Тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ газға қарсы сүзгілерін таңдау ерекшеліктері

99
Тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ газға қарсы сүзгілерін таңдау ерекшеліктері
Қорытындыда тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ-н таңдау кезінде барлық параметрлерді – жұмыс жағдайларындағы қорғауын, түпкілікті иемдену құны мен жайлылықты ескеру қажеттігін атап өткен жөн

Еңбекті қорғау саласындағы неғұрлым өзекті міндеттердің бірі жұмыскерлерді жұмыс аймағының ауасында болатын зиянды газдар мен булардан қорғау болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындарда оқшаулаушы материалдардан орындалған, газтұтқылық немесе аралас сүзгілері  (картридждері, патрондары) бар бетперделер мен жартылай бетперделер белсенді пайдаланылады.

Жіктелуі

Қазіргі уақытта жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) нарығында отандық, сондай-ақ шетелдік өндірістің толып жатқан саналуан газтұтқылық картридждері ұсынылады. Егер картридждердің жіктемесі айтарлықтай мөлдір және тиісті нормативтік құжаттарда (Кедендік одақтың ТР ТС 019/2011 «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті) дәл сипатталатын болса, онда картридждердің тиімділігін қалай бағалау және бір сыныптағы сүзгілер бір-бірінен қалай ерекшеленетіндігін түсіну туралы мәселе ашық күйінде қалады. Осыған байланысты, сүзгілердің біреуі пайдасына таңдау жасау үшін, еңбекті қорғау жөніндегі маман олардың негізгі сипаттамаларын ажырата білуі қажет.

Газтұтқылық картридждердің тиімділігін бағалау үшін үш негізгі параметрді бөліп көрсетуге болады:

  1)               жұмыстық жағдайларда қорғау;

  2)               пайдалану кезіндегі жайлылық;

  3)               бағасы.

Егер баға сандық салыстыруға айтарлықтай оңай көнсе, онда қорғау және жайлылық деңгейін бағалау тетігі айқын болып табылмайды.

Қорғау

Сүзгімен қамтамасыз етілетін қорғау:

·            картридждің жұмыс аймағы ауасында болатын зиянды газдар мен буларды кетіру қабілетімен;

·            картридждің қорғаныстық әрекетінің уақытымен (қызмет мерзімімен) анықталады.

Соңғы параметр сүзгінің тиісті газдарға қатысты әртүрлі жағдайлардағы қорғаныстық әрекетінің ең аз уақытын анықтау бойынша сынақтар өткізуді қарастырады.

Қорғаныстық іс-әрекет уақыты – бұл сүзгінің стандартты ағын, температура мен салыстырмалы ылғалдылық кезінде  берілген мөлшердегі га-бу –ауа қоспасын өткізетін уақыт кезеңі,  ауаны қоспалардан өтіп кететін концентрацияға (сүзгіленген ауа ағынындағы тест-зат мөлшерінің шекті мәні, оған қол жеткізілгеннен кейін сынақ тоқтатылады және қорғаныстық іс-әрекет уақыты тіркеледі) жеткізгенге дейін тазартуға қабілетті.

Барлық сүзгілерді былай бөлуге болады:

·            сүзгіден өткізілетін газдардың үлгісі бойынша маркалар (А, В, Е, К, АХ, SХ және басқалар) (кесте);

·            сүзгілеу тиімділігі бойынша сыныптары (1сынып – тиімділігі төмен сүзгілер,  2 сынып – тиімділігі орташа сүзгілер,  3 сынып – тиімділігі жоғары сүзгілер).

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер өндірушілерді бұйымда картридждің қорғаныстық іс-әрекетінің орташа уақытын көрсетуге міндеттемейді,  ал  сертификаттау сынақтары тек сүзгілердің стандарттарға сәйкестігін тексеру ғана болып түсініледі – олардың қорғаныстық іс-әрекет уақыты онда белгіленген ең төменгі жол берілетін шекарадан аспауы тиіс. Мұндай мән-жайды есепке ала отырып, нарықтан қорғаныстық іс-әрекет уақыты бір-бірінен бірнеше есе ерекшеленетін, тиімділігі бір сыныпқа жататын картридждерді де кездестіруге болады.

Кесте

             Газтұтқылық және аралас сүзгілердің маркалары

Сүзгі маркасы

Газтұтқылық сүзгінің тағайындалуы

Тазтұтқылық сүзгілер

А

Қайнау температурасы  65 °С-тан жоғары органикалық газдар мен булардан қорғау, дайындаушы ұсынған

В

Көміртек тотығын қоспағанда, дайындаушы белгілеген бейорганикалық газдар мен булардан қорғау

Е

Дайындаушы белгілеген  күкірт қос тотығы мен басқа да қышқыл газдардан қорғау

К

Дайындаушы белгілеген аммиак пен оның органикалық туындыларынан қорғау

АХ

Дайындаушы белгілеген, қайнау температурасы 65 °С-тан аспайтын органикалық газдар мен булардан қорғау

SX

Дайындаушы белгілеген  белгілі бір газдар мен булардан, оның ішінде көміртектің жалғыз тотығынан (СО) қорғау

Аралас сүзгілер

NOP3

Азот  оксидтерінен қорғау

НgР3

Сынап буларынан қорғау

Оған сүзгілердің сыныптарға бөлінуі негізделетін сүзгілік  қабілеттілік ретінде картридждің ауаны зиянды газдар мен булардан тазарту тиімділігі түсініледі.

Зертханалық зерттеулер сүзгілердің бәрі бірдей 100 пайыздық сүзгілеуді жүзеге асыруға қабілетті емес екендігін дәлелдейді, сондықтан сүзгіден өткізілген ауадағы газ мөлшері картридждің қасиеттеріне қарай елеулі өзгеруі мүмкін.  Бұл фактіні екі әртүрлі сүзгінің күкірт қос тотығына қатысты сүзгілік тиімділігі нысанында жүргізілген зертханалық сынақтардың нәтижелерімен бейнелеуге болады.  

А маркалы сүзгіні пайдаланудың оның концентрациясы шекті жол берілетін мөлшерінен (бұдан әрі – ШЖБМ) төменірек деңгейде болса да, бетперде астына түсетін газбен тыныс алмай қоймайтын жұмыскер үшін неғұрлым қауіпті екені айқын. Алайда тіпті төмен мөлшерлердегі зиянды газдардың өзі  адам өкпесіне түсіп, оның ағзасына жағымсыз әсер етеді және бұған қоса онда жинақталуы да мүмкін.

Сонымен бірге, сүзгілеудің атап көрсетілген ерекшеліктерін зертханадан тыс жерде айқындау айтарлықтай қиын. Сезілу шегі ШЖБМ-нен төменірек кейбір газдар кейде сүзгіні пайдалану кезіндегі болар-болмас иісі бойынша анықталады.

Картридждердің диаграммада бейнеленген сүзгілік қасиеттеріндегі айырмашылықтарға көбінде сүзгілеу тетігі жағдай жасайды.

Әдетте газдар мен буларды сүзгілеу үшін шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін, белсендірілген көмір пайдаланылады. Тыныс алу мүшелері ЖҚҚ-нда әдетте тас көмірден немесе кокос жаңғағының қабықтарынан алынған белсендірілген көмір қолданылады.

Органикалық газдар мен булар физикалық адсорбция арқылы, бейорганикалық газдар мен булар – белсендірілген көмірдің арнаулы сіңірмелері есебінен хемосорбция көмегімен кетіріледі.

Өте кең тараған адасушылықтардың бірі газтұтқылық картридждердің аэрозольдерді сүзгілеуге қабілетті екендігі жөніндегі пікір болып табылады. Сонымен бірге зертханалық сынақтар аэрозольге қарсы қосымша сүзгісі жоқ газтұтқылық картридж тест-аэрозольдің – сүзгілердің өткізгіштігін анықтау үшін пайдаланылатын стандартты тест-заттың  60 %-ға жуығын жіберіп алатындығын көрсетеді. Бұл мән-жай тыныс алатын ауаны аэрозольдерден тазарту қажет болған кезде газтұтқылық сүзгілерді пайдалануға жол беруге болмайтындығын дәлелдейді.

   Жайлылық

Картридж тиімділігін бағалау кезінде оны пайдалану кезіндегі жайлылық маңызды параметр қызметін атқарады.

Пайдаланушының жайлылығы деңгейіне:

·            картридждің бетпердеге бекітілу тәсілі;

·            оны салмағы;

·            тыныс алуға кедергісі  әсер етеді.

Картридждерді бекітудің неғұрлым танымал тәсілдері:

  1)               бұрандалы қосылыс;

  2)               байонет.

Бұрандалы қосылыс көп назар аударуды талап етеді, өйткені пайдаланушы көбінде картриджді орнатудың дұрыстығын анықтау үшін айқын критерийлерге ие бола алмайды, және де қымталғандықтың қамтамасыз етілгендігі туралы бірмәнді талқылай алмайды.

Бұрандалы қосылыстың кемшіліктеріне (дұрыс орнатылмаған картридждің қорғаныстық қасиеттерін жоғалту тәуекелін қосқанда) байланысты,  бүкіл дүние жүзінде, оның ішінде ресейлік өндірушілер арасында бұрандалық қосылыстың кемшіліктері жоқ, картридждердің бетпердемен байонетті қосылысы кең тарала бастады.

Бұрандалы қосылыс  әлі де болса, кейде бетперденің беттік бөлігіне неғұрлым көлемді картридждерді бекіту үшін пайдаланылады.  Картридждердің мұндай үлгісі жұмсалатын материалдар санын үнемдеуге мүмкіндік береді, алайда сүзгінің салмағы  ауырлау болған және жүгендік тартпалары жеткіліксіз қатты тартылмауы жағдайында жұмыскер басының кез келген шұғыл бұрылыстары бетперденің бетке жатуын елеулі нашарлатып, қорғаныстық қасиеттерін жоққа шығаруы мүмкін.

Пайдаланушыға жайлылық бөлігінде сондай-ақ, сүзгі салмағы да маңызды рөл атқарады – тіпті әртүрлі картридждер салмағындағы  шамалы айырмашылықтың өзі оларды ұзақ уақыт пайдаланған кезде жақсы сезілуі мүмкін.

Бағасы

Сүзгілік жартылай бетперделердің қорғаныстық қасиеттері қолданылатын материалдардың үлгісі мен сапасына тікелей байланысты болады. Қазіргі уақытта толып жатқан әртүрлі сүзгілік композициялық материалдар әзірленген, олар зиянды заттарды ұстап қалуға және/немесе белсенділігін жоюға мүмкіндік беретін химиялық белсенді талшықтар немесе сорбенттер мен сіңірмелер болып табылады:

  1. жоғары температура (350–400 °С-тай) кезінде карбондалған және белсендірілген, мыс, хром, күміс  және этилендиаминтетра сірке қышқылы тұздарының ерітінділері сіңірілген, тоқылмаған вискозалық материал [1];
  2. ионалмастырушы шайыр [2];
  3. полиимид / көміртекті талшық / хемосорбциялық талшық (ВИОН) [3];
  4. мультиқұрылымдық полиакрилонитрил / силикатты наноталшық [4];
  5. белсендірілген көмір жабылған тоқыма талшығы [5] және т.б.

Неғұрлым тиімді сүзгілік материалдардың бірі құрамында белсендірілген көмір бөлшектері, статикалық қуаты бар жабынды полипропиленді талшық  болып табылады [6]. Мұндай материал адамды  аэрозольдерден де,  төменгі концентрациядағы қауіпті газдар мен булардан да  қорғауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғаннан, тиімді қорғанысты қамтамасыз ететін картридждердің неғұрлым жоғары құнымен ерекшеленетіндігі түсінікті бола түседі.

Сонымен бірге соңғы уақытта нарықта тыныс алу мүшелерінің контрафактілік ЖҚҚ-ның, әсіресе газұтқылық картридждердің пайда болу проблемасы ерекше өзектілікке ие болды. Олардың бағасы түпнұсқалық бұйымдармен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы көптеген өте үнемшіл жұмыс берушілердің таңдауды солардың пайдасына қарай жасауға мәжбүрлейді. Алайда зертханалық зерттеулер тыныс алу мүшелерінің контрафакталық ЖҚҚ-ның көбінде түпнұсқалық бұйымдардың тек сыртқы түрін ғана көшіріп алып, мәлімделген қорғаныстық қасиеттерді иеленбегендігін көрсетеді. Осылайша, оларды қолдану жұмыскерге қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді және оның денсаулығы үшін өте зиянды болады, бұл туралы үнемдеудің соңына түскен жұмыс берушілер ұмытпағандары жөн.

Бұған қоса, иемдену құны деп аталатын құнды – тыныс алу мүшелері ЖҚҚ-на жұмсалған барлық шығындар сомасының оларды пайдалану мерзіміне қатынасын  есте сақтаған жөн. Көбінде неғұрлым сапалы және қымбат ЖҚҚ-н пайдалану қорытындыда неғұрлым төменгі иемдену құнын қамтамасыз ететін болып шығады.

Қорытындыда  тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ-н таңдау кезінде жоғарыда қарастырылған барлық параметрлерді – жұмыс жағдайларындағы қорғауын, түпкілікті иемдену құны мен жайлылықты ескеру қажеттігін атап өткен жөн. Бетпердені сатып алу өте шығынды шара болып шығуы мүмкін,  сондықтан оның сапасын, қонымдылығын, қымталғандығы мен барлық бекітпелерінің сенімділігін тексеру маңызды.  Бұл мүмкін болған кезде, қажетсіз шығындарға жол бермес үшін, нақты жұмыстық жағдайларда  болатын газдардан ғана қорғайтын сүзгіні таңдап алу қажет. Жалған картридждерді пайдалануға жол берілмейді, өйткені тыныс алу мүшелерінің контрафактілік ЖҚҚ ешқандай қорғанысты қамтамасыз етпейді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2016



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль