Еңбекті бөлу уәждеменің құралындай

54
Еңбекті бөлу уәждеменің құралындай
Григорьева Наталья Сергеевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», независимый HR-специалист, г. Алматы
Кез келген мамандық нақты құрамдас бөліктерге бөлінеді: істер мен міндеттер. Бұл жерде де әрқайсысының өз артықшылықтары табылады.

Жұмыскерлеріңіз өз жұмысын жақсы көріп, қызығушылық танытып, оны орындау үшін не істеу керек? Бір қызығы, оған қол жеткізуге болады екен, біз сіздерге, тіпті, нақты мысал келтіруге және осы «лайфхакпен» және табысты басшының кәсіби құпиясымен бөлісуге дайынбыз. Оның ең басты қағидаты өзінің қызметкерлерінің міндеттерін олардың қабілетіне қарай және олардың ұнағанына байланысты бөлу. Яғни, «әркім қалағанын киер».

Сүйікті жұмыс – үздік нәтижелер

Көп жағдайларда басшылар өзінің жұмысында қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін жүзеге асырғанда көп алаңдайтыны, ешқандай бастама және фантазия көрсетпейтіні, тіпті, жұмыс күнінің аяқталғанын немесе жұманы күтетінін де күтетінін жасырмайды. Бірақ, бұл жай емес, әр нәрсенің себебі бар.

Бірінші себеп – жұмыскердің тікелей лауазымдық міндеттері, оның қызметі. Міндеттерді бөлгенде басшыда: қызметкерге оның нақты міндеттері ұнай ма, оның қабілетіне және күшті жақтарына сәйкес келе ме – деген сұрақтар жиі туындай ма? Кейде ғана шығар. Өкінішті: өйткені дәл осы әдіс,уәждеменің ең жақсы тетіктерінің бірін табуға алып келеді.

МЫСАЛ Милиция майоры (кейінірек подполковник) Анастасия Каменскаяның қызметі туралы топтамасынан Александра Марининаның детективтерін оқыған боларсыздар. Автордың өзі көп жылдар бойы милицияда істегені құпия емес, сондықтан оның шығармаларындағы көптеген жағдайлар шынайы болған оқиғалар. Бұл шығармаларда Каменскаяның бастығы – полковник Виктор Гордеев қолданатын қызметкерлер құрамын басқару стратегиясы ашылады. Бірнеше жылдың ішінде ол өзінің қарамағындағы жедел қызметкерлерге тән мықты жақтарын анықтады, және оларға осы қабілеттері қолданылатын тапсырмалар беріп отырды.

Осылайша, Анастасия Каменская талдамалы жұмыспен ғана айналысты, жалпы операцияларға қатыспады, өзі істерді жүргізбеді, бірақ, әріптестерінің әрқайсысына тапсырылған істеріне көмектесті. Яғни, барлығы үшін талдама талап етілген жұмыстың бөлігін орындады. Николай Селуянов тамаша топографиялық жады бар Мәскеудің тұрғылықты адамы ретінде барлық көшелерді, түкпірлерді жақсы білетін, оған маршрут жасауды және т.с.с. тапсыратын. Михаил Доценко куәгерлермен өте тиімді жұмыс істей алатын; онымен сөйлескенде олар, басқалары қол жеткізе алмаған нәрселерді естеріне түсіретін. Владимир Ларцев керемет психолог болатын, ол адамдардың психологиялық портретін жасап, басқа қызметкерлерге жеке тұлғамен жұмыс істегенде сұрақ алуды немесе әңгімені қалай өткізу керек екені туралы кеңес беретін.

Виктор Гордеевтің барлық қызметкерлері өзінің жұмысын сүйетініне таңданатыны жоқ – ол туралы: «Гордеевтен кете алмайсың» деп айтатын. Бұл, тіпті, белгілі кезеңде милиция қызметінде жалақы күлкілі мөлшерде, яғни, ешқандай материалдық уәждеме болмағанда да болған оқиға.

Әркім өз ісімен айналысу керек

Басқа сөзбен айтқанда әрқайсымыздың ерекше бейімділігіміз бар – біз оңай және қызыға шешетін тіпті, жұмыс деп те есептемейтін міндеттер. «Көңіліңе жағатын жұмыс тап, сонда сен өміріңде бір күн де жұмыс істемейсің» деген екен Конфуций. Бірақ, кез келген мамандық нақты құрамдас бөліктерге бөлінеді: істер мен міндеттер. Бұл жерде де әрқайсысының өз артықшылықтары табылады...

Дереккөз: «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы»

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 10 оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль