Кəсіпорындағы өндірістік жарақаттанушылыққа талдау жасау

175
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт оның алдын алу бойынша шаралар қабылдау үшін өндірістік жарақаттанушылыққа толықтай талдау жасауды жүргізуге мүмкіндік береді

Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіде зардап шегуші, жазатайым оқиғаның орны, зардап шегушінің жұмыс өтілі, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша оқыту мен нұсқамалар өткізу туралы мəліметтер көрсетіледі. Онда жазатайым оқиға мəн-жайларының сипаттамасы келтіріледі, жазатайым оқиғаның себептері анықталады, алдағы уақытта жазатайым оқиғаларды жою мен жол бермеу жөніндегі қажетті шаралар тізбесі беріледі.

Талдау жазатайым

Актідегі мəліметтер бұл жазатайым оқиғаның жарақаттаушылық жəне материалдық салдарларын егжей-тегжейлі талдау мүмкіндігін береді. Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіні ресімдеу кезінде жіберілген қателіктер өндірістік жарақаттанушылық себептеріне статистикалық талдау жасауды өткізуді қиындатады.

ҚР ЕК 17-бабының 3) тармақшасына сəйкес еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттанудың, кəсіптік аурулардың, кəсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді жəне олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар əзірлейді. Сондай-ақ жұмыс беруші, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі немесе осы қызметтің маманы ұйымдағы өндірістік жарақаттану мен кəсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне ай сайын талдау жүргізуге жəне олардан сақтандыру жөнінде шаралар əзірлеуге міндетті.
Талдау кезінде уақыттың бірдей кезеңі ішіндегі салалар, кəсіпорындар,
құрылымдық бөлімшелер бойынша статистикалық мəліметтер мен серпінділік салыстыруды есепке алу қажет. Бұл неғұрлым қолайсыз салдаларды, кəсіпорындарды, учаскелер, процестер, жабдықтарды айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстанда құрылыстың өсуімен құрылыс саласында өндірістік жарақаттану деңгейі айтарлықтай өсті. Талдаудың топографиялық əдісін пайдалану маңызды, ол
жазатайым оқиғалар жиірек болатын нақты орындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Талдау өзіне өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауды қамтуы тиіс. Мысалы, мемлекеттік еңбек инспекциясы немесе кəсіпорынның еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау қызметі белгілі бір уақыт аралығында өндірістік жарақаттанушылыққа тереңдетілген талдау өткізсе жəне оның нəтижелері өндірістегі орындаушыларға жеткізілмесе, жарақаттанушылықтың алдын алу жөнінде қабылданған шараларға объективті баға берілмесе, онда мұндай талдаудың тиімділігі нөлге тең болады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға талдау жасау – сақтандырушы шара-
ларды қабылдау мен жалпы үрдістерді айқындау мақсаттарында өндірістегі жазатайым оқиғаларды өндірістердің түрлері, жарақаттаушы факторлар мен олардың туындау себептері бойынша зерттеу мен бөлу.

Оңтайлы профилактикалық шаралар

Ұйымда еңбек қауіпсіздігін қаматамасыз ету жөніндегі барлық ұйымдастырутехникалық шаралардың негізі өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардың сандық қатынастағы (жиілігі мен ауырлық көрсеткіштерінің тұрғысынан), сондай-ақ сапалық (бұл ұйым үшін өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардың нақты себептерінің, олардың орын алуындағы əлеуетті мүмкіндіктерінің
сипаты бойынша саралаумен) тұрғыдан əлеуетті тəуекел мен қауіптілікті жан-жақты, кешенді талдау болып табылады.
Жұмыс беруші оңтайлы алдын алушылық шараларды жасап шығару үшін
оны басқа ұйымдармен салыстыру мақсатымен (оның ішінде тектес ұйымдардың топтары, салалар мен тұтастай алғанда мемлекет бойынша орташа мəліметтерді есепке алумен) өз ұйымындағы өндірістік тəуекел дəрежесі туралы сандық ақпаратты иеленуі, яғни сандық (статистикалық) зерттеуді (талдауды) жүзеге асыруы тиіс.
Көрсетілген зерттеулерді жүргізу кезінде:
- өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігі жəне ауырлығы мен орындалған жұмыстың жалпы көлемінің, оны орындайтын қызметкер саны жəне жұмыс істелген адам-сағат санының арасындағы байланысты анықтау;
- егер өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілік жəне ауырлық көрсеткіш-
тері жұмыс істелген адам-сағаттың жеткілікті көп мөлшерінің жəне
орындалған жұмыстардың басқа да бағалаушылық көлемінің негізінде алынса, онда бағалау дəйектілігіне қол жеткізілетін нақты өндірістік тəуекел дəрежесін анықтау;
- салыстыруға болатын шамалар мен фактілерді, оның үстіне, əдетте, бір
кəсіптің (немесе біртекті кəсіптердің) шеңберінде ғана салыстыру қажет.
Жазатайым оқиғалардың тікелей себептеріне зерттеулер немесе сапалық
талдау жүргізу неғұрлым маңызды болып табылады. Дүниежүзілік іс-тəжірибеде өндірістегі жазатайым оқиғаларды сапалық талдаудың негізгі бес түрі белгілі жəне қолданылады.

Себептерін зерттеу

Өндірістегі жазатайым оқиғалар үлгілеріне талдау жасау жəне сəйкестендіру (бөлу). Талдаудың мақсаты – олар үшін осы үлгідегі өндірістегі жазатайым оқиғалар сипатты болатын экономика салаларын анықтау.
Өндірістік жарақаттанушылық құрылымының өзгерістеріне мониторинг
негізінде талдау. Бұл талдаудың мақсаты талданатын кезең ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалар үлгілерінде болатын сандық өзгерістер (оңды, сондай-ақ жағымсыз) мен олардың негізгі себептері туралы ақпарат алу болып табылады.
Талдаудың нəтижесі қабылданатын алдын алу шараларының, сондай-ақ өндірістік тəуекелдің жаңа факторлары көріністерінен сақтандыру жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау болуы мүмкін.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басымдыққа ие ұйымдастыру техникалық шараларды жоспарлауға арналған талдау. Мақсаты – қай жерде, жəне бірінші кезекте қандай алдын алушылық шараларын өткізу қажет екендігін анықтау.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін анықтау мақсатын-
дағы талдау. Бұл ақпарат алдағы уақытта өндірістік жарақаттанушылықтан
сақтандыру жөніндегі нақты шараларды таңдап алу, егжей-тегжейлі əзірлеу мен жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
Өндірісте болып өткен жазатайым оқиғаларға байланысты арнайы мəселелерді тереңдете талдау өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін мұқият зерттеу жəне оларды кешенді бағалау не өндірістік тəуекелдердің жаңа түрлерін (үлгілерін) айқындау мақсатында жүргізіледі.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларға талдау жасаудың санамаланған
түрлері əртүрлі деңгейлерде – нақты ұйым, сала немесе өңірлерден бастап тұтастай алғанда мемлекетке дейін өткізілуі мүмкін. Бұл ретте өндірістік жарақаттанушылық құрылымындағы өзгерістер мониторингін есепке алумен өндірістегі жазатайым оқиғалардың жиілігіне жалпы талдау, сондай-ақ басымдыққа ие алдын алушылық шараларды орналастыру мақсатындағы талдауды əдетте жоғарғы деңгейлерде өткілетін болса, өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін айқындау мақсатындағы зерттеулер тікелей ұйымдарда орындалады.

Туралы деректер беріледі

Еңбекке уақытша қабілетсіздік пен жарақаттанушылық туралы бастапқы
статистикалық мəліметтер мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті орган бекіткен статистикалық əдіснамаға сəйкес ұсынылады. Актімен ресімделген əрбір жазатайым оқиға өндірістегі жарақаттану мен еңбек қабілетінен уақытша айырылу туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол қояды жəне белгіленген тəртіппен статистика органдарына ұсынылады.
Өндірістік жарақаттанушылық деңгейін бағалау үшін жазатайым оқиғалар
жиілігінің Кч жəне өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік Кчс
көрсеткіштері пайдаланылады.
Жиілік көрсеткіші Кч белгілі бір уақыт кезеңі ішінде 1 000 жұмыс істеушіге келетін жазатайым оқиғалар саны ретінде есептеледі:
Кч = (жазатайым оқиғалардың жалпы саны х 1 000) / жұмыс істеушілердің жалпы саны.
Кчс = (өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жалпы саны х 1 000) / жұмыс істеушілердің жалпы саны.
Мысалы, есептік кезеңде 100 000 жұмыс істеушіге 20 жазатайым оқиға болып өтті, олардың 5-еуі өліммен аяқталды.
Кч = (20 х 1 000) / 100 000 = 0,2;
Кчс = (5 х 1 000) / 100 000 = 0,05.
Кəсіпорын ішіндегі өндірістік жарақаттанушылыққа талдау жасауға арналған бұл көрсеткіштерді 100 қызметкер есебіне қолдануға болады.
Бұл көрсеткіштердің өсуі – теріс құбылыс, жəне керісінше, төмендеуі қызметтің оңды нəтижесі ретінде бағаланады.
Сондай-ақ ауырлық коэффициентін Кт де қолдануға болады, ол бір жазатайым оқиғаға келетін еңбекке қабілетсіздік күндерінің орташа санын анықтайды.
Кт = Еңбекке қабілетсіздік күндерінің жалпы саны / Жазатайым оқиғалардың жалпы саны.
Мысалы: кəсіпорында еңбекке қабілетсіздік күндерінің жалпы саны 500 жұмыс күні болатын 20 жазатайым оқиға болып өтті делік. Бұл жағдайда Кт мынаған тең:
500 / 20 = 25.
Ауырлық коэффициенті бойынша бір қызметкердің орташа қанша күн ауырғанын анықтауға болады. Адайда бұл көрсеткіш еңбек қабілеті толық жоғалтылған жазатайым оқиғалар жəне өліммен аяқталған оқиғалар кезінде тиімсіз. Бірақ та оны өндірістік жарақаттануға байланысты экономикалық жоғалтуларды есептеп шығару үшін қолдануға болады. Егер бұл көрсеткіш 30 күннен асатын болса, онда кəсіпорында əдетте негізінен ауыр зардапты жазатайым оқиғалар болып өтетінін жəне осыған орай, еңбек қауіпсіздігінің жағдайы өте қанағаттанғысыз жəне дереу
араласуды талап ететіндігін білдіреді.
Өндірістік жарақаттанушылыққа терең талдау жасауды өз уақытында
өткізу, жарақаттанушылық себептерін зерттеу, жарақаттануларды əсер
ету сипаты, зақымданулар, зардап шегушілердің кəсіптері, жазатайым
оқиғаларының уақыты, жынысы, жасы, жасы мен жұмыс өтілі бойынша
бөлу кемшіліктерді жылдам жоюға жəне еңбектің салауатты жəне қауіпсіз
жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль