text
Справочник кадровика

Жаңартудың төрт саясаты

  • 29 ноября 2016
  • 48
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Жаңартудың төрт саясаты

Қытайдағы Дэн Сяопиннің реформалары дәуірінде болған еңбек қатынастары, еңбек заңнамасында қазіргі өмір шындығынан қаншалықты ерекшеленетіні туралы айтылады

Жаңартудың төрт саясаты

Бүгін «Кәсіби шеберлік мектебі» айдарында сіздерге, құрметті оқырмандар, Қытайдағы Дэн Сяопиннің ұлы реформаларының дәуірінде болған еңбек қатынастарымен танысуды ұсынады. Олардың еңбек заңнамасында қазіргі өмір шындығынан қаншалықты ерекшеленетінін тексеруді ұсынамыз.

 Қарашаның басында оңтүстік астанаға үздіксіз жаңбыр келді. Жаңбыр ақырындап қарға айнала бастаған кезде Немо директор өзінің қызметкерлерін шақырып, алдына жаңа міндет қойды. Уақыт өлшемдері бойынша, бұл жақын саяхат екен – ХХ ғасырдың сексенінші жылдарына. Агенттіктің қызметкер қыздарынан ұлы реформатор баяндамасының толық көшірмесін алу талап етілді.

1979 жылдың қараша айында орталықта Бейжіңнің орталық көшелерінің бірінде Кеңес Одағынан келген екі қыз жанталаса Мәдениет үйіне баратын жолды іздеп жүрді. Олар сол жерде өтетін социалистік елдердің комсомол ұйымдарының слетына қатысу керек еді. Олардың естуі бойынша слет делегаттарын ҚХР Кеңесінің Төрағасы Дэн Сяопин құттықтайды екен.

Олар такси ұстап, қай жаққа бару керек екенін жүргізушіге түсіндірді.

Таксист қарапайым және әңгімешіл жігіт екен. Кеңес Одағынан келген қонақтарды алып келе жатқанын біліп, Янь Вэй, яғни, жүргізуші Айнұрды басында қытай қызы деп ойлап қалғанын айтты.

Оның үстіне ми синтезаторы арқылы жылдамдатылған оқыту курсының арқасында Айнұр қытай тілін жақсы меңгеріп алған.

Қытай астанасында кішігірім саяхат

Янь Вэй Қытай астанасында қыздар үшін кішігірім саяхат жасап, жергілікті көрікті жерлер туралы әңгімеледі.

Көшеде машинелер аз, көбінесе автобустар мен жүк машинелері. Көп адамдар жұмыстарына велосипед, мопед және мотоциклдармен асығып бара жатыр. Жолардың торабында қолдарына ала таяқ ұстаған, каска және қара қоңыр мундирлері бар қозғалыс реттеушілері тұр. Үйлер аласа екен, көбісі тоғыз қабаттан жоғары емес. Биік ғимараттар құрылысының дәуірі әлі басталмаған…

Басталған жаңбырлы маусымға қарамастан, қалада дымқыл және ыстық болды.

Таксист оларға ескерткіштерді, алаңдарды және көне ғимараттарды көрсетті. Олар адамдар көп жүретін Тьяньаньмын алаңының жанынан өтті.

Олеся Сяопиннің реформаларына деген көзқарасын сұрағанда, жүргізуші өзінің және оның таныстарының көбісінің реформаторға деген ниеттерінің жақсы екенін айтты.

Өмір сүру деңгейі өсті.

Мысалы, оның ауылдық коммунаның төрағасы болып істейтін, мемлекетке күріш пен астық тапсыратын, ауылдағы ағасы жақында үкімет енді олардың өнімін жоғары бағамен алатыны туралы жазды. Баға отыз пайызға көтеріліпті. Бұл ретте салықтар қысқарыпты. Бұл жақсы емес пе?

– Әрине, жақсы! – деді Олеся.

Янь Вэйдің жұмысында да кәсіподақ бір апта бұрын жалақыны жиырма пайызға көтеруге, сондай-ақ жоспарды мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйлықақыны өсіруге қол жеткізген. Бірақ, бұл өзгерістер келесі айдан бастап күшіне енеді және кәсіпорын жұмыскерлермен жасасатын еңбек шартында көрсетіледі.

– Ал, осы уақытқа дейін сіздер еңбек шартысыз жұмыс істедіңіздер ме? – деп сұрады Айнұр.

Янь Вәй басын изеді.

Одан басқа, күрішке баға көтерілген кезде, сондай-ақ үй сатып алу үшін, дотация енгізуге уәде беріп отыр.

– Біздің директорға мемлекет жұмыскерлердің санын және оларды жалдау мерзімдерін анықтауға өзіне мүмкіндік берді. Ал бұрын қалай еді? Кімнің қай жерде және қай кезеңде жұмыс істейтінін, саны қанша болу керек екенін мемлекет өзі анықтайтын. Кейде, бізге паркке екі жүз адам жіберетін, олардың елуі көліксіз қалады, сонымен айлап, жылдап жұмыссыз жүретін, міне сондай жағдайлар да болған.  Бұл жағдайда ештеңе істей алмайсың: партияның ұйғарымы!

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 11 оқыңыздар 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль