«Төтенше температуралар жағдайларындағы жұмыс». Стандарты

42
«Төтенше  температуралар жағдайларындағы жұмыс». Стандарты
Стандартта жоғары және төмен температуралар жағдайларындағы жұмыспен байланысты қауіптіліктерді барынша азайту жөніндегі талаптар баяндалған. «Қазақмыс Эксплорэйшн (Kazakhmys Exploration)» ЖШС әзірлеген

Бұл стандарт жоғары және төменгі температуралар жағдайларындағы жұмыспен байланысты қауіптіліктерді жоғары және төменгі температуралар жағдайларындағы жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасына ең аз талаптар белгілеу жолымен  барынша азайту мақсатымен әзірленген.

Терминдер мен қысқартулар

Ылғалдылық (салыстырмалы)

Ауаның белгілі бір температурасы мен қысымы кезінде ауадағы су булары құрамының (олардың мүмкін болатын ең көп құрамына) арақатынасы.

Гипотермия

Дененің ішкі температурасының төмендеуі. Орталық мүшелер температурасы  35 ℃-тан төмен түскен кезде адам гипотермия жай-күйіне ұшырайды. Гипотермия шұғылможет начаться резко (мысалы, суық суға түсуден туындайтын температураның шұғыл өзгеруі кезінде) немесе біртіндеп (киім жеткілікті жылы болмаған кезде суық ортада жұмыс істеуден туындайтын температураның біртіндеп өзгеруі кезінде) басталуы мүмкін. Біртіндеп болатын гипотермия жеңіл, орташа және жіті болып жіктелуі мүмкін.

Ыстық жұмыстық орта

Жұмыс орнында орын алған жағдайлар (ауа температурасы, сәулелену температурасы, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, киім және/немесе қызмет)  жылудың қауіпті жинақталуына әкелетін орта.

Конвекция

Адам денесі мен айналадағы ауаның арасындағы жылу алмасу үдерісі.

Сусыздану

Тер бөлінуден, құсудан немесе диареядан туындауы мүмкін, ағза тіндеріндегі су тапшылығы. Симптомдарына қатты шөліркеу, жүрек айну мен әлсіреу жатады.

Үсітіп алу

Төмен температуралардың әсер етуі нәтижесінде тіннің зақымдануы.

Желдің мұздатуы

Бұл термин төмен температура мен желдің бірігіп әсер етуінен туындайтын, дененің жылу жоғалту жылдамдығын сипаттау үшін пайдаланылады. Жел жылдамдығының артуына қарай дененің жылу беру деңгейі де артады, бұл тері температурасының және соңғы нәтижеде ішкі мүшелер температурасының төмендеуіне әкеледі.

Қатты ысыну

Метаболизмнің, қоршаған орта факторларының (ауаның температурасы мен ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы мен сәулелік жылу алмасу көрсеткіші сияқтылар) және дененің киіммен қорғалғандығының аралас әсер етуінен қызметкер ағзасына түсетін жылулық жүктемеден пайда болатын, ағзаның жылулық теңгерімінің бұзылуы.

Қатты мұздау

Бұл ретте адам ағзасы өзін жылыта алмайтын жай-күй.

Мердігерлер

Компания аумағы мен жабдықтарында жұмыс жүргізетін мердігерлік ұйымдардың персоналы.

Ылғалды термометр бойынша температура көрсеткіші (ЫТТК)

Бұл көрсеткіш жұмыс температурасының әсер етуін өлшеу үшін пайдаланылады, ол жылулық жүктемені толықтыратын бірнеше сыртқы факторлардан құралады (1 кесте). Сыртқы факторлар ауа температурасы мен қозғалыс жылдамдығын, сәулелену жылуын және булануды қамтиды.

Жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ)

Жұмыс істеушілер мен келушілерге қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жағымсыз әсер етуін азайту үшін тағайындалған құралдар.

Ішкі мүшелердің температурасы

Адамның өмірлік маңызды мүшелерінің температурасын білдіреді. Мұндай мүшелер жылу реттегіш тетіктермен қолдау жасалатын тар температуралық ауқымда қызмет етулері мүмкін.

Жылулық соққы

Ағзаның бұл кезде температуралық реттеу жүйесі қызмет етуін тоқтататын және дене температурасы қатерлі деңгейге дейін жететін жай-күйі. Жылулық соққы өлімге әкеліп соғуы мүмкін және дереу медициналық араласуды талап етеді.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Өте ыстық ортада жұмыс істеу жылулық соққы алу тәуекелімен байланысты, ол дереу медициналық араласусыз өлімге әкелуі мүмкін. Өте суық ортада жұмыс істеу гипотермия тәуекелімен байланысты, ол да дереу мелициналық араласусыз қайғылы нәтижеге әкеп соғуы мүмкін.

Бұл стандарт төтенше температуралық жағдайлардың әсер етуімен байланысты жарақат алу тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін ұйым мен мердігерлердің барлық персоналына қолданылады.

Ұйым объектілерінде жұмыс орындайтын мердігерлік ұйымдардың персоналы іс-тәжірибелік қызметте мүлтіксіз орындау үшін  осы стандартпен таныстырылуы тиіс.

ТАЛАПТАР

 Жалпы талаптар

Адам ағзасы дененің қалыпты температурасы 36,6 °C-тан ауытқу  ±2 °C-тан аспаған кезде неғұрлым тиімді қызмет етеді. Ішкі жылу реттеу жүйесі ыстық жағдайларда, мысалы, ыстық үй-жайларда немесе көшеде өте ыстық не суық ауа райы кезінде жұмыс істегенде жүктеменің артуына ұшырайды.

Ұйым мен бөлімшелердің әлеуетті жағынан төтенше температуралардың әсер етуіне ұшырайтын барлық қызметкерлері қатты мұздау немесе қатты ысынудың белгілері мен симптомдарын тануға, сондай-ақ тәуекелді төмендету тәсілдерін білуге оқытылып-үйретілген болулары тиіс. Жұмысшылардың жақсы ақпараттануы ағзаның температуралық функцияларының бұзылуынан сақтандырудың үздік құралы болып табылады.

Персонал белгіленген лауазымдық міндеттерге сәйкес, төтенше температуралар жағдайларында кез келген жұмыстарды орындау кезінде осы стандарт талаптарының сақталуы үшін жеке жауапкершілікте болады.

Қызметкерлердің қатты мұздау немесе қатты ыстықтауының әлеуетті қауіптілігін бағалау жұмыстарды орындаудың алдында тәуекелдерді бағалау кезінде жүргізіледі.

Ол кезде қызметкерлер төтенше температуралардың әсер етуіне (қатты ысу немесе қатты мұздау) ұшырауы мүмкін жұмыстарды жүргізудің алдындағы алдын ала нұсқаманың барысында мынадай мәселелер қарастырылуы тиіс:

  • қатты ысынумен немесе қатты мұздаумен байланысты тәуекелдерді және олардың денсаулық үшін мүмкін болатын салдарларын айқындау;
  • ауруларға және жылулық жарақаттарға/үсітіп алуларға арандататын факторлар, белгілер, симптомдар;
  • техникалық және әкімшілік бақылау әдістері, климатқа бейімделу, қатты ысыну/қатты мұздауға қарсы ЖҚҚ-н дұрыс қолдану;
  • төтенше жағдаяттағы дереу қарсы әрекет жасау жоспары, мысалы, қызметкерді салқын аймаққа алып шығу немесе алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Персоналдың қатты ысынудан сақтануы бойынша дайындығы мыналарды қамтуы тиіс:

  • қатты ысыну қауіптіліктерінің көздері туралы хабардарлық;
  • қатты ысынудың қауіпті белгілері мен симптомдарын білу;
  • қызметкерлердің қатты ысынумен байланысты жағдаяттардан сақтандыру үшін жауапкершілігі;
  • климатқа бейімделу қажеттігін түсіну;
  • жоғары температура кезіндегі жұмыс жағдайларында судың көп мөлшерін тұтынудың маңыздылығын түсіну;
  • тәуекелдің дәрілік заттарды қабылдау, жүрек-қан тамырлары аурулары, жас пен артық салмақ сияқты жеке факторлары;
  • қатты ысыну кезінде алғашқы көмек көрсету әдістері, адам денсаулығы үшін жылулық соққының мүмкін болатын салдарлары.

Қатты мұздаудан сақтандыру бойынша дайындық мынаны қамтуы тиіс:

  • қатты мұздау қауіптіліктерінің көздері туралы хабардарлық;
  • үсітіп алу және гипотермияның белгілері мен симптомдарын білу;
  • төменгі температура кезінде жұмыс жүргізу жағдайларында жылыну әдістерін түсіну;
  • гипотермия мен үсітіп алу кезінде алғашқы көмек көрсету әдістері.

Қызметкерлердің қатты ысынудан және қатты мұздаудан сақтандыру әдістері туралы білімдерінде ауытқулар немесе сәйкессіздіктер айқындалған жағдайда кезектен тыс дайындық өткізіледі.

 Жоғары температура жағдайларындағы жұмыс 

Қатты ысынудан сақтандыру қызметкерлер қатты ысынумен байланысты қауіптіліктерге ұшырайтын аймақтар мен қызмет түрлері үшін техникалық бақылаудың мынадай бір немесе бірнеше элементінің көмегі арқылы тәуекелдерді басқару (бұл мүмкін болатын жерде) тәсілдерін белгілеуі тиіс:

  • жылу көзіндегі температураны төмендету;
  • метаболизм нәтижесінде жылу бөліну деңгейін төмендету (жүктерді көтеру мен жылжыту үшін механикаландыру құралдарын пайдалану);
  • жылудан қорғану;
  • ыстық беттерді оқшаулау;
  • ауаны желдету және алмастыру;
  • ылғалдылықты төмендету.

Егер техникалық бақылау әдістері қатты ысыну тәуекелін жоя алмаса, онда тәуекелді төмендету үшін әкімшілік бақылаудың мыналар сияқты бір немесе бірнеше әдісін пайдалану қарастырылады:

  • жұмыстар жүргізу графиктерін неғұрлым суық маусымдарға немесе тәулік уақытына жасау;
  • жұмыс пен демалыс режімін 1 кестеде келтірілген ЫТТК мәндеріне негіздеу ұсынылады;
  • демалыстың салқын аймақтары жоғары температуралы жұмыс орнына мүмкіндігінше жақын орналастырылуы тиіс;
  • ол кезде жылулық жүктеме төмендетілетін жұмыс қарқынын белгілеу;
  • тапсырылған жұмысты орындауға физикалық жағынан жарамды қызметкерлерді тағайындау;
  • жұмысшыларды 2 кестеге сәйкес суық ауызсумен қамтамасыз ету;
  • егер тұздың орнын толтыру талап етілсе, онда тамаққа тұздың біршама артығырақ мөлшерін қосу (жүрегі ауратын немесе тұз мөлшері аз емдәмдегі жұмысшылар алдын ала дәрігермен кеңесулері тиіс). Тұз таблеткалары тұз жоғалтудың орнын толтыру үшін пайдаланылмауы тиіс;
  • қосалқы адаммен жұмыс істеу әдісін пайдалану, бұл кезде бір адам ыстық үй-жайдан тыс жерде болады және ыстық үй-жайдағы адамдардың жұмысын бақылайды (байқайды).

1 кесте

Жоғары  температура әсер етуінің ұсынылатын деңгейлері

Жоғары  температура әсер етуінің шекті жол берілетін деңгейлері

Жұмыстық жүктеме*

 Жұмыс/демалыс режімі

жеңіл

орташа

ауыр

Үздіксіз

30,0 °C

26,7 °C

25,0 °C

Сағат сайын: 75 % жұмыс,

25 % демалыс

30,6 °C

28,0 °C

25,9 °C

Сағат сайын: 50 % жұмыс,

50 % демалыс

31,4 °C

29,4 °C

27,9 °C

Сағат сайын: 25 % жұмыс,

75 % демалыс

32,2 °C

31,1 °C

30,0 °C

Келтірілген мәндер ЫТТК-ге сәйкес келеді. Келтірілген мәліметтер негізінде іс жүзінде барлық қызметкерлер климатқа беймделуден өтті, тиісінше киінген және судың жеткілікті мөлшерін тұтынады, бұл ретте олар бұл жұмыс жағдайларында дененің ішкі температурасының мәні 38 °C-тан аспайтын кезде  тиімді жұмыс істейтін жай-күйде болуы тиіс деген болжам жатыр.

2 кесте

Сулану жөніндегі басшылық

Ыстықтың санаты

ЫТТК температуралық шек, ºС

Жеңіл жұмыс, л/с

Орташа жұмыс, л/с

Ауыр жұмыс, л/с

Абай болуды талап етеді

25–30,5

0,47

0,71

0,71

Қауіпті

30,5–32,2

0,71

0,71

0,94

Өте қауіпті

 32,2-ден жоғары

0,94

0,94

0,94

  1. Су салқын (10 °С), бірақ суық болмауы тиіс.
  2. Суды шамамен әрбір 20 минут сайын шағын бөліктермен (шамамен 1 тостағаннан) ішкен жөн.
  3. Сұйықтықпен бірге тұзды таблеткаларды қабылдауға тыйым салынады.

  1.  Төменгі температура жағдайларындағы жұмыс

Қатты мұздаудан сақтандыру қызметкерлер гипотермиямен немесе үсітіп алумен  байланысты қауіптіліктерге ұшырайтын аймақтар мен қызмет түрлері үшін техникалық бақылаудың мынадай бір немесе бірнеше элементінің көмегі арқылы тәуекелдерді басқару (бұл мүмкін болатын жерде) тәсілдерін белгілеуі тиіс:

  • желден паналау орындары;
  • жұмыс үй-жайларын (аймақтарын) жылыту.

Егер техникалық бақылау әдістері гипотермия немесе үсітіп алу тәуекелін жоюға мүмкіндік бермесе, онда қатты мұздау тәуекелін төмендету үшін әкімшілік бақылаудың мынадай бір немесе бірнеше әдісін пайдалану қарастырылуы тиіс:

  • егер мүмкіндік болса, онда жұмыс жүргізу неғұрлым жылы маусымға немесе тәулік уақытына жоспарлануы тиіс;
  • жұмыстар жүргізілетін жердің жанында жұмысшылар мезгіл-мезгіл, мысалы, автомобиль күймешігінде немесе үй-жайдың ішінде жылына алуы үшін  жылы үй-жай жабдықталған болуы тиіс;
  • қызметкерлерден жылы киім киюді талап ету.

 «Жұмыс–жылыну» уақыт шегінің шамалары 3 кестеде келтірілген.

Желмен салқындатылу есбінің сұлбалары 4 кестеде келтірілген.

Таблица 3

Ашық ауадағы жұмыс кезіндегі жұмыс/жылыну графигіне арналған төменгі температура әсер етуінің шекті жол берілетін деңгейі

(4 сағаттық ауысым үшін)

Ауа температурасы °C

(шамамен) – күндізгі уақыт

Ауа қозғалысы байқалмайды

Желдің жылдамдығы

2,25 м/с

Желдің жылдамдығы

 4,5 м/с

Желдің жылдамдығы

 6,75 м/с

Желдің жылдамдығы

9 м/с

Ең көп жұмыстық кезең

Үзілістер саны

Ең көп жұмыстық кезең

Үзілістер саны

Ең көп жұмыстық кезең

Үзілістер саны

Ең көп жұмыстық кезең

Үзілістер саны

Ең көп жұмыстық кезең

Үзілістер саны

–26-дан –28-ге дейін

(қалыпты үзілістер) 1

(қалыпты үзілістер) 1

75 мин.

2

55 мин.

3

40 мин.

4

–29-дан –31-ге дейін

(қалыпты үзілістер) 1

75 мин.

2

55 мин.

3

40 мин.

4

30 мин.

5

–32-ден –34-ке дейін

75 мин.

2

55 мин.

3

40 мин.

4

30 мин.

5

Тек авариялық жұмыстар ғана өткізіледі

–35-тен –37-ге дейін

55 мин.

3

40 мин.

4

30 мин.

5

Тек авариялық жұмыстар ғана өткізіледі

–38-ден –39-ға дейін

40 мин.

4

30 мин.

5

Тек авариялық жұмыстар ғана өткізіледі

–4° -тен –42-ге дейін

30 мин.

5

Тек авариялық жұмыстар ғана өткізіледі

–43және одан төмен

Тек авариялық жұмыстар ғана өткізіледі

Қорғаныс киімін кию мен төменгі температуралардың қызметкерлерге әсер ету уақытын шектеу ұсынылады.  Жұмыс/үзілістер графигі жұмыстың орташа немесе жоғары қарқындылығы кезінде уақыттың 4 сағаттық кезеңіне қолданылуы мүмкін. Жылынуға арналған үзілістердің ұзақтығы 10 минут болады және жылы үй-жайда өткізіледі. Графикті жасау кезінде бастапқы жағдайларда  «қалыпты үзілістердің» әрбір екі сағаттан кейін бір рет жасалатын фактісі есепке алынды. 4 сағаттық кезең аяқталғаннан кейін жылы үй-жайда ұзартылған үзіліс (мысалы түскі демалыс) ұйымдастыру ұсынылады.

4 кесте

Желмен салқындатылу есебінің сұлбасы

Tв

V10

5

0

5

10

15

20

25

30

35

40

45

50

5

4

–2

–7

–13

–19

–24

–30

–36

–41

–47

–53

–58

10

3

–3

–9

–15

–21

–27

–33

–39

–45

–51

–57

–63

15

2

–4

–11

–17

–23

–29

–35

–41

–48

–54

–60

–66

20

1

–5

–12

–18

–24

–30

–37

–43

–49

–56

–62

–68

25

1

–6

–12

–19

–25

–32

–38

–44

–51

–57

–64

–70

30

0

–6

–13

–20

–26

–33

–39

–46

–52

–59

–65

–72

35

0

–7

–14

–20

–27

–33

–40

–47

–53

–60

–66

–73

40

–1

–7

–14

–21

–27

–34

–41

–48

–54

–61

–68

–74

45

–1

–8

–15

–21

–28

–35

–42

–48

–55

–62

–69

–75

50

–1

–8

–15

–22

–29

–35

–42

–49

–56

–63

–69

–76

55

–2

–8

–15

–22

–29

–36

–43

–50

–57

–63

–70

–77

60

–2

–9

–16

–23

–30

–36

–43

–50

–57

–64

–71

–78

65

–2

–9

–16

–23

–30

–37

–44

–51

–58

–65

–72

–79

70

–2

–9

–16

–23

–30

–37

–44

–51

–58

–65

–72

–80

75

–3

–10

–17

–24

–31

–38

–45

–52

–59

–66

–73

–80

80

–3

–10

–17

–24

–31

–38

–45

–52

–60

–67

–74

–81

Tвауа температурасы °C-пен

V10 желдің 10 м биіктікте өлшенген  жылдамдығы (км/с)

5 кесте

Үсітіп алу ықтималдығы бойынша аңыз

Адамдардың көпшілігі үшін үсітіп алудың шамалы тәуекелі

Мұндай жағдайларда 10-нан 30 минутқа дейін жұмыс істеу кезінде адамдардың көпшілігі үшін үсітіп алудың жоғарылаған тәуекелі

Мұндай жағдайларда 5-тен 10 минутқа дейін жұмыс істеу кезінде адамдардың көпшілігі үшін үсітіп алудың жоғары тәуекелі

Мұндай жағдайларда 2-ден 5 минутқа дейін жұмыс істеу кезінде адамдардың көпшілігі үшін үсітіп алудың жоғары тәуекелі

Мұндай жағдайларда 2 минут немесе одан аз уақыт ішінде жұмыс істеген кезде адамдардың көпшілігі үшін үсітіп алудың жоғары тәуекелі

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль