text
Справочник кадровика

Қауіпсіздік техникасы бойынша «СПбКГУ» ЖКБ МБМ АФ нұсқаулығы

  • 28 октября 2016
  • 386
Қауіпсіздік техникасы бойынша «СПбКГУ» ЖКБ МБМ АФ  нұсқаулығы

«Санкт-Петербург кәсіподақтардың гуманитарлық университеті» жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Алматы филиалымен әзірленді

Бұл нұсқаулықта   «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ қызметкерлері мен студенттері қолдануға міндетті, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптар баяндалған.  Нұсқаулықтың мақсаты – қызметкерлер мен студенттердің оқу уақытында, сондай-ақ жаттығу және спорт залдарындағы сабақтар кезінде мүмкін болатын жарақаттануды барынша азайту.

1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

                     1.1. Нұсқаулықтың қолданылу саласы

 Бұл Нұсқаулық еңбекті қорғау бойынша «СПбКГУ» ЖКБ МБМ АФ қызметкерлері мен студенттеріне арналған талаптарды белгілейді.

 1.2. «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ қызметкерлері мен студенттері және нұсқамаларды өткізуге қойылатын талаптар

1.2.1. «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ-на алғаш рет оқуға түскен  және жұмысқа қабылданған студенттер, қызметкерлер  «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ-нда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқамадан өткеннен кейін ғана дербес жұмысқа, оқуға жіберіледі.

1.2.2. «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ қызметкерлеріне, студенттеріне өткізілетін әрбір нұсқама оны меңгеруді міндетті түрде тексерумен аяқталуы тиіс.

 1.2.3. Нұсқамалардың барлық түрлерінің өткізілуі нұсқаманы өткізуші мен алушының міндетті түрде қол қоюларымен нұсқамаларды тіркеу журналдарында тіркелуі тиіс.

1.2.4. «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ-ның әрбір қызметкері, студенті:

  •  медициналық қобдишаның сақталу орнын білуі;
  •  авариялық жағдаят туындаған кезде дұрыс әрекет ете білуі қажет.

1.3. Қауіпті және зиянды өндірістік  факторлар

«СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ қызметкерлерінің жұмысы, студенттерінің оқу сабақтары мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың орын алуымен қатар жүруі мүмкін:

1.3.1. Жеке компьютерлерде жұмыс істеу – қимылдық белсенділіктің шектелуімен, бірсарындылықпен және елеулі көру қауырттылығымен.

1.3.2. Электр аспаптарымен (жарықтандыру аспаптары, тұрмыстық техника, принтер, сканер мен офистік техниканың өзге де түрлері) жұмыс істеу ‒ электр тізбегі кернеуінің жоғары мәнімен.

1.3.3. Ұйымнан тыс жердегі жұмыс (іссапар орнына бару және қайту жолы бойынша) ‒ қозғалыстағы машиналармен (автомобильдер және көліктің өзге де түрлері), жол жабынының қанағаттанғысыз жай-күйімен (көктайғақ, жолдың тегіс еместігі және т.б.).

 1.4. Жұмыстық үй-жайларға, дәрісханалар мен жұмыс орындарының жабдықтарына қойылатын талаптар

1.4.1. Жұмыс орындарын орналастыруға, жеке компьютерлермен жарақтандыруға арналған үй-жайларды күннен қорғайтын құрылғылармен (жалюздер, перделер және басқалар) жабдықтау.

 1.4.2. Жеке компьютерлері бар үй-жайлардың бәрінде табиғи және жасанды жарықтандыру бар болуы тиіс.

1.4.3. Жалпы жарықтандыру қондырғыларында ашық шамдар (арматурасыз) қолдануға тыйым салынады.

 1.4.4. Ауаның шаңдануымен күрес жүргізу үшін ылғалды жиыстырып-тазарту мен үй-жайды тұрақты желдетіп тұруды жүргізу қажет.

1.4.5. Жұмыс орны: жұмыс үстелін, отыру биіктігі реттелетін орындықты (креслоны) қамтуы тиіс.

1.5. «СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ қызметкерлерінің, студенттерінің жауапкершілігі

«СПбКГУ»  ЖКБ МБМ АФ қызметкерлері мен студенттері  Еңбек кодексінің٭٭ 181 бабына және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі Нұсқаулық талаптарын сақтамағандығы үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікте болады.

Толығырақ оқыңыздар: «Қазақстанда еңбекті қорғау», №9, 2016

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль