Тез бейімделу – жаңа келген қызметкердің тиімділігінің құпиясы

57
Тез бейімделу – жаңа келген қызметкердің тиімділігінің құпиясы
Граусбард Юлия Васильевна
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», бизнес-тренер, коуч, г. Алматы
Бейімделу – ол екіжақты процесс, өйткені қызметкердің компанияға, оның қағидаларына және дәстүріне бейімделуімен бірге компанияда қызметкерге бейімделеді

Тез бейімделу – жаңа келген қызметкердің тиімділігінің құпиясы

Компанияңыздағы бос орынға ең жақсы мамандардың бірін іріктеп алғаныңызды көзіңізге елестетіңізші. Сіз қызметкерлер құрамын іріктеу жөніндегі маман ретінде өзіңізге риза боласыз, ал оның тікелей басшысы бөліміне өз ісінің кәсіпқойы келгеніне риза болады. Бәрі жақсы қалыптасып жатқан сияқты, бірақ, жаңадан келген қызметкер жаңа ұжымға бейімделуден өту керек қой. Бұл процесте қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі департаменттің рөлі өте маңызды. Компанияның құндылығы болатын жаңадан келген қызметкерлерді қалдыру үшін және компания жұмысының тиімділігін арттыру үшін қызметкерлер құрамы жөніндегі маман не істеуіне болатынын көрейік.

 Компанияңыздағы бос орынға ең жақсы мамандардың бірін іріктеп алғаныңызды көзіңізге елестетіңізші. Сіз қызметкерлер құрамын іріктеу жөніндегі маман ретінде өзіңізге риза боласыз, ал оның тікелей басшысы бөліміне өз ісінің кәсіпқойы келгеніне риза болады. Бәрі жақсы қалыптасып жатқан сияқты, бірақ, жаңадан келген қызметкер жаңа ұжымға бейімделуден өту керек қой. Бұл процесте қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі департаменттің рөлі өте маңызды. Компанияның құндылығы болатын жаңадан келген қызметкерлерді қалдыру үшін және компания жұмысының тиімділігін арттыру үшін қызметкерлер құрамы жөніндегі маман не істеуіне болатынын көрейік.

Бейімделу – ол екіжақты процесс, өйткені қызметкердің компанияға, оның қағидаларына және дәстүріне бейімделуімен бірге компания да оның ұжымы тұлғасында жұмыстың барлық процестеріне қосатын жаңадан келген қызметкерге бейімделеді. Бейімделу – ол қызметкерді компанияға енгізу процесі. Бұл процестің жүйелі болғаны және тұрақты негізде істегені қажет.

СЛОВАРИК

Бейімделу ( орыс тіл. адапта́ция, лат. adapto ‒ бейімделемін) ‒ өзгеріп жатқан сыртқы жағдайларға бейімделу процесі.

Шын мәнінде бейімделу процесі барлық компанияларда болмайды, бірақ, термині қолданылады. Көп жағдайда сынақ мерзімі кезінде қызметкердің бейімделуі жүзеге асады деп, «сынақ мерзімі» ұғымын қолданады. Осы кезең ішінде жаңа қызметкердің бейімделуі оның сынақ мерзімінен табысты немесе сәтсіз өткеніне байланысты.     

Бейімделу процесіндегі қиындықтар көп жағдайларда қызметкер бұл рәсімнен жалғыз өтуіне байланысты. Бұл жерде,  «Джунгли заңы» күшіне енеді, яғни, ең мықты «тірі қалады», бірақ, джунгли жағдайларында «тірі қалған» адам да кейде компанияға қажет болмайды. Кейбір кәсіпқойлар сынақ мерзімі аяқталмай кетіп қалуы мүмкін.

Егер бейімделу кезеңінде қызметкерлер құрамы жөніндегі жұмыс бойынша департамент қызметкерлерінің тарапынан қолдау болмаса, жаңадан келген қызметкер өзін тастанды сезінеді.  жаңа жұмыс орнына және ұжымға тезірек үйрену үшін, өзінің жұмысы және басқалармен өзара қарым-қатынас туралы және т.с.с. ең маңызды нәрселерді білу үшін оған көмектесу керек.

Бейімделудің негізгі қиындықтары және оларды шешу жолдары

Жаңадан келген қызметкердің алдында қандай негізгі қиындықтар туындайды, және оларды шешу жолдары қандай, соларды қарайық.

Біріншіден, айналаңызда барлығы жаңа болғандықтан және алдыңғы жұмыс орнынан ерекшеленетін себептен психологиялық жайсыздықтың туындауы; әріптестермен дұрыс жасалған байланыстың жоқтығы.

Бұл мәселені шешу үшін қызметкерді онымен тікелей жұмыс істейтін әріптестерімен таныстыру керек, және қандай мәселелермен және кімге жүгінуге болатынын айтқан жөн. Ең маңыздысы, бұл процесті формалды түрде орындамау керек. Бүкіл бөліммен бірге шәй ішіп, әңгімелесуге болады. Жаңадан келген қызметкердің басшысы осыған бастамашы болса тіпті жақсы. Әрине, әріптестердің өздерін де танысу процесіне дайындаған жөн – алдын ала жаңа қызметкердің келетінін, бастапқы кезде оның көмекке мұқтаж болатынын, оған деген жылы қарым-қатынас көрсету қажеттігін айтқан дұрыс, сондай-ақ олар жаңадан келген қызметкерге корпоративтік мәдениеттің  ерекшеліктері туралы айтып, оны бірлесіп істейтін жобаларға тарту керек.  Қызметкердің жұмысқа осылай тартылғаны одан көп күш-қуатты талап етеді, сондықтан ол жаңа ұжымға тез «сіңіп» кетеді.

Екіншіден, жаңа қызметкерге өзінің жұмысына қатысты көп нәрсені айқын түсініп алу қажет:  алдына қоятын мақсаттарды,  оның қандай міндеттерді жүзеге асыратыны, оның қызметінің тиімділігі қалай өлшенетінін және т.с.с.                            

Бұл жерде жалғыз дұрыс шешім бар. Мұндай ақпаратты ол өзінің тікелей басшысынан, жұмысқа қабылданған күні алуға тиіс.

Үшіншіден, қызметкердің уәждемені, бонустарды және қосымша артықшылықтарды алу жүйесін дұрыс түсінбеуі.

Шешімі. Бұл ақпаратты беруге және толық түсіндіруге қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі бөлім жауапты. Егер қызметкер ол ақпаратты лауазымын атқаруға кіріскен күні алса, ол кейіннен жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін, өзінің жұмысын оңай жоспарлайды

* Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 11 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль