Өткізу тәжірибесі кәсіби шеберлік конкурсының

29
Өткізу тәжірибесі кәсіби шеберлік конкурсының
Тәжірибе өткізу бойынша конкурс кәсіптік даярлау, қызметкерлердің электр қосалқы станциялар үшін пайдалы болуы мүмкін бағалау және қызметкерлерді ынталандыру өзге де салалар.

Конкурстар өткізу Қазақстан Республикасы энергетикалық саласы жұмыскерлерінің кәсіптік дайындығының ажырамас бөлігі болып табылады. Наурыз айында «КЕGOK» АҚ Алматы филиалында оған электр жабдығы жұмысындағы бұзушылықтар мен авариялық жағдаяттарды болдырмау мен жоюды қосқанда, тұтынушыларды электрмен жабдықтау жұмысының сенімділігі айтарлықтай дәрежеде байланысты болатын, қосалқы электр станцияларының оперативтік персоналы арасында кәсіптік шеберлік конкурсы өткізілді.  

Конкурс кәсіпқойлар

Ұйымдастыру комитеті мен төрешілер комиссиясы филиалдың диспетчерлік қызметі мен сенімділік және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерінен құрылды. Конкурсқа техникалық қолдау көрсетуді «BestSolutions» ЖШС орындады, оның мамандары персоналды дайындау бойынша бағдарламалар мен оқу материалдарын әзірлеумен айналысады. Конкурсқа қосалқы электр станцияларының кезекші инженерлері мен кезекші электр жөндеушілері қатысты.

Конкурс 5 кезеңмен өткізілді. Әрбір кезең үшін бекітілген әдістемелік нұсқаулардың негізінде мыналар белгіленді:

  • мақсаты;
  • өткізілетін жері;
  • пайдаланылатын заттар;
  • өткізілу тәртібі;
  • бағаларды баллдық жүйе бойынша қою тәртібі;
  • төрешілік;
  • даулы мәселелерді шешу тәртібі.

Конкурс техникалық құралдарды мүмкіндігінше көп қолданумен сипатталды, бұл оны өткізудің жоғары сапасы мен нәтижелерді бағалаудың әділеттілігін қамтамасыз етті.

1 КЕЗЕҢ.

Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілері бойынша теориялық білім.

Белгілі бір лауазымдар мен жұмыстарға арналған ережелер мен нұсқаулықтардан бөлек, тексеруге мыналарды білу де қамтылды:

  • Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының Қағидалары (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығы); 
  • Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының Қағидалары (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы  № 222 бұйрығы); 
  • Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы  № 247 бұйрығы);
  • Өрт қауіпсіздігі Ережелері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы  № 1077 қаулысы); 
  • Энергетикалық кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі Қағидалары (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы  № 123 бұйрығы).

Бұл білімді тексеру  «Автоматтандырылған оқу курстары» бағдарламасының желілік нұсқасының көмегімен орындалды, онда сұрақтар белгілі бір кәсіп үшін міндетті көлемде бөлініп көрсетілді. Бағдарлама бұл курстарды әзірлеушінің серверіне орналастырылды және конкурс өткізілген жердегі компьютерлермен Интернет арқылы байланыстырылды. 

2 КЕЗЕҢ.

Энергетикалық жабдыққа қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиғаларға байланысты зардап шегушілерге алғашқы көмекті жылдам және сапалы көрсету шеберлігі.

Конкурстың әрбір қатысушысына ДЭЕМ-ға қосылған «Максим III-01» жаттығу құрылғысында жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес массаж жасауды орындау тапсырылды.

3 КЕЗЕҢ.

Қосалқы станциялардың жабдықтары  мен жоғары вольтті желілерде жылдам ажыратып-қосуларды жүргізудегі кәсіптік білімін, дағдылары мен шеберліктерін бағалау.

Қатысушы тапсырмаға сәйкес ажыратып-қосу бланкісін дайындады, ол бойынша компьютерде қосалқы станцияның электрлік сұлбасын модельдейтін жаттығу құрылғысында тиісті ажыратып-қосуларды орындады.

4 КЕЗЕҢ.

Аварияға қарсы жаттығу (қатысушының ол бұзылған кезде қосалқы станцияның қалыпты электрлік сұлбасын қалпына келтіру бойынша шектеулі уақыт жағдайларында күрделі режимдік мән-жайлардағы дербес қызметке даярлығын тексеру).

Кезеңнен өтуге дайын қатысушыға бастапқы сұлба және қосалқы станция жабдықтарының жай-күйі, релелік қорғаныс пен автоматиканың (РЗА) жай-күйі мен аварияға қарсы автоматиканың (ПА) жай-күйі хабарланды, бұл ауысымды қабылдап алуға ұқсас болып табылды, осыдан кейін болып өткен бұзылулар туралы кіріспелер берілді. Жаттығуға қатысушы технологиялық бұзылуды оқшаулау мен жою, қосалқы станцияның авариядан кейінгі неғұрлым сенімді сұлбасын жасау, және қажет болған кезде зақымдалған жабдықты жөндеуге алып шығу бойынша өз іс-әрекеттерін белгіледі. Қатысушы аварияға қарсы жаттығуды ресімдеуді оперативтік журналда жазбаша түрде орындады.

 5 КЕЗЕҢ.

Нарядтық жүйе бойынша жұмысты білу және ұйымдастыру шеберлігі.

Әрбір қатысушы наряд жасау, жұмыс орнын дайындау және бригаданы жұмысқа жіберу бойынша тапсырманы орындады.

Конкурс нәтижелерінің қорытындысын шығару кәсіпорын энергетиктерінің кәсіптік дайындығының жоғары деңгейін көрсетті және өздеріне берілген электр қауіпсіздігі бойынша  рұқсат ету тобын растады.

Ең үздік жетістіктерге:

  • қосалқы станциялардың кезекші инженерлері арасынан – Талдықорған электр желілерінің маманы В. А.Тиряев,
  • кезекші электр жөндеушілерінің арасынан – Балқаш бойы электр желілерінің жұмыскері  Е. К. Тоғайбеков  қол жеткізді.

Жеңімпаздар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.

Екі жеңімпаз да өздерінің лауазымдық міндеттерін адал атқарады, өз біліктілігін арттыруда үздіксіз жұмыс істейді, жедел атқарылатын жұмыста көпшілікпен тіл табысу мен сабырлылық сияқты маңызды қасиеттерге ие болған. Авариялық жағдаяттарда жоғары тұрған оперативтік персоналдың өкімдерін дәл орындай отырып, байсалды және сенімді әрекет етеді. Ұжымда беделге ие.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2016



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль