Шетелге іссапарды ресімдеу тәртібі

417
Қызметтік тапсырма, іссапар, алдымен бөлімшенің басшысы қол қояды, содан кейін басшылығымен бекітіледі.

Кейбір жұмыс берушілер іссапарға жиналған қызметкерге арнап, қызметтік тапсырманы ресімдейді. Онда іссапардың мақсаты, орны, шешілуі тиіс мәселелер, шетелде болуға қойылатын талаптары көрсетіледі. Қызметтік тапсырмаға ең алдымен бөлімше басшысы қол қояды, содан кейін компания басшылығы бекітеді.

Басқа жұмыс берушілер ауызша тапсырма берумен шектеледі. Қазақстан заңнамасында қызметтік тапсырманы жасау міндеттілігі көзделмеген, сондықтан, оны жасау жұмыс берушінің шешімімен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта қызметкер мен жұмыс беруші арасында түсініспеушілік туындауын болдырмас үшін, қызметкердің іссапарда болуы кезінде оның орындауы тиіс міндеттермен қызметкерді (қол қойдыру арқылы) міндетті түрде таныстыра отырып, қызметтік тапсырманы еркін түрде жасау ұсынылады. 

Шетелге іссапарды ресімдеу тәртібі

Егер жұмыс беруші қызметтік тапсырманы ресімдеуді міндеттемейтін болса, бұйрық шығаруға құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік хаты, қабылдаушы тараптың шақыруы, өндірістік қажетілік және т. б. негіз болуы мүмкін.

Бекітілген қызметтік тапсырманың (немесе басқа да тиісті құжаттың) негізінде кәсіпорын басшысының іссапарға жіберу туралы бұйрығы (өкімі) шығарылады. Қабылдаушы тараптың шақыруы бар болған жағдайда, оның қазақша және/немесе орысша тілдердегі аударылған көшірмесі бұйрыққа қоса тіркеледі.

Іссапар шығыстарының сметасы жасалады. Қызметкерге іссапар мерзіміне, сондай-ақ ұжымдық шарттың талаптарына байланысты ақшалай сома беріледі, бұның бәрі бухгалтердің құзыретіне жатады. Іссапар ақысы қызметкерге, әдетте ол өз бетінше шетелдік валютаға айырбастай алатындай, теңгемен беріледі.

Істелген  жұмыс туралы есеп

Қажет болған жағдайларда, іссапар куәлігі ресімделеді, содан кейін ол іссапар куәлігі журналында тіркеледі және қызметкерге беріледі. ТМД-ның кейбір (Беларусь, Молдова, Украина, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) елдерімен халықаралық келісімдер бар, оған сәйкес құжаттарда осы елдердің мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезі тіркелмейді. Тиісінше, қызметкерді осы елдердің біріне ісспараға жіберу кезінде іссапар куәлігі талап етілмейді. Сондықтан, іссапарды жоспарлау және ресімдеу кезінде осы жағдайды айрықша нақтылау қажет.

Іссапарға жіберілетін қызметкердің деректері іссапарларды есепке алу журналында тіркеледі, онда қызметкердің жеке деректерінен (А. Т. Ә., лауазымы, іссапар мерзімі және т. б.) басқа іссапар куәлігінің нөмірі мен күні, баратын орны, қызметкер жіберілген ұйым көрсетіледі.

Іссапардан қайта оралған қызметкер орындалған жұмыс туралы есеп жасауы тиіс. Шығыстарды растайтын құжаттармен қоса, соныман қатар ол бухгалтерияға аванстық есеп беруі тиіс, оған тұрғын үй-жайды жалдау туралы, екі жаққа жол жүру (таксиден басқа) құжаттарын, сондай-ақ шетелдік төлқұжаттың көшірмесі мен валюта айырбастау және өкілдік мақсаттарға жұмсалған шығыстар жөніндегі банктік түбіртектер қоса тіркеледі.    


 Дереккөз: "ACTUALIS: Кадрлық іс" электрондық жүйесі,  тестілік тегін көру мүмкіндігін алу



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль