Әкімшілік жазалар қолдану тәртібі

877
Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады

Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

Жүргізу тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бастарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау тәртібін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі белгілейді.
Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда біреуi болған жағдайда әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс
қысқартылуға жатады:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк  жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;
3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген
ережелерiнiң күшi жойылуы;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауап-
тылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбір ережелерiн Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдары-
нан олардың күшi жойылуы;
5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;
6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның)
қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы ту-
ралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;
7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы.

Түсініктемелер мен ескертулер

Өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге, өтiнiш және қарсылық мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iс қаралғанда ана тілінде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге, егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашының қызметiн пайдалануға; iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс жөніндегі қаулыға шағымдануға, одан үзінді алуға және істегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, сондай-ақ өзiне заңнамамен берiлген өзге де iс жүргiзу құқықтарын пайдалануға құқылы.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзi жөнiнде әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен
қаралады. Аталған адамға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiстi түрде хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге
қалдыру туралы өтiнiш түспеген ретте ғана iс оның өзi болмаған жағдайда
қаралуы мүмкiн.

Іс бойынша дәлелдемелерді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдемелер ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің ережелеріне сәйкес жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардағы іс жүзіндегі нақты мәліметтер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе мемлекеттік еңбек инспекторы тікелей анықтаған куәлендіруші мән-жайлар болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы хаттама жасалған сәттен бастап
қозғалған болып есептеледі.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген
күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбірленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi;
егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Хаттама жасау кезінде

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне
қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне,
сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодекс-
те көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада
белгi жасалады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбірленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық фактісі айқындалғаннан кейін дереу жасалады, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнжайларын, оларға қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға және заңды тұлғаның заңды өкілінің жеке басы туралы мәліметтерді қосымша анықтау талап етілетін жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға анықталған сәттен бастап үш тәуліктің ішінде жасалады.

Қарау мерзімі

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ол жасалған жерде әкімшілік құқық
бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа да материалдары алынған күннен бастап он бес күндік мерзім ішінде қарастырылады. Мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға дайындық кезінде істі қараудың уақыты мен орнын тағайындау туралы шешім шығарады. Мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғанын, бұл тұлға оның жасалуына кінәлі, кінәлі емес екендігін,
оның әкімшілік жауапкершілікке жататын-жатпайтынын, жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлардың бар екендігін, мүліктік залал келтірілгендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды айқындауға міндетті.

Қаулылардың түрлері

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, мемлекеттік еңбек инспекторы мына қаулылардың бірiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда:
1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін –атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, сәйкестендіру нөмірі және банк реквизиттері;
3-1) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;
4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
6) iс бойынша шешiм;
7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі;
8) айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі көрсетілуге тиіс.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға қаулы шығарған
мемлекеттік еңбек инспекторы қол қояды, iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбірленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi.
Әкімшілік құқық бұзушылық ісі жөніндегі қаулы егер оған шағым немесе
наразылық білдірілмесе, өзінің заңды күшіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жасау үшін белгіленген мерзім (10 күн) өткеннен кейін енеді. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды тұлғалар, жеке тұлғалар мен олардың бірлестіктері, заңды тұлғалар үшін орындалуы міндетті және өзінің заңды күшіне енген сәттен бастап орындалуға жатады.
Әкімшілік айыппұлды әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға қаулы
заңды күшіне енген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей төлейді.
Кейінге қалдырылған жағдайда әкімшілік айыппұлды әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға кейінге қалдыру мерзімі біткеннен бастап төлейді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды жеке тұлға немесе заңды тұлға белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады, одан
кейін айыппұл салу туралы қаулы шығарған, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген мемлекеттік еңбек инспекторына жазбаша формада хабарлама жібереді.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль