Еңбек тәртібі бәсекелес артықшылығының кепілі ретінде

49
Еңбек тәртібі бәсекелес артықшылығының кепілі ретінде
Комаров Сергей Валерьевич
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», HR-директор, специалист по управлению персоналом, г. Кокшетау
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, еңбек өнімділігін көтеру үшін HR-департаменті жағдай жасау керек

Нарықтық экономика жағдайында еңбек тәртібі компанияның бәсекелес артықшылығының кепілі ретінде

Ағзаның сау микрофлорасы мықты иммунитеттің кепілі сияқты, ұжымның сау ахуалы да кәсіпорынның өте жоғары тиімділігінің кепіліндей. Ал тиісті тәртіп болмаса, ұжымда жайлы ахуалды жасау мүмкін емес. HR-департаментінің басты міндеттерінің бірі – еңбек өнімділігін көтеру үшін жағдай жасау, және сол арқылы нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның бәсекеге қабілеттігін арттыру.  

Шын мәнінде «ерікті» өзін-өзі тәрбиелеуге қабілетті адам аз.

Адамдардан қаншада ұйықтауға жататынын жай ғана сұраңызшы, барлығы ерте жату қажет екенін, бірақ, олай істей алмайтынын айтады.   

Осылайша, кейде өздерінің жұмыс барысын реттеу біздің қызметкерлеріміздің қолынан келе бермейді, оларға көмек керек. Әрине, ең мінсіз қызметкерлер – ол жауапкершілігі және сенімі жоғары деңгейдегі адамдар. Бірақ, тіпті кәсіби футболда да ұстанатын қағидалар жазылған, демек, қағидалар бізге де керек.

Жұмыс тәртібі уақыт тәртібін, немесе еңбек тәртібін қамтиды (жұмысқа келу және жұмыстан кету, шәй ішіп, әңгімелесу уақыты, бір нәрсені талқылау уақыты және т.с.с.) Әдетте, уақыт тәртібі біздің еңбек шартымызда жазылған.

Кейде әңгімелесу кезінде:

  • басшылық дәлізде қыдырып жүрген және (немесе) ұялы телефонмен жарты сағаттан аса сөйлесіп тұрған және т.с.с. қызметкерді көруді қаламайды;
  • мұндай нақты жұмыс қайткенде де тиісті уақытта болу керек (мысалы, бір сағатта бес нәрсе немесе бір сағатта екі есеп).

ПРИМЕР  Осы мақаланың авторы жас кезінде мектепте спортпен айналысқан. Сабақты екі жаттықтырушы жүргізген. Жаттығуда балалар көп болғанда, топты екі бөліп, балалардың бір бөлігін бірінші жаттықтырушымен жіберетін. Қалғандары екіншісімен қалатын. Міне: бірінші жаттықтырушы алып кететін балалар немқұрайды жаттығатын. Екінші жаттықтырушының басшылығымен қалған балалар, керісінше, бар күштерін салып жаттығатын. Сондықтан барлық оқушылар екінші жаттықтырушымен қалғысы келетін.

Ұйымдарда да сондай жағдай болады. Дұрыс еңбек тәртібі болса дұрыс адамдар (кәсіпқойлар) келеді және компанияда қалады.

Қылмыстық психологияда «шағылған терезелер теориясын» талқылайды. Бұл теорияның мәні майда-шүйде қылмыстары үшін ескерту және жазалау арқылы салмақты қылмыстардың дамуына жол бермейтінінде.

РЕЗЮМЕ Яғни, адамдардың санасында мына қағида болады: шағын бұзықтық жасауға болатын жерде, ірі бұзықтық жасауға да болады. Бір өте шешен кітапта: «Егер күпірлік жасаған адамды аяп, жазаламасаң, түбінде бәрібір жазалауға турал келеді, бірақ, басқа, одан да көп жамандық үшін» деп жазылған екен.

Сондықтан кейде тәртіптік жаза қолдануға да тура келеді.

Қаржылық тәртіп

Қаржылық тәртіп – ол белгіленген ұйғарымдарды және ұйымның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану тәртібін айқын ұстану. Ол қаржылық бақылауды, қаржылық-шаруашылық талдауды, ақшалай қаражатты қабылдау, тапсыру және беру тәртібін сақтауды қамтиды.

Қаржылық тәртіптің объектісі ақшалай қаражатты тексерумен ғана шектелмейді. Нәтижесінде ол компанияның материалдық, еңбек және басқа да қорларының пайдалануын бақылауды білдіреді, өйткені қазіргі жағдайда өндіру және бөлу процесі ақшалай қатынастары арқылы болады.

Бизнес-процестердің тәртібі

Бизнес-процестердің тәртібі нұсқаулық және өкім сияқты жергілікті құжаттарда жазылады. Осы нұсқаулықтар неғұрлым толық және айқын жазылса, соғұрлым қызметкерлер өз міндеттерін дұрыс, толық және нақты орындайды. Бірақ, барлығы өзгереді ғой, әсіресе, нұсқаулықтардың тәжірибелік қолдану қажеттігіне сәйкестігін және сәйкессіздігін тексеру, қосу және айқындау маңызды.

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2016 жылғы № 11 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль