Көруді қорғау: таңдау және қолдану ерекшеліктері

77
Көруді қорғау: таңдау және қолдану ерекшеліктері
Уссенов А. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", технический специалист компании «3М Казахстан»
Қазақстан Республикасының заңнамасымен жұмыс берушіге қызметкерлерге еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.

Егер жұмыс уақытында адамдарға қауіпті немесе зиянды жағдайларда әрекет етуге тура келсе, егер жұмыстар ластанулармен немесе ауа райының қолайсыз жағдайларымен байланысты болса, қызметкерлерге жеке қорғану құралдары тегін берілуі тиіс (ҚР ЕК-нің 182 бабы).

Бұл мәселе әсіресе көздерді қорғау қажеттігі туындайтын жағдаяттар үшін өзекті. Көруге төнген қатерде әрқашанда қауіптіліктің айқын белгілері бола бермейді. Бұл босаңсытады және көздерді қорғамауға да болатындығы туралы жалған сезім де береді. Көздерге жат текті дене: сынық, жоңқа, құм, химиялық субстанциялар немесе басқа да бөлшектер түскен кезде ғана адам, мүмкін сол кезде өзінің жанындағы үстелде жатқан қорғаныш көзілдіріктері туралы есіне алады. Алайда кеш қалады. Көздерді қорғау — бұл алдын ала қорғану, ол туралы ДЕЙІН де, КЕЙІН де ойлану керек.

 Көздерді қорғау қандай жағдаяттарда талап етіледі?

Көздердің зақымдану тәуекелі жұмыстардың барлық үлгілерінде, бәрінен бұрын, - өндірісте, құрылыста орын алады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік қызметтер көрсету департаментінің мәліметтері бойынша, ересек халықтың арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымында көз аурулары алтыншы орынды иеленеді және 5,7 пайызды құрайды. Олардың ішінде өндірістік жарақаттанушылық себебі бойынша — 1, 9 пайыз.

Өндіріс сипатына, орындалатын жұмыс түрі мен көздерге әсер ететін факторларға қарай зақымданулар мыналарға бөлінеді:

—   механикалық жарақаттар: жеңіл және ауыр. Жеңілдері — жарақаттық эрозиялар, мүйізгек қабаттағы тырналған жерлер, қабақ терісінің үстіртін зақымданулары, жеңіл күйіктер, көздердің контузиясы және т.б. Олар ауруханаға жатқызуды талап етпейді және көбінесе ұсақ жат текті денелер: қақ, күл бөлшектерінен, графиттен, зімпара түйіршіктерінен, ұсақ жоңқалардан, шаңнан туындайды. Ауыр механикалық зақымданулар — көз алмасының жараланулары, мүйізгектің күюлері, қабықшалардың зақымдануымен, қарашықтың жылжуымен, қабақтың жарылулары, жырылуларымен көздің ауыр контузиялары — стационарлық емдеуді қажет етеді және әйнекті, тасты ұсақтау, дайындамаларды шабу, металл өңдеу кезінде ұшқан сынықшалармен жарақаттанудың салдарынан туындайды;

—   өндірісте газ, бу, сұйықтық, ұнтақ және басқалар түрінде пайдаланылатын әртекті химиялық заттардың көздерге түсуінен туындайтын химиялық және жылулық зақымданулар. Мысалға, барлық жерде қолданылатын аэрозольді бояуларда органикалық еріткіш қауіптілік болып табылуы мүмкін. Өнеркәсіпте жиі пайдаланылатын хлор да көздердің тітіркенуін туындатады және конъюнктивит себебіне айналуы мүмкін. Көздерге түскен кезде сілтілер мен қышқылдар өте қатты күюлерді қалдырады. Атропин қарашықтың кеңеюіне әкеледі, метанол мүйізгектің кристалдануына ұрындырады, қалайы-органикалық қосылыстар көруге жағымсыз әсер етеді. Коррозиялық химикаттар көздерді жылдам күйдіреді және соқырлыққа дейінгі, болмай қоймайтын зақымдануларды туындатады;

—   электрмен пісіру, металл балқыту, газбен пісіру, әйнек өндіру кезінде өндірістік сәулеленуден, сәулелі энергияның елеулі бөлініп шығуымен жоғары температураларда болып өтетін басқа да процестерден туындайтын зақымданулар.

Мұндай жағдайларда жұмыс істеуде жарақаттар алу қаупі жоғары, олар қолайсыз жағдайларда қызметкерді көруден толықтай айырып, мүгедек етуі мүмкін. Жұмыс беруші үшін бұл өндірістік жарақат үшін жауапкершілікті, сондай-ақ компания беделіне кері әсер етуді, сақтандыру жарналарының артуын және өзге де жағымсыз салдарларды білдіреді.

Көру мүшелерінің жарақаттарын болғызбау үшін жұмыскерлерді көздер мен беттерді жеке қорғану құралдарымен өз уақытында және дұрыс қамтамасыз ету маңызды.

Көру мүшелерінің ЖҚҚ қандай болады?

Көздер мен беттің жеке қорғану құралдары:  ажарлау, ұсақтау, кесу, жарылыс жұмыстарын орындау, бөлшектеу, гальванилік және химиялық процестер, қарқынды лазерлік сәулеленуден, пісіруді орындау кезінде немесе жоғары температура көздерінің жанында жұмыс істеген кезде ультракүлгін және инфрақызыл сәулеленуден қорғану кезінде ұшқан бөлшектерден, түтіндерден, тітіркендіруші қатты заттардан, сұйықтықтар мен газдардан қорғану үшін қажет.

Көздер мен бетті жеке қорғау құралдарына мыналар жатады:

Бүйір қалқаншалары бар немесе оларсыз, ашық үлгідегі көзілдіріктер. Классикалық нұсқасында әртүрлі реңктердегі және доғашалардағы қорғаныш линзалардан құралады, кейбір модельдерінде доғашаларды эластикалық резеңкеге алмастыру мүмкіндігі бар. Жылдамдығы жоғары, төменгі энергиямен ұшатын бөлшектерден қорғау қызметін атқарады. МемСТ 12.4.253-2013/ EN166:2002 бойынша бұл көзілдіріктер 45 м\с жылдамдықтағы 6 мм болат шарикпен беріктікке тестіленеді , линзаның таңбалануы - «F» . Сондай-ақ линзалардың үлгісіне қарай күшті жарықтан, лазерлік және инфрақызыл сәулеленуден қорғауы, контрастілікті арттыруы және жарықтандырылу деңгейлері ауысатын жағдайлардағы жұмыс кезінде көз шағылысуын азайтуы мүмкін.

Көздердің айналасында бетке тығыз жататын, жабық үлгідегі көзілдіріктер. Тікелей желдетумен, жанама желдетумен және желдетусіз (қымталған) болады. Ашық үлгіге қарағанда, қорғаныштың неғұрлым жоғары деңгейі болады. Көздер мен олардың айналасындағы аймақты линза үлгісіне қарай, ұшқан бөлшектер мен сынықшалардан, шаңнан, химиялық заттардың шашырандыларынан, газдар мен булардан сақтауға көмектеседі. Поликарбонатты линзаны пайдаланған кезде жабық көзілдіріктер төмен және орта энергия бөлшектерінен қорғауды қамтамасыз етеді (тестілеу сол 6 мм болат шарикпен, бірақ 120 м\с жылдамдықта жүзеге асырылады). Линзаның таңбалануы - «B» немесе «F». Әдетте сапалы модельдерінде линзаны терлеу мен сызылулардан қорғайтын арнаулы жабындары болады.

Беттің алдыңғы бөлігін қорғайтын беттік қалқанша Дулығаға немесе телпекке бекітілетін немесе қолмен арнаулы тұтқа арқылы ұсталатын үлкен линза немесе экран болып табылады және бетті маңдайдан иекке дейін жабады, оны жоғары энергиямен ұшатын бөлшектерден (190 м\с-қа дейін, 6 мм болат шарикпен, таңбалануы «А»), шашырандылардан, ұшқындардан, артық жылудан, УК, ИҚ және қарқынды жарықтық сәулеленуден қорғайды. Сондай-ақ беттік қалқаншалар тазартылған ауаны мәжбүрлеп беру жүйелерінің бөлігі болуы мүмкін. Материалдың қалыңдығына қарай, беттік қалқаншаларда «F» немесе «B» таңбалануы болуы мүмкін.

Көздер мен бетті ғана емес, сондай-ақ естуді де қорғайтын аралас құралдар. Мысалы, 3М компаниясы естуді қорғайтын, доғашаға шуға қарсы төсемдер бекітілетін жүйесі бар, ашық үлгідегі қорғаныс көзілдіріктерін (3M Tora ССS көзілдіріктері), немесе беттік қалқанша мен құлаққаптар біріктірілген 3M Peltor V40 мультижүйесін ұсынады.

Көздер мен бетті қорғау құралдары жұмыстардың нақты жағдайлары мен оларды орындау ерекшеліктеріне қарай таңдап алынады.

Толығырақ оқыңыз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 11, 2016

 



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль