Справочник кадровика

Бейбәселестік туралы шарт

  • 21 декабря 2018
  • 49
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», независимый HR-специалист, г. Алматы

Жұмыс беруші жұмысшылармен бейбәселестік туралы шарт жасасу керек. Себебі қазіргі жеке кәсіпкерліктің дамуына байланысты тек мемлекет емес, фирманың иесі де шығындалуы мүмкін, және бұған өте көп мән берілуі қажет.

Бейбәселестік туралы шарт: тиімді жаңалық

Еңбек қатынастары шегінде жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында жасалатын жаңа шарт түрін бекіткен жаңа Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2018.21.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) Еңбек кодексінің 29-бабы біздің заңнамада дер кезінде пайда болды. Қазіргі жеке кәсіпкерлік кезінде, нұқсан мемлекетке емес, фирманың меншік иесі түріндегі нақты адамға келтірілуі мүмкін, сондықтан  бұл іске шындап кірісу керек.

Бірақ, жұмыскер өзінің жұмыс берушісімен бәсекелескен жағдайлар бұрын да болған.

ПРИМЕР

1964 жылғы режиссер Вениамин Дорманның «Жеңіл өмір» атты кеңестік фильмін еске түсірейікші. Онда Юрий Яковлевтің кейіпкері күндіз химиялық тазалауда істейді, ал, түнде, ресми жұмысында қалпына қайта келтіруге болмайды деген киімдерді химиялық тазалаудан өткізумен айналысты.  
Тіпті, медициналық орталықтарда, түнде, жарты бағаға, жұмыс беруші компаниядан түскен пайданы жасырып, соның жабдығында хирургиялық операциялар жасайтын жағдайлар болады.

Бейбәсекелестік туралы шартқа ең алдымен қызметкерлерінің үнемі біліктілігін көтеруге және оқуына қаражат салған ірі компаниялар мүдделі. Егер сондай кадрлар өз білімдерін, деректер базасын, үйренгендерін, тұрақты клиенттерін алып бәсекелестерге кетсе, міне, жоғалту деген осы.

Сондықтан бейбәсекелестік туралы шарттар негізінде топ-менеджерлермен және мидл-менеджерлермен (бөлім жетекшілері) ресімделеді, бірақ, мұқият қараса, басқа мамандардан, тіпті, қатардағы жұмыскерлерден де сұмдық күтуге болады.

ЦИТИРУЕМ ЗАКОН

Бейбәсекелестік туралы шарт жасалуы мүмкін жұмыскер атқаратын немесе орындайтын лауазымдардың және жұмыстардың тізбесі жұмыс берушінің актісімен бекітіледі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 29-бабының 3-тармағы).

Көп жағдайда кәдімгі тігіншілер жұмыста жұмыс берушінің тігін машиналарымен, соның жіптерімен «көлденең табыс» тауып жатады… Наубайшылар да есептелмеген торттар пісіреді, әрі оның жартысы қазыналық азық-түліктен; маникюр шеберлері салоннан клиенттерді үйлеріне алып кетеді; тіпті мал дәрігерлері бір бөлмені жабдықтап, мысықтарды екі күн жұмыста (10 000 теңгеден) және екі күн үйде (3 000 теңгеден) дәрілейді. Ал жарнамаға және клиенттерді тартуға ақшаны жұмыс беруші жұмсайды.

Айтылған жағдайларда бейбәсекелестік туралы шарт жұмыс берушіні ықтимал залалдан құтқаруға арналған. Бұл ретте заңнама келтірілген залалды өтеу әдісі ретінде қызметкердің компанияға жалпы материалдық жауапкершілігін көздейді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.

ЦИТИРУЕМ ЗАКОН

 ҚР ЕК 123-бабы 8-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап бұзылған жағдайда жұмыс берушіге келтірілген нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге жүктеледі.

Бұл жерде бір нәрсені ескеру керек. ҚР ЕК 29-бабының 2-тармағына сәйкес бейбәсекелестік туралы шартта оларды қабылдау шектері мен жағдайлары белгіленеді, сондай-ақ бейбәсекелестік туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы жағдай қолданылатын кезеңге өтемақы белгіленуі мүмкін.

Қазақстандық заңгерлердің мамандандырылған басылымдардағы осы тақырыптағы мақалаларын талдап, біз өтемақы туралы ұғымды мамандар екі түрлі түсінетінін көрдік.

ПРИМЕР

Осылайша, кейбіреулер бұл өтемақыны нұқсан келтіру бойынша кінәлі іс-әрекетті анықтаған жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге негізделген нақты мөлшерде және тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін, мысалы,үш тәулік мерзімінде төлеуге тиіс деп тұжырымдайды. Бұл жағдайда жұмыскердің жауаптылығы материалдық жауаптылықтан басқа тағы осы өтемақымен қамтамасыз етіледі деп айтылады.


* Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 11 оқыңыздар 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться