Саналы қарым-қатынасы, әрбір қызметкердің өзіндік қауіпсіздік

67
Саналы қарым-қатынасы, әрбір қызметкердің өзіндік қауіпсіздік
Міндеттерді орындау және өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған, арттырады имиджі кен басқармасының "Қостанай минералдары"АҚ

Кен басқармасы – «Қостанай минералдары» Акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі, құрамында  291 адам бар.  Кен басқармасының негізгі міндеті – хризотил-асбест пайдалы қазбасын дайындау және өндіру.

Бөлімшенің құрамына үш цех кіреді:

– өндіру және үйінді түзу цехы (бұдан әрі – ӨжҮТЦ);

–  электрмеханикалық жабдықтарды жөндеу цехы (бұдан әрі – ЭЖЖЦ);

– электр желілерін пайдалану цехы (бұдан әрі – ЭЖПЦ).

 «Қостанай минералдары» АҚ Кен басқармасы өндірістік қызметін  ҚР СТ  OHSAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері. Талаптар»  және ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша талаптар мен басшылық» стандарттарының кіріктірілген талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Қазіргі сәтте жүйелер өзекті жағдайында ұсталуда және тұрақты жақсартылуда, оны сәйкестік сертификаты куәлендіреді.

Саясат, мақсаттары мен міндеттері еңбекті қорғау мәселелерінде директорлардың, құрылымдық бөлімшелер мен басқа да лауазымды тұлғалардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай жүйесін белгілейді.

Кен басқармасының ҚР СТ OHSAS 18001-2008 саласындағы негізгі мақсаттары:

1. Жазатайым оқиғаларды, оқыс оқиғалар мен уақиғаларды нөлге жеткізу.

2. Ауруға шалдығушылықты еңбекке қабілетсіздік күндері, сондай-ақ басқа жағдайлар бойынша да 10 %-ға төмендету.

3. Жұмыс орнында шаңдану, газдану, шу, діріл сияқты зиянды өндірістік факторлардың әсер ету дәрежесін төмендету.

Кәсіпорын саясатын орындау үшін  Кен басқармасында мыналарға бақылау жүргізіледі:

  • Заңнаманың және оған сәйкес Президент пен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына. Жыл сайын кәсіпорын бойынша нормативтік құжаттама тізбесі  жасалады, согласно графикке сәйкес бүкіл персоналды оқыту жүргізеді, көрнекті үгіт орнатылады, азаматтық қорғаныс кабинеті ұйымдастырылған, азаматтық қорғаныс бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізіледі;
  • тау-кен, мұнай-химиялық, химиялық, мұнай-газ өңдеуші өндірістерді пайдалану мен жобалау, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай өнімдерін, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану саласындағы қызметтің барлық түрлерін лицензиялауға;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптамамен қамтамасыз етуге. Экскаватор паркіне өнеркәсіптік сараптама жүргізудің бес жылдық графигі әзірленіп, бекітілді, 2012 жылдан бергі кезеңде жабдықтарды пайдалану мерзімін ұзарту шеңберінде экскаватор паркінің жеті бірлігіне күрделі жөндеу жүргізілді;
  • қауіпті өндірістік объектілер қызметкерлері штатының белгіленген талаптарға сәйкес толықтырылуымен қамтамасыз етілуіне;
  • есептер жасау, оқиғаларды тергеп-тексеру мен талдауды өткізуге арналған рәсімдерді белгілеуге. Рәсімнің мақсаты оқиғаның негізгі себептерін айқындау мен жоюды құрылымдалған, өлшемдес және өз уақытындағы тәсілмен қамтамасыз ету болып табылады. Барлық оқиғаларды комиссия міндетті түрде тергеп-тексереді, оқиғалар және тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпараттар Кен басқармасындағы бүкіл ұжымның қаперіне жеткізіледі;
  • қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында дайындаумен және аттестаттаумен қамтамасыз етуге. Кен басқармасы цехтарының қызметін бағалау (ҚР СТ OHSAS 18001-2008 жүйесінің талаптарына сәйкес) мынадай критерийлерге негізделеді: инспекциялар өткізген тексерістердің қорытындылары; заңнамалық және басқа талаптарды талдау; оқиғалар мен тәуекелдерді бағалау туралы құжаттар мен жазбаларды зерттеу; объектіде болу мен тікелей бақылау нәтижелері.

Кен басқармасында үнемі, межелес бөлімшелер мен бөлімдерді тартумен еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке белсенді және жедел мониторинг жүргізіледі.

      Қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың салдарларын оқшаулау мен жою  жөніндегі іс-шаралардың қатарында – аварияларды жоюдың әзірленген жоспарлары бар, бұл Кен басқармасы персоналының авариялық жағдайларға әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімшесін, медициналық қызметті, әскерлендірілмеген өртке қарсы қызметті тартумен дайындалғандығын қамтамасыз етеді. Авариялардың барлық әлеуетті түрлері анықталған, тәуекел (туындау ықтималдығы мен салдарлары) бағаланған, ұйым бөлімшелерінің арасындағы, сыртқы ұйымдармен және халықпен тығыз байланыс қарастырылған;

  • қызметкерлерді олардың жұмыс орындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі, өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етуге. Көрнекті үгіт материалдары, мерзімдік басылымдардағы жарияланымдар пайдаланылады. Персонал ҚР СТ OHSAS 18001-2008 менеджмент жүйесі бойынша кеңестерге және конференцияларға қатысуға тартылады .

ҚР СТ  OHSAS 18001-2008 және ҚР СТ ИСО 14001-2006 саласындағы менеджмент жүйесінің тиімділігі мақсатында нақты және әлеуетті сәйкессіздікті анықтау, түзетулер енгізу, мүмкін болатын проблемаларды болғызбайтын түзетімдеуші және сақтандырушы іс-әрекеттер қабылдау рәсімдері регламенттелген.

Кен басқармасының басшылығы еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясаттың тиісінше орындалуы үшін жауапкершілікте болады.

Қауіптіліктерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау жөніндегі қызмет – жұмыс орнына қолжетімділігі бар барлық персоналдың (қосымша мердігерлер мен келушілерді қосқанда) күнделікті қызметіндегі үздіксіз үдеріс. Қауіптіліктерді сәйкестендіруді жүргізу үшін жұмысшы топ (Кен басқармасы бастығының басшылығымен) құрылды, ол жұмыс орындарының тізбесіне сәйкес қауіптіліктерді сәйкестендіру мен тәуекелдерді бағалауды жүргізді. Таңдап алынған жұмыс орындары орындалатын жұмыстардың барлық үлгілерін, барлық кәсіптерді (әсіресе қауіптілігі жоғарылармен байланыстылары) қамтыды.

Қорытындыда жұмыс орнының қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі факторлар анықталды:

өндірістік  процесс;

жұмыс орнын ұстау;

өндірістік жабдықта жұмыс істеген кездегі еңбек қауіпсіздігі;

жұмыс орнындағы қоршаған орта факторлары;

өтпелер мен өту жолдары;

құтқару және алғашқы көмек көрсету үшін мүмкіндіктер және т.б..

Кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартудың, санитарлық-сауықтыру шараларының кешенді жоспары бекітілді және қолданылуда.

Кен басқармасының кешенді жоспары мынадай негізгі іс-шараларды көздейді:

  • еңбекті қорғау талаптары мен нормаларына сәйкес келмейтін жұмыс орындарын барынша қысқарту;
  • жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді еңбек қауіпсіздігінің мемлекеттік және салалық стандарттарының талаптарына сәйкестікке келтіру;
  • еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін және техникалық жай-күйі бойынша қайта құрылымдауға және күрделі жөндеуге жатпайтын өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдаланудан шығару;
  • қызметкерлерді белгіленген нормалар бойынша санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз ету;
  • ауыр дене жұмыстарын айтарлықтай қысқарту, одан кейін жою, қол еңбегімен қамтылған жұмыс істеушілердің санын азайту.

Кен басқармасында қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту мен санитарлық-сауықтыру шараларды іске асырудың перспективалық және ұзақмерзімдік кешенді жоспарларын әзірлеу мен іске асырудың алдында жұмыс орындарын төлқұжаттандыру мен аттестаттау жүргізілді. Бұл міндеттерді өндірісті қайта құрылымдау, техникалық қайта жарақтандыру, автоматтандыру мен механикаландыру, еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы технологияны енгізу жолымен шешуді белгіледі.

Қызметкерлер денсаулығын сақтауға ұмтыла отырып, компания жыл сайын өндірістік қауіпсіздік деңгейін тұрақты арттыру мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды қаржыландырады, жыл өткен сайын қаржыландыру көлемі өсіп келеді және бүгінгі күні ол 8 млн-нан астам теңгені құрайды. Жұмыс орындарын компьютерлендіру белсенді жүргізілуде, тұрмыстық үй-жайлар жаңартылып, жөнделуде. Көпшілік жағдайларда буфеттер мен асханалардан бөлек барлық қажетті заттармен: тоңазытқыштармен және микротолқынды пештермен жарақталған тамақ ішетін бөлмелер жұмыс істейді.

Әзірше шешілмеген проблемалар да бар, еңбекті қорғау саласындағы қызмет жоспарлы түрде жалғастырылуда.

Талдаманың негізінде неғұрлым жарақат қауіпті учаскелер айқындалды, өндірістік объектілердің зиянды және қауіпті өндірістік факторлары бар бөлімшелерінің тізбесі жасалды. Тізбе «Зертханалық өлшеулер өткізу графигінің» негізінде жасалды. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларына эргономикалық зерттеулерді, аспаптық және зертханалық өлшеулерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Қарағанды мемлекеттік медицина университеті ғылыми-зерттеу зертханасының өкілдері өткізді.

Аттестаттау, жұмыс орындары мониторингінің нәтижелері бойыншазиянды факторлардың әсер етуін азайту және кәсіпорындағы жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді,  ол включающий:

  • экскаваторлардағы ауа алмастырғыштарды  жөндеу мен ағымдық қызмет көрсетуді;
  • екі  ЭКГ-8И экскаваторына ауа алмастырғыштар сатып алу және орнату;
  • екі ЭКГ-8И экскаваторын күрделі жөндеу;
  • жабдықтардың әрбір бірлігіне ауызсуға арналған термостар сатып алу;
  • ЦЭЭС ӘТК ғимаратында есік блоктарын алмастыруды қамтиды.

Экскаваторлар күймешіктерінде шаңданғандық деңгейін азайту үшін күрделі жөндеу кезінде ескі терезе жақтауларын пластикалық әйнек пакеттеріне алмастыру жүргізілді, ал түнгі уақытта еңбек жағдайларын жақсарту үшін экскаваторлардағы галогенді прожекторлар мен шоқтану шамдары бар прожекторлар заманауи жарық диодты прожекторларға алмастырылды.

Еңбек қауырттылығын азайту үшін ескі басқару пульттерін ТЖҚ қондырғысы бар жаңа басқару пульттерімен алмастыру жүргізіледі.

Еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар:

  • өндіру және үйінді түзу цехындағы карьерді құрғату учаскесінде сорғылық қондырғылар машинашыларына арналған вагоншаларға жөндеу жүргізілді;
  • электрмеханикалық жабдықтарды жөндеу цехында қосымша жылыту аспаптары орнатылды, бұл суық тию ауруларының төмендеуінде оңды әсер етті.

Электр қуатын тұтынуды азайту, сондай-ақ  ЭКГ-6,3 УС №42  (карьерлік шынжыртабанды экскаватор, жетілдірілген, № 42) экскаваторына шу деңгейін төмендету үшін үлкен топтың орнына тиристорлық түрлендіруші орнатылды.

Кен басқармасының мамандары персоналды «Ұқыпты өндіріс» әдістеріне үйретеді. Өндірістік жоғалтуларға байланысты бірінші тақырыпты қызметкерлер қазірдің өзінде меңгерді. Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен экологияға арналған екінші циклге назар аударылуда.

     Карьер сияқты қауіпті өндірістік объектіде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалау нәтижелері туралы қызметкерлерді еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалар кезінде, жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда, өндірістік нұсқаулықтарда хабардар етеді.

 «Қостанай минералдары» АҚ Кен басқармасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін тексеру графигі бекітілген және қолданылады.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның міндетіне еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының орындалуын бақылау кіреді. Сондықтан, тексерулер графигіне сәйкес комиссия мүшелері әртүрлі объектілерге үнемі шығып тұрады. Мақсаты – әлеуетті бұзушыларды айқындау ғана емес, бірінші кезекте мүмкін болатын қателіктерді көрсету, жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру бойынша кәсіби кеңес беру. Басшылықтың өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне мұндай көзқарасы адамдардың өз еңбегіне неғұрлым жауапты қарауын қалыптастырады.

Барлық бөлімшелерде әрбір бейсенбі басшылар мен мамандардың қатысуымен  – «Еңбекті қорғау күні» болып белгіленген. Бұл күні жұмыс орындарындағы қауіпсіздіктің жай-күйіне тексерістер, еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасы жөнінде әңгімелесулер өткізіледі, бұл әрбір қызметкердің, бригадирдің, шебердің, бөлімше басшысының қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауына септігін тигізеді. Тексерістер кезінде жұмыс орындарында қоршаулардың, қауіпсіздік белгілерінің болуына, қызметкерлердің жеке қорғану құралдары мен аспаптарын қолдануының дұрыстығына, қауіпсіздік техникасына арналған стенділердің безендірілуіне, еңбекті қорғау жөніндегі журналдар толтырылуының тұрақтылығына ерекше көңіл бөлінеді.

Еңбек қауіпсіздігі саласында тұрақты талдау жасауды жүзеге асыру үшін жыл бойында тоқсан сайын жұмыс берушінің еңбекті қорғау қызметтері кәсіподақтардың еңбекті қорғау жөніндегі комиссияларының, қоғамдық инспекторлардың  қатысуымен  біріккен отырыстары өтеді, олар бірлесе отырып, өндірістік алаңдарға аудит, ЖҚҚ-н беру нормаларына, жазатайым оқиғаларға жол бермеу жөніндегі шараларға мониторинг өткізілді.

Өндірістегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар белгілі бір – адам, уақыт, материалдық-экономикалық ресурстарды талап етеді. Сондықтан тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге әсер ететін факторларды оңтайландыру міндеті өндірістің ортақ мақсаты  – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейі кезінде барынша экономикалық тиімділікке қол жеткізуге сүйене отырып, кешенді шешілуі тиіс.

Еңбек ұжымының әрбір өкілі өзінің қорғанысы және жұмыс орнында орналасқан басқа адамдардың қорғанысы  үшін  орын алған өндірістік қауіптіліктерден қорғауға әзірленген ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауы және құрметтеуі, ал басшылық болса – еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуі қажет.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль