Кəсіпорындағы өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу

165
Кабжамитов М. Т.
Автор "Библиотеки специалиста по охране труда: приложение к журналу «Охрана труда. Казахстан»", государственный инспектор труда, заместитель руководителя Управления труда Павлодарской области
Талдау мен алдын алу өзара тығыз байланысты, өйткені өндірістік жарақаттанушылық себептеріне алдын ала терең талдау жасаусыз алдын алуды жүзеге асыруға болмайды

Алдын алу тұрғысынан зардап шегуші жарақаттарының
ауырлығы мен еңбекке қабілетсіздіктің ұзақтығына қарамастан, оның ішінде басқа кəсіпорындарда, салаларда жарақаттанушылықтың барлық жағдайларын талдауды мінсіз деп есептеуге болады.

Ескерту және алдын алу

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру немесе алдын алу əртүрлі
əдістер мен құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Жазатайым оқиғалардың мəн-жайларын зерделеу мен олардың себептерін айқындау төтенше жағдайлардың қайталануын болғызбайтын шаралар əзірлеу үшін көп ақпарат береді.
Заманауи жағдайларда қоғамға өнеркəсіптік технологиялар қажет.
Олар өркениеттің жетістіктерінсіз өмір сүре алмайды. Жəне де бұл тех-
нологиялар өндірістік тəуекелдерді жоққа шығара алмайды. Яғни өндірістік жарақаттанушылық проблемасы əлі де болса орын алатын болады, бірақ оны шешу үшін оның туындау себептерін неғұрлым тереңірек түсіну жəне осыған орай, оның алдын алудың неғұрлым жетілдірілген əдістері талап етіледі.
Қызметкерге еңбектің жаңа жағдайларына, қоғамдағы өзгеретін əлеуметтік қатынастарға бейімделу қажет. Жұмыс істеушілерді жұмыс орнында қауіпті жағдаяттардың пайда болу мүмкіндігімен таныстыру, үгіттеу жəне түсіндіру жұмысы, кəсіпорынның барлық қызметкерлерін жұмыстың қауіпсіз əдістеріне оқыту, өндірістік жарақаттанушылықтың өздігінен алдын алушылық нақты кəсіпорындағы жарақаттанушылық деңгейін əлденеше есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіптік уланулар мен аурулар
ұйымдастырушылық немесе техникалық шалалықтардың себебінен орын алады. Өндірістік жарақаттанушылықпен күрестің аса маңызды шарттарының бірі оның пайда болу себептеріне жүйелі талдау жасау болып табылады, олар:
- техникалық;
- ұйымдастырушылық себептер болып бөлінеді.

Техникалық себептері

Техникалық себептер көпшілік жағдайларда жабдықтардың құрылымдық
кемшіліктерінің, жарықтандырылу жеткіліксіздігінің, қорғану құралдарының, қоршаулық құрылғылар ақаулықтарының жəне т.б. нəтижесі ретінде көрініс береді.
Ұйымдастырушылық себептер – қызметкерлердің  айындалмағандығынан қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамау, еңбек жəне өндірістік тəртіптің төмендігі, жұмысты дұрыс ұйымдастырмау, жұмыстарды жүргізуге тиісті бақылау жасаудың жоқтығы жəне басқалар.
Талдау соңғы жылдары қоршаған ортаның физикалық факторларымен (температура, ылғалдылық, жарық, шу, діріл жəне ластанған атмосфера) байланысты еңбектің дəстүрлі жағдайларын жетілдіруді ығыстыра отырып, қызметкердің психологиялық жəне физиологиялық қауырттылық проблемаларының бірінші қатарға жиірек шығатынын көрсетеді. Бұл адамға түсетін психологиялық жəне физиологиялық
жүктемелердің өсуімен бір мезгілде физикалық жүктемелердің салыстырмалы төмендеуінен туындайды. Қорытындысы белгілі: созылмалы шаршаушылық, ақылойлық жəне рухани аса қауырттылық, басқа қызметкерлермен жəне басшылармен қатынастардың шиеленісуі. Бұл ретте физиологиялық жəне психологиялық қалжырау жұмыс сапасының нашарлауымен, аурулармен, зейінді шоғырландыру мен қимылдарды үйлестіруді жоғалту, абайлаушылық пен аңдағыштықты жоғалту.
Мұның бəрі бірдей жұмыс орындарында еңбектің ұқсас жағдайларында жарақаттану тəуекелін айтарлықтай арттырады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды жұмыс берушілер мен қызметкерлер көбінде таза кездейсоқтық, ал зардап шегушілерді құрбандықтар ретінде қабылдайды.
Алайда жарақаттанушылық кенеттен, бірден пайда болмайды, біртіндеп дамиды. Бірінші сатыда жұмыстарды жүргізу кезінде, асыққанда жəне т.б. қауіпсіздік ережелерін жүйелі бұзудан құралатын қарамаайшылықтардың жинақталуы, екінші (жанжалдық) сатыда адамның салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында жарақаттануы болып өтеді. Жарақаттану кенеттілікпен емес, жай ғана күтпегендікпен сипатталады, сондықтан бірінші кезеңде жойылады.

Қауіпсіз еңбек

Қауіпсіз еңбек қызметкерлердің белгілі бір ережелер шеңберінде жұмыс
істеуге физикалық жəне психологиялық дайындығын жəне өз функцияларын кəсіптік сауаттылықтың жеткілікті деңгейін жəне саналы уəждемені иелене отырып, еңбекті қорғау талаптарына сəйкес орындауын көздейді.
Əлденеше қайталанатын (əдеттегі, стандартты) өндірістік жағдаяттарда
көбірек кездесетін кездейсоқ мүлт кетулер немесе əдейі істелмеген іс-əрекеттер үлгісіндегі «техникалық» қателіктерді жəне көп рет машықтанған немесе табиғаты жағынан автоматтық əрекеттер кезінде пайда болатын (мысалы назар аударуды жоғалтқанда) «кездейсоқ» қателіктерді көбінесе стандартты емес (əдеттен тыс, бірегей емес) жағдаяттарда, мысалы, жөндеу немесе баптау жұмыстары кезінде
кездесетін қате іс-əрекеттер үлгісіндегі «зияткерлік» қателіктерден ажырата білу қажет.
«Зияткерлік» қателіктер негізінен қызметкер білімінің жеткіліксіздігіне бай-
ланысты, мұнда ол өндірістік жағдаятты қате бағалайды (қауіпсіздік тұрғысынан), немесе бұл жағдаят үшін өзіне белгілі қауіпсіздік ережесін қате қолданады, не нақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ережелерді нашар біледі немесе мүлдем білмейді. Бұған қоса, қолданыстағы ережелер (нұсқаулықтар) кенет қалыптасқан қауіпті жағдаятты қарастырмаған жəне қызметкер «жалған қауіпсіздік»
адасушылығында қалып қоятын жайттар да аз болмайды.
«Техникалық» қателіктер қызметкердің автоматтылыққа дейін жеткізілген
«шеберліктерін», ал «зияткерлік» қателіктер қызметкердің теориялық дайындығы мен стандарттан тыс жағдайларда дұрыс мінез-құлықты таңдау үшін «білімдерді» пайдалану шеберлігін талап етеді.
Егер «техникалық» қателіктер жазатайым оқиғаға əкелсе, онда олар əдетте
жазатайым оқиғаның алдындағы соңғы оқиғалар (іс-əрекеттер) болып табылады.
Кездейсоқ жəне күтпеген жерде пайда болып, олар түзету үшін уақыт қалдырмауы мүмкін, сондықтан мұндай қателіктердің салдарлары өте қомақтырақ болуы мүмкін.
Өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларды талдау жазатайым оқиғаға əкелген жайттардың кезектілігінде соңғы жайттың «техникалық» қателіктер болғандығын көрсетеді. Алайда бұл олардың қауіптілігі туралы айтпайды, өйткені бізде «техникалық» қателіктердің қанша саны жазатайым оқиғаға əкелмегендігі туралы статистикалық мəліметтер жоқ.
«Зияткерлік» қателіктер жағдаяттың бірегейлігімен байланысты жəне міндетті түрде «лезде» жазаланбайды. «Техникалық» қателіктерден айырмашылығы, оларды жазатайым оқиғалар түйдегінің арасынан бөліп алу анағұрлым күрделірек. Алайда оларды қызметкерлердің сауаттылығын арттыру жолымен болғызбау жеңілірек.
Жұмыстың шамадан тыс қарқыны (асығыстық) қызметкерде бір нəрсеге ғана, яғни орындалатын жұмысқа ғана жұмылуды туындатады, бұл да оның қабылдауын пісіп жетіліп келе жатқан қауіптіліктен тасалайды. Сондықтан өндірістегі шұғыл жұмыс жағдаяттарымен үнемі күресу, асығыстыққа жол бермеген жөн. Қызметкер пісіп жетіліп келе жатқан өндірістік қауіптілікті ертерек ұғынып, танып-білсе, оның
еңбек жағдайлары соғұрлым қауіпсіз бола түседі, жəне де нақ осы жұмыс орындарында жарақаттанушылықтың алдын алудың басты факторы болып табылады.
Жарақаттанушылықпен күресті жұмыс беруші жүргізетін ұйымдастырушылық шаралардан бастау қажет. Тиімді шаралардың бірі қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша нұсқау беру мен оқыту болып есептеледі.
Тиімді шараларға жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі бойынша алғашқы, мерзімдік (қайталама), жоспардан тыс жəне мақсатты нұсқамаларды өткізу жатады. Бұған жұмыс уақытын жоғалту ретінде қарамау керек. Мысалы, бұл нұсқамаларды жұмыс уақыты басталардың алдында өткізу фактілері орын алған, жұмыс күні 08.00-де басталады, ал 15 минуттың ішінде нұсқаманы асығыс өткізу үшін қызметкерлер 07.45-те келу қажет. Бұл 15 минут жұмыс уақытына кірмейді, жəне осыған орай, ақы
төлеуге жатпайды. Бұл дұрыс емес.
Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу мақсаттарында жұмыс жағдайлары бойынша жоғары қауіптілікке ұшырайтын тұлғалар (от жағушылар, машинашылар, электр жөндеушілер жəне басқалар) үшін қауіпсіздік техникасына арнаулы курстық оқытуды ұйымдастыру маңызды. Курстық оқыту такелаждық, құрастыру, жөндеу
жəне жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындауды ұйымдастыратын бригадирлер үшін де міндетті.
Кəсіпорындарда жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардан сақтандыру үшін қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттер мен бұрыштар жабдықтауға болады, ол жерде плакаттар, сұлбалар, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық материалдар, жеке қорғану құралдары, шу, жарық, дірілді өлшеуге арналған аспаптар, т.б. орналастырылады.
Көрнекті құралдарды, кинофильмдер мен теледидар хабарларын пайдаланумен семинарлар, лекциялар, əңгімелесулер, нұсқамаларды жүйелі өткізу өндірістегі қауіпсіздік техникасын насихаттаудың пəрменді тəсілі болып табылады. Мысалы, бірқатар кəсіпорындарда еңбекті қорғау мəселелері бойынша, үздік кабинет, еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер, үздік құрылымдық бөлімше конкурстары, байқаулары өткізіледі; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі жүйелер мен
стандарттар енгізіледі; еңбекті қорғау күні белгіленеді (аптасына бір рет); үшсатылы бақылау өткізіледі жəне т.б. Жер-жерде 28 сəуірде Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу жұмысшы ұйымдарына оңды əсер етеді, мұнда дүниежүзілік өндірістік жарақаттанушылықтың статистикалық мəліметтері мысалға келтіріледі.
Жұмыс істеушілердің жұмыс орнындағы қауіптіліктің мəнін түсіну үшін əрбір жұмыс орны мен технолоиялық операция бойынша мүмкін болатын қауіптіліктердің тізбелерін жасау қажет. Қауіпті жағдаяттар пайда болу мүмкіндіктерінің бар болуы кəсіпорынның еңбекті қорғау қызметінің ақпарат жинауының бағыты мен əдістерін, жұмыс орындарын зерттеуді, жұмыс істеушілермен жұмыстағы орын алған кемшіліктер туралы сауалдама, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді анықтайды.

Жарақаттанудың алдын-алу

Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу жөніндегі қызметтің
басымдыққа ие бағыттары:
- өндірісте қауіпті жағдаяттар туындауының мүмкіндіктерін айқындау, олардың алдын алу, жұмысшыларды оларды болғыздау мен жою əдістерімен таныстыру.
Өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз əсер етулерінің алдын алу. Алдын алуды, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіздеріне алмастыруды жүргізу жолымен жұмыс орындары мен технологиялық процестердегі кез келген тəуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдау. Жұмыс орындарын, демалыс орындарын, қызметкерлерге тұрмыстық қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастыру. Алдыңғы қатарлы технологияны енгізу, еңбексыйымды процестерді
механикаландыру. Авариялық жағдаят пен жарақаттаушы факторлардың
басқа тұлғаларға əсер етуінің дамуын болғызбау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу;
- қызметкерлерге арнайы киім мен аяқ киім беруді қамтамасыз ету, оларды
қолданыстағы нормаларға сəйкес профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуушы жəне залалсыздандырушы заттермен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдік-профилактикалық тағаммен, жеке жəне ұжымдық қорғану құралдарымен жабдықтау;
- қызметкерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруімен басқа жұмысқа ауыстырылған кезде не кəсіптік ауру белгілері пайда болған кезде міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық қарап-тексерулерден, ауысым алдындағы медициналық куəлендіруден өткізу;
- өндіріс мəдениетін арттыру, жұмыс істеушілердің өндірістегі қауіпті жағдаяттар туындауының мəнін, жағдайлары мен себептерін ұғынуы бойынша үгіт жəне түсіндіру жұмысын жүргізу, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзушыларға əкімшілік, тəртіптік жəне материалдық ықпал ету шараларын, қызметкерлерді ынталандыру мен көтермелеу жүйесін қолдану;
- жұмысшылар мен барлық деңгейлердегі басшыларды жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелеріне, қауіпті жағдаят туындауының мүмкіндігін анық жəне өз уақытында тани білу шеберлігіне оқыту. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды, нұсқау беру мен білімдерін тексеруді, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларды
өткізу. Өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз ету;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды, кəсіптік ауруларды жəне аварияларды тергеп-тексеру, олардың қайталануын болдырмауға арналған шараларды əзірлеу жəне енгізу;
- өндіріске жарақаттанушылық пен кəсіптік аурулардың алдын алудың алдыңғы қатарлы əдістерін енгізу.

2016 жылғы «Еңбек қаүіпсіздігі және еңбекті қорғаү жөніндегі маман кітапханасының» материалдарын толығырақ оқыңыздар: biblioteka.mcfr.kz



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль