабдықтардың зауыт-дайындаушылардың пайдалану жəне жөндеу құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жасайды.

Нұсқаулықтарды əзірлеу кезінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі үлгі нұсқаулықтар, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі салааралық немесе салалық ережелер негіз қызметін атқаруы мүмкін.
Нұсқаулықты əзірлеу үшін қажетті дайындық жұмысы мыналарды қамтиды:
1) технологиялық үдерісті зерделеу, ол қалыпты өткен кезде жəне оңтайлы режімнен
ауытқулары кезінде туындайтын мүмкін болатын қауіпті жəне зиянды өндірістік факторларды анықтау, сондай-ақ көрсетілген факторлардан қорғану құралдарын жəне шараларын анықтау;
2) қолданылатын жабдықтардың, айлабұйымдардың жəне аспаптың қауіпсіздік талаптарына сəйкестігін анықтау;
3) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша нұсқаулықты дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды іріктеу;
4) тиісті жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы мүмкін қорғаныс құралдарының тиімділігі мен құрылымдық ерекшеліктерін зерделеу;
5) өндірістегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың нəтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органның ақпараттық хаттарын, өкімдері мен бұйрықтарын зерделеу;
6) белгілі бір кəсіп (жұмыстар түрі) үшін өндірістік жарақаттанушылықтың, авариялық жағдаяттардың жəне кəсіптік аурулардың себептеріне талдау жасауды жүргізу;
7) жұмыстардың қауіпсіз тəсілдері мен əдістерін, олардың кезектілігін, сондай-ақ нұсқаулыққа енгізілуге жататын техникалық жəне ұйымдастыру шараларын анықтау;
8) бекітілген нормалардың негізінде еңбек пен демалыс режімдерін белгілеу.
Қолданысқа енгізілетін жаңа өндірістер, технологиялар немесе жабдықтар үшін объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдап алғанға дейінгі мерзімге уақытша нұсқаулықтар дайындауға жəне қолдануға жол беріледі.
Уақытша нұсқаулықтар технологиялық үдерістерді (жұмыстарды) қауіпсіз енгізуді жəне жабдықтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.
Дайындалған нұсқаулықтарды жұмыс беруші бекітеді жəне ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бір данасы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметінде сақталады. Əрбір өндірістік бөлімшеде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша қолданылатын нұсқаулықтардың өз Тізбесі жасалады.

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды əзірлеу жəне бекіту "Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік актілер. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік актілер. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар

Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты жасау бойынша ұсынымдар

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша салааралық жəне салалық үлгі нұсқаулықтарды дайындау:
- қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің;
- ол үшін нұсқаулық əзірленетін жұмыстардың түрін зерделеудің;
- тиісті лауазым, кəсіп (жұмыстардың түрі) үшін сипатты еңбек жағдайларын зерделеудің;
- тиісті лауазым, кəсіп қызметкерлері орындайтын жұмыстар үшін сипатты қауіпті жəне зиянды факторларды анықтаудың;
- өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардың неғұрлым сипатты, ықтимал себептеріне талдау жасаудың;
- жұмыстарды орындаудың неғұрлым қауіпсіз əдістері мен тəсілдерін анықтаудың негізінде жүзеге асырылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық мынадай тараулардан тұрады:

1. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың жалпы талаптары.
2. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
4. Авариялық жағдаяттардағы еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.
5. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талаптары.

Нұсқаулық мəтініндегі сөздерді əріптік қысқартулармен (аббревиатурамен) ауыстыруға оның алдында толық аталуы келтірілген жағдайда жол беріледі. Егер жұмысты орындаудың қауіпсіздігіне белгілі бір нормалар (саңылаудың, арақашықтықтың шамасы жəне т. б.) жағдай жасаса, онда олар нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. Қызметкерге арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық оның лауазымына, кəсібіне немесе орындайтын жұмыс түріне қарай əзірленеді.
Қызметкерге арналған еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты əзірлеу ережелері есепке алына отырып, жүзеге асырылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться