Зерттеу және бағалау қызметкерлердің еңбек жағдайларын жылу электр станциясы

137
Зерттеу және бағалау қызметкерлердің еңбек жағдайларын жылу электр станциясы
Мақалада жылу электрстансасы негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеу мен гигиеналық бағалау нәтижелері ұсынылған

Заманауи жағдайлардағы еңбек медицинасы бағыттарының бірі – кәсіптік қызметтің тиімділігі мен сенімділігін, әртүрлі салалар персоналы денсаулығын тиісті деңгейде сақтауды қамтамасыз ету міндеттерін шешу. Бұл еңбек жағдайлары мен ерекшеліктері жұмыс істеушілерге жоғары талаптар қоятын, еңбектің қауіпті және зиянды жағдайларымен, персоналдың жоғары жүйкелік-психикалық қауырттылығымен қатар жүретін және ерте ауруға шалдығушылыққа, еңбек қызметін уақытынан ерте тоқтатуға әкелуі мүмкін өндірістер үшін өзекті [1, 2, 3].

Ел экономикасының оның барлық азаматтарына өмірдің өркениеттік жағдайларын қамтамасыз етудің ажырамас факторы бар негізгі салаларының бірі – электроэнергетика назар аударуға тұрарлық.

Гигиеналық зерттеулердегі адамның функциялық жай-күйінің ақпараттық интегралдық көрсеткіштерінің әзірлемесі өндірістік ортаның әртүрлі факторлар кешенінің қызметкерлер ағзасының функциялық жай-күйіне әсер етуін бағалау үшін қажет.

Жұмыстың мақсаты жылу электрстансасы (бұдан әрі – ЖЭО) негізгі кәсіптері қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеу мен гигиеналық бағалау болып табылды.

Жұмыс ортасы мен еңбек үдерісі факторларын өлшеу мен гигиеналық бағалау  «Kazakhmys Energy» ЖШС кәсіпорны  – Жезқазған ЖЭО-нда  жылдың жылы және суық кезеңінде жүргізілді.

Материалдар мен әдістер

Микроклимат параметрлерін (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы) зерделеу жұмыс ауысымының басында, ортасында және соңында, еденнен 0,5–1,0 м биіктікте отырып жұмыс істеген кезде немесе еденнен  1,5 м биіктікте, түрегеп тұрып жұмыс істеген кезде жүргізілді. Өлшеу: МВ-4-2М психрометрімен, Testo 425, ИВТМ-7 аспаптарымен жүргізілді.

Шу жүктемесін бағалау дыбыстың дБА-мен берілген эквивалентті деңгейі бойынша, дірілдік жүктемені бағалау шу өлшегіш Testo 816, шу мен діріл талдауышы «Ассистентті» пайдаланумен дБ-мен берілген жалпы дірілдің діріл жеделдетудің эквивалентті түзетімделген деңгейі бойынша жүргізілді.

Жұмыс аймағындағы ауадағы шаң мөлшерін анықтау ПУ-4Э аспираторының көмегімен жүзеге асырылды. Мөлшерлерді өлшеу ұзақтығы іріктеудің көлемді жылдамдығы 20 л/мин. кезінде  10—20 минутты құрады.

Қызметкерлер еңбегінің ауырлығын зерделеу серпіндік жұмыс көрсеткіштерін, көтерілетін және жылжытылатын жүк массасы, статикалық жүктемені, таптаурын қозғалыстар санын, жұмыстық кейіпті зерттеу кезінде жүргізілді. Еңбек қауырттылығы зейін қою, талдаушылық функциялардың, эмоциялық және зияткерлік қауырттылық, жұмыстың бірсарындылық көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Зерттелген өндірістер мен салалар қызметкерлерінің негізгі кәсіптеріндегі жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау Р 2.2.755-99 «Өндірістік орта факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы бойынша бағалау мен жіктеудің гигиеналық критерийлері» Басшылығына (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау істері жөніндегі агентігі, № 1.04.001.2000,  2000 жылдың 30 қарашасы) (бұдан әрі – Басшылық) сәйкес жүзеге асырылды.

Алынған нәтижелер және оларды талқылау

Турбина цехындағы бу турбиналары машинашысы, турбиналық жабдықтар бойынша аралап шығушы-машинашының, бу-газ турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі сілесірдің жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау:

  • жылдың жылы кезеңінде:
  • ауа температурасы – норма  18–27 °С болған кезде 35,2 °С;
  • ауаның ылғалдылығы – норма  65 %-дан аспайтын кезде 34,6 %;
  • ауа қозғалысының жылдамдығы – норма шектерінде;
  • жылдың суық кезеңінде:
  • ауа температурасы – норма 20–24 °С болған кезде 27,7 °С;
  • ауаның ылғалдылығы – норма 75 %-дан аспайтын кезде 46,0 %.

5,0 мг/м3-ге тең жол берілетін шекті мөлшер кезінде майлы аэрозольдер құрамының деңгейі орташа 1,21 мг/м3 -ті құрады (бу турбиналары машинашысының, турбиналық жабдықтар бойынша аралап шығушы-машинашының жұмыс орындары).

Діріл-акустикалық факторлардың, атап айтқанда шу жүктемесінің параметрлері бу турбиналары машинашысының жұмыс орнында  89 дБА, турбина жабдықтары аралап шығушы-машинашысында 92 дБА, бу-газ турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі сілесірдің жұмыс орнында норма 80 дБА—дан аспаған кезде 92 дБА-ны құрады.

Еңбек процесінің ауырлығы көрсеткіштеріне талдау жасау олардың көпшілігі бу турбиналары машинашысының жұмыс орнында еңбек жағдайларының 2 сыныбына сәйкес келетіндігін көрсетті. Сондай-ақ  жұмыстық кейіп сияқты көрсеткішті назарға алғанда турбиналық жабдықтар жөніндегі аралап шығушы-машинашының және бу-газ турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі сілесір еңбек процесінің ауырлығы  3.1 сыныбымен бағаланды.

Еңбек процесінің қауырттылығын зерттеу турбиналық жабдықтар бойынша аралап шығушы-машинашыда, бу-газ турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі сілесірде ол 2 сыныпқа сәйкес келетін болса, онда бу турбиналары машинашысында зияткерлік жүктеме (атап айтқанда сигналдарды, ақпаратты қабылдау және оларды бағалау), сенсорлық жүктемелер (атап айтқанда қадала бақылаудың ұзақтығы, есту талдауышына жүктеме) және жұмыс режімі (атап айтқанда жұмыстың ауысымдылығы, регламенттелген үзілістердің болуы мен олардың ұзақтығы) сияқты көрсеткіштер бойынша — 3.1 сыныбына сәйкес келетіндігін айқындады  (1кесте).

Қазандық цехындағы қазандар машинашысының, қазан жабдықтары жөніндегі аралап шығушы-машинашының, отқа шыдамды кірпішшінің, қазан тазалаушының жұмыс орындарындағы жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау микроклимат параметрлерінің орташа мәндері мынаны құрайтынын көрсетті:

  • жылдың жылы кезеңінде:
  • ауа температурасы – норма 17–29 °С болған кезде 29,6 °С;
  • ауаның ылғалдылығы – норма 65 %-дан аспаған кезде 44,5 %;
  • ауа қозғалысының жылдамдығы – норма шектерінде;
  • жылдың суық кезеңінде:
  • ауа температурасы – норма 15–24 °С болған кезде 27,7 °С;
  • ауаның ылғалдылығы – норма 75 %-дан аспаған кезде 40,0 %.

4,0 мг/м3-қа тең  шекті жол берілетін мөлшер кезінде шаңданғандық деңгейлері 12,2-ден 14,1 мг/м3-қа дейінгіні (қазандар машинашысының, қазандық жабдықтары бойынша аралап шығушы-машинашының, отқа төзімді кірпішші, қазан тазалаушының жұмыс орындары) қамтыды.

Бұл ретте көрсетілген кәсіптердің жұмыс орындарындағы шу жүктемесі мен діріл-акустикалық факторлар параметрлері гигиеналық нормативтерден асқан жоқ.

Қазандар машинашысының, қазандық жабдықтары бойынша аралап шығушы-машинашының жұмыс орындарындағы еңбек процесі ауырлығы көрсеткіштерінің көпшілігі еңбек жағдайларының 3.1 сыныбына сәйкес келеді. Бұл кезде жұмыстық кейіп, дененің еңкеюлері, таптаурын жұмысшы қозғалыстар сияқты көрсеткіштерді есепке алғанда, отқа төзімді кірпішші мен қазан тазартушы еңбек процесінің ауырлығы   3.2–3.3 сыныптарымен бағаланды.

Қазандық жабдықтары жөніндегі аралап шығушы-машинашының, отқа төзімді кірпішшінің, қазан тазалаушының еңбек процесінің қауырттылығы 2 сыныпқа сәйкес келеді, алайда қазандар машинашысында эмоциялық жүктемелер (атап айтқанда өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі, өз өмірі үшін тәуекел дәрежесі), сенсорлық жүктемелер (атап айтқанда қадала бақылаудың ұзақтығы), жұмыс режімі (атап айтқанда жұмыс ауысымдылығы, регламенттелген үзілістердің бар болуы мен олардың ұзақтығы) сияқты көрсеткіштер бойынша —3.1 сыныбына сәйкес келді.

Отын-көліктік цехтағы отын беру машинашысы, вагон-төңкергіштің машинашысы, тепловоз машинашысының, бульдозер машинашысының жұмыс орындарындағы микроклимат параметрлерін бағалау:

  • жылдың жылы кезеңінде:
  • ауа температурасы – норма 15–29 °С болған кезде 25,3 °С;
  • ауаның ылғалдылығы – норма 70 %-дан аспаған кезде  31 %;
  • ауа қозғалысының  жылдамдығы – норма шектерінде;
  • жылдың суық кезеңінде:
  • ауа температурасы – норма 15–24 °С болған кезде 16,1 °С;
  • ауаның ылғалдылығы – норма 75 %-дан аспаған кезде 40,0 %.

1 кесте

Электр энергетикалық өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің негізгі кәсіптерінің жетекші кәсіптік-өндірістік факторларын гигиеналық бағалау

 «Kazakhmys Energy» ЖШС– Жезқазған ЖЭО

(еңбек жағдайларының сыныптары)

«Kazakhmys Energy» (Казахмыс Энерджи) ЖШС  – Жезқазған  ЖЭО электр эенргетикалық өнеркәсіп кәсіпорнының негізгі кәсіптік топтары

Кәсіптік-өндірістік фактор

Микроклимат

Шаң,

аэрозоль

Шу

Діріл

Еңбектің ауырлығы

Еңбектік қауырттылығы

Бу турбиналарының машинашысы

3.2

2

3.2

2

2

3.1

Турбина жабдықтары жөніндегі аралап шығушы-машинашы

3.3

3.1

3.2

2

3.1

2

Бу-газ турбиналық жабдықтарын жөндеу жөніндегі сілесір

3.2

3.2

­2

3.1

2

Қазандар машинашысы

2

3.1

2

2

2

3.1

Қазандық жабдықтары жөніндегі аралап шығушы-машинашы

2

3.1

2

2

3.1

2

Отқа төзімді кірпішші

3.2

3.2

2

2

3.2

2

Қазан тазалаушы

3.1

3.1

2

2

3.3

2

Отын беру машинашысы

2

3.1

3.1

2

3.2

2

Вагон-аударушының машинашысы

2

2

3.1

2

3.1

2

Тепловоз машинашысы

2

2

2

2

2

3.1

Бульдозер машинашысы

2

2

3.1

3.1

3.1

2

4,0 мг/м3-қа тең жол берілетін шекті мөлшер кезінде  шаңдану деңгейлері 2,74 мг/м3-тан (вагон-аударғыш машинашысының, бульдозер машинашысының жұмыс орындары) 13,3 мг/м3 –қа дейінгіні (отын беру машинашысының жұмыс орны) құрады.

Отын беру машинашысы, вагон-аударушы машинашысы, тепловоз машинашысы кәсіптерінің  жұмыс орындарындағы діріл-акустикалық факторлардың параметрлері гигиеналық нормативтерге сәйкес келді (норма 107 дБА-дан аспаған кезде бульдозер машинашысының жұмыс орнындағы діріл деңгейін – 111 дБА-ны қоспағанда). Отын беруші машинашысының жұмыс орнындағы шу жүктемесі 85 дБА-ны, вагон-аударушы машинашысының жұмыс орнында – 85 дБА-ны, тепловоз машинашысында – норма 80 дБА-дан аспаған кезде 78 дБА, бульдозер машинашысының жұмыс орнында  – норма 85 дБА-дан аспаған кезде 88 дБА-ны құрады.

Талдау жасау отын беру машинашысы, вагон-аударғыш машинашысы, бульдозер машинашысының жұмыс орындарындағы еңбек процесі ауырлығы көрсеткіштерінің көпшілігі еңбек жағдайларының 2–3.1 сыныптарына сәйкес келетіндігін анықтады. Бұл кезде отын беруші машинашысы еңбек процесінің ауырлығы  3.2 сыныбына сәйкес келді.

Зерттеу отын беру машинашысының, вагон-аударғыш машинашысының, бульдозер машинашысының еңбек процесі қауырттылығы 2 сыныпқа, ал тепловоз машинашысында зияткерлік жүктемелер (атап айтқанда сигналдарды (ақпаратты) қабылдау мен оларды бағалау, орындалатын жұмыс сипаты), сенсорлық жүктемелер (атап айтқанда қадала бақылаудың ұзақтығы), эмоциялық жүктемелер (атап айтқанда өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік дәрежесі, өз өмірі үшін тәуекел дәрежесі, басқа тұлғалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік дәрежесі) және жұмыс режімі (атап айтқанда жұмыстың ауысымдылығы) сияқты көрсеткіштер бойынша  –  3.1 сыныбына сәйкес келетіндігін анықтады.

Жұмыс істеушілердің өндірістік ортасы зиянды факторларының жекелеген параметрлерін өлшеу және бағалаумен қатар жұмыс істеушілердің цехтық-кәсіптік қатыстылығы бойынша жекелеген жұмыс орындарын кешенді бағалау да орындалды  (2 кесте).

2 кесте

Электр энергетикасы өнеркәсіптік кәсіпорындары негізгі технологиялық цехтары қызметкерлері жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының сыныптары мен өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының зияндылық  дәрежесі бойынша көрсеткіштері

 «Kazakhmys Energy» ЖШС – Жезқазған  ЖЭО

Цехтың, өндірістік учаскенің аталуы

Зиянды өндірістік факторлар

Кәсіп

Еңбек жағдайларының сыныбы мен зияндылық дәрежесі

1

2

3

4

Турбина цехы

  • температуралық  инверсиялар
  • шу
  • діріл
  • эл. өрісінің кернеулігі
  • еңбек процесінің ауырлығы
  • еңбек процесінің қауырттылығы

1. Бу турбиналарының машинашысы

3.3

2. Турбиналық жабдықтар жөніндегі аралап шығушы-машинашы

3.3

3. Бу-газ турбиналық жабдықты жөндеу жөніндегі сілесір

3.3

Қазандық цехы

  • фиброгенді әрекетті аэрозольдер
  • шу
  • діріл
  • еңбек процесінің ауырлығы
  • еңбек процесінің қауырттылығы
  • жұмыс орындарының нашар жарықтандырылуы

1. Қазандардың машинашысы

3.1

2. Қазандық жабдықтары жөніндегі аралап шығушы-машинашы

3.1

3. Отқа төзімді кіртішші

3.3

4. Қазан тазалаушы

3.3

Отын-көліктік

цех

  • фиброгенді әрекетті аэрозольдер
  • шу
  • діріл
  • еңбек процесінің ауырлығы
  • еңбек процесінің қауырттылығы
  • температуралық инверсиялар

1. Отын беру машинашысы

3.2

2. Вагон-аударушының машинашысы

3.1

3. Тепловоз машинашысы

3.1

4. Бульдозер машинашысы

3.2

ЖЭО-ндағы еңбек жағдайларын зерттеулер өндірістік ортаның негізгі қолайсыз гигиеналық факторлары микроклимат, шаңдану (аэрозольдер), шу жүктемесі, сондай-ақ еңбек үдерісінің ауырлығы мен қауырттылығы болып табылатындығын көрсетті.

ЖЭО мынадай кәсіптерінің жұмысшылары мен мамандары үшін еңбектің неғұрлым  қауіпті және зиянды жағдайлары айқындалды:

  • бу турбиналарының машинашысы;
  • турбиналық жабдықтар жөніндегі аралап шығушы-машинашы;
  • қазандық бөлімшесінің аралап шығушы-машинашысы;
  • бу-газ турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі сілесір;
  • отқа төзімді кірпішші;
  • қазан тазалаушы;
  • отын беру машинашысы;
  • бульдозер машинашысы.

Зерттеулер Басшылық негізінде ЖЭО негізгі кәсіптері қызметкерлері еңбек жағдайларының интегралды бағасын белгілеуге мүмкіндік берді. Өндірістік ортаның орын алған қолайсыз факторларының жиынтығы бойынша зерделенген кәсіптердің еңбек жағдайлары 3.1–3.3 сыныптарына сәйкес келеді. Үшінші сынып еңбектің зиянды жағдайларымен сипатталатындығын назарға алу қажет, бұл ретте егер зияндылықтың 1-дәрежесі (3.1) ағзада функциялық өзгерістер, ал 2-дәрежесі (3.2) – кәсіптік ауруға шалдығушылықтың артуына әкелетін функциялық өзгерістер туындатуға қабілетті болса, онда зияндылықтың  3-дәрежесі (3.3) ауырлығы жеңіл және орта дәрежелі кәсіптік аурулардың дамуына әкеледі.

Осылайша, кешенді зерттеулер мен алынған материалдарды талдау энергетикалық сала кәсіпорындары өндірістік ортасының жағдайларын оңтайландыруға бағытталған санитарлық-техникалық алдын алушылық шаралардың басымдыққа ие бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Әдебиет тезімі

1. Мухин Н. Н., Измеров Н. Ф., Соркина Н. С. Профессиональная патология сегодня. Проблемы и решения // Профессия и здоровье: в сб. материалов XII Всероссийского конгресса. – М. – 2013. – 49–61 б.

2. Измеров Н. Ф. Глобальный план действий по охране труда // Медицина труда и промышленная экология. – 2008. – № 6. – 1–9 б.

3. Анализ уровня производственного травматизма и профессиональной заболеваемости в Республике Казахстан. Аналитический обзор по итогам 2007–2013 гг. – Астана. – 2014. – 33 б.

 

[1] Ауа температурасының нәтижелері үшін ауаның нәтижелік температурасының орташа мәндері алынды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» 



Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль