Мүгедектерді жұмыспен қамту: жұмыс орнының ерекшеліктері

148
Мүгедектерді жұмыспен қамту:  жұмыс орнының ерекшеліктері
Григорьева Наталья Сергеевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», независимый HR-специалист, г. Алматы
Қазақстандық мүгедекке жұмыс орнына құқық беру шараларына Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары кепілдік беріледі.

Мүгедектерді жұмыспен қамту: жұмыс орнының ерекшеліктері және квоталау

Біздің қоғамда мүмкіндіктері шектеулі адамдардың санаты бар екені бәріне белгілі. Бірақ, олар Қазақстан Республикасының басқа да азаматтары сияқты жұмыс істеуге, яғни, еңбек функциясын жүзеге асыруға құқылы (егер оған медициналық көрсеткіштер бойынша тыйым салынбаса, әрине). Бұл жерде олардың мүдделері кадрлық қызметтің және еңбекті қорғау жөніндегі инженердің кәсіби міндеттерімен қиылысады, өйткені кез-келген мұндай жұмыскерге, ол жоғары тиімділікпен еңбек ете алатын ерекше еңбек жағдайларын ұйымдастыру керек қой.

 Жұмыс алуға ажырамас құқығы

 Еңбек етуге Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Конституция кепіл болады. Мүгедектердің жұмыс іздеу және таңдау құқықтарын жүзеге асыру мақсатында заң шығарушылар жаңа заңға қосымша актілер шығаруды жалғастыруда. 

Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінен (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен),  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» № 39 Заңынан (2015.03.12 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) және Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 482-V Заңынан (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) басқа 2016 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы (бұдан әрі – Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы «Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы» № 519 бұйрығы (бұдан әрі – Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы бұйрық) шығарылды.

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленгенін және мүгедектер үшін жұмыс орындарын белгілеу тәртібін регламенттейтінін атап өтеміз. Бұл тұрғыда мүгедектер белгілі бір дәрежеде еліміздің толық дені сау азаматтары кейде зардап шегіп жүрген жұмыссыздықтан қорғалған.

СЛОВАРИК Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам (Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары 2-тармағының 5) тармақшасы).

Жұмыс орындарының квотасын белгілеу

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес,  жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындар санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны.

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары 4-тармағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (2015.03.12 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі –  Мемлекеттік статистика туралы заң) 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектердің және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

ВНИМАНИЕ Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға (Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағы):

   -    50-ден 100 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 % мөлшерінде;
   -    100-ден 250 адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 % мөлшерінде;
   -   250-ден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 % мөлшерінде белгілейді.

Егер жұмысқа орналасудың және лауазымға тағайындаудың тәртібі ерекше жағдайлары айқындалса (мысалы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңында (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен)), онда квота белгіленбейді.

Сондай-ақ квота мүгедектер еңбек етуге арналған арнайы кәсіпорындарда, және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ, жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға (Қазақстандық зағиптар қоғамы немесе Қазақстандық саңыраулар қоғамы) квота белгіленбейді.

Бұны Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 27-бабы 2-тармағында көзделген.

Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 13-тармағына сәйкес жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны алты ай ішінде (Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 6-тармағы) орындайды. Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер жұмыстан босатқан мүгедектер оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі (Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 14-тармағы)

 * Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 12 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль