Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі

54
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі
Мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы аса маңызды бағыт қызметкерлердің қауіпсіз қызметіне кепілдік беретін еңбекті қорғау мен еңбекті қорғаудың тиісті жағдайларын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта көпшілік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды ұйымдастыру мен басқару жөніндегі жұмыс нормативтік құқықтық актілер талаптарының негізінде әзірленген санитарлық-сауықтыру іс-шаралары мен еңбек жағдайларын жақсартудың кешенді жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Әлеуметтік серіктестер

Бұған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның кеңейтілген отырысының барысында 2014 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған, Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісім жағдай жасайды.

Келісімді әзірлеуге әлеуметтік әріптестер: Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Еңбек конфедерациясы, Қазақстан ерікті кәсіподақтарының конфедерациясы, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы мен жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары қатысты.

Еңбек қатынастарында еңбек жағдайларын жақсартуға, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық стандарттарын  енгізуге ерекше назар аударылады.

Өндірісте жазатайым оқиғалар тәуекелдерін төмендету, қауіпсіз еңбек  жағдайларын жақсарту, өмір ұзақтығын арттыру, қызметкерлер денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатымен әлеуметтік әріптестер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспар жобасын әзірледі.

Көптеген ірі кәсіпорындарда жұмыс берушілер қызметкерлерді өндірістегі қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға ерекше көңіл бөледі:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бағдарлама әзірледі, оның басымдыққа ие бағыттары персонал денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады;
  • «Казцинк» ЖШС еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған  «Персонал қауіпсіздігі» бағдарламасын әзірледі;
  •  «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты»  АҚ қоғамдық инспекторлардың нәтижелі жұмысының арқасында еңбекті қорғауды басқару жүйесін (бұдан әрі – ЕҚБЖ) ойдағыдай енгізуде.

Мұндай мысалдар аз темес. Біздің міндетіміз – кәсіпорындардағы осыған ұқсас тәжірибені жер-жерде тарату.

Соңғы жылдары көптеген ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылық деңгейінің төмендеу және тұрақтану үрдісі байқалды.

Мұнымен қатар, республикада бұрынғыша еңбек жағдайлары мен қызметкерлер денсаулығының қанағаттанғысыз жай-күйі байқалуда, өтемақылық төлемдерге орасан қаражат жұмсалуда.

Еңбектің зиянды және басқа да қолайсыз жағдайларымен қамтылған қызметкерлер саны жоғары болып қалып отыр.

Еңбектің зиянды және басқа қолайсыз жағдайларындағы жұмыс үшін жеңілдіктер мен өтемақыларға бес жылдың ішінде  342,8 млрд теңге жұмсалды.

Қызметкерлердің еңбек жағдайларындағы  қолайсыз жағдаят елеулі экономикалық жоғалтуларға әкеп соғады,  олар еңбектің зиянды жағдайларымен байланысты  жұмыс уақытын тікелей жоғалтудан және өтемақылар  беру қажеттігінен туындайды.

Өндірістегі авариялардың салдарынан адамдар зардап шегеді және қайтыс болады.

 2014 жылы республикада  2 006 адам зардап шекті, олардың 334-і қайтыс болды. Еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары мен кәсіподақтардың кәсіподақ комитеті немесе қызметкерлердің жалпы жиналысы сайлайтын қоғамдық инспекторлар жүзеге асырады. Мелкеттік инспекторлардың аздығы ұйымдарды сапалы тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Бүгінгі күні кәсіподақтарда  18 мыңнан астам қоғамдық инспекторлар бар, олар 2014 жылы 200 мыңнан астам бұзушылықтарды тіркеді. Қоғамдық инспекторларда еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары айқындалған жағдайда белгілі бір өкілеттіліктер болмайды. Кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттануды қысқарту, өндірістегі мүгедектікті төмендету мақсатымен Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге қоғамдық инспекторлар рөлін арттыру мен оларға перспективада тиісті құқықтар беру  мәселелерін пысықтауда.

Оқыту жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнес кәсіпорындарында еңбекті қорғауға жүйелік тәсіл енгізуді, кәсіптік ауруға шалдығушылық деңгейін төмендету үшін қызметкерлерге медициналық-алдын алушылық қызмет көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыруды  қосқанда еңбекті қорғау саласындағы мамандар жұмысының тиімділігін арттыру мен жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет.

Қосымша шаралары

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К. Мәсімовтің Атырау облысына жасаған жұмысшы сапарының қорытындылары бойынша Хаттамаға (2014 жылғы 9 шілдедегі № 11-5/09-20) сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы мен Кәсіподақтар федерациясымен бірге барлық ұйымдарда қоғамдық еңбек инспекторлары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі  комитеттердің (комиссиялардың) рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар жасау туралы нақты тапсырмалар берілді.

Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нақты ұсыныстар әзірледі, олардың негізгілері мыналар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің шеңберінде:

1. Өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдау кезінде мемлекеттік еңбек инспекторымен бірге кәсіподақтың техникалық инспекторының немесе еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың міндетті түрде қатысуын қарастыру.

2. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың құқықтарымен қатар кәсіподақтың техникалық инспекторларының құқықтарын анықтау. Кәсіподақ техникалық инспекторының тексеріс қорытындылары бойынша лауазымды тұлғалардың атына айқындалған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізу және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құқығын қарастыру.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің шеңберінде: әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құқығы бар лауазымды тұлғалардың құрамына кәсіподақтардың техникалық инспекциясын да енгізу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  «Қазақстан Республикасындағы бірыңғай бюджеттік  жіктеменің кейбір мәселелері» бұйрығының шеңберінде:  бюджет шығындарының экономикалық жіктемесін  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға кететін шығындар туралы тараумен толықтыру.  Бұл мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға кететін шығындарының орнын толтыруға мүмкіндік береді.

 Барлық күш-жігерді адам ресурстарының сақталуына бағыттау керек. Лайықты еңбек  жұмысшы адамның  салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқықтарын қамтамасыз етуді  көздейді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль