Міндетті медициналық тексеріп-қарауларға талап етілетін тәсілдер

77
Міндетті медициналық тексеріп-қарауларға талап етілетін тәсілдер
Мақала авторлары еңбектің тиімді профилактикасына септігін тигізетін іс-шаралардың арасынан ең пәрменді құралдардың бірі ретінде міндетті медициналық тексеріп-қарауларды қарастырады.

Соңғы уақытта көптеген дәрігерлер, еңбекті қорғау мамандары еңбек ұжымдарында, оның ішінде еңбектің зиянды және/немесе қауіпті факторлары бар өнеркәсіптік кәсіпорындарда міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды өткізудің объективтілігі турасында қызметкерлердің шағымдарымен, жүгіністерімен жиі ұшырасуда. Бұл ретте мән-жайды бағалауда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді  қолданудың, сондай-ақ іс-тәжірибеде өндірістік қауіпсіздікті, еңбек гигиенасы мен жұмыс істеушілердің денсаулығын басқару бойынша тетіктердің жиынтығы ретінде кәсіптік тәуекелдерді басқарудың маңызды рөл атқаратындығын есепке алу қажет. Кәсіптік тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізу дүниежүзілік ынтымақтастықтың көптеген елдерінде  (Ұлыобритания, АҚШ, Жаппония, Финляндия, Австралия, Франция және басқалар) өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылық деңгейін төмендетуге  жағдай жасайды. Әдетте тәуекелдерді зерттеу өз бастауын  қауіптіліктерді, олардың пайда болу себептерін, әртүрлі топтарға жағымсыз факторлардың әсер ету мүмкіндігінің тетіктерін міндетті медициналық тексеріп-қарауларды мақсатты бағыттап өткізу жолымен айқындаудан алады.

Қажеттігін жаңа нормативтік актінің

Туындаған проблемаларды талқылау үшін:

— Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі  м.а-ның 2015 жылғы 24 ақпандағы  "Міндетті медициналық  қарап-тексерулерді өткізу Қағидаларын бекіту туралы" № 128 бұйрығы;

—Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың іс-шараларын регламенттейтін  «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы"   № 175 бұйрығы  себеп қызметін атқарды.

     Алайда жоғарыда көрсетілген бұйрықтардың арасында бірқатар алшақтықтар бар, Қазақстан Республикасының  18.09.2009 жылғы № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы»  Кодексінің (бұдан әрі - Денсаулық кодексі) талаптарымен ұштаспайды. Көрсетілген бұйрықтардың мақсаттары мен міндеттерінің қызмет түрлері бойынша да, сондай-ақ ішкі мазмұны бойынша да ерекшеленетіндігін атап өту керек.

Осыдан шыға отырып, мақала авторлары  міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізу туралы нормативтік-құқықтық актінің баламалы жобасын (бұдан әрі - НҚА жобасы) ұсынады.

Қазақстанда еңбек жағдайларын басқару  мен өндірістің зиянды және қауіпті факторларыжасайтын  қауіптіліктерден болатын тәуекелдерді анықтау құралдарының бірі - өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау болып табылады. Алайда жұмыс орындарын аттестаттау процесінде өндірістік факторлардан болатын тәуекелдер ғана жіктеледі, кәсіптік тәуекелдерді жұмыскерлер денсаулығының жай-күйімен салыстыру тетіктері мүлдем  жоқ болады. Ал еңбек медицинасы тұрғысынан  кәсіптік тәуекелді жұмыскерлердің ауруға шалдығушылығын дәлелдейтін сандық заңдылықтарды анықтау аспектісінде талдауға болады. Бұл ретте өндірістік орта (шу, діріл, химиялық және биологиялық заттар, радиация және сәулеленудің басқа да түрлері және т.б.) мен еңбек процесінің (қарқындылық, жұмыс екпіні және басқалар) факторлары  денсаулықты зақымдаудың көздері ретінде қарастырылады. Нақ осындай көзқарас кәсіптік тәуекелдің БДҰ ұсынған анықтамасында айқын жазылған: тәуекел - бұл адам ағзасының өндірістің зиянды факторының белгілі бір экспозициясына  қолайсыз жауап әрекеттерінің жиілігін және/немесе күтілетін ауырлығын бейнелейтін  математикалық тұжырымдама.

Маңыздылығын алдын алу

Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттар денсаулыққа әрқашанда өзінің кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайда еңбек медицинасының қызметтері жұмыстың жұмыс істеушілердің ленсаулығына, денсаулығын нығайту мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге  әсер етуінің қолайсыз жайттарын жұмсартуға және жоюға бағытталған профилактикалық іс-шараларды әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Еңбектің тиімді профилактикасына септігін тигізетін өзге де іс-шаралардың арасында міндетті медициналық тексеріп-қараулар оның ең пәрменді құралдарының бірі болып табылады.

Денсаулық кодексіне сәйкес медициналық тексеріп-қараулар міндетті және профилактикалық болулары мүмкін. Міндетті медициналық тексеріп-қараулар (бұдан әрі  - ММТ)  мыналарға бөлінеді:

—алдын ала;

— мерзімдік;

— ауысым алдындағы.

Олардың анықтамаларына қысқаша тоқталайық.

Алдын ала міндетті  медициналық тексеріп-қараулар жұмысқа немесе оқуға кірген кезде міндеттерді орындауға жарамдылықты айқындау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардан сақтандыру және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау  мақсатымен жүргізіледі.

Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қараулар жұмыс істеушілердің денсаулығы жай-күйіне серпінді бақылауды, аурулардың бастапқы белгілерін өз уақытында анықтауды қамтамасыз ету, жалпы, кәсіптік аурулардан сақтандыру және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау  мақсатымен жүргізіледі.

Ауысым алдындағы міндетті  медициналық тексеріп-қараулар жеке тұлғада аурудың бар-жоқтығын, денсаулығының жай-күйін, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, келген ауысымдағы жұмысқа жарамдылығын анықтау мақсаттарында жүргізіледі.

Өз кезегінде профилактикалық  медициналық тексеріп-қараулар жаппай және таңдамалы болып бөлінеді, денсаулық сақтаудың кез келген медициналық ұйымы диспансерлеу тәртібімен жүргізеді.

Міндетті және профилактикалық болады. Айырмашылығы неде?

Міндетті және  профилактикалық  медициналық тексеріп-қараулар бір-бірінен ерекшеленеді.

Бірінші жағдайда Денсаулық кодексі жұмыскерді алдын ала ММТ-ден жұмысқа және оқуға кіріскен кезде, сондай-ақ қызметкердің еңбек қызметі кезінде жыл сайын, кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ кәсіптік аурулардан сақтандыру мақсатымен өтуге міндеттейді. Міндетті (мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды өткізу кезінде жұмыс беруші мен медициналық ұйымның арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалады, жұмыс беруші жолдама береді, мамандар жұмыс берушінің есебінен кәсіптік патология бойынша оқытылуы тиіс. Орындалатын жұмысқа жарамдылық туралы қорытындыны медициналық ұймның дәрігерлік комиссиясының төрағасы - дәрігер-кәсіптік патолог береді және қол қояды.

Профилактикалық медициналық тексеріп-қараулардан өткен кезде пациент пен медициналық ұйымның арасында шарт жасалатынын, пациенттің өзі медициналық ұйым басшысының атына өтініш жазатынын, бұл ретте медициналық тексеріп-қарауды өткізетін дәрігерлік комиссия мүшелерін кәсіптік патология бойынша оқыту талап етілмейдігін, медициналық қызметтер көрсетуді қаржыландыруды жұмыскердің өзі жүзеге асыратындығын есепке алу қажет. Жұмысқа медициналық қарсы көрсетілімдердің, медициналық көрсетілімдер немесе медициналық шектеулердің жоқтығы (бар екендігі) туралы қорытындыны  медициналық ұйымның терапевт-дәрігері береді және қол қояды.

Медициналық тексеріп-қарау көбінде алдын ала деп аталатындығынан, яғни оның жүргізілетін жұмыстың алдында болатындығына орай,  кейде даулы жағдаят туындайды: алдын ала медициналық тексеріп-қарауға жолдама қашан - еңбек шарты жасалғанға дейін, әлде кейін берілуі тиіс пе?  Сондай-ақ бұл сұрақ өз анықтамасын талап етеді. Мұндай мән-жай кезінде алдын ала медициналық тексеріп-қарау тікелей жұмысқа жіберілуге дейін өткізілуі тиіс. Осыған орай, жұмыс беруші қызметкерді жұмысты орындауға ол алдын ала медициналық қарап-тексеруден өтіп, жұмыс берушіге оның нәтижелерін ұсынғанға дейін жібермеуі тиіс.

Егер медициналық тексеріп-қараудың нәтижесі жұмысқа қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытынды болып табылса, жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасай алады.

Бірыңғайлау критерийлері заңнамалық құжаттар

Егер үміткерде мұндай жұмысты орындауға қарсы көрсетілімдер айқындалса, жұмыс беруші қолда  медициналық қарсы көрсетілімдер бар екендігі себепті еңбек шартын жасасудан, жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқылы, және де бұл негізделген болып табылады және шағым беруге жатпайды.

Қазіргі уақытта нормативтік-әдістемелік және заңнамалық құжаттардың критерийлерін біріздендіру және үйлестіру қажет. Талқыланатын проблема көп дәрежеде өндірістік ортаны бағалаумен айналысатын  мамандарға: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерге, МСЭҚ және СЭС санитарлық дәрігерлеріне, емдеу-профилактикалық мекемелер мен медициналық-санитарлық бөлімдердің дәрігерлеріне, дәрігер-кәсіптік патологтарға, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетушілерге қатысты. Мамандар жұмысшылар денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды мәселелерінің бірі  — бұл еңбек пен демалыстың физиологиялық ұтымды режимдерін негіздеу және дайындау, жоғалтқан денсаулықты қалпына келтірудің тиімділігіне арналған ұсынымдар әзірлеу екендігін түсінулері тиіс. Бұл іс-шаралар жұмысқа қабілеттіліктің табиғи құлдырауын баяулатуы тиіс. Өйткені жұмыскер денсаулығы жай-күйінің деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын анықтайды.Еддің экономикалық әл-ауқаты жұмыс істеуші халықтың денсаулығына тікелей байланысты.

Алдын ала медициналық тексеру

Авторлар ұсынған НҚА-нің талап етілетін жобасы шеңберінде міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қараулардың тәртібі мен өткізілуінің кейбір аспектілерін мынадай позициялар бойынша қарастырамыз.

1.1. Алдын ала медициналық тексеріп-қараулар жұмысқа қабылданған кезде, жұмысқа кірісетін тұлғаға ресімделген және берілген жолдама (бұдан әрі - жолдама) негізінде жүргізіледі.

1.2. Жұмысқа кіретін тұлға алдын ала қарап-тексеруден өту үшін  медициналық ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

— НҚА жобасына 1 қосымшаға сәйкес жұмыс берушіден жолдама;

— оның жеке тұлғасын куәлендіретін, белгіленген үлгідегі құжат;

— бұрынғы жұмыс орындары  бойынша міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелерімен, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның бас дәрігері куәлендірген амбулаториялық картасын немесе оның үзінді көшірмесі.

Құжаттар жоқ болған  немесе қойылатын талаптарға толықтай сәйкес келмеген жағдайда - медициналық тексеріп-қарау жүргізілмейді.

1.3. Алдын ала тексеріп-қараудан өтетін үміткерге амбулаториялық картасы жоқ болған жағдайда пациенттің жаңа амбулаториялық медициналық картасы ресімделеді. Жеке параққа НҚА жобасына 2 қосымшаға сәйкес кәсіптік маршруттың  (кәсіпорын, цех, учаске, кәсіп, жұмыс өтілі, зиянды өндірістік факторлар) мәліметтері енгізіледі (амбулаториялық пациенттің медициналық картасына бекітіледі).

Дәрігерлік-медициналық комиссияның төрағасы болып табылатын дәрігер-кәсіптік патолог жұмысқа қабылданушының алдын ала зерттеліп-тексерілуден өту жоспарын жасайды, зерттеулердің зертханалық және аспаптық әдістерінің көлемін, медициналық тексеріп-қарауға қатысатын мамандар тізбесін белгілейді.

1.4. Алдын ала қарап-тексеру мәліметтері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2010 жылғы 23 қарашадағы  «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығына сәйкес жұмыскердің орындалатын жұмысқа денсаулық жай-күйінің сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды ресімдеумен  025/у нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі. Медициналық  карта медициналық ұйымда белгіленген тәртіппен сақталады.

    1.5. Алдын ала медициналық тексеріп-қарау:

-  егер жұмысқа кіретін тұлғаны барлық маман дәрігерлер қарап-тексерсе;

- факторлар мен кәсіптер Тізбесіне сәйкес зертханалық және функциялық зерттеулердің толық көлемі орындалса;

- сондай-ақ медициналық ұйым бұл зерттеулердің барлық нәтижелерін алса, аяқталған болып табылады.

1.6. Алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған тұлғаларға НҚА жобасына 1 қосымшаға сәйкес медициналық қорытынды беріледі (шығарылады).  Медициналық қорытындыға дәрігерлік комиссияның төрағасы тегі мен аты-жөнін көрсетумен қол қояды, медициналық тексеріп-қарауды өткізген ұйымның мөрімен куәлендіріледі.

Зиянды факторлары бар және еңбектің қолайсыз өндірістік жағдайлары бар жұмысқа қарсы көрсетілімдері бар тұлғаларға медициналық қорытынды қолға берілмейді, ал жұмыскерге қатысты ақпарат үш күн ішінде жұмыс берушіге жіберіледі.

2.1. Мерзімдік  міндетті медициналық тексеріп-қараулар олар болған кезде міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер Тізбесінде көрсетілген мерзімдерде өткізіледі.

2.2. Мерзімдік тексеріп-қараулар:

-   осы жылы  мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын жұмыскерлердің атаулы тізімінің (бұдан әрі - атаулы тізім)  (НҚА жобасына 3 қосымшаны қараңыз);

-   мерзімдік тексеріп-қарауды өткізудің күнтізбелік жоспарының (НҚА жобасына 4 қосымшаны қараңыз) негізінде өткізіледі.

2.3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік органының аумақтық бөлімшелері :

1) жұмыскерлерді міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар нәтижелерін жалпылауға қатысады;

3) медициналық ұйым басшысының сұратуы бойынша науқас жұмыс істейтін немесе жұмыс істеген қызмет көрсетуші ұйымдағы пкәсіптік патология Орталығы басшысының, науқасқа жұмыс берген жеке және заңды тұлғалардың еңбек жағдайларына санитарлық-эпидемиологиялық  сипаттамасын ұсынады.

Бүгінгі күні халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары орындайтын функциясында төмендеу үрдісі бар екендігін есепке алған жөн. Жұмыс беруші оларды  тек қана міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингенттің тізімімен таныстыруы тиіс. Демек, нәтижелер туралы қорытынды акт жасау құқығы, сондай-ақ  бақылау-қадағалау функцияларын жүргізу алынып тасталуға тиіс болды. Елдің  Еңбек кодексі бұл қызметтің функциялық міндеттерін еңбек жағдайлары мен жұмыскерлер денсаулығын қадағалау іс-шараларын жүргізу жолымен арттырады және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуге бағыттайды.

Медициналық ұйымның іс-әрекеттері

2.4.  Медициналық ұйымның іс-әрекеттері:

1). Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингенттер тізімін (жұмыс орындарының тізбесін) және жұмыскерлердің атаулы тізімін алғаннан кейін емдеу-профилактикалық мекеме міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу үшін дәрігерлік комиссия құрады. Күнтізбелік жоспар жасайды, онда орын алған зиянды өндірістік факторлардың ерекшелігін есепке алумен зертханалық және басқа зерттеулердің түрі мен көлемі, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімдері белгіленеді. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізетін медициналық қызметкерлер жеткіліксіз және жоқ болған кезде қажетті зерттеулер қызметтің көрсетілген түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда  жүргізіледі Жоспар әкімшілікпен және жұмыс берушімен келісіледі.

2). Дәрігерлік комиссияның құрамы бекітіледі.

Оған өз мамандығы шеңберінде кәсіптік патология бойынша арнаулы дайындықтан өткен  медициналық қызметкерлер:

- терапевт;

- хирург;

- невропатолог;

- отоларинголог;

- офтальмолог;

- дерматовенеролог;

-  гинеколог;

- рентгенолог,   функциялық диагностика жөніндегі дәрігер -

 дәрігер-зертханашы кіреді.

Комиссияның төрағасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу үшін жауапты болып табылатын, кәсіптік патология бойынша кәсіптік қайта дайындықтан өткен және маман (кәсіптік патолог) сертификатын алған дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады.  Қажет болған кезде дәрігерлік комиссия жұмысына егер оны қызметкерлер кәсібінің ерекшелігі талап ететін болса, басқа  (стоматолог, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог), сондай-ақ кәсіптік патология бойынша дайындықтан өткен мамандар тартылады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медициналық қызметкерлер медициналық қарап-тексеруге жататын қызметкерлер еңбегінің жағдайлары мен кәсіптік қызметінің  сипаттамасымен танысады.

3) Ауыр жұмыстармен, еңбектің зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларымен қамтылған жұмыскерлерді мерзімдік медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері жалпыланады. НҚА жобасына 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша 4 дана етіп қорытынды акт жасалады; өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейінгі қорытынды акт ММТ өткізуге басқа қатысушылардың келісімінсіз аумақ бойынша кәсіптік патологиялық кабинеттерге 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады. Қорытынды актіге басқа жұмысқа ауыстыру ұсынылған, стационарлық және санаторийлік-шипажайлық емделу, емдәмдік тамақтану, серпінді бақылау көрсетілген тұлғалардың атаулы тізімі қоса беріледі. Қорытынды актілер  оларға қол қойылғаннан кейін орындау үшін әкімшілікке, ұйымның кәсіподақ комитетіне (бар болған кезде),  жұмыс беруші орналасқан жердегі аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізетін медициналық ұйымда қалдырылады.

4) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың мәліметтері ҚР ДСМ-нің  23.11.2010 жылғы  «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген 025/у нысаны бойынша пациенттің амбулаториялық медициналық картасына енгізіледі, онда міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысқан әрбір дәрігер-маман кәсіптік жарамдылығы туралы өз қорытындысын береді және қажетті емдеу-сауықтыру іс-шараларын  көрсетеді. Жұмыстан босаған және басқа ұйымға ауысқан кезде амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ММТ мәліметтерімен бірге жаңа жұмыс орнындағы медициналық ұйымға беріледі. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар амбулаториялық пациенттің тұрғылықты жеріндегі медициналық картасы немесе одан үзінді көшірме бар болған кезде өткізіледі.

5) Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулардан өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылғандарға НҚА жобасына 5 қосымшаға сәйкес медициналық қорытынды беріледі. Медициналық қорытындыға тегі мен аты-жөні көрсетілуімен дәрігерлік комиссияның төрағасы қол қояды және медициналық тексеріп-қарауды өткізген медициналық ұйымның мөрімен куәлендіріледі. Дәрігерлік комиссияның кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытындысы медициналық тексеріп-қараудың түріне қарамастан, тұрғылықты жердегі медициналық құжаттама есепке алына отырып, ресімделеді. Бұл ретте дәрігерлік комиссияның қорытындысы еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмысқа қарсы көрсетілімдері бар тұлғаларға берілмейді,  зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа қарсы көрсетілімдері бар тұлғаны хабарлай отырып, үш жұмыс күнінің ішінде жұмыс берушіге жіберіледі.

6) НҚА жобасына 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Ұлттық орталығына немесе оның филиалдарына (жергілікті жерлердегі кәсіптік патология кабинеттеріне) тоқсан сайын өткізілген мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар  туралы жинақ есеп  ұсынылады.

Жұмыс берушінің міндеттемелері

2.5. Жұмыс берушінің міндеттемесі:

1) Бұдан кейін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы  саласындағы (оның ішінде көлікте) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісумен, олардың жұмыс орындарын, орындайтын жұмысының ауырлығын, еңбектің зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларын, сондай-ақ еңбектің мұндай жағдайларындағы жұмыс өтілін көрсетумен тұлғалардың атаулы тізімін (1 желтоқсаннан кешіктірмей) жасайды.

2) Өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды ұйымдастырады.

3) Қызмет көрсететін кәсіпорынмен, медициналық ұйыммен немесе жұмыс беруші орналасқан жердегі аумақтық медициналық ұйыммен бірге пациенттерді тереңдетілген зерттеп-тексеру мен емдеуге кәсіптік аурулары  және оларға күдік бар тұлғалардың кәсіптік патология Орталықтарына өз уақытында жіберілуін қамтамасыз етеді.

4) Қызмет көрсететін кәсіпорынмен, медициналық ұйыммен немесе жұмыс беруші орналасқан жердегі аумақтық медициналық ұйыммен бірге  еңбек жағдайларын жақсарту бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген, айқындалған  науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын әзірлейді.

2.6. Медициналық ұйым, қызмет көрсетіші кәсіпорын және/немесе жұмыс беруші орналасқан жердегі медициналық ұйым міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың нәтижелері бойынша топтар қалыптастырады. Бұдан кейін жұмыскердің диспансерлік топтардың біреуіне тиістілігі анықталады. Оны бұдан кейін бақылау, емдеу мен оңалту мақсатында кәсіптік аурулар мен әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдар ресімделеді:

1-топ - өндірістік ортаның қолайсыз факторлары әсер етуінің белгілері жоқ тұлғалар;

2-топ — «жоғары тәуекел тобы»,  ол жұмыскерде денсаулық жай-күйінің қандай да бір ауытқуларының даму критерийлері бойынша қалыптасуы тиіс, оларда  профилактикадан бөлек, сауықтырумен, емдеумен және оңалтушылық іс-шаралармен айналысу керек;

3-топ — кәсіптік аурулары бар науқастар;

4-топ — олардың еңбектің зиянды және/немесе  қауіпті жағдайларында жұмысты жалғастыру мүмкіндігі туралы сараптамалық  мәселелердің шешілуіне мұқтаж, әртүрлі созылмалы аурулары бар науқастар.

2.7. Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйым жоқ болған кезде  жұмыс беруші орналасқан  жердегі  медициналық ұйым диспансерлік бақылаудың қалыптасқан топтарынан алынған тұлғалар тізімін бұдан әрі диспансерлік бақылау үшін жұмыскерлердің тұрғылықты жеріндегі медициналық ұйымдарға жібереді.

2.8. Кәсіптегі жұмысты жалғастыру үшін қарсы көрсетілім болып табылатын да, табылмайтын да жалпы аурулардың айқын иформалары бар жұмыскерлер емдеу-оңалту бейініндегі медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі, бұдан кейін кәсіптік жарамдылыққа түпкілікті сараптама жүргізіледі. Медициналық оңалту кезеңінен кейін кәсіптік еңбекке жарамды болып танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың бастапқы формалары бар тұлғалар тобындағы диспансерлік бақылауға жатады.

2.9. Ағзаға зиянды өндірістік факторлар мен кәсіптік аурулардың әсер ету белгілері бар жұмыскерлер аурудың олардың кәсібімен байланысын анықтау үшін кәсіптік патологиялық орталықтарға жіберіледі.

2.10. Кәсіптік аурулары бар тұлғалар өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет ететін, немесе тұрғылықты жердегі медициналық ұйымның бейіндік маманының және дәрігер-кәсіптік патологтің диспансерлік есебінде болады.

Тараптардың жауапкершілігі

3. Мән-жай осылай болған кезде медициналық тексеріп-қарауларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы еске сала кету орынды болмақ.

3.1. ММТ ұйымдастыру бойынша профилактикалық іс-шараларға негізгі қатысушылар медициналық ұйымдар, ММТ өткізетін, дәрігер-кәсіптік патолог басқаратын дәрігерлік-медициналық комиссияның мүшелері, жұмыс беруші мен жұмыскер болып табылады. Бұл іс-шараларға қатысушылардың әрбіреуі үшін  ММТ өткізудің белгіленген ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершіліктің белгілі бір түрі көзделген.

3.2. Медициналық ұйым атынан дәрігер-кәсіптік  патолог медициналық тексеріп-қараудың сапасы мен қорытындылардың негізделгендігі, қажетті диспансерлік бақылау жүргізу мен пациенттің сауығуы (жалпы аурулар немесе оның денсаулығы жай-күйінде ауытқулар айқындалған жағдайда), қажет болған кезде пациентті медициналық сараптама және қосымша диагностикалық, емдеу және оңалтушылық іс-шаралар өткізу үшін кәсіптік патология орталығына немесе өзге де мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілуі үшін әкімшілік және заңдық жауапкершілікте болады.

3.3. Медициналық ұйымдар мен емдеуші дәрігерге жол берген бұзушылықтарына қарай жауапкершіліктің барлық түрлері: азаматтық-құқықтық (медициналық қызметтер көрсету шартымен, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексімен белгіленген), әкімшілік, тәртіптік медициналық ұйым дәрігеріне қолданылады) жауапкершілік қолданылады.

3.4. Жұмыскер медициналық тексеріп-қарауға өз уақытында келу үшін жауапты болады, өзімен бірге жұмыс беруші берген жолдама, төлқұжат (немесе жеке тұлғасын куәлендіретін өзге де құжат), амбулаториялық картасы немесе одан бұрынғы жұмыс орындарын бойынша мерзімдік тексеріп-қараулардың нәтижелері бар үзінді көшірме және кейбір жағдайларда - дәрігерлік психиатриялық комиссияның шешімі болуы керек. Жұмыскер бұл міндетті орындамаған жағдайда жұмыс беруші оны қажетті медициналық тексеріп-қараудан өткенге дейін жұмыстан шеттетуге құқылы. Қызметкер медициналық тексеріп-қараудан өту бойынша өз міндетін өз кінәсінен тыс орындамаған жағдайды қоспағанда, жұмыстан шеттетілген уақыт үшін жалақы есептелмейді.

3.5. Медициналық зерттеп-тексеруден өту уақытында жұмыскерлердің жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақталады,  осыған орай, медициналық тексеріп-қарауға өз уақытында келу бойынша өз міндетін  орындамаған жағдайда жұмыскер жұмыстан шеттетілген уақытта өзінің орташа жалақы мөлшерінен айырылады. Мұндай жұмыскерге тәртіптік жауапкершілік  шаралары да (ескерту немесе сөгіс) қолданылуы мүмкін. Жұмыс беруші алдын ала немесе мерзімдік тексеріп-қараудан өтпеген,  немесе медициналық көрсетілімдері бойынша жұмысқа жіберілмеген тұлғаларды жұмысқа жібергені үшін жауапкершілікте болады.

    Проблемаларды талқылау міндетті медициналық тексеріп-қарауларды өткізуге жаңа көзқарастартардың өзекті екендігін және оны қазіргі заманның  талап етіп отырғандығын көрсетеді. Бұл тәсілдер ел экономикасының барлық салаларында жұмыскерлердің кәсіптік ауруларына, жарақаттануына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдарға бағалы көмек көрсетеді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», №11, 2016 



Вопросы по теме

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль