Кәсіптік стандарттарды әзірлеу: перспективалар мен шақырулар

40
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу: перспективалар мен шақырулар
Абдуманова М. М.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан, старший научный сотрудник лаборатории аттестации производственных объектов и профессиональных стандартов РГКП «РНИИОТ Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан», г. Астана
Мақалада кәсіптік стандарттар мен біліктіліктердің ұлттық жүйесін әзірлеу мен енгізудің себептері мен мақсаттары, сондай-ақ біліктіліктердің қолданыстағы анықтамалықтарының олқылықтары қарастырылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда іс жүзінде қазақстандық экономика мен әлеуметтік саланың барлық салаларын қамтитын қызметкерлер біліктіліктерінің ұлттық жүйесін кең көлемді жаңарту мен кәсіптік стандарттар жүйесін қалыптастыру жүзеге асырылуда. Жуырдағы уақытта барлығы үшін үйреншікті біліктілік анықтамалықтарын кәсіптік стандарттармен алмастыру жоспарлануда.

Кәсіби стандарттар

Дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттер өздерінің бәсекеге қабілеттілігін неғұрлым жоғары кәсіптік деңгейдегі еңбек ресурстарын дайындау жолымен арттырады. Қазіргі заманның технологиялық жетістіктері жұмыс күші нарығындағы стандартты біліктілік талаптарын ауыстырады және өзіне оқыту процесін жеделдету мүмкіндіктерін алады. Жұмыссыздықтың, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықтың тұрақты жоғары деңгейлері білім беру жүйесінің еңбек нарығы үшін қажетті дағдыларды меңгерген жас адамдарды дайындауға қабілетсіздігін көрсетті [1].

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында кәсіптік стандарттардың әрбір кәсіп үшін жол картасына айналуы тиіс екендігін атап өтті. Ұлттық көлемде олар мемлекетке жұмыс күшінің сапасын жақсарту, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, кәсіптік білім берудің талап етілетіндігі мен тиімділігін  дамыту мен арттыру үшін қажет. Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру стандарттары мен бағдарламалары жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне көбірек сәйкес келетін болады.

 Соңғы жылдары елде түбегейлі өзгерістер болып өтті. Экономикалық прогресс пен индустриялық-инновациялық сатыға өту экономика құрылымының өзгеруімен және еңбек нарығын түрлендірумен: өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуымен және білікті жұмыс күшіне сұраныстың артуымен қатар жүреді. Жұмыс берушілер тарапынан дайындық пен іс-тәжірибелік дағдылар деңгейіне қойылатын талаптардың өсуі көбінде жұмысқа орналасуға мұқтаж мамандардың кәсіптік құзіреттеріне сәйкес келмейді. Осыған байланысты, елде жұмыссыздықтың бар екендігіне қарамастан, бос жұмыс орындары сақталуда.

Еңбек нарығын түрлендірудің себебі – жұмыс берушілердің талаптары мен қызметкерлердің кәсіптік дайындық деңгейінің сәйкессіздігі. Бұл үйлесімсіздікті жою үшін жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен нормативтерге елеулі өзгерістер енгізу – біліктіліктердің жаңа жүйесін жасау мен өндірістің заманауи талаптарына сәйкес келетін және мамандар дайындау сапасын арттыруға бағытталған кәсіптік стандарттар әзірлеу керек.

Мақсаты-кәсіптік стандарттар жүйесін енгізу

Кәсіптік стандарттарды енгізу мақсаты – қазақстандық мамандықтарды халықаралық талаптармен қатар қойып, салыстыру. Қолданыстағы Біліктілік анықтамалықтары кем дегенде екі себептен ескірді:

1) олардағы кәсіптерге қойылатын талаптар көбінде өмір шындығына сәйкес келмейді;

2) көптеген жаңа кәсіптер пайда болды.

Кәсіптік стандарттар жүйесі кадрлық тапшылық проблемасын шешуге мүмкіндік береді деп ұйғарылып отыр, өйткені ол білім беру жүйесін еңбек нарығы талаптарына қарай «бейімдеуге» бағытталатын болады.

Осы қажеттілікті және бұған қатысты жинақталған халықаралық тәжірибені есепке алумен  2012 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 566-IV Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды. Еңбек кодексіне  ұлттық біліктіліктер жүйесін қалыптастыру жөнінде ережелер енгізілді. Заңмен  ұлттық біліктілік шеңбері, салалық біліктілік шеңберлері, кәсіби стандарттар, кәсіби даярлықты бағалау және мамандар біліктілігі сәйкестігін растау сияқты түсініктер бекітілді. Ұлттық біліктіліктер жүйесін қалыптастыру жұмысын ұйымдастырудағы еңбек жөніндегі уәкілетті органның, тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің құзіреттері белгіленді.

Қазақстандық ұлттық біліктік шеңберінің ерекшеліктері оның біліктіліктер ұлттық жүйесінің ажырамас бөлігі, ел көлемінде сегіз деңгей бойынша біліктіліктердің Еуропалық шеңберімен бірдейлігі мен оқыту нәтижелеріне негізделетіндігі болып табылатындығында [1].

Болонья декларациясына қол қойған жас ел ретіндегі Қазақстан ұлттық біліктілік шеңберлерін қабылдаған 27 елдің қатарына кірді.

Ұлттық біліктілік шеңберінің негізінде уәкілетті мемлекеттік органдар жұмыс берушілер мен қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірге салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеуде.

Салалық біліктілік шеңбері

Салалық біліктілік шеңбері салада маман біліктілігіне қойылатын талаптарды орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен пайдаланатын құзіреттерінің сипатына қарай жіктейді, сондай-ақ жұмыстарды тарифтеуде, аттестаттауда, персоналдың қызмет бабында өсу траекториясын құруда маңызды рөл атқарады.

 2013 жылы кәсіптік стандарттарды әзірлеу басталды, бұған мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінді. Кәсіптік стандарттарды әзірлеу кәсіптік қызмет мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды жасап шығару, еңбектің заманауи нарығы қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін қажет.

Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері жұмыс берушілер қауымдастығында кәсіби дайындығы деңгейін растағаннан кейін ғана кәсіптік қызметке жіберіледі. 2015 жылы колледждерді бітірушілердің 75%-ы мен жоғары оқу орындарын бітірушілердің 35%-ы жұмыс берушілер қауымдастығында тәуелсіз жүйе бойынша біліктілікті растауды тексеруден өткізілуі жоспарланған еді. Қазіргі уақытта үш: тау-кен-металлургиялық, туристік және мұнай-газ саласында салалық қауымдастықтар анықталды, – олардың базасында бітірушілер қанатқақты режімде біліктілікті растаудан өткізілетін болады.

Ұлттық біліктілік жүйесі қалыптасуының өзектілігіне қазіргі кезде дүние жүзінің жүзге жуық елінің белгілі бір дәрежеде кәсіптік стандарттарды әзірлеуге қатысатындығы септігін тигізді. Атап айтқанда, Ресей Федерациясында 800-ден кем емес кәсіптік стандарттар пайда болуы тиіс. Бұған қоса, Ресей Федерациясының Еңбек кодексінде кәсіби стандарт түсінігін бекіткен заң қабылданды. Ресей Федерациясы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №2204-р өкімімен 2012–2015 жылдарға арналған кәсіптік стандарттар әзірлеу жоспары бекітілді.

Даярлау сапасын арттыру үшін

Басқа да елдердегі сияқты, Қазақстанда кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен енгізудің объективті қажеттігі тұрақты технологиялық өзгерістерден, еңбек өнімділігі мен өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы адам факторы маңызының өсуінен туындады. Кәсіби стандарттар мамандар дайындау сапасын арттыру және заманауи өндірістің керекті бейін мен біліктіліктің керекті деңгейіндегі мамандарды қажетсінуін қанағаттандыру үшін қажет [2]. Бұл мәселелерді шешу үшін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен жаңғырту және дамытудың Халықаралық банкінің арасында жасалған несие туралы (техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) Келісім іске асырылуда, Келісім мына мақсатпен тауарлар, сабағаттық қызметтер көрсету мен оқытуды ұсынуды көздейді:

  • кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен біліктілікті бағалау жүйесін қайта қарау;
  • ұлттық біліктілік жүйесі мен ұлттық біліктілік шеңберін жасау;
  • тәуелсіз институттық аккредиттеу әдістері мен рәсімдерін әзірлеу мен енгізу.

Кәсіптік стандарттардың бар болуы экономикалық қызметтің/кәсіптік қызмет саласының нақты түрі үшін кәсіптердің қағидаттық жағынан жаңа жіктеуішін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кәсіби стандарттар әзірлеу үдерісінде қызметкерлер мен жұмыс берушілерде еңбек қызметін жаңарту мен нақтыландыру болып өтеді. Кәсіптік стандарттар қызметкерлердің кәсіпқойлығын бақылауға, қызметтің белгілі бір саласында сапа стандарттарын ұстап тұруға және жақсартуға мүмкіндік береді.

Кәсіптік стандарттарды әзірлеу кәсіптік қызметтің нақты саласында орындалуы тиіс функцияларды айқындауды ұйғарады. Стандартты қалыптастырудың аттанар нүктесі – еңбек қызметіне талдау жасау, оның барысында тиісті сала қызметкерлерінің еңбек функциялары мен олардың орындалу сапасына қойылатын талаптар анықталады.

Кәсіптік қызметтің жаңа стандарттары кәсіптердің ірілендірілген топтары бойынша әзірленеді. Егер қолданыстағы анықтамалықтарда 5 000-нан астам кәсіптер мен лауазымдар бар болса, онда  стандарттарды 800–900 көлемінде әзірлеу жоспарлануда.

Стандарттардың анықтамалықтардан тағы да бір айырмашылығы анықтамалықтарда білім беру стандарттарына шығудың жоқтығы болып табылады. Жаңа кәсіптік және білім беру стандарттары кәсіптік құзіреттерде тоқайластырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінде кәсіптік стандарттарды әзірлеуді үйлестіру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына тапсырылған. Қазіргі кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге 340 кәсіптік стандарт әзірленіп, бекітілді, олардың 147-сі – Бүкіл дүниежүзілік банктің қатысуымен әзірленді.

Кәсіптік стандарттар білім беру стандарттарының негізіне айналуы тиіс және мұнда  жұмыс берушілердің қатысуы маңызды рөл атқарады. Болашақта кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жөніндегі функцияларды Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына, нақты айтқанда жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтарына беру жоспарлануда.

Әдебиет тізімі

1. "Ұлттык біліктілік жүйесін кезен-кезенімен әзірлеу Жоспарын бекіту туралы"

2. Дуйсенова Т. К. Разработка профессиональных стандартов – веление времени // Казахстанская правда.(27569)

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»   



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль