Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиті

81
Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық  аудиті
Черняева А. В.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", начальник бюро по управлению ИСМОТ, аудитами и происшествиями Донского горно-обогатительного комбината, филиала АО «ТНК «Казхром»
Мақалада еңбекті қорғауды басқару, қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиттерін өткізу, еңбекті қорғау жөніндегі жиналыстар мен кеңестердің каскадтық комитеттер болып түрлендірілуі

Өкілдіктері көптеген елдерде бар, дүние жүзіне танымал «ДюПон» консалтингтік компаниясында  өндірістегі барлық оқиғалардың ішінде 96%-ының себебі адамның жаңсақ, қате іс-әрекеті, тек 4%-ының себебі - сыртқы фактор (агрегаттар мен жабдықтардың дұрыс жұмыс істемеуі, табиғи, ауа райы жағдайлары) болады деп есептейді. «Казхром» компаниясы (Еуразиялық топ құрамында) дүниежүзілік үздік іс-тәжірибелерге қарай бағыт алды және  2009 жылы Дөң тау-кен байыту комбинатында «Луч» қанатқақты жобасын іске қосты.

Жаңа құралдар еңбекті қорғауды басқару бойынша

Еңбекті қорғауды басқару бойынша жаңа құралдар компания кәсіпорындарының өміріне берік енді. Бастапқыда ұжымның алдына орын алған жүйені өзгерту мәселесі тұрды, бұл ол кезде нақты жүзеге асатын іс болып көрінбеді. Ал бұл: өндірістік міндеттердің алдында еңбекті қорғаудың басымдығын білдіреді, бұл кез келген өзін-өзі сыйлайтын компанияны пайдалардан айырылу мен басқа да мүмкін болатын қаржылық проблемаларға ұрындырады. Алайда Еуразиялық топта, атап айтқанда «Казхромда» ең құнды актив әрқашанда қызметкерлер болды және болады да, сондықтан басты назарға қауіпсіздік қойылды, бұл постулат сол кезде компанияда қабылданған саясаттағы басты нәрсеге айналды.

Қауіпсіздік талаптарының сақталмауына төзбестік  — корпоративтік саясаттың тағы да бір тармағы. Ол компания басшылығы ойын іске асырудағы келесі қадамды анықтады және еңбекті қорғау мәселесі ҚТ жөніндегі маманның айырықша құзіреті ғана емес, жалпыға ортақ міндетке айналды. Аптасына тек бір рет қана өткізілетін еңбекті қорғау күні ұмытылды. Ендігі жерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау күнделікті, ауысым сайынғы күн тәртібіне қойылды. Компания алдында қабылданған жаңа саясат міндеттерінің жиынтығы тұтастай алғанда қауіпсіздік мәдениетін өзгерту бағыттары болып табылды. Бұл үшін алдымен мақсаттар мен міндеттерді, ал содан кейін  - бұл мақсаттарды іске асыру үшін қажетті құралдарды белгілеп алу талап етілді.

Сол «ДюПон» компаниясының тәжірибесіндегі  қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиттерін өткізу, еңбекті қорғау жөніндегі жиналыстар мен кеңестерді каскадтық комитеттерге түрлендіру, техникалық стандарттар мен қауіпсіздік рәсімдерін енгізу, сондай-ақ жаңа бағалау-уәждеу жүйесін және оқиғаларды ішкі тергеп-тексеру әдістемесін енгізу жаңа құралға айналды. Желілік басшы мен техникалық маманның әрбір деңгейі үшін қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері белгіленді, яғни олардың әрқайсысының алдында еңбекті қорғауды басқару бойынша жаңа жүйені іске асыру жөніндегі жеке мақсаттар мен міндеттер тұрды.

Жаңа саясат енгізілген сәтке дейін біздің кәсіпорынның басқалардан ерекшеленбегендігін, сондай-ақ онда болып өткен оқиғаны, оқиғаларды тергеп-тексеру, қауіпсіздіктің алдын алу іс-шараларын белгілеу, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тіркеушілік сипат қана болғандығын атап өтуге тұрады. Алайда барлық оқиғалардың тамырында адамдардың оларды жарақаттануға әкелетін іс-әрекеттері, белгілі бір мінез-құлқы жатыр. Мысалы, көліктік құралдың жүргізушісі тыйым салатын белгінің талаптарын жоққа шығарып, қауіпті аймаққа кіріп кетті, немесе қозғалыс жылдамдығын азайтты, бұл жол-көлік оқиғасына әкеп соқты. Басқа бір мысал: жұмыскер соққылық аспаппен жұмыс істеген кезде қорғаныш көзілдірігін қолданған жоқ, осының салдарынан көз жарақатын алды. Қорытынды біреу — дұрыс емес, немесе қате іс-әрекеттер.

Мінез-құлық қауіпсіздігінің аудиті

Басты назарды қызметкерлердің мінез-құлқына аудару және қайталауларды болғызбау жөніндегі шаралар қабылдаумен өз уақытында жауап әрекеттер жасауды қамтамасыз ету үшін компания басшылығына бұл процесті құжаттармен белгілеу қажет болды, ал бұл орасан уақыттық және материалдық ьресурстарды талап етті. Жеке персоналды жаңа процеске дайындау және оқыту туралы айтпағанның өзінде: қауіпсіздік мәдениетін өзгерту — бұл біздің мақсатымыз, және бұған қызметкер санасын өзгерту жолымен ғана қол жеткізуге болады. Және бұған оларға тұрақты бақылау жүргізу, қарамағындағы персоналға үздіксіз бақылау жолымен қол жеткізуге болады. «Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудитін (ҚМА) өткізу бойынша әдіснамалық нұсқаулық» осылай жасалды.

Әдіснамалық нұсқаулық өзіне ҚМА негізгі бағыты мен өткізудің мақсатын, сондай-ақ аудит тәртібі мен нәтижелерін ресімдеуді қамтиды. Аудиттің өзі техникалық тексеруден мынаумен ерекшеленеді, егер техникалық инспекция агрегаттар, стационарлық объектілер мен машиналардың жұмысын бақылауға бағытталып, жұмыстағы кемшіліктерді айқындаумен ғана шектелсе, ҚМА адамдармен жұмыс істеуге бағытталған және қате іс-әрекеттерді айқындаумен ғана шектелмейді, ол нақты оңды жайттарға баса назар аударады.

Бастапқыда ҚМА өткізу тәртібі белгіленді, кәсіпорынның бас мамандарын қосқанда, алғашқы буын басшыларынан (шеберлер, механикашылар, ауысым энергетиктері) бірінші басшыларға дейін әрбір желілік персонал аудиттерінің графигі жасалды. Әрқайсысына өткізілетін аудиттер саны белгіленді. Одан кейін аудит ресімделетін құжаттың бірыңғай нысаны белгіленді, өйткені оны өткізу - қауіпсіздік мәдениетін өзгертуге жасалған жарты қадам ғана болды, сондай-ақ өткізілген ҚМА-терге талдамалар жасау да талап етілді. Құжат нысаны көп ұзамай электрондық нұсқаға көшірілді, бұл аудиторлардың, сондай-ақ еңбекті қорғау қызметі талдаушыларының да күнделікті жұмысын елеулі жеңілдетті.

6 негізгі қадам

1. Бақылау. Аудитор жұмыскерді бақылаған кезде қандай да бір іс-әрекеттерді орындау сәтінде оның әлеуетті жарақаттарының бәрін (оның неге ұрынатынын, оған ненің қауіп төндіріп тұрғанын және т.б.) ойластыруы қажет.

2. Жұмысты қауіпсіз тоқтату. Аудитордың жұмыскер назарына іліккені және қолайлы сәтте ғана жұмыскерге онымен әңгімелесуге ниетті екендігін білдіргені жөн.

3. Әңгіме-сұхбаттасуды бастау, жұмыскерді әңгімелесуге ыңғайлау. Бұл ретте  монологты, ғибраттар мен басқа да орынсыз тәлімдерді қосудың қажеті жоқ. Тіпті егер жұмыскер анық өрескел бұзушылыққа жол берсе де, жұмыскердің оңды жақтарын бағалау артық болмайды, тек осыдан кейін ғана оның іс-әрекеттеріндегі кемшіліктерге баса назар аудару керек. Әңгімелесуді ауысымға берілген наряд-тапсырманы талқылау сияқты  және т.б. тақырыптарды талқылаудан бастаған дұрыс.

4. Әлеуетті салдарларын айқындау. Қазіргі уақытта белгілі бір іс-әрекеттерді орындаған кезде қызметкерге ненің қауіп төндіріп тұрғандығы анықталғаннан кейін назар қызметкердің өзіне аударылады: егер сондай болса, не болуы мүмкін… Жұмыскерден жауап алу маңызды.

5. Жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін талқылау. Салдарлары туралы сұраққа жауап алынғаннан кейін: жарақат алмас үшін, сол кезде не істеу керек еді деген сұрақ қойылады. Сіздер жұмыскердің белгілі бір іс-әрекеттерді орындау кезінде қауіпті факторларды болдырмайтын іс-шараларды талқылағаннан кейін қауіпті фактордың жоқ екендігіне жеке көз жеткізген жөн.

6. Аудиттің аяқталуы. Жұмыскермен жұмыстарды қауіпсіз орындау жөніндегі шараларды талқылағаннан кейін, онымен қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар мен қосымша мәселелерді талқылай аласыздар. Осыдан кейін аудит аяқталады.

ҚМА қарамағында 15-20-дан аса жұмыскерлері бар желілік басшы үшін аптасына орташа 2 аудит есебімен, 15-20 минуттан артыққа созылмайды. Бұл шағын жүктеме, оның бір кездерде адам өмірін құтқаруы да мүмкін.

ҚМА бақылаудың үш үлгісіне бөлінеді:

Қауіпсіз мінез-құлық (ҚзМ) — бұл қызметкердің қандай да бір іс-әрекеттерді орындау сәтінде қауіпті немесе зиянды фактор болмауына жағдай жасайтын мінез-құлқы, және де оның іс-әрекеттерін басқа жұмыскерлердің алдында қауіпсіз жұмыстың көрнекті мысалына теңестіруге болады. ҚзМ-ты айқындау және оны жұмыскерге ресімдеу басшылық тарапынан материалдық емес  уәждеме болып табылады, ал дәлелденген қауіпсіз мінез-құлықтардың жинақталған мөлшері алдағы уақытта материалдық сыйақы үшін салмақты көрсеткішке айналуы мүмкін.

Қауіпті мінез-құлық (ҚМ) — бұл адамның жұмыс орнында денсаулыққа әртекті зақымдаулар әкелуі мүмкін, белгілі бір қауіпті және зиянды факторлардың болуына жағдай жасайтын мінез-құлқы. Жұмыскерлердегі қауіпті мінез-құлықтарды айқындаудың  қудалаумен немесе жазалаумен ешқандай байланысы жоқ. Бұл процесс жұмыскерге жеке тәлім беруге теңестіріледі, яғни нақ ҚМ-ты айқындаумен ҚМА жүргізген кезде жұмыстар орындаудың дұрыс әдістері мен тәсілдеріне үйретуге болады. Бақылаудың бұл үлгісін тіркеу ешқандай да  «бұзушыларға аңшылық» емес, тек жүргізілген жұмыстың салдары ғана болып табылады. Өз кезегінде, жол берілген қауіпті мінез-құлық үшін жауапкершілікке тарту әдісі де жоққа шығарылмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір ұйғарылған тәртіп бар — жазбаша ескертудің аналогі жеке тұлғалық жетілдіру жоспарын (ТЖЖ) қолдану. ТЖЖ жұмыскер «Алтын ережелерді» (аса өрескел бұзушылықтар тізбесінің аналогі) бұзуға жол берген немесе белгілі бір уақыт аралығында ҚМ жинақталып қалған жағдайда қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, жазалауға қашанда үлгереміз, ал дұрыс жұмыс істеуге үйрету - ерекше іс.

    Бақылаудың үшінші үлгісі  — қауіпті жағдай (ҚЖ) болып табылады: бұл сол сәтте қауіпсіздіктің белгіленген талаптарынан адам факторына байланысты емес себептер бойынша (ауа райы және табиғи жағдайлар және т.б.) ауытқу орын алатын бақылау. Бақылаудың бұл үлгісін тіркеу жұмыс орындарында қауіпті және зиянды факторларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды өз уақытында өткізу мүмкіндігін береді.

    Өткізілген аудиттер ЕҚжЕҚ қызметі талдаушыларының, сондай-ақ аудиторлардың өз тарапынан да тұрақты талдау жасауға жатады. Талдау ретінде талдау көзіне қарамастан, учаскеде, ауысымда, немесе цехта орын алуы мүмкін қауіпті іс-әрекеттер мен жағдаяттар жөніндегі мәліметтер жинағы түсініледі. Аудиттерді талдау кезінде жұмыс орындарында орын алған тәуекелдер, жұмыскерлердің қауіпті іс-әрекеттері, дұрыс емес іс-әрекеттерден мүмкін болатын әлеуетті  салдарлар, сондай-ақ қандай да бір қауіпті және зиянды факторларға ұшыраған кәсіптер есепке алынады. Бұл мәліметтердің бәрі еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге басымдық беру, қандай да бір іс-әрекеттерді орындаудың қауіпсіз тәсілдері мен әдістері бойынша іс-шаралар әзірлеу кезінде іргетас қызметін атқарады.

Сәл статистика

    Дөң ТКБК бойынша шағын статистика:  2015 жылы желілік персонал мен кәсіпорынның техникалық мамандары  қауіпсіздіктің 49985 мінез-құлықтық аудитін өткізді, олардан 6300 ҚМА - қауіпті мінез-құлықпен және  23 ҚМА қауіпті жағдайлармен байланысты болды.  2015 жылы қауіпті мінез-құлық  2014 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 39%-ға артты, бұл қауіпті жағдаяттардың өсуі емес, желілік басшылардың жұмыскерлердің қауіпті мінез-құлқына өз уақытында жауап әрекеттер жасауының артуы еді. ҚМА өткізу жұмыскер назарын өз міндеттерін қауіпсіз орындауға, өзінің қате іс-әрекеттері мен мүмкін болатын салдарларын  ұғындыруға бағытталған.

2015 жылдың басынан бастап Дөң ТКБК-нда  бір айлық жұмыс графигіне сәйкес бірінші және екінші деңгейдегі бөлімшелердің желілік басшыларымен еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесінің мәселелері бойынша консультациялар мен жеке тәлімгерлік бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Барлығы ауысымда, учаскеде, цехтағы профилактикалық жұмыстың нақты жай-күйін тексеруден басталды. Бұдан кейін жеке желілік басшының бұдан кейін ҚМА-ті электрондық бағдарламада толтыруды және жазбаларды журналдарға енгізуді бақылауымен жұмыс орындарындағы өндірістік бақылау, ҚМА өткізу жөніндегі практикалық тәлімгерлігі қолға алынды. Айқындалған ақтаңдақтар бойынша ҚМА өткізу, ресімдеу мен талдау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша бөлімшеде қорытынды семинар өткізумен, қорытындылары және ұсынымдары бар тұсаукесерлік есеп беру материалы дайындалды. Дайындалған есеп оны бұдан кейін қолдану үшін цех бастығына берілді. Қорытынды кеңестерде нәтижелерін ұсынумен, оқытулардан кейін желілік басшылар жұмысының сапасына мониторинг жүргізілді. Бұл жұмыс комбинаттың негізгі сегіз цехы бойынша 134 желілік басшының арасында өткізілді. 2016 жылы тәлімгерлік жұмыстар жоспарына сәйкес, осы режимде жалғастырылып келеді.

ҚМА өткізу рәсімін енгізу қазірдің өзінде нәтиже әкелуде. Жұмыскерлер санасы өзгеруде, қауіпті мінез-құлықтарға талдау жасау бойынша бұзушылықтардың жекелеген санаттарының төмендеуі байқалуда, атап айтқанда, жеке қорғану құралдарын қолдану мен ақаусыз аспапты қолданудағы ауытқулар мұның алдындағы жылдармен салыстырғанда төмен, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтардың ауырлығы да азайды. Жарақаттар санының жыл сайын  қысқару, немесе оқиғалар сипатының өзгеру фактісін атап өтуге болады. Мысалы,  2014 жылы 15 оқиға — 16 зардап шегушіге,  2015 жылы  7 жарақаттану оқиғасы — өлімге әкеп соқпаған 8 зардап шегушіге жол берілді.

Қауіпсіздіктің мінез-құлықтық аудиті — еңбек мәдениетін өзгерту құралы,тек сапалы аудит кезінде ғана тиімді нәтиже күтуге болады. Барлығы да желілік басшылардың ҚМАөткізу процесіне көзқарасына, өз клмандасының адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты, өйткені оларға тікелей жұмыс орындарында қандай да бір жағдаяттарға тұрақты ұшырасып тұруға тура келеді. Басқаларға қарағанда, желілік персоналға өз әріптестерінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жағдаят пен қатерге өз уақытында жауап әрекеттер жасауы  қажет. Жұмыскердің қауіпті іс-әрекетін өз уақытында тоқтату, оны дұрыс шешімдер қабылдауға, әрине, қайғыға ұшырататын салдарларын болғызбауға бағыттау керек.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль