Менеджмент жүйесін енгізу кәсіпорында OHSAS 18001

86
Менеджмент жүйесін енгізу кәсіпорында OHSAS 18001
OHSAS 18001 стандарты талаптарына сәйкестігі расталған ұйым жазатайым оқиғалар тәуекелін қысқартуды қамтамасыз ететіндігін

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын өндірістік жарақаттану мен аурулардың нәтижесінде 2, 3 миллионнан астам адам қайтыс болады, бұған қосымша авариялардан  300 миллиондай адам зардап шегеді. Сондықтан әрбір жұмыс орнында қауіпсіздіктің жоғары мәдениетін дарыту өте маңызды.

Басқару жүйесінің бір бөлігі

Қазіргі уақытта Қазақстан кәсіпорындарының көпшілігі кәсіптік тәуекелдерді сауатты басқару есебінен кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық саласында салмақты нәтижелілікке қол жеткізу мен көрсетуге мүдделілік білдіріп отыр. Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі (бұдан әрі  - Жүйе) – бұл кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі, ол қызметкерлер өмірінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жүйе еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасауға жағдай жасайды және кәсіпорынға қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді дәйекті түрде сәйкестендіруге және бақылауға, жазатайым оқиғалардың ықтималдылығын төмендетуге, еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық нормаларға сәйкес келу жұмыстың жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін базалық тәсілді қамтамасыз етеді. Кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджментіне қолданылатын OHSAS сериясының Халықаралық стандарттары  ұйымдарды сапа мен экология менеджменті саласындағы басқа талаптармен кіріктірілуі мүмкін нәтижелі элементтермен қамтамасыз етуге арналған.  Кәсіпорындарға кәсіптік денсаулық, еңбек қауіпсіздігі және экономика бойынша мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу үшін  OHSAS 18001 стандартының ортақ мақсаты  әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктермен теңгерімді сақтаған кезде кәсіптік денсаулық пен еңбек қауіпсіздігінің тиісті практикасына қолдау жасау болып табылады.

Кәсіптік қауіпсіздік менеджменті  жүйесін (OHSAS 18001) енгізген кәсіпорын не алады?

OHSAS 18001 стандарттарына сәйкес кәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесін енгізу:

- еңбек қызметі процесі кезінде қызметкердің қауіпсіздігі мен өмірін сақтауды қамтамасыз етуге;

- ұйымды жалпы басқаруды жақсартуға;

- еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуге;

- өндірістік тәуекелдер мен олармен байланысты жоғалтуларды  (оның ішінде жазатайым оқиғалар бойынша айыппұлдарға, төлемдерге байланысты) төмендетуге;

- компанияда зиянды және қауіпті факторлардың ықпалын  азайту, жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру бойынша тұрақты қызметті жолға қоюға;

- персоналдың адалдық және кәсіпқойлық деңгейін арттыруға;

- мүмкін болатын салдарларды жоюға байланысты шығындар мен авариялардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға;

- сақтандыру құнын, сондай-ақ қызметкерлердің болмауынан (ауруынан) туындайтын шығындарды азайтуға;

- әртүрлі рұқсат ету құжаттамасын (мысалы, лицензияларды) алуды оңайлатуға;

- кәсіпорынның нарықтық құнын арттыруға;

-   клиенттердің, серіктестердің, акционерлердің, инвесторлар мен басқа тараптардың көз алдында кәсіпорын беделін жақсартуға мүмкіндік береді.

 OHSAS  енгізудің негізгі кезеңдері мыналардан тұрады:

-  персоналды  OHSAS 18001:2007 негізгі қағидаттарына оқыту (кіріспе тұсаукесер жүргізу, Жүйенің негізгі қағидаттарын түсіндіру);

- ұйымдағы еңбекті қорғауды басқарудың қолданыстағы жүйесінің бастапқы жай-күйін бағалауды өткізу. Диагностикалық бағалау кәсіпорында жұмысты ұйымдастыру туралы объективті ақпарат алу, процестердің әлсіз жақтарын, кәсіпорынның еңбекті қорғау саласындағы жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндігін айқындау мақсатымен жүргізіледі;

- кәсіпорынның технологиялық процестерінің ерекшеліктерінен шыға отырып, сондай-ақ жұмыс орындарында  қауіпті факторлар мен тәуекелдерді айқындау негізінде заңнамалық және өзге де талаптармен сәйкестендіру;

- кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесінің құжаттамасын әзірлеу;

- жауапкершілікті бөлісу - мониторинг, операциялық бақылау, тексерулер жүйесі мен түзетімдеуші іс-әрекеттер, ішкі аудитті қосқанда кәсіпорынның еңбекті қорғауды басқару жүйесіндегі қызметін ұйымдастыру;

- кәсіпорын басшылығы тарапынан еңбекті қорғауды басқару мен өндірістік қауіпсіздік жүйесін талдау мен қайта қарау рәсімдерін белсендіру;

- еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздік саласындағы нәтижелерді көрсету мақсатымен кәсіпорынның сыртқы мүдделі тараптарымен өзара әрекеттестігі;

- сертификаттауға дайындықты бақылау үшін еңбекті қорғауды басқару жүйесі мен өндірістік қауіпсіздікке сертификаттау алдында аудит өткізу.

Кәсіпорындарда менеджменттің жаңа жүйелерін дамыту мен енгізу үшін Үкімет 2010 жылдың 22 қазанында  "Қазақстан Республикасында техникалық реттеу мен сапа инфрақұрылымын жасау бойынша бағдарламаны бекіту туралы" № 1100 қаулысын қабылдады. Бағдарламаға сәйкес кәсіпорындарда, оның ішінде экспортқа бейімделген, менеджменттің сертификатталған жүйесін енгізген кәсіпорындарда мониторинг өткізіледі. Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынған мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 8527 кәсіпорын халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйесін енгізді және сертификаттады. Олардың  1221-і - OHSAS 18001.

ШҚО бойынша статистика

Бұл жүйені Шығыс Қазақстан облысында  39 кәсіпорын енгізді. Олардың  9 -ы - Семей қаласында.  Бұл бағытта тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі - «Силикат» ЖШС. Өңірдің және Қазақстанның көптеген облыстарының, оның ішінде астананың өнеркәсіптік, азаматтық, әлеуметтік-мәдени объектілерінің көпшілік бөлігі «Силикат» ЖШС шығаратын силикат кірпішпен салынған. 2007 жылы  TUV CERT  сертификаттау органы кәсіпорынға  EN ISO 9001: 2008 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестіктің  Сертификатын берді.  2008 жылы  ҚР СТ 1348-2005 (OHSAS 18001-2005): «Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйесі», ISO 14001 «Экологиялық  менеджмент жүйесі» халықаралық стандарттары енгізілді. Басшылық өнім сапасы, персонал еңбегі  мәселелерін тұрақты бақылай және талдай отырып, өндірісті кеңейту, қайта құрылымдау, техникалық жағынан қайта жарақтандыру, жаңа техниканы енгізу, жабдықтарды жаңғырту, әлеуметтік сала міндеттерін шешті. Автоклавтарда кірпішті жылулық-ылғалдық  өңдеу процесін автоматты бақылау, уату бөлімшесінде шихта дайындауға бейнебақылау, ұялы телефон байланысы, көпірлік крандардағы бейнекамералар  - өнім сапасын арттыруға, өндірістік емес шығындарды қысқартуға, жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстары кезінде еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жақсартуға мүмкіндік берді. "Силикат" ЖШС басшылығы ұзақмерзімдік табысқа қол жеткізуге қажетті құндылықтар мен кәсіпорынды дамыту стратегиясын тиісті іс-шаралар мен жеке үлгісінің көмегімен дұрыс белгіледі деуге болады.  Өндіріс процестерін, жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жөніндегі көрсеткіштерді, қызмет көрсету аймақтарын тұрақты бақылау мен өлшеу, - кәсіпорынның қызмет етуін бейнелейді және процестердің нәтижелілігін бағалау және мақсаттарды жоспарлау үшін қажет.

Жыл сайын әрбір құрылымдық бөлімше нашарлау себептерін айқындау немесе оларды жақсарту мүмкіндіктерін анықтау үшін  кәсіпорын саясаты мен мақсаттарының іске асырылуына, процестердің сапасына талдау жасауды жүргізеді.   «Силикат» ЖШС-нің негізгі мақсаттары:

-кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің сақталуына басымдық беруді қамтамасыз ету;

- еңбекті қорғау жөніндегі ҚР-ның мемлекеттік заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, салалық және аумақтық мақсатты бағдарламаларды орындау;

-ұжымның әрбір мүшесін еңбек жағдайларын тұрақты жақсарту жөніндегі жұмысқа тарту;

- кәсіпорын әкімшілігі, техникалық инспекторлар мен мемлекеттік органдар тарапынан тұрақты бақылау жасау;

-кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;

- жұмыстың отандық және халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибесін тарату;

- мамандар дайындау және біліктілігін арттыру;

- жұмыскерлердің жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары, орын алған өндірістік тәуекелдер туралы хабардарлығын қамтамасыз ету;

- қауіпсіз технологияларды әзірлеу мен енгізу;

-  ҚР СТ  1348-2005, ҚР СТ  ИСО 14001-2006 заңнамалық және басқа талаптарын анықтау және бағалауға арналған рәсімдерді қолдау;

- өнім берушілер мен мердігерлерге денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жоғары талаптар қою;

- жұмыстарды орындау кезінде айтарлықтай тәуекелдерді төмендету жөніндегі бағдарламаны орындау.

Кәсіпорын халықаралық стандарттардың көмегімен алға қойған міндеттерін ойдағыдай орындауда.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль