Естудің бұзылуы: себептері және болдырмау

129
Естудің  бұзылуы:  себептері және болдырмау
Уссенов А. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", технический специалист компании «3М Казахстан»
Ірі өндірістерде қызметкерлерді артық шудан оқшаулау қажеттігі жиі болады. Бұл үшін жеке қорғанудың арнаулы құралдары бар.

Адамдар естуден өздері ойлағандағыдан жиірек айырылады. Естуден айырылу немесе нашар есту бүгінгі күні Қазақстан Республикасында ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүние жүзіндегі неғұрлым кең тараған кәсіпиік аурулардың бірі болып табылады.

Емес, айқын қауіп

Шудың жоғары деңгейі бар цехта жұмыскерлердің естудің жеке қорғану құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) қолданбайтындығын, бірақ бұл ретте міндетті түрде дулыға киіп жүретіндігін жиі бақылауға болады. Бұлай болуы естуден айырылу қауіптілігінің  – көзбен көрінбейтіндігінде. Яғни жұмыскер басты мүмкін болатын механикалық әсер етулерден (мысалы, соққылардан) қорғау қажеттігін түсінеді, бірақ шамадан тыс шуға байланысты қауіптілікті сезінбейді, өйткені естуден айырылу процесі баяу және байқалмай өтеді. Еске алынған проблеманың бүкіл елеулілігін көрсететін кейбір фактілер мынадай:

бүкіл дүние жүзінде  360 миллионнан астам адамда естуге байланысты проблемалар бар (бұл Жердегі халықтың шамамен 5%-ы - ересектердің арасында 328 млн және балалардың арасында 32 млн адам); *

мұнымен бір мезгілде 1,1 млрд жасөспірімдер мен жас адамдар басым жағдайда қатты музыканы тыңдаудың, сондай-ақ шудың артық деңгейінің салдарынан  – естуден айырылу тәуекеліне бейім; **

адамдардың үштен бірі естуден жұмыс орнындағы шудың артық деңгейінің әсерінен айырылады. Қалғандары  – бұл туа біткен кереңдік, естуден әртүрлі себептермен айырылу және т.б.;

орташа алғанда, естуінде бұзылушылықтар бар адамдар дәрігерге жүгінгенге дейін он жыл дерлік уақытты күтеді;

зерттеулер 65 жастан үлкен адамдардың шамамен 1/3-інде естуінде проблемалар бар екендігін көрсетті.

Біз қалай естиміз?  Біз оларды қабылдағанға дейін ауада таралатын дыбыстық толқындар күрделі жолдан өтеді. Алдымен олар құлақ қалқанына өтеді және сыртқы есту өтпе жолын жауып тұратын дабыл жарғағын дірілдеуге мәжбүр етеді. Есту сүйекшелері бұл тербелістерді ішкі құлақтың сопақ терезесіне дейін жеткізеді. Терезені жауып тұратын үлдір дірілді ұлуды толтырып тұрған сұйықтыққа береді. Ең соңында, тербелістер ішкі құлақтың есту жасушаларына дейін келіп жетеді. Ми бұл сигналдарды қабылдайды және олардан шуды, дыбысты, музыканы, сөзді ажыратып-таниды. Шамадан тыс шу ұлудың сезімтал түкті жасушаларын зақымдайды. Бұл процесс – қайтып оралмайды, яғни бұл жасушалар қайта  қалпына келмейді.

Шу деңгейі (қаттылығы), әсер ету уақыты мен естудің зақымдану жылдамдығының арасында байланыс бар.

Төменде келтірілген кестеден шу деңгейі 80 децибелге тең жұмыс аймағында болудың қауіпсіз уақыты  - 8 сағат екендігі көрініп тұр. Алайда өте маңызды фактор: шуды бар-жоғы 3 дБ-ге арттыру оның талқандаушы күшін екі еселейді.  Басқаша сөздермен айтқанда, шуды бар-жоғы 3 дБ-ге арттыру естуді зақымдау тәуекелін екі еселей түседі. Мысалға, жұмыскердің  қаттылығы 85 дБ дыбыс 8 сағат әсер еткеннен кейін естуінде зақымдану алғаны белгілі болса, қаттылық деңгейін бар-жоғы 3 дБ-ге, 88 дБ-ге арттыру мұндай залалды 4 сағаттың ішінде келтіреді. Қаттылық деңгейін тағы да 3 дБ-ге, 91 дБ-ге дейін арттыру осындай залалды бар-жоғы 2 сағатта келтіреді. Естуге дәл осындай залал келтіру үшін 95 дБ-ге жеткен кезде  бар-жоғы  15 минуттың жеткілікті екендігін есептеп шығару қиын емес. Қаттылықтың бастапқы  деңгейі 80 дБ бар болғаны  15 дБ-ге арттырылса, нәтиженің қаншалықты болатыны белгілі. Ең соңында, адамның ауырсыну шегі - 130-140 дБ деңгейіне жеткен кезде естуге мұндай залал 1 секундтан аз уақыт ішінде келтіріледі.

Бұл есептеп шығарулар қаттылық деңгейін шамалы арттыру адамның естуіне аса қауіпті әсер етуге әкелетінін көрсетеді, және де біздер сондықтан да дыбыстың өзімізге әсер етуін бақылауға тиіспіз.

ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУЛАР КЕСТЕСІ

Шудың салыстырмалы мөлшері, %

Дыбыстың эквивалентті деңгейі, дБ А

Шудың әсер ету уақыты

8 сағат

4 сағат

2 сағат

1сағат

30мин                    

15мин

7мин

3,2

65

68

71

74

77

80

83

6,3

68

71

74

77

80

83

86

12,5

71

74

77

80

83

86

89

25

74

77

80

83

86

89

92

50

77

80

83

86

89

92

95

100

80

83

86

89

92

95

98

200

83

86

89

92

95

98

101

400

86

89

92

95

98

101

104

800

89

92

95

98

101

104

107

1600

92

95

98

101

104

107

110

3200

95

98

101

104

107

110

113

Шудың жоғары деңгейінің  адамға әсер етуінің салдарлары құлақтардағы шыңылдардан (тиннитус), естуден айырылудан немесе денсаулықтың басқа да проблемаларынан көрініс табуы мүмкін.

Тиннитусты көбінде сыртқы дыбыс жоқ болған кезде құлақтардағы шуыл, ызылдау немесе гуіл ретінде сипаттайды. Тиннитустың қан тамырларының зақымдануын, дәрілер қабылдаудың жанама әсерлерін, ауру мен ширығуды қосқанда бірқатар себептері бар. Бірақ неғұрлым кең тараған себебі естуге залал келтіретін қатты шудың әсер етуі болып табылады.

Естуден айырылу - бұл «қауіпті» шудың шамадан тыс әсер етуінің нәтижесі, ол әдетте бірқатар уақыттан кейін сезіледі. Аталып өткендей, ұлудағы түкті жасушалардың біртіндеп зақымдануы болып өтеді, мұның нәтижесінде белгілі бір дыбыстық жиіліктерге сезімталдық төмендейді. Ең соңында зақымданған түкті жасушалар өледі және толық кереңдік басталады, өйткені түкті жасушалар ешқашан қалпына келмейді.

Клиникалық бейнесі былайша өтеді. Біртіндеп нашарлап бара жатқан естуге, құлақтардағы шуылға шағымдану, бұл ретте сыбырлап сөйлеуді нашар есту (сөйлесу сөзін жақсы қабылдау кезінде) атап өтіледі. Зақымдану әдетте екіжақты болады.

Ауру көріністерінің үш дәрежесі ажыратылады:

- I дәрежесі үшін естудің шамалы төмендеуі  (сыбырлау 4 м-ге дейінгі қашықтықтан қабылданады) тән;

- II дәрежесі кезінде естудің орташа төмендеуі (сыбырлауды 2 м-ге дейінгі қашықтықтан қабылдау) атап өтіледі;

- III дәрежесі естудің айтарлықтай төмендеуімен (сыбырлау 1 м-ге дейінгі және одан аз қашықтықтан қабылданады) ерекшеленеді.

Қарқынды өндірістік шудың қауырт еңбекпен үйлесіміндегі ұзақ уақыт әсер етуі жүйкелік бұзылулар, нейроциркуляторлық дистония түрінде өтетін жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің сипатты емес дамуындағы тәуекел факторы болуы мүмкін.

Жұмыс орнында бұл мынадай көріністер болуы мүмкін:

- естудің нашарлауы,

- жинақталудың нашарлығы,

- шаршаушылық /қажушылық,

- жазатайым оқиғалар және еңбек өнімділігінің төмендеуі,

- құлақтардағы шуыл, мазасыздық, гипертония, бұлшықеттік жиырылулар немесе ұйқының бұзылуы сияқты ағзаға кейбір жағымсыз әсерлер.

Негізгі проблема  шудың ұзақ уақыт бойы әсер етуі, естудің ЖҚҚ-н пайдалану мәдениетінің төменгі деңгейі есту үшін қауіп екендігін жеткілікті ұғынбау болып табылады.

Енді естуді қорғауға байланысты мәселелерге тоқталамыз. Бұл құралдардың эволюциясы айтарлықтай қарапайым. Алдымен адамдар шудан қорғану үшін құлақтарын түйсікпен алақандарымен жапты. Бірақ қолдар үнемі бос бола бермейтін, және мұндай қорғаныс жеткіліксіз де еді. Кейініректе қорғаныс үшін мақта пайдаланылды. Толып жатқан әуесқойлық өнертабыстарды да еске алуға болады, бірақ сонда да болса заманауи кәсіптік жетістіктерге назар аударған дұрыс.

Бүгінгі күні естуді қорғаудың неғұрлым тиімді екі тәсілі бар: шуға қарсы астарлар мен құлаққаптар. Жуырдағы уақыттарға дейін естудің бұл ЖҚҚ «енжар» деп аталған қорғаныс қызметін атқарды, яғни шу деңгейін жай ғана децибелдің белгілі бір мөлшеріне төмендетті. Ал шу жағдайларында болған, өзін құлаққаптар немесе шуға қарсы астарлардың көмегімен қорғаған адам бірқатар қолайсыздыққа кез болды. Бірінші проблема әріптестерімен тиімді қарым-қатынас жасаудың мүмкін еместігі болып табылды. Екіншісі - қауіптілік туралы кез келген сақтандыру сигналдарын естудің мүмкін еместігі.

Қазіргі уақытта бұл проблемалардың екеуін де естудің ЖҚҚ саласындағы жаңа әзірлемелерді: «белсенді» және коммуникациялық құлаққаптарды пайдалана отырып, шешуге болады.

Жаңа әзірлеу

Белсенді құлаққаптар - жоғары шу жағдайларында адамға айналасында болып жатқандарды есту және қарым-қатынас жасау қажет болған жердегі мінсіз шешім. Белсенді қорғаныс функциясы құлаққаптардың стереомикрофондар қоса орнатылған электрондық жабдығы ақпаратты талдайтындығын және әлсіз дыбыстарды күшейтетінін білдіреді. Осылайша, олар белсенді құлаққаптарсыз болғандағыдан да жақсы естіледі.  82 дБ шегінен асатын қауіпті шудың шұғыл импульстері дереу басылады және адам шамадан тыс шудан қорғалатын болады. Осылайша, бұл айналада болып жатқандардың бәрін естуге, қоршаған дүниеден оқшаулану сезімін болғызбауға, машиналардың, тетіктер мен соған ұқсастардың сақтандыру сигналдарын өз уақытында естуге мүмкіндік береді.

Коммуникациялық құлаққаптар шу жағдайларында әріптестермен алыс қашықтықтан қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Үздіксіз коммуникацияның арқасында операцияларды орындау жылдамдығы мен тиімділігі артады. Егер өндірістегі жабдық қандай бір себеппен жұмыс істеуін тоқтатса, әріптестерімен тұрақты байланысы бар қызметкер туындаған проблемаларды жылдам шеше алады. Бұған қоса,  коммуникациялық құлаққаптар тұрақты айқын байланыс болудың арқасында тек естуді ғана емес, сондай-ақ адамдардың өмірін де сақтайды.

Мұндай құлаққаптардың ең қарапайым нұсқасы  - бұл  стандартты гарнитуралар, олар кәсіпорында қолданылатын рацияларға да қосыла алады. Мысалы, ЖҚҚ-н өндірушілер көшбасшыларының бірі  - 3M™ Peltor™ пайдаланылатын рациялардың көпшілігіне өтпеліктердің кең сұрыптамасын ұсынады. Жұмысшы әрқашан шудан қорғалған және жоғары шу жағдайларында әріптестерімен рация арқылы қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ бүгінгі күні нарықта рация қоса орнатылған құлаққаптар да бар. Бұл жайлы шағын сымсыз жүйенің артықшылықтары жұмысшыда қолдарының бос болуы, оған рацияны қолмен ұстаудың қажет еместігі болып табылады.

Қазіргі сәтте ең соңғы әзірлеме Ну а самой последней разработкой на данный момент являются коммуникациялық жүйелер болып табылады, олар жоғарыда көрсетілген функциялардың бәрін қамтиды. Бұл рация қоса орнатылған  белсенді құлаққаптарда мынадай артықшылықтар бар:

қызметкердің қолдары бос болады;

айналадағы шудың жоғары деңгейіне қарамастан қызметкерде әрқашан айқын, сапалы байланыс болады (3 км-ге дейін, 3M™ Peltor™);

дыбыстың үздік сапасы микрофонның ерекше құрылымымен қамтамасыз етіледі, ол айналадағы шуды «басып тастайды» (3M™ Peltor™ гарнитураларында микрофон дауыспен белсендіріледі);

қоршаған орта дыбыстарының қаттылығын реттеу және қажет болған кезде жұмыс істеп тұрған жабдық дыбысын қадағалау мүмкіндігі;

дыбысты автоматты реттеу функциясы, ол әлсіз дыбыстарды күшейтеді және айналадағы шу деңгейін төмендетеді;

топтарға бірігу  және топтар арасында қайта қосыла отырып, қатынас жасау мүмкіндігі (3M™ Peltor™ LiteCom™ Plus);

ұялы телефонды немесе тағы да бір рацияны қосу мүмкіндігі (3M™ Peltor™ LiteCom™ Plus).

Жоғары сапалы материалдар мен заманауи схемотехниканы пайдаланатын  3M™ Peltor™  заманауи гарнитуралары еңбектің ең төтенше жағдайларында да сенімді қауіпсіздік пен тұрақты жұмысқа кепілдік береді. Қосылулардың әртүрлі үлгілері мен орындалу нұсқалары (дулығаға, вертикаль немесе горизонталь қондырмамен) бар гарнитуралардың кең сұрыптамасы,  аксессуарлар мен қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі шудың жоғары деңгейі жағдайларындағы күнделікті жұмыста жайлылық пен сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль