Есепке алудың автоматтандырылған жүйесі-электр энергиясын

117
Электр қуатын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйелері электр қуатын есептегіштерінен шыққан мәліметтерді автоматты жинауға, өңдеуге және сақтауға

Электр қуатын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйелері (бұдан әрі – АИИС КУЭ) - электр желілеріндегі энергетикалық ағындар туралы мәліметтерді қашықтықтан жинауды, сақтау мен өңдеуді қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.

АИИС КУЭ жүйесінің негізгі үш құрамдасы:

өлшеу құралдары;

мәліметтерді жинау мен берудің коммуникациялық құралдары мен құрылғылары (бұдан әрі – УСПД);

бағдарламалық қамтым (бұдан әрі  БҚ).

Өлшеу құралдары

Көлемді түрлендіргіштерге (ток пен кернеудің өлшеу трансформаторларына) қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 625 қаулысымен бекітілген Электр желілік қағидаларда келтірілген.

Өлшеу құралдарына қойылатын талаптар бірінші кезекте үлкен энергетикадағы ірі жүйелер талаптарынан келіп шығады. Олардың көпшілігі стандартқа айналды, көптеген есептегіштерде тиісті функциялылық бар.

Аппараттық құрамдас жүйелерді сипаттайтын позициялар

1. Стандартты хаттамаларды қолдау. Барлық есептегіштер байланыстың бір хаттамасы бойынша жұмыс істейді деп күту әзірше ертерек. Есептегіштердің сыртқы құрылғылармен (компьютерлермен, УСПД, бағдарғылағыштармен) байланысын ұйымдастыруға арналған арнаулы хаттамалар әзірленген. Бұрынырақта оптикалық бастиек (қазір қолданылмайды) арқылы байланысқа бағдарланған ГОСТ Р МЭК 61107-2001 хаттамасы, ГОСТ Р МЭК 61142-2001 хаттамасы (қолданылмайды), DLMS қолданылған болатын,  COSEM одан әрі дамытылды. Протокол DLMS/COSEM хаттамасы өз мақсаты ретінде алмасу үдерісін (сұратулар, шифрлау және т.б. ережелері) стандарттауды ғана қоймайды, сондай-ақ мәліметтер форматы мен ақпаратты құпияттау әдістерін де сипаттайды. DLMS/COSEM хаттамасы – бұл есепке алудың әртүрлі аспаптары, бағдарламалық қамтым мен байланыс ортасының кең ауқымы арасындағы келісілуді қамтамасыз ететін бірден-бір халықаралық стандарт.

 DLMS/COSEM-ге қазірдің өзінде Siemens/Landis&Gyr, Actaris (Schlumberger industries), Iskra сияқты өндірушілер көшті, Elgama Elektronika (Литва) және Power Measurement (қазір Schneider Electric бөлімшесі) компаниялары есептегіштеріне интеграциялану үдерісі жүріп жатыр. Параметрлену бөлігінде жеткілікті қорғалмаған ретінде Modbus хаттамасын пайдалану азайып келеді.

2. Міндетті түрде бірнеше интерфейстің болуы. Іс жүзінде есептегіштерді ірі өндірушілердің барлығы дерлік бұл талапты  қабылдады. Есептегішті АИИС КУЭ мен  SCADA-ға тәуелсіз қосу, екі межелес жүйеге, электр желілері мен жергілікті жүйеге қосу мүмкіндігі пайда болады.

Есептегіштерді  УСПД мен SCADA аппаратурасына қосу үшін негізгі интерфейстер бұрынғыша RS 232 мен RS 485 болып қалып отыр; таралуы жағынан оларға айтарлықтай жол бере отырып,  «токтық тұзақ» (current loop – CL) интерфейсі де қолданылады.

3. Жаңа интерфейстер. Есептегіштерден ақпарат жинау саласында бұрыннан үйреншіктіге айналған жүйелерден бөлек, қағидаттық жағынан жаңа, қосымша сымдар тартуды талап етпейтін, осыған байланысты инсталляция үшін неғұрлым икемді және қаскөйлерден неғұрлым қорғалған (бұл әсіресе, тұрмыста өзекті) жүйелер белсенді ендірілуде. Олардың ішінде – PLC, Bluetooth, Wi-Fi и Zig-Bee бар. Бірінші шешім ақпаратты 0,4 кВ күштік желілер бойынша беруді білдіреді, қалған үшеуі радиоға негізделеді. Олардың бәрі «соңғы мильдер» – тұрғын үйдің, бизнес орталығының, супермаркеттің ішіндегі коммуникациялар проблемасын шешуге бағытталған.

4. Энергия сапасының параметрлері. Энергияның сапасы туралы соңғы уақыттарда көп айтылып жүр: төменгі сапа – бұл энергияны жоғалту, жабдықтардың ескіруі, тұтынушы аппаратурасы жұмысының тұрақсыздығы және осыған байланысты қаржылық шығындар. Халықаралық стандарттар, елдердің стандарттары қабылданған, алайда өнім берушілер мен тұтынушылардың заңдық жауапкершілігі, айыппұлдар жүйесі келісілмеген. Алайда жүйе болашақты көздеп құрылымдалса, онда сапаға қойылатын талап дау тудырмайды.

5. Коммуникациялардың қондырмалық құралдары жағдайында  –  «қақпалар» (gateway) функцияларының орын алуы. Есептегіште бірнеше, әсіресе жоғары технологиялық және қымбат интерфейстер бар болған кезде оларды ұжымдық пайдалану туралы мәселе туындайды. Мысал қызметін қоса қондырылған GSM/GPRS-модем, LAN-бейімдегіш атқаруы мүмкін. Мұндай коммуникациялық құралдары бар есептегіштерді жеке тұрған құрылыстарда, сондай-ақ  оқшауланған шағын объектілерде пайдаланған ұтымды. Бірақ әрбір есептегіш GSM-модеммен жарақталған көппәтерлі үйді немесе ірі қосалқы стансаны көз алдына келтіру қиын. Бұл тым болмағанда ақылға сиятын нәрсе емес. Қондырылған модемі немесе Ethernet (LAN) бейімдегіші бар есептегіш арқылы жетекшімен бірқатар екіншілік интерфейс бойынша (мысалы RS-485) қосылған басқа есептегіштерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін дайындамалар (атап айтқанда Schneider Electric компаниясының ION есептегіші) бар. Жетекші есептегіш объектідегі басқа есептегіштерге қақпа функциясын орындайды.

6. Резервтік қоректендіруді қосу мүмкіндігі. Резервтік қоректендіруді қосу кез келген жағдаяттарда есептегіштен ақпаратты оқу кепілдігін береді және есептегіштің жауап бермеуіне байланысты жүйенің қызмет етуіндегі анықталмағандықты жояды.

7. Жүктеменің бірнеше әртүрлі бейіндерінің мүмкіндігі. Есептегіште жүктеменің коммерциялық бейіні (15; 30 немесе 60 минут) болу талабы ешкімде де күдік тудырмайды. Тіпті тұрмыстық құрылғылардың өзінде мұндай ақпарат ұрлау жағдайларын айқындауға және талдауға көмектеседі. Бірақ есептегіш екінші, неғұрлым егжей-тегжейлі бейін болған кезде ұйымның электр қуатын, мысалы, реактивтік энергия өтемдеуін болжамдау мүмкіндігін береді. Екі-, үш минуттық (ал кейбір есептегіштерде, EPQS «Elgama Elektronika» есептегішінде бұдан да аз – 30 секундтан бастап) аралық диспетчерлік пайдалану, оперативті басқару және кәсіпорын энергетигінің тұтыну құрылымын талдауы үшін таптырмайды. Жоғары энергетика параметрлердің бұдан да ұсақ бейінін (2–5) және олардың тереңдігін талап етуі мүмкін.

Кез келген құрылғыда өзінің белгілі бір ресурстары болады. Мысалы, есептегіште – деректер мұрағатын сақтауға арналған жадтың шектеулігі. Оны пайдалануды басқару мүмкіндігі – өте қолайлы. Мысалы, бірқатар есептегіштерде мұрағаттардың қажетті тереңдігін көрсетумен мұрағаттау үшін параметрлерді анықтауды толықтай жүзеге асыруға болады.

8. Оқиғалардың сүзгіленетін журналы. Бұл позиция, бірқатар басқалары сияқты, есептегіштен шыққан мәліметтерді өңдеу мен жылдам жинауды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауға бағдарланған. Уақыттың соңғы арақашықтығында болып өткен оқиғалар мәртебесін, белгілі бір үлгідегі оқиғаларды оқу мүмкіндігі болған кезде байланыс сеанстарын айтарлықтай жеңілдету ықтималдығы болады. Параметрлерді топтау мәліметтердің немесе бағдарламаның ішкі құрылымына емес, жүйенің қажеттілігіне бағдарланған болуы тиіс.

9. Өлшеулерді атау берілген шамаларда беру (өзгеріске ұшырау коэффициенттерін есепке алумен). Бұл жерде даулы мәселелердің бірі есептегіштердегі өзгеріске ұшырау коэффициенттерін пайдалану болуы мүмкін. Сондай-ақ  «қарсы» болатын бірқатар аргументтер де бар.

Біріншіден, бір есептегіштерде енгізу мүмкіндігі болған, басқаларында ол болмаған кезде, жүйеге қызмет ету қиындау. Жүктеменің бейінінсіз индукциялық, импульстік немесе электрондық есептегіштері бар жүйелердегі электрондық есептегіштердің артықшылықтарынан бас тартуға тура келген болар еді; ең әлсіз буынға теңелуге болмайды.

Екіншіден, кейбір есептегіштер мұндай есептеп шығаруларды жеткілікті жақсы және дәл орындамайды. Мұндай дәлел сенімді емес, өйткені бұл әрекет импульстік жүйелерде және де жақсы нәтижемен пайдаланылған болатын; егер енді кейбір есептегіштер мұны нашар орындаса, онда мәселе есептегішті сертификаттау, ол беретін көрсеткіштердің кінараттары мен мұндай құрылғыларды біздің жүйелерде пайдалануға қатысты болмақ.

Үшіншіден, есептегіштерді алмастыру қиындайды, өйткені коэффициенттер енгізу қажеттігі пайда болады. Өзгеріске ұшырау коэффициенттері – есептегішке енгізуге қажетті бірден-бір параметр емес. Әртүрлі тарифтік аймақтар, пайдаланушының атауы/коды, энергия мен қуатқа әртүрлі лимиттер және басқалар енгізілуі мүмкін. Бұған осы есептегіш үшін конфигурацияның толық массивін жүктемелеумен қол жеткізіледі.

 «Үшін» дәлелдері. Өлшеу бірлігі түсінігі енгізіледі делік, оның үстіне барлық бағдарламалар мен жүйелер бірдей көрсетілімді пайдаланады, қарама-қарсы жағдайда өлшеу бірлігі түсінігі жоқ болады, өйткені көбейту оны пайдаланған кезде УСПД-да да, сондай-ақ коэффициент енгізудің әртүрлі дәлдігімен, есептеп шығарудың әртүрлі кінәратымен жоғары деңгей бағдарламасында да болып өтуі, межелес жүйелерде айырмашылығы болуы мүмкін.

10. Мультикернеулік есептегіштер. Мұндай құрылғылар қазірдің өзінде пайда болды. Бұл қолайлы: бұл есептегіш кез келген кернеуге арналған, пайдалануда икемді және номенклатурасы аз.

Коммутациялық құралдар (УСПД)

 АИИС КУЭ жүйелерін әзірлеу және енгізу кезінде  –  бұл онсыз жүйе құру мүмкін болмайтын екінші құрамдас. Бұған шағын жергілікті жүйелер қосылмайды, бұл жерде есептегіш тікелей компьютер портына қосылады. Кез келген неғұрлым ірі жүйе кезінде байланыстың бірдей арналарын пайдаланумен интерфейстер мен хаттамаларды конверттеу, мәліметтерді буферлеу, қолжетімділікті әртүрлі есептегіштерге бөлу функцияларын орындайтын құралдар қажет. Алайда уақыт өте келе, мұндай құралдарға қойылатын талаптар да өзгереді.

Заманауи жүйелерге сәйкес келетін негізгі талаптар:

– міндетті түрде интерфейстер санының жеткілікті болуы;

–  Ethernet-ті перспективалық пайдалану;

– сымсыз шешімдер;

–  модемді (арнаны) бақылау функциясы;

– қоректендіру кернеуінің кең ауқымы – 100–250 AC/DC (резервтік қоректендіруді қосу мүмкіндігі);

– уақытты үйлестіру, сондай-ақ мәліметтерді бастамашылық беру тетіктеріне қолдау жасау;

–  SCADA-жүйелер байланысы хаттамаларының интеграциясы;

–  стандартты хаттамаларды пайдалану.

Қорғаныстың дамытылған құралдары

Бөлінген жүйені құру кезінде алынатын мәліметтердің ұқсакстығына сенімділік болуы тиіс. Мәліметтерді бұрмалаудан қорғау үшін жүйенің аппараттық құралдарына құралдар жиыны қажет. Бірінші кезекте – парольдердің көпдеңгейлік жүйесі. Алайда мәліметтерді бастамашылық беру кезінде (мысалы, XML форматында) өзге әдістер қажет, олардың біреуі құжатты жіберушінің электрондық қолтаңбасы болуы тиіс. Осы тектес әзірлемелер кейбір өндірушілердің  УСПД-нда пайда бола бастады.

 УСПД (және есептегіштің) шалғай параметрлеу тетігін бұзудан қорғайтын екінші өте маңызды элемент айқын түрінде кілтті берусіз іске асырылған параметрленетін мәліметтерді шифрлайтын хаттама болады. Мұндай шешімнің мысалы ГОСТ IEC 61142-2011 хаттамасы болуы мүмкін,  онда жазылып алынатын ақпараттың DES-шифрлауы қолданылады (DES тіпті банкілік жүйелерде де кеңінен қолданылады).

Заманауи жүйелерді әзірлеу кезінде олардың сапасын сипаттайтын маңызды параметрлерінің бірі жылдам әрекеттілік – шұғыл және қажет болған кезде ақпарат жинауды үлкен жиілікпен жүзеге асыру шеберлігі болып есептеледі. Бұл әзірлеушінің хаттама шеңберінде сұрату параметрлерін қолайлы іске асыруды ұйымдастыру шеберлігіне байланысты болады. Параметрлерді ойластырып бөлу кейде арнаның сол өткізгіштік  қабілеті кезінде жинау үдерісін бірнеше есе жеделдете алады.

Пайдаланушының дау тудырмайтын ниеті УСПД арқылы кез келген таңдалып алынған есептегішке   «мөлдір» режімде жүгіну мүмкіндігі болып қалады. Бұл УСПД мәліметтеріне, есептегіш конфигурациясын тексеруге (қайта параметрлеудің рұқсат етілмеген фактісін айқындау мақсатымен), есептегішті параметрлеудің өзіне қатысты күмәнденулер туындаған жағдайда есепке алу мәліметтерін тікелей сұрату үшін қажет.

Заманауи есептегіштерде УСПД-ға қарағанда неғұрлым терең мұрағаттар бар. Өтпелі арнаның болуы мұрағаттық мәліметтердің неғұрлым толық көлеміне қолжетімділікті ашады.

Жоғары деңгейдің бағдарламалық қамтымы

Жоғары деңгейдің бағдарламалық қамтымы мен жүйеге қойылатын талаптар – ең маңызды талаптар, өйткені қуатты көпфункциялық есептегіштер мен УСПД-нің бар болуы жүйенің сапасы мен тұрақтылығына ғана емес, сондай-ақ ондағы қабылдауға болатын функциялар санына да кепілдік бермейді. Пайдаланушы жоғары деңгейдегі бағдарламалық қамтым беретін функцияларды, жүйемен жұмыс істеудің мүмкіндіктері мен қолайлылықтарын ғана иеленетін болады. Ал бұл функциялар сақталған кезде пайдаланушыға жүйеде қандай үлгідегі есептегіштер мен УСПД тұрғаны (немесе алмастырылатындығы) «қызықсыз» болады. Бағдарламалық қамтым жүйенің ол бойынша мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы талқыланатын айнасы болады.

Бірінші талап – бағдарламалық қамтымның қызмет ету сенімділігі. Бұл пайдаланылатын есептегіштер мен УСПД-ның тұрақтылығына, байланыстың сапалы арналарының, операциялық жүйелер нұсқалары мен компьютерлік техниканың бар болуына байланысты болады. Бағдарламалық қамтым нақ осы стандарттан, әдеттен тыс жағдаяттарға жағымсыз жауап береді: жүйелердің іс жүзіндегі кез келген «ілініп қалулары» «мән-жайлардың болжамдалмаған ағынынан» туындайды (тіпті біз егер сапасы жоғары өнімдер туралы айтсақ және аяқталмаған және аттестатталмаған ӨЖ-тың шығарылу нұсқаларын қарастырмасақ та).

Жүйелер іргетастық түсінігі негіздерінің бірі – жіктегіштер жүйесін, объектілер модельдері мен өлшеу модельдерін құру. Бұл салада стандарттау үдерісі басталды. Жаңа халықаралық стандарттар қабылданды, атап айтқанда IEC (МЭК) 61970-301-2013, Energy management system application program interface (EMS-API) – Part 301:Common information model (CIM) base. Бұл  стандарт алдымен әрбір объектіні фрагменттерге бөліп, одан кейін олардың әрқайсысын тиісті құрылымдық сұлбаға қайта өзгерте отырып, объектілер модельдерін және өлшеулер модельдерін жасау қағидаттарын сипаттайды. Нәтижесінде объектінің түпкі нышандары жиынының формальды сипаттамасы жасалады, олар жіктеуге оңай көнеді.

Ірі масштабталатын жүйелерді құру тәжірибесі елеулі проблеманы айқындайды: жүйені пайдаланушылар көп болған сайын, АИИС КУЭ арнаулы бағдарламалық қамтымын қолдау мен инсталляцияға кететін шығындар құрамдастары да жоғары болады.

Корпоративтік желілер, сондай-ақ Интернет негізінде қызмет ететін  WEB-технологияларды барлық жерде енгізу, – мұндай проблемаларды шешудің кілті. АИИС КУЭ порталын құра отырып, барлық жүйелерді бір жерге жинақтауға болады. Бұл:

– инсталляцияны жеделдетеді – БҚ-ды бір орында (орталықта) инсталляциялау қажет;

– қызмет көрсетуді оңайлатады – бүкіл бір орталықтың нұсқалылығы мен өзектілігін қадағалау қажет; нұсқалар барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде жаңартылады; БҚ-ның көп бөлігінің жұмыс қабілетіне талдау жасау оңайырақ;

– пайдаланушылардың ұтқырлығын арттырады – олар порталға кез келген бос компьютерден қосыла, өз «ортасына» (есепке алу нүктелері, топтар, есептер, формалар мен құқықтар) түсе алады;

– қызмет көрсетілетін персонал санын азайтады, жинақтаудың қажетті орталықтары (серверлер) мен өзге де аппаратураның санын азайтуға әкеледі.

Жинаудың әртүрлі хаттамалары мен қағидаттарын қолдау есепке алу құралдарының әрбір өндірушісі өз өндірісі есептегіштерімен ғана жұмыс істейтін өз БҚ-ын ұсынатын уақыттың өткен шаққа кеткендігін білдіреді. Жоғары деңгейдегі жүйелер үшін бұл қабылданбайды, өйткені бір өндірушінің есептегіштеріне тұтастай құрылған өңірлік немесе  ұлттық деңгейдегі жүйені көзге елестету жеткілікті дәрежеде күрделі болмақ (егер жергілікті деңгейдегі жүйелер туралы айтсақ, олар үшін әртүрлі энергия тасымалдауыштарды есепке алу маңызды жайтқа айналады, ал бұл қабылданбайды). Бұл мән-жай бір жағынан, тәуелсіз жүйелік интеграциялаушылардың (олардың қатарына Sigma Telas фирмасы да жатады) пайда болуына ынталандырды және екінші жағынан, өндірушілер жүйелері қолдайтын құрылғылар тізімінің кеңеюіне әкелді.

АИИС КУЭ бағдарламалық қамтымы оның құрылғылардың неғұрлым көп санын қолдайтындығымен бірегей болып табылады; кейде жоғары деңгейдегі пайдаланушы үшін бірінші пломбыланған деңгейге және есептегішке де жүгіну мүмкіндігі қажет.

Шоғырландырылған көпдеңгейлі жүйелерде иерархиялық жүйелердегі драйверлерді репликациялау тетігі маңызды, ол жүйеге жаңа құрылғыларды енгізуді және драйверлердің түзетулерін серверлердің арасында таратуды жеңілдетеді.

Тіпті мәліметтер жүйелер арасында әртүрлі хаттамалармен берілетін көпдеңгейлі жүйелерде де жоғары деңгейдегі пайдаланушы бірінші пломбыланған құрылғыға (көбінде УСПД-ға) және есептегішке жүгіну мүмкіндігін иелене алатын жағдаяттар да болады. Байланыстың технологиялық арнасы талап етіледі. Оны жалпы жағдайда іске асыру – айтарлықтай күрделі міндет.

SCADA-жүйелерімен байланыс – өзекті мәселе, ол АИИС КУЭ мәліметтерін диспетчерлік жүйелерге беру мәселесі ретінде көбірек көтеріліп келеді. Бұл үшін жүйеаралық байланыс хаттамалары, бағдарламааралық алмасу/өзара әрекет сервистері (COM/ DCOM/OPC-серверлері), сондай-ақ әртүрлі SCADA-хаттамалар – МЭК 870-5-101/-104, DNP3 пайдаланылады. Мәліметтерді АИИС КУЭ жүйесінің  SCADA-жүйесінен алуы да мәліметтердің дұрыстығы мен орнын басуын тексеру тетіктеріне арналған дереккөз ретінде де өзекті.

Қашықтықтан тестілеу барлығы үшін айқын, ал аппаратураны параметрлеу бірмәнді қабылданбайды. Алайда олар жүйені пайдаланудың айтарлықтай арзандауына және оның функциялылығының кеңеюіне әкеледі, олар жекелеген жағдайларда жай ғана алмастырылмайтын болады. Өзгертуге деген, мысалы, тарифтік аймақтарды өзгерту қажеттілігі пайда болды делік. Және де барлық электрондық есептегіштерді қайтадан параметрлеу қажеттігі пайда болады.

АИИС КУЭ-нің негізгі функциясы

Жүйе қандай функциялар атқармасын, олардың ішіндегі негізгісі – мәліметтер жинау (немесе олардың дұрыс еместігі немесе толық еместігі туралы сақтандыру). Сондықтан мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету функцияларын күрт арттыру талабын орындау қажет. Ірі жүйелерде пайдаланушы бұрыс мәліметтердің бар екендігін тіркеуге қабілетті емес. Бұл функцияларды  БҚ өзіне алуы тиіс. Қолдау көрсетілетін құрылғылар жағдайындағыдай – әдістер көбірек іске асырылса, солғұрлым жақсы.

Жүйеде оқиғалардың толық журналы болуы тиіс. Бұл есептегіштер мен УСПД журналдарына ғана емес, байланыстың қызмет ету және БҚ, жүйенің барлық пайдаланушылары әрекеттеріне аудит журналдарына да қатысты болады.

Мұндай көлемді журналмен жұмысты жеңілдету үшін, оқиғаларды – есепке алу құралдары, байланыс оқиғаларын, БҚ әдеттегіден тыс жағдаяттары мен пайдаланушылар іс-әрекеттеріне аудит және т.б. оқиғаларды тақырыптық және функциялық топтау талабы қажет.

Жауап әрекеттердің оперативтілігін арттыру үшін ең жаңа технологияларды қолдау мен жауапты тұлғаларды хабардар ету талап етіледі. Хабарламаларды жіберу жағдайларын икемді анықтаудың мүмкіндігін иелену қажет.

Пайдаланушылары көп тарату жүйелерінде ақпаратты рұқсат етілмеген өзгерістер мен бұрмалаушылықтан қорғау талабы ерекше өзектілікке ие болады. Көрсеткіштердің әрқайсысы жүйеде жеке және қайта жазусыз сақталуы тиіс. Сондай-ақ бұзудан қорғау да қарастырылуы тиіс. Бұл талаптар кез келген коммерциялық жүйеге қатысты толықтай табиғи жайттар.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль